«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-3 санаты бойынша: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
C-4 санаты бойынша: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
-
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-3
|
154 072
|
208 205
|
С-4
|
138 248
|
186 551
|
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, 277 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-13-88, электрондық адрес k.konkurs@qogam.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін барлық мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
1. Дін істері комитеті Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асыру; ислам конфессиясы бойынша діни бірлестіктермен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету; ислам конфессиясы бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және оны жүзеге асыруды қамтамасыз ету; ислам конфессиясы бойынша діни бірлестіктермен, миссионерлердің қызметін зерттеуді қамтамасыз ету; сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар мүддесінде исламдық діни бірлестіктерге ұйымдастыру-әдіснамалық көмек көрсетуді қамтамасыз ету; «Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін келісу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетулерді қамтамасыз ету; нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілерталаптарының қатаң сақталуына, сондай-ақ, іс-шаралар жоспарының жұмыстарын, тапсырмалар мен хаттамалық шешімдердің уақтылы орындалуына бақылауды қамтамасыз ету; діни қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілер, құқықтық актілер мен басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысу; мемлекеттік қызмет көрсетулер атауын өзгерту, оларды анықтау және/немесе мемлекеттік қызмет көрсетулерді алып тастау бойынша, соның ішінде діни саладағы заңнаманың мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша іс-шараларды өткізуді және ұйымдастыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алуларды өткізу, орындалған жұмыстардың актілерін жасау, орындалатын (орындалған) жұмыстарға (қызметтерге) мониторинг жүргізу үшін техникалық құжаттамаларды дайындауды қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған шарттарды орындау бойынша қажетті шараларды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған шарттарды жабдықтаушылардың орындамауы кезінде қажетті шараларды қабылдау; діни қызмет саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру туралы, соның ішінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; Басқарма қызметінің бағыты бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдармен өара әрекеттесу; діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету; діни қызмет саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын діни бірлестіктер, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөніндегі ұсыныстарды енгізу; мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету; оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: білім (тарих, қазақ тілі мен әдебиеті) немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу талаптары; діни қызмет, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу талаптары.
2. Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті Архитектураны және цифрландыруды енгізу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: 1. Министрлікте және жетекшілік ететін салаларда бизнес-процестерді цифрландыру бойынша жұмыстарды жүргізу;
2. Министрліктің архитектурасын әзірлеу, іске асыруды сүйемелдеу және дамыту жөніндегі жұмысты жүргізу;
3. Жиынтық және талдамалық жұмысты жүргізу, сондай-ақ Министрлік қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде орындалуын бақылау;
4. Басқарма құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
5. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл;
6. Басқарма және Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе құқық, немесе білім, немесе жаратылыстану ғылымдары, немесе техникалық ғылымдар және технологиялар. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және Министрлік жетекшілік ететін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілерін білу.
3. Мемлекеттік активтермен және сатып алулармен жұмыс департаменті Мемлекеттік сатып алулар басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 10.01.2021 жылға дейін), С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды өткізу. Конкурстарға қатысуға конкурстық өтінімдерді қарастыру. Мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті ұсынуды қамтамасыз ету. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасау. Бекітілген заңнамалық тәртіппен мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша өнім берушілермен жасалатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды мемлекеттік сатып алу веб-порталында жасау және орналастыру. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу. Конкурстық комиссияның жұмыстарын өткізуді ұйымдастыру. Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық, аукциондық құжаттаманың ережелерін веб-портал арқылы түсіндіру. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, көлік, көліктік техника және технологиялар, электр энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, саясаттану, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау) немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар). «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.
4.Этносаралық қатынастарды дамыту департаменті Этносаралық қатынастар саласындағы қызметті әдістемелік және құқықтық сүйемелдеу басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 15.06.2020 жылға дейін), С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан халқы ассамблеясымен, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; Қазақстан халқы ассамблеясы және этникааралық қатынастар мәселелері қызметін регламенттейтін стратегиялық және нормативтік-құқықтық құжаттарды іске асыру мәселелері бойынша зерттеулер ұйымдастырып жүргізуге қатысу; Қазақстан халқы ассамблеясы және этникааралық қатынастар мәселелері қызметін регламенттейтін стратегиялық және нормативтік-құқықтық құжаттардың орындалу барысын зерделеу және оларды іске асырудың жаңа тәсілдерін енгізудің әдістерін әзірлеу; Қазақстан халқы және этникааралық қатынастар саласы қызметін реттейтін стратегиялық және нормативтік-құқықтық құжаттарды іске асыру мәселелері бойынша жоғары мемлекеттік органдардың талдау жазбахаттарын, ақпараттарын, есептерін дайындауды қамтамасыз ету; Қазақстан халқы ассамблеясы қызметін әдістемелік сүйемелдеу және этникааралық қатынастар саласын реттейтін заңнамаларды жетілдіру мақсатында сарапшылық қауымдастықпен өзара іс-қимыл бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Этникаарлық қатынастар саласындағы заңнамаларды бұзатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар қызметін шектеу немесе тыйым салу бойынша тиісті органдарға ұсыныстар енгізу; Басқарма құзіреті шегінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің стратегиялық және операциялық жоспарларын, жұмыс жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық келісім және жалпы ұлттық бірлік мәселелері бойынша өтініштерін қарау; Басқарма құзіреті шегінде мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; Заңнамамен жүктелген басқа да функцияларды орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: (математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық және экономика негіздері, мектепке дейінгі оқыту және тәрбие жұмысы, география, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, педагогика және психология), немесе гуманитарлық ғылым (философия, халықаралық қарым-қатынас, тарих, мәдениеттану, филология, дінтану, аударма ісі, шығыстану, шетел филологиясы, теология), немесе жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика, физика, химия, биология, география), немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық, кеден ісі), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (социология, политология, психология, журналистика, аймақтану, экономика, менеджмент, аудит және есепке алу, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, жұртшылықпен байланыс), қызмет көрсетулер (туризм). «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі; «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білу; қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
5. Азаматтық қоғам істері комитеті Қоғамдық-саяси жұмыс бармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 03.08.2020 жылға дейін), С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ заңдармен және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау, басқару органдарының құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өтініштері; Комитет қызметінің мәселелері бойынша сарапшылар қауымдастығымен, қоғамдық пікір басшыларымен, азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу; елдегі әлеуметтік-саяси жағдайға (ай сайын және әрбір он күндік негізде) жоғары мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау және ұсыну; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Республика үкіметіне, ведомстволық бағынысты қоғамдық іс-шаралар министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріне және басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша іс-әрекеттерге (апталық, тоқсандық) ақпарат беру; өз құзыреті шегінде басқа функцияларды орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім немесе гуманитарлық ғылымдар (тарих, халықаралық қатынастар, дінтану, философия, мәдениеттану) немесе әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, журналистика, қоғамдық байланыс, психология, аймақтану) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары; Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
6. Ақпарат комитеті Мемлекеттік ақпараттық саясатты талдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты,1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың тақырыптық бағыттарын қалыптастыруға қатысады. Басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік саясаттыңғ іске асырылуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімішілігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметіне, басқа да орталық мемлекеттік органдарға Елбасы бұйрықтарын, үкімет қаулыларын орындау және Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер шеңберінде есептер мен ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Басқарманың ағымдағы және болашақ жоспарларын әзірлеуге қатысады. БАҚ дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер шеңберінде сараптамалық, ақпараттық және статистикалық мәліметтер дайындайды. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік тапсырма мен тапсырыстардың орындалуын тексеруді қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғаммен байланыс, саясаттану, әлеуметтану, аймақтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит, қаржы), білім (шет тілі: екі шет тілі, тарих, құқық және экономика негіздері), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, тарих), құқық (халықаралық құқық, юриспруденция, құқықтану). «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.
7. Ақпарат комитеті Ақпараттық жұмыс жүргізу баспа БАҚ басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Мемлекеттік баспа БАҚ қызметін үйлестіреді, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырыстың орындалу сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік емес БАҚ-пен, журналистердің қоғамдық бірлестіктерімен нақты қызмет бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамытады. Нақты қызмет бағыттары бойынша «Казахстанская правда» АҚ -мен әрекеттестікті қамтамасыз етеді. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік тапсырманың орындалуын тексеруді қамтамасыз етеді. Баспа БАҚ-пен жұмыс бойынша ақпараттық стратегияларды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Басқарма құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, басқа орталық атқарушы органдарға Елбасының тапсырмаларын, үкімет қаулылары мен шешімдері мәселелері бойынша есеп, ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бекітілген тәртіп бойынша Басқарма құзыреті шеңберінде Комитеттің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Басқарманың ағымдық және ұзақ мерзімдік жұмыс жоспарын әзірлеуінде қатысады. БАҚ-ты даму мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеуінде қатысады (нақты қызмет бағыттары бойынша). Басқарма құзыретіне жататын бағыттар бойынша сараптамалық, ақпараттық және статистикалық материалдар әзірлейді. Басқарма құзыреті шеңберінде баспа БАҚ қызметіне мониторинг өткізуді қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғаммен байланыс, әлеуметтану, саясаттану, халықаралық сауда және экономика), гуманитарлық ғылымдар (философия, халықаралық қатынастар, тарих, филология), білім (шет тілі: екі шетел тілі) қазақ тілі және әдебиет), қызметтер (әлеуметтік жұмыс), құқық (юриспруденция, құқықтану). «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.
8. Ақпарат комитеті Телерадиохабар тарату саласындағы жобаларды дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Байланыс жобаларын дамыту мәселелері бойынша есептер, анықтамалар, хаттар және басқа да құжаттарды дайындау. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мәселелер бойынша халықаралық өзара іс-қимыл. Халықаралық ұйымдарға жіберілетін құжаттарды қарау және ұсыну. Дайындалатын құжаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік органдарды, олардың аумақтық бөлімшелерін және ведомстволық бағынысты ұйымдарды қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының аумағында радиохабар таратуды дамыту мәселелері бойынша жобаларды әзірлеу. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау. Қазақстан Республикасында спутниктік және цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды дамыту мониторингін жүргізу. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мәселелер бойынша халықаралық өзара іс-қимыл. Басқарманың құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдар мен мекемелерде өкілдік ету. Дайындалатын құжаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін бақылау. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе гуманитарлық ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, қоғаммен байланыс, саясаттану, әлемдік экономика), немесе құқық (халықаралық құқық, юриспруденция) мамандықтары бойынша. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақсан Республикасының заңдарын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны ____________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»________20__ж.
Достарыңызбен бөлісу: |