«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру
«Астана қаласының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі
С-О-5 санаты бойынша жұмыс тәжірибесі төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Мынадай құзыреттерінің болуы: Жоғары білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлық ақысы, теңге:
Санаты
|
Еңбек өтіліне қарай лауазымдық айлықақысы
|
min
|
max
|
С-О-5
|
83 282
|
112 430
|
«Астана қаласының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесі 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 19, 2-қабат, 217-кабинеті, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 71-62-81, факс 8 (7172) 71-63-33, электрондық адрес Zh.bekenova@mvd.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Тыл жабдықтау басқармасы күрделі құрылыс тобының бас маманы, санаты - С-О-5, 1 бірлік.
Негізгі функционалдық міндеттер: Топтың жұмыс жоспары мен оның қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін Астана қаласы ІІД ТЖБ бастығына бекітуге ұсынады. Мердігерлердің қол қоюға ұсынған (жұмыс көлемі және қабылданған бағалары мен коэфициенттер) формаларын тексереді. ІІД қызметтерімен, басқа ұйымдар және ведомстволармен жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге жобаларды, сметалық құжаттарды, техникалық шарттарды келісу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуге, көрсетілетін қызметтерге және қажетті құрылыс материалдары мен жабдықтарын сатып алуға шарттар жасау мен қол қоюға қатысады. Мердігерлер қол қоюға ұсынған формаларды орындалған жұмыстар мен қолданылған құрылыс материалдары мөлшерінің сәйкес келуіне тексереді. Көлемі мен құрамы бойынша объектіде атқарылған жұмыстардың сәйкестігіне жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге ақаулық актілерін жасау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Материалдарды, «тапсырыс берушінің» тапсырыстарын (орындалған жұмыс көлемі негізінде) есептен шығаруға акт жасайды. Жұмысты орындауға қажетті материалдарға, құралдарға, өнімдерге қажетті өтінімдер жасайды. Объектідегі жұмыс өндірісіне, құрылыс сапасына, қажетті құжаттардың (жасырын жұмыстар актілері, жұмыстың аралық кезеңін, аяқталған құрылымдарды, жұмыс журналдарын қабылдау актілері) жасалуына тұрақты техникалық бақылауды жүзеге асырады. Құрылыс алаңындағы (бас мердігер және қосалқы мердігер) барлық ұйымдардың іс-әрекеттері мен жұмыстарын бақылайды және үйлестіреді. КҚТ қызметкерлерімен бірлесе отырып жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті құжаттарды жасау бойынша жұмыстар жүргізеді. Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне және олардың сапасына бақылауды жүзеге асырады.
Конкурс үміткерлерге қойылатын талаптар: Құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары білім.
2. Кадр жұмысы басқармасы қызмет өткеруді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, санаты – С-О-5, 1 бірлік.
Негізгі функционалдық міндеттер: Қызметті ұйымдастырады және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналастыруға арналған конкурстық комиссияның хатшысы болып табылады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жылжыту рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің жеке мәліметтерінің, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері мен оқу оқуы туралы мәліметтердің есебін жүргізеді. Мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді.Тағлымдама, тәлімгерлік, қызметті бағалау, даярлау, белгіленген мерзімге сәйкес мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерге көтермелеу қолдану тәртібін әзірлейді. Қызметкерлердің жеке ісіне жоспарлық тексеріс жүргізеді. Лауазымдық айлықақыны есептеуге, сондай-ақ зейнетақы тағайындауға коэффициент белгілеу үшін еңбек өттілі туралы қорытынды дайындайды. «Е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесін қалыптастыруды жүзеге асырады.
Конкурс үміткерлерге қойылатын талаптар: Құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары білім.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
нысандағы өтініш (қоса беріледі)
тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның немесе мемлекеттік органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе е-қызмет интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтеуге жіберілмейді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Астана қаласы ІІД-де өтеді.
Конкурстық комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдауға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналы басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналы басқару қызметінде (кадр қызметіне) жеке басын күәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа беру тәртібімен шағымдана алады.
|
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
|
|
Нысан
|
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_____________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға
міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________________
__________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |