Конкурс Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі



жүктеу 219,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі219,5 Kb.
#21196
түріКонкурс


Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі

Қоғамдық келісім комитеті

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:


С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**



С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**


* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154 071

208 205

С-4


138 248

186 551



I. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 15 кіреберіс, 9 қабат, 908А кабинет, анықтама үшін телефоны: 8 (7172) 74-09-33, e-mail: m.zhunusova@qogam.gov.kz, «Б» корпусы бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарма жұмысына жалпы басшылық жүргізуді, үйлестіруді және ұйымдастыруды жүзеге асыру; Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Комитеттің тарапынан бекітілген нормативтік құқықтық актілердің, іс-шаралар жоспарының, сондай-ақ Комитет басшылығы бұйрықтарының, тапсырмаларының және хаттамалық шешімдерінің уақытылы орындалуына бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оған қарсы күрес қызметін үйлестіру;діни қызмет саласындағы заңсыз қызмет анықтау және оның тоқтату бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл қамтамасыз ету;діни қызмет саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың құқық қолдану практикасынүйлестіру;Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;«Қауырт желі - 114» Ақпараттық-кеңесшілік орталықтың қызметін үйлестіру;Басқарма құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметін үйлестіру;Басқарма құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету;Министрліктің стратегиялық, операциялық жоспарын, Комитеттің жұмыс жоспары мен іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №486 қаулысымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізудің қағидаларына және бекітілген кестесіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;Басқарма құзыреті шеңберінде діни қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу;Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: білім (тарих) немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша.

Кәсіби біліктілігі: Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу талаптары; діни қызмет, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу талаптары; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлану, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Этносаралық келісім және диаспорамен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;Қазақстан халқы Ассамблеясымен және өзге де ұйымдармен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі ведомстволарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету; республикалық және өңірлік Достық үйлерінің қоғамдық келісімді нығайту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету; қоғамдық келісім, қоғамдық институттар мен қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз ету; этносаралық келісімді зерделеуді және талдауды жүргізуді қамтамасыз ету; қоғамдық келісім және ұлттық бірлік мәселелері бойынша ақпараттық – насихаттық шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;диаспоралармен жұмысты үйлестіруді және шетелдерде тұрып жатқан отандастарымыздың ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;Басқарма құзыреті шегінде қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласында нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу;Басқарма құзыреті шеңгінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге мониторинг жүргізу; республикада ішкі саяси тұрақтылықты және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету; Басқарма құзыреті шегінде «Отандастар қоры» КАҚ қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету; Басқарма құзыреті шегінде діни қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің стратегиялық, операциялық, жұмыс жоспарының және басқа да бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; Басқарма құзыретіне кіретін мәселеге қатысты мемлекеттік сатып алу бойынша техникалық құжаттамаларды дайындайды, атқарылып жатқан (атқарылған) жұмыстарға (қызметтер) мониторинг жүргізеді, атқарылған жұмыстардың актілеріне қол қою; Басқарма құзыреті шеңберінде Комитетпен жасақталған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдау, сондай-ақ Комитетпен жасақталған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жеткізушінің орындамаған жағдайында қажетті шараларды қабылдау; Басқарма құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруды қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша.

Кәсіби біліктілігі: Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу талаптары; діни қызмет, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу талаптары;келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлану, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Ведомствоаралық үйлестіру, жиынтық талдау және жоспарлау басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Басқарма қызметіне жалпы басшылық жүргізуді, үйлестіруді және ұйымдастыруды жүзеге асыру; діни ахуалға жиынтық талдау және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету; Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік мәселелеріне жиынтық талдау және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету; Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын іске асыруды үйлестіруді қамтамасыз ету; дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Комиссия отырысының жұмысын, соның ішінде отырыстың материалдарын дайындауды қамтамасыз ету; халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығына адам құқықтарын сақтау туралы, оны одан әрі енгізу үшін материалдар дайындауды жүзеге асыру: халықаралық қоғамдастық (БҰҰ Арнайы баяндамашылары, құқық қорғау ұйымдары, ҮЕҰ және БАҚ) алдында Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау үшін лауазымдық құжаттарда (БҰҰ) адамның және азаматтың заңды мүдделерін қорғауға арналған негізгі құқықтар мен бостандықтарды сақтау туралы дін бойынша әмбебап мерзімді шолу; Қазақстан Республикасында діни бостандық мәртебесі туралы Баяндама дайындауды үйлестіру; нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілердің, сондай-ақ тапсырмалар мен хаттамалық шешімдерді, іс-шаралар жоспарларын уақытылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; Басқарма құзыреті шеңберінде талдамалық, әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалар бойынша ақпарат пен баяндамаларды, есептерді дайындауды, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуді қамтамасыз ету; Министрліктің стратегиялық, операциялық жоспарларына ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету; Комитеттің жұмыс жоспарының орындалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету; Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге мониторинг жүргізу және ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету; Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық, құқықтық актілер мен әдістемелік құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;  Басқарма құзыреті шегінде конференциялар, форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шараларды дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасында діни ахуалды зерттеу бойынша Консультативті-сарапшы кеңес қызметін қамтамасыз ету; Комитеттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ және «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ, сондай-ақ «Отандастар Қоры» КЕАҚ-пен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуларды өткізу, орындалған жұмыстардың актілерін жасау, орындалатын (орындалған) жұмыстарға (қызметтерге) мониторинг жүргізу үшін техникалық құжаттамаларды дайындауды жүзеге асыру; Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру; Басқарманың құзыреті шегінде заңнамаға сәйкес ведомствоаралық үйлестіру, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдармен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру;оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: білім (тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі) немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша.

Кәсіби біліктілігі: Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу талаптары; діни қызмет, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы қатынастарды және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу талаптары; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлану, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Ислам конфессиясы бойынша діни бірлестіктермен, діни білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесу; ислам конфессиясы бойынша діни бірлестіктердің, миссионерлердің, діни білім беру ұйымдарының қызметін зерттеу; дәстүрлі рухани құндылықтар мен жоғары моралдық қағидаларды насихаттайтын ханафи мазхабындағы отандық дін мамандары мен шетелдік ғалымдардың еңбектерін шығару және аудару, дайындау мәселелері бойынша исламдық діни ұйымдармен өзара әрекеттесу; басқарманың құзыреті шегінде әйелдердің діни қауымдастықтарына, топтарға (жамағаттарға) мониторинг жасау; басқарманың құзыреті шегінде дін мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, құқықтық актілер, сондай-ақ әдістемелік материалдар әзірлеу және әзірлеуге қатысу; басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, құқықтық актілерге мониторинг жүргізу және ұсыныстар енгізу; қайырымдылық саласындағы заңнаманың орындалуына мониторингті жүзеге асыру; қайырымдылық саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу; басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу; мемлекеттік сатып алуларды өткізу, орындалған жұмыстардың актілерін жасау, орындалатын (орындалған) жұмыстарға (қызметтерге) мониторинг жүргізу үшін техникалық құжаттамаларды дайындауды қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған шарттарды орындау бойынша қажетті шараларды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған шарттарды жабдықтаушылардың орындамауы кезінде қажетті шараларды қабылдау; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» және «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемелерімен өзара әрекеттесу; басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: білім (тарих, қазақ тілі мен әдебиеті) немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша.

Кәсіби біліктілігі: Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу талаптары; діни қызмет, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу талаптары;келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. Христиандық және басқа діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне), С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: діни бірлестіктермен, иудаизм, Елуіншілер және пресвитериандық шіркеулер діни білім беру ұйымдарымен өзара қызмет атқару; діни ұйымдардың, миссионерлердің, иудаизм, Елуіншілер және пресвитериандық шіркеулер рухани білім беру ұйымдарының қызметін зерттеу; басқарма құзыреті шегінде діни қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу; Қазақстандағы діни бірлестіктер өкілдері жиыны ұйымдастыру және өткізу үшін тиісті материалдарды дайындау; басқарма құзыреті шегінде діни қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің стратегиялық, операциялық, жұмыс жоспарының және басқа да бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; діни бірлестіктердің қатысуымен конференцияларға, семинарларға, жиналыстарға, дөңгелек үстелдерге, дәрістергк және өзге де іс-шараларға тиісті материалдарды дайындау; басқарма құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру; басқарма құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету; басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасасу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министірлік және Комитет басшылығының тапсырмаларына өзге де міндеттерді орындау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар немесе құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша.

Кәсіби біліктілігі: Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу талаптары; діни қызмет, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу талаптары; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

6. Діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмыстары басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмыстарының мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен өзара әрекеттесу; деструктивті діни көзқарастарды ұстанатын әйелдермен профилактикалық және оңалту жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз ету; экстремизмнің алдын алу, радикалдық идеологияға деген тұрғындарда иммунитетті қалыптастыру мәселелері жөнінде мүдделі мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуді орнату бойынша діни ұйымдарға көмек көрсету;діни қызмет саласында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету; діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмыстарының мәселелері бойынша оңалту орталықтарымен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру; облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары жергілікті атқарушы органдарының жанындағы терроризмге қарсы комиссиялармен өзара әрекеттесу; діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмыстары саласында озық халықаралық тәжірибені енгізу бойынша ұсыныстарды зерттеу және енгізу; діни қызмет саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу бойынша ұсыныстарды енгізу; дін саласындағы нормативтік құқықтық актілер, құқықтық актілер мен әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы» Кодексіне сәйкес діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау; діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмыстарының мәселелері бойынша тиісті орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына ақпараттық материалдарды, есептерді, анықтамаларды дайындауды жүзеге асыру; конференциялар, семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, дәрістер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған келісім-шарттарды орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған келісім-шарттарды жеткізуші орындамаған жағдайда қажетті шараларды қабылдау; мемлекеттік сатып алуларды өткізу үшін техникалық құжаттарды дайындау, мемлекеттік сатып алуларды өткізуге қатысады, орындалатын (орындалған) жұмыстарға (қызметтерге) мониторинг жүргізу, орындалған жұмыстардың актілерін жасау; Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігіҚоғамдық келісім комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» және «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемелерімен өзара әрекеттесу; басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: білім (тарих) немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, психология, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс) мамандықтары бойынша.

Кәсіби біліктілігі: Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу талаптары; діни қызмет, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу талаптары; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

7. Этносаралық келісім және диаспорамен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Басқарма құзыреті шегінде «Отандастар қоры» КАҚ қызметін үйлестіру; қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; қоғамдық келісім және ұлттық бірлік мәселелері бойынша ақпараттық – насихаттық шараларды жүзеге асыру; этносаралық келісімді зерделеуді және талдауды жүргізу; Басқарма құзыреті шегінде қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласында нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу; Басқарма құзыреті шеңгінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге мониторинг жүргізу; республикада ішкі саяси тұрақтылықты және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды өткізуді ұйымдастыру; Басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің стратегиялық, операциялық, жұмыс жоспарының және басқа да бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; Басқарма құзыретіне кіретін мәселеге қатысты мемлекеттік сатып алу бойынша техникалық құжаттамаларды дайындайды, атқарылып жатқан (атқарылған) жұмыстарға (қызметтер) мониторинг жүргізеді, атқарылған жұмыстардың актілеріне қол қою; Басқарма құзыреті шеңберінде Комитетпен жасақталған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдау, сондай-ақ Комитетпен жасақталған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жеткізушінің орындамаған жағдайында қажетті шараларды қабылдау; Басқарма құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруды қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша.

Кәсіби біліктілігі: Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу талаптары; діни қызмет, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу талаптары; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

8. Ведомствоаралық үйлестіру, жиынтық талдау және жоспарлау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне), С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Діни ахуалға жиынтық талдау және мониторинг жүргізу; қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік мәселелеріне жиынтық талдау және мониторинг жүргізу; Комитеттің құзыреті шегінде есептер, баяндамалар мен ақпараттық анықтамаларды дайындауды, сондай-ақ, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуді жүзеге асыру; Басқарманың құзыреті шегінде діни қызмет саласындағы әлеуметтік зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз ету, оның ішінде конкурстық құжаттаманы тексеруді жүзеге асыру; Басқарманың құзіреті шегінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларына ұсыныстар енгізу; Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын жүзеге асыру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ және «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ, сондай-ақ «Отандастар Қоры»КЕАҚ-пен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Басқарманың құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi, құқықтық актiлер мен әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеуге қатысу; Басқарманың құзыреті шегінде конференциялар, форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу; Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуларды өткізу, орындалған жұмыстардың актілерін жасау, орындалатын (орындалған) жұмыстарға (қызметтерге) мониторинг жүргізу үшін техникалық құжаттамаларды дайындауды жүзеге асыру; Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған шарттарды орындау бойынша қажетті шараларды қабылдау; нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілердің, сондай-ақ тапсырмалар мен хаттамалық шешімдерді, іс-шаралар жоспарларын уақытылы орындалуын жүзеге асыру; Басқарманың құзыреті шегінде заңнамаға сәйкес ведомствоаралық үйлестіру, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: білім (тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі) немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша.

Кәсіби біліктілігі: Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу талаптары; діни қызмет, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы қатынастарды және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу талаптары; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

9. Ведомствоаралық үйлестіру, жиынтық талдау және жоспарлау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Діни ахуалға жиынтық талдау және мониторинг жүргізу; қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік мәселелеріне жиынтық талдау және мониторинг жүргізу; Комитеттің құзыреті шегінде есептер, баяндамалар мен ақпараттық анықтамаларды дайындауды, сондай-ақ, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасында діни ахуалды зерттеу бойынша Консультативті-сарапшы кеңес қызметін қамтамасыз ету; халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығына адам құқықтарын сақтау туралы, оны одан әрі енгізу үшін материалдар дайындауды жүзеге асырады: халықаралық қоғамдастық (БҰҰ Арнайы баяндамашылары, құқық қорғау ұйымдары, ҮЕҰ және БАҚ) алдында Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау үшін лауазымдық құжаттарда (БҰҰ) адамның және азаматтың заңды мүдделерін қорғауға арналған негізгі құқықтар мен бостандықтарды сақтау туралы дін бойынша әмбебап мерзімді шолу; Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығы туралы Баяндаманы дайындауды қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ және «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ, сондай-ақ «Отандастар Қоры» КЕАҚ-пен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуларды өткізу, орындалған жұмыстардың актілерін жасау, орындалатын (орындалған) жұмыстарға (қызметтерге) мониторинг жүргізу үшін техникалық құжаттамаларды дайындауды жүзеге асыру; нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілердің, сондай-ақ тапсырмалар мен хаттамалық шешімдерді, іс-шаралар жоспарларын уақытылы орындалуын қамтамасыз ету; Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру; Басқарманың құзыреті шеңберінде заңнамаға сәйкес ведомствоаралық үйлестіру, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: білім (тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі) немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша.

Кәсіби біліктілігі: Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу талаптары; діни қызмет, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы қатынастарды және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу талаптары; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

10. Әкімшілік және кадрлық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Комитет қызметін тиісті қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру; Комитеттің есептеу техникасының, телекоммуникациялық және инфокоммуникациялық құралдардың үздіксіз қызмет етуін және техникалық сүйемелдеуін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады және бақылау; «электронды үкімет» компоненттерімен ведомстволық ақпараттық жүйелерді және/немесе басқа мемлекеттік органдарды ақпараттық жүйелермен біріктіру бойынша жұмыстарға қатысу; Комитеттің «Ақпараттық технологияларды қолдану»бағыты бойынша қызмет тиімділігін бағалау жөніндегі шараларын іске асыру; ұжымның қатысуымен өтетін жиналыстарды, отырыстарды, кеңестерді дайындау және өткізуді ұйымдастыру, Комитеттің аппараттық жиналыстарының хаттамаларын дайындайды; Комитетте мемлекеттік органдардың Интернет-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; Комитеттің іс-қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру, соның ішінде электронды құжат айналым жүйесінде; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінде істерді тиісті дайындау мен қалыптастыру дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру, ведомстволық мұрағатқа беру мақсатында құжаттарға құндылық сараптамасын ұйымдастыру, мұрағат құжаттарын электронды нұсқада сақтауды қамтамасыз ететін электронды құжат қоймасын қалыптастыру (ЭҚҚ); жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, құжат айналымы, мемлекеттік тілді жетілдіру, тиісті бағыттар бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділілігін бағалау жөнінде уақытылы және сапалы есептер беруді қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (менеджмент, мемлекеттік жене жергілікті басқару, қоғамдық байланыс) немесе құқық (құқықтану) немесе білім (информатика), немесе техникалық ғылымдар жəне технологиялар (автоматтандыру жəне басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету) мамандықтары бойынша.

Кәсіби біліктілігі: Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу талаптары; діни қызмет, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік және құжаттама жасау және құжаттаманы басқару салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу талаптары; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

11. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Комитеттің құқықтық актілерін, нормативтік құқықтық актілерді уақтылы орындау, сонымен қатар Комитеттің іс-шараларын және жұмыс жоспарларын, хаттамалық шешімдері мен тапсырмаларын жүзеге асыру; Басқарманың құзыретішегінде нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді үйлестіруді және мониторингті жүзеге асыру және тиісті ұсыныстарды енгізу қамтамасыз ету; құқықтық және нормативтік құқықтық актілер, келісімдер, процессуалдық құжаттар, сонымен қатар басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу немесе әзірлеуді өз бетімен жүзеге асыру; Комитет әзірлеуші болып табылатын заң жобаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде өту кезінде қарастыру; Министрліктің операциялық, стратегиялық жұмыс жоспарын, Комитеттің жұмыс және іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыруға қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жыл сайынғы іс-шараларды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына қатысты құқықтық мәселелерді түсіндіру жөнінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау; норма шығармашылыққызметін талдауды жүзеге асыру және талдау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою, сондай-ақ оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; дін бөлімі бойынша азаматтар мен адамдардың заңды мүдделерін, негізгі құқықтары мен еркіндіктерін сақтау бойынша Әмбебаптық кезеңдік шолуға (БҰҰ), халықаралық қоғамдастық алдында Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау үшін оңды құжаттар (БҰҰ арнайы баяндамашысымен, құқық қорғау ұйымдарымен, ҮЕҰ және БАҚ) қосу үшін Қазақстан Республикасында дін тұту еркіндігіне адамдардың құқықтарын сақтауға қатысты құқықтық ақпарат дайындау; мемлекеттік сатып алулар шеңберінде уақтылы келісімдерді бекітуді үйлестіру, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін, келісім-шарт бойынша тараптардың міндеттіліктерді орындауға жатпайтын және орындамау кезінде экономикалық шаралар қабылдауды қамтамасыз ету; наразылық-талап жұмысы шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру кезінде Басқарманың сарапшысына көмектесуге қолғабыс ету; басқарма құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша.

Кәсіби біліктілігі: Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу талаптары; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу талаптары; келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

___________________________________
     
(мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:



________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.
жүктеу 219,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау