Талғар ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды
Индекс 041600, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Қонаев көшесі №65, анықтама телефоны/факс +7(72774)2-01-06, 2-07-62. Электрондық пошта: akimat_talgar@rambler.ru БСН:941240001161
1. Гүлдала ауылдық округ аппаратының бас маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты – 69957 тг бастап 94108тг дейін, Е-G-3 санаты, (026-05-05) индекстері, 1 бірлік.
Үміткерге қойылатын талаптар:
Мамандығы - құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, ветеринария, білім.
E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: Округ әкімі отырысы мен мәжілістерге қатысып, қажетті құжаттарды дайындап, жиналыстың мерзімінде өтуін қадағалап, хаттамаларын жүргізу, мекеме мұрағатымен айналысу, әкім аппаратының іс-номенклатурасын құрау, кадрлар жұмыстарымен айналысу, тізбе бойынша Талғар ауданы әкімінің бақылауындағы шешімдер мен өкімдердің орындалуы туралы мәліметтердің беруін қадағалау, азаматтардың өтініштерін қарап, жауабын әзірлеу, қызметтік іс жүргізу, азаматтарды қабылдап, өтініштерін қарастыру. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.
2. Қайнар ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты – 55799 тг 74954 тг дейін, Е-G-4 санаты, (026-07-11) индексі, 1 бірлік.
Үміткерге қойылатын талаптар:
Мамандығы - құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар, гуманитарлық ғылымдар.
E-G-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі аппаратында әлеуметтік саладағы (көп балалы аналардың, соғыс және еңбек ардагерлері, идеология жұмыстарын жүргізу, азаматтардың өтініштерін қарастыру және оларды қабылдау, әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабын жүргізу, шаруа қожалықтарымен жұмыс, азаматтардың өтініштерін қарастыру және оларды қабылдау, орындаушылық тәртібін жүргізу. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.
Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекен-жайдағы мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Талғар ауданы әкімінің аппаратында өтеді.
Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қ., Қонаев к. №65.
Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылардың қатысуына қатысты ақпарат: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |