«Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Астана қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-O-4 санаты үшін: жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
«Астана қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік к., 11 үй, 433 кабинет, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 55-64-32, 8 (7172) 55-69-75, электрондық мекенжайы hr-akimat@astana.kz, «Б» корпусының төменгі бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
«Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ, әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 17.02.2019ж. дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 195 895 теңгеден 255 514 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында белгіленген Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз құзыреті шегінде: мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді, Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді. Басқарма қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдары үшін өтілді анықтау комиссиясының жұмысына қатысу. Кадрлар бойынша іс қағаздарын, қызметкерлердің жеке істерін жүргізуді бақылау. Еңбек кітапшаларына қажетті жазбаларды енгізу. Персоналды басқару қызметінің жұмысын жүргізу.
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық саласындағы жоғары білім.
2. «Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ, әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 195 895 теңгеден 255 514 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару», «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген талаптарды қызмет барысында орындау; Қазақстан Республикасының заңнамаларының бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтыруға, кейіннен оларды сот органдарына жіберуге; Мемлекеттік мерекелер, маңызды оқиғалар мен тарихи сахналарға арналған іс-шараларға орайластырылған сыртқы безендіру мен әлеуметтік жарнаманы орналастыру бойынша қызметті іске асырады; Астана қаласының әкімдігі мен мәслихаты бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Бөлімнің құзырына қатысты мәселелер бойынша қала әкімінің қаулылары мен әкімдіктің өкімдерінің жобаларын әзірлеуге, концептуалдық құжаттарды дайындауға қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: құқық, гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) саласындағы жоғары білім.
3. «Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен және саяси партиялармен жұмыс бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 2 бірлік).
Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне қарай 227 238 теңгеден 296 396 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Астанада Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытудағы өзекті мәселелері жөнінде ғылыми-практикалық шаралар ұйымдастыру. Үкіметтік емес ұйымдардың дерек қорларын және анықтамалық-ақпарат материалдарын дайындау. Саяси партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдардың қалалық бөлімшелерінің жұмыстары жөнінде ақпарат жинау және талдау. Қоғамдық және ғылыми-практикалық шаралар өткізу. Саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар жөнінде база орталығын жүргізу және анықтамалық-ақпараттық материалдар дайындау. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің қаулылары мен әкімдіктің өкімдерінің жобаларын әзірлеуге, концептуалдық құжаттарды дайындауға қатысу.
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық саласындағы жоғары білім.
4. «Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ, жоспарлау, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты, 2 бірлік, соның ішінде 1 бірлік 01.04.2019ж. дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне).
Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне қарай 227 238 теңгеден 296 396 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Басқарма құзыреті шеңберінде рұқсат етілмеген наразылық акцияларының алдын-алу және болжау; әлеуметтік зерттеулер жүргізу; Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы туралы жариялық-насихаттық басылымдар дайындау; ішкі саяси процестерге тұрақты мониторинг барысында алынған ақпаратты талдау; қоғам тіршілік әрекетінің барлық негізгі бағыттары бойынша нақты ұсынымдар жасау; алынған мәліметтер негізінде талдамалық баяндамалар, есептер және жазбалар дайындау; халық бірлігін сақтау, қоғамда саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу бойынша конституциялық қағидаттарды бекіту; қоғамдық-саяси қатынастар саласындағы мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен келісілген өзара іс-қимылдың бірыңғай бағдарламасын іске асыру; қалалық қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық, ақпараттық-ойын-сауық іс-шараларына қатысу; қоғамдық-саяси ұйымдармен және олардың филиалдарымен өзара іс-қимыл жасау, Астана қаласының аумағында қоғамдық ұйымдармен өткізілетін іс-шараларға қатысу; Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің саясатын іске асыру; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары (математика) саласындағы жоғары білім.
5. «Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ, қаржылық жұмыс бөлімінің бас маманы (01.02.2019 жылға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 195 895 теңгеден 255 514 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жүргізу. Бюджеттік қаражаттың игерілуі туралы есебін және бюджеттік ұсынымдарын дайындау және ұсыну. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу. Техникалық және негізгі қорларға материальдық жауапты. Бөлімнің құзырына қатысты мәселелер бойынша қала әкімінің қаулылары мен әкімдіктің өкімдерінің жобаларын әзірлеуге, концептуалдық құжаттарды дайындауға қатысу.
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы) саласындағы жоғары білім.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 7) және 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 433 кабинет) қабылданады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда қоса берілген құжаттар тізбесі көрсетілген, құжат тігілетін папкаға орналастырылған олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуден өтеді.
Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Осы лауазымға орналасқан тұлғалар үшін көтермелеу шығыстары төленбейді, тұрғын-үй және жеңілдіктер ұсынылмайды.
_________________________________
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________ _______________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
|
________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
_________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1.
|
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2.
|
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3.
|
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4.
|
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5.
|
Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
|
|
6.
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары
(болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания
(при наличии)
|
|
7.
|
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
8.
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
9.
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
|
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
должность, место работы, местонахождение организации
|
қабылданған/ приема
|
босатылған/ увольнения
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
______________________ _____________
Кандидаттың қолы/ күні/дата
Подпись кандидата
Достарыңызбен бөлісу: |