«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
C-4
|
138 248
|
186 551
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 10-кіреберіс, анықтама үшін телефон: (87172) 74-16-02, е-mail: El.Rysakova@miid.gov.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Жобалық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен әзірлеу мен келісу; экономиканың әр түрлі саласындағы үлгі жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру, үлгі жобаларын әзірлеуде салалық министрліктер мен ведомстволардан өтінімдер жинау, жоспарлау кезеңіне бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, конкурстық құжаттамаларды дайындау және техникалық тапсырыстарды әзірлеу; конкурстар өткізу мен келісім-шарттар жасасу. Экономиканың әр түрлі саласындағы үлгі жобаларын тарату. Үлгі жобаларын қолдануда және үлгі жобаларын тексеру мен қайта қолдану үшін тізімге қосу мәселелері бойынша жұмыс топтары шегінде жобаларды қайта қолдануда, бұрын әзірленген жеке жобалардың қайта қолдануына қатысты сауалдарды қарау бойынша жобалау ұйымдарымен жұмыстарды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Министрлік пен Комитеттің тапсырмалары мен актілерін уақытылы орындауды қамтамасыз ету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу; ақпараттық, талдамалық, анықтамалық материалдар мен есептерді, жетекшілік ететін бағыттағы жұмыстар бойынша жұмыс жоспарларын дайындау.
Комитет бекітетін және мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілерінің, соның ішінде транспорттық және гидротехникалық құрылыс, жобаларына техникалық сараптау жүргізуге байланысты кешенді жұмыстарды қамтамасыз ету. Жыл сайынғы бюджеттік жоспарлау бөлігінде құжаттамалар әзірлеу, үлгі жобаларын әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын (қызметтерін) ұйымдастыру, бюджеттік бағдарламалардың, бағдарламалық құжаттардың, басқарма жұмысының және т.б. атқарылуы туралы есептер мен ақпараттар дайындау. Үлгі жобаларын әзірлеушілермен тұрақты жұмыс жасау. Құрылыс объектілеріне, соның ішінде транспорттық және гидротехникалық құрылыс, үлгі жобаларын және жобаларды әзірлеу мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға консультативтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Жобалау ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізуді, тізілімдер жүргізуді, ТЭН және ЖСҚ жобаларының мемлекеттік сараптамадан өтуін және бекітілуін, жобалау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ақпараттық және консультативтік қолдау көрсетумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет және Министрлік басшылықтарының қатысуымен өтетін кеңестерге материалдар дайындау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Көлік құрылыс, Гидротехниқалық құрылыс және имарат, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі), Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика).
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР заңдарын, Салық кодексін, Бюджет кодексін білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы.
2. Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Құрылыста баға белгілеу және сметалық нормалауды жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру бойынша ұсыныстар дайындауға, нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеу мен келісуге, Комитет бекітетін және мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыланатын техникалық-экономикалық негіздемелері және құрылыс объектілері мен кешендері жобаларының баға көрсеткішін қарауға қатысу;құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;бюджеттік бағдарламаларды орындау, стратегиялық және бағдарламалық құжаттар бойынша, басқарма жұмысы туралы есептер мен ақпараттар дайындау; материалдарға, бұйымдар мен құрастырмаларға, ағымдағы бағасына әдістемелік мониторинг жүргізу әдістемесіне, сметалық нормативтер мен құжаттамалардың ағымдағы деңгейдегі бағаларына мониторинг жүргізу рәсімдерін автоматтандыру үшін бағдарламалық бағдарламалық жасақтама әзірлеуге қатысу, құрылыс өндірісінің қазіргі заманғы үдемелі, ресурс үнемдейтін технологияларын, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп материалдарды жеткізудің көліктік схемасын, ғылыми-техникалық және ресурс үнемдейтін технологияларды, жаңа материалдарды, бұйымдар мен құрастырмаларды енгізуді ескере отырып, технологиялық картаны, баға жасаудың элементтік жүйесінен конструктивтік жүйесіне көшу бойынша нормативтік құжаттарды пайдалануда сметалық құн мен бағалар әзірлеу және қолданудың тәртібін анықтау мен ұйымдастыруға қатысу; құрылыс үшін ғылыми-зерттеу, зерттеу, жобалау және сараптау жұмыстарының, сондай-ақ еліміздің жекелеген өңірлерінде экономиканың барлық салалары бойынша салынатын құрылыс объектілерінің құнын анықтау мәселелері бойынша, сметалық нормалар мәселелері бойынша әдіснамалық көмек, ақпараттық және консультативтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру, құрылыстағы баға белгілеуді жетілдіру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Көлік құрылыс, Гидротехниқалық құрылыс және имарат, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі), Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Мемлекеттік және жергілікті басқару).
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңдарын білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы;
3. Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының бас сарапшысы, уақытша бос лауазым (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде 22.10.2021 ж. дейін), С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Құрылыста баға белгілеу және сметалық нормалауды жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру бойынша ұсыныстар дайындауға, нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеу мен келісуге, Комитет бекітетін және мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыланатын техникалық-экономикалық негіздемелері және құрылыс объектілері мен кешендері жобаларының баға көрсеткішін қарауға қатысу;құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;бюджеттік бағдарламаларды орындау, стратегиялық және бағдарламалық құжаттар бойынша, басқарма жұмысы туралы есептер мен ақпараттар дайындау; материалдарға, бұйымдар мен құрастырмаларға, ағымдағы бағасына әдістемелік мониторинг жүргізу әдістемесіне, сметалық нормативтер мен құжаттамалардың ағымдағы деңгейдегі бағаларына мониторинг жүргізу рәсімдерін автоматтандыру үшін бағдарламалық бағдарламалық жасақтама әзірлеуге қатысу, құрылыс өндірісінің қазіргі заманғы үдемелі, ресурс үнемдейтін технологияларын, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп материалдарды жеткізудің көліктік схемасын, ғылыми-техникалық және ресурс үнемдейтін технологияларды, жаңа материалдарды, бұйымдар мен құрастырмаларды енгізуді ескере отырып, технологиялық картаны, баға жасаудың элементтік жүйесінен конструктивтік жүйесіне көшу бойынша нормативтік құжаттарды пайдалануда сметалық құн мен бағалар әзірлеу және қолданудың тәртібін анықтау мен ұйымдастыруға қатысу; құрылыс үшін ғылыми-зерттеу, зерттеу, жобалау және сараптау жұмыстарының, сондай-ақ еліміздің жекелеген өңірлерінде экономиканың барлық салалары бойынша салынатын құрылыс объектілерінің құнын анықтау мәселелері бойынша, сметалық нормалар мәселелері бойынша әдіснамалық көмек, ақпараттық және консультативтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру, құрылыстағы баға белгілеуді жетілдіру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар мен технологиялар (Құрылыс, Көлік құрылыс, Гидротехниқалық құрылыс және имарат, Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі), Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Мемлекеттік және жергілікті басқару).
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңдарын білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
4. Тұрғын үй қорын дамыту және тұрғын үй қатынастары басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді тіркеу мен беру бойынша, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметіне мониторинг жүргізуді ұйымдастыру. Тұрғын үй инспекцияларының, кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметіне, тұрғын үй қорының жай-күйіне, Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуына мониторинг жүргізу. Тұрғын үй секторында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруда мониторинг жүргізу. Кондоминиум объектісін басқару органы мен кондоминиум объектісін күтіп-ұстау сервистік қызмет субъектісі арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын жасауда, кондоминиум объектілерін басқару органдары мен ағымдағы және жинақ шоттарынан ашылған пәтер меншік иелері арасында ынтымақтастық шарттар жасауда мониторинг жүргізу. Тұрғын үй қатынастары саласында бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспардың тиісті бөлігін, жергілікті атқарушы органдармен салалық келісімдер әзірлеу, жасау және оның орындалуына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың, Парламент депутаттарының сауалдарын, Президент Әкімшілігінің, Үкіметінің тапсырмаларын қарау бойынша жұмыстар ұйымдастыру; Үкімет отырыстары мен кеңестеріне, Министрліктің алқа мәжілісіне материалдар дайындауға қатысу, Комитет басшылығы жүктейтін өзге міндеттерді орындау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандығы бойынша: Техникалық ғылымдар және технологиялар (Құрылыс, Құрылыс, материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі, Жылу энергетикасы, Электр энергетикасы), Өнер (Сәулет), Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Есеп және аудит), Құқық (Заңтану).
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР заңдарын білу. Функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білімінің болуы. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
5. Мемлекеттік сатып алу және ішкі әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Іс жүргізу және құжаттандыру мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай тәртіпте жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру. Комитеттің кіріс және шығыс құжаттарының өтуіне, орындалуына уақытылы бақылау жүргізу. Комитетке түскен хат-хабарларды бөлу, бақылауға қою және бақылаудан алып тастау. Атқарушылық тәртіп бойынша Комитеттің басшылығына апта сайынғы ақпараттар дайындау; «БЭҚАЖ» бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде, сондай-ақ қағаз түрінде келіп түсетін хат-хабарларды уақытында қабылдауды, тіркеуді және бағыттауды қамтамасыз ету. Ведомстволық мұрағатқа сақтауға арналған «ҚБҮ» қызметтік ақпараты бар құжаттарды қалыптастыру, есепке алу, тапсыру. Комитетте іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, құжаттандырудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжат айналымын есепке алуды және оның жағдайына талдау жүргізуді ұйымдастыру, құрылымдық бөлімшелерде Құжаттау және құжаттаманы басқару ережелері талаптарының сақталуын, Комитеттегі және құрылымдық бөлімшелердегі құжат айналымы бойынша жұмыстың уақытында жүзеге асырылуын ұйымдастыру. Құжаттар мен істерді аяқталған жұмыстар бөлігі бойынша және бекітілген істер номенклатурасына сәйкес қалыптастыру. Кейінгі сақталатын және пайдаланатын (істерді ресімдеу, тізімдемелерді жасау) құжаттарды дайындау, өндірістік аяқталған істерді Комитеттің ведомстволық мұрағатына тапсыруды жүзеге асыру. Құжат айналымын ақпараттық қамтамасыз етуді оңтайландыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Комитеттің ақпараттық қауіпсіздігін, үздіксіз локальды желісін, серверлік жабдықтарын, компьютерлік және ұйымдастыру техникаларын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Ақпаратты сенімді қорғау жөніндегі нормативтік талаптардың сақталуын, техникалық құралдарды пайдалануды бақылау. Ақпаратты қорғаудың техникалық қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу, ақпаратты қорғау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету; ақпаратты қорғаудың тиімділігін жетілдіру мен арттыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар жасауға қатысу. Ақпаратты қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарын орындау бойынша қызметкерлердің жұмыс орындарына тексеру жүргізу; Техникалық құралдарды қорғау мен бақылау мұқтаждығын анықтау, оларды қажетті негіздері мен есеп-қисаптарымен алуға өтінімдер жасау; олардың жеткізілуі мен пайдалануын бақылайды. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құралдарды, әдістер мен ұйымдастыру іс-шараларын және басқа да ұқсас іс-шараларды кешенді пайдалануды қамтамасыз ету. «Мемлекеттік органдарда ақпараттық технологияларды қолдану» көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Басқарма басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандығы бойынша: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Мемлекеттік және жергілікті басқару, Экономика, Қаржы), Техникалық ғылымдар және технологиялар (Автоматтандыру және басқару, Ақпараттық жүйелер, Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету), Білім (Информатика), Гуманитарлық ғылымдар (Аударма ісі), Білім (Информатика, Орыс тілі және әдебиеті, Қазақ тілі және әдебиеті), Құқық (Заңтану).
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңдарын білуі. Функционалды міндеттерін орындау үшін қажетті басқа міндетті білімі болуы. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz
____________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________
________________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 19 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |