13.01.2017 ж.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға
орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ, 030000, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр-хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132)560432, факс: 8(7132)561662, e-mail: Zh.Zhanpeisova@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ бюджеттің орындалуын үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы (уақытша, бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орнына), D-O-4 санаты (1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындау; түсімдер мен қаржыландырудың жинақты жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жинақты жоспарын қалыптастыру және оларды аймақтық қазынашылық органдарына ұсыну; жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша есеп нысандарын қалыптастыру; жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды бағалау; жергілікті бюджеттің орындалуын талдау; жергілікті бюджеттің орындалуы туралы ақпаратты дайындау; экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті үшін жергілікті бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар дайындау. Мемлекеттік тілді білуі және компьютерде жұмыс істей білуі керек. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет.
Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық білім. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ коммуналдық меншікті басқару жөніндегі бөлімінің бас маманы (уақытша, бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орнына), D-O-4 санаты (1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Заңды актілерге сәйкес коммуналдық меншікті басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізу және оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру; мемлекеттік мүлікті тиімді және оңтайлы пайдалану мәселелері бойынша жұмыстар жүргізу; мемлекеттік заңды тұлғалардың балансынан негізгі құралдарды есептен шығару бойынша жұмыстарды жүргізу; объектілерді сатар алдында дайындау, сату, жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасу жұмыстарын жүргізу; коммуналдық меншік объектілерін сатуды ұйымдастыру және сауда саттықты ұтып алған тұлғалармен шарттар жасау; коммуналдық мүлікті сенімгерлк басқаруға беру бойынша тендерлерді өткізу; сенімгерлік басқару шарттарының орындалуын бақылау, жекешелендіруден кейінгі бақылау жасауды жүзеге асыру. Мемлекеттік тілді білуі және компьютерде жұмыс істей білуі керек. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет.
Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, заңгерлік білім. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
3. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ білім беру, мәдениет және спорт саласында бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және іске асырылуын бағалау бөлімінің бас маманы D-O-4 санаты (1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік органдарын қаржыландырудың жинақты жоспарын қалыптастыру және жүргізу бойынша бөлімнің жұмысын жүргізу; жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын қарау және келісу; қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін айқындау, бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігін бағалау; жылдық есепке түсіндірме жазба дайындау; бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша кредиторлық және дебиторлық бережақтарын талдау; білім беруге, мәдениетке және спортқа арналған шығындардың орындалуы бойынша жұмысты жүргізу; бюджеттен мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды дұрыс қаржыландыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік тілді білуі және компьютерде жұмыс істей білуі керек. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет.
Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық білім. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
4. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ ішкі талдау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік тілдегі құжаттардың редакторы (уақытша, жүктілігіне және босануына демалысындағы негізгі қызметкердің орнына), D-O-4 санаты (1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік органның іс-қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін бақылау; атқарушы және өкілетті органдарға бекіту үшін ұсынылған нормативтік актілердің жобаларын мемлекеттік тілде ресімдеу; басқармада мемлекеттік тілде іс жүргізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік тілдегі құжаттарды редакциялау. Мемлекеттік тілді білуі және компьютерде жұмыс істей білуі керек. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет.
Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық білім (Қазақ тілінің мұғалімі). Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
5. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша есеп-қисап бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты (1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Облыстық бюджеттің есебін жасау және облыс бойынша бюджеттің орындалуы туралы жинақты есепті қалыптастыру; төлем құжаттарын тіркеу және ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізу; облыстық бюджеттің дебиторлық қарыздары және кредиторлық қарыздары бойынша есептерді және ҚР ҚМ ұсыну үшін жинақты есепті жасау; тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаларды шығындау жоспарының орындалуы туралы есептерді қалыптастыру; қайырымдылық және демеушілік көмектен ақшаларды түсімдері және шығындау туралы есептерді жасау; қаржы органдарының аппараты бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу; шоттар бойынша талдамалы есеп жүргізу; қаржы органдарының аппаратын ұстау аясында мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізуді ұйымдастыру. Мемлекеттік тілді білуі және компьютерде жұмыс істей білуі керек. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет.
Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық білім. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын; нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) нысанға сәйкес өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |