Барлық мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ (060005, Атырау қ., М.Әуэзов 80 көшесі, анықтамалар үшін телефон/факс: 8(7122) 45-86-89, электрондық пошта: 06@atyraurevcom.gov.kz) «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:
Жоспарлау, талдау, есептілік және мониторинг жүргізу бөлімінің бас маманы, D-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 93 276 теңгеден 125 756 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету; комиссия қызметіндегі заңның сақталуын қамтамасыз ету; заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану; комиссияға келіп түсетін өтініштермен жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру; басшылардың қаулылары, қорытындылары, тапсырмалары, бұйрықтары мен хаттамалары, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындау. Бөлім басшысының бөлім қызметіне қатысты шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді және бөлімге келіп түскен тапсырмаларды белгіленген тәртіп пен мерзімде орындайды; Бөлім басшысы болмаған кезде міндетін қоса атқару. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау іс-шараларына қатысады; Тексеру комиссиясының ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын іске асыруға қатысады; құқық қорғау органдарына және өзге де әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға табыс етілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдары бойынша мониторингті және бақылауды жүзеге асырады; Жоспарлау, талдау, есептілік және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады; Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыруға қатысады; мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшемен бірге аудиторлық іс-шаралар бойынша отырыстар өткізудің жылдық жоспарын қалыптастыруды жүзеге асырады; «ИИС ревком» және «Е-қызмет» бағдарламаларымен жұмыс атқарады; Қазақстан Республикасының заңдары мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің актілерін басшылыққа алып өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) B-6, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкі;
4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік
30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірілген азаматтар Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген 06@atyraurevcom.gov.kz электрондық почта мекен-жайына электронды түрде «E-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды электронды түрде Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген 06@atyraurevcom.gov.kz электрондық почта мекен-жайына не «E-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиямен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысып, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ-де өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________________________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |