Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы білім беру ұйымының басшысы бос лауазымына (бұдан әрі- Конкурс) орналасуға конкурс жариялайды:
1. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Катон-Қарағай аграрлық-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекеме директоры. ШҚО, Катон-Қарағай ауданы, Үлкен-Нарын ауылы.
Мекеменің негізгі қызметі: ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету саласы, пісіру өндірісі, электромонтер бағытында білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары білім, білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі немесе білім беру ұйымының кәсібіне сәйкес келетін ұйымдарда басшы қызметінде 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, заманауи педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін, басқарудың инновациялық әдістерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметінің мәселелерін, құқық негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік және өртке қарсы қорғаныс техникаларын.
Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңнамасына және оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызмет жарғыларына сәйкес басшылық етеді. Оқу жоспарын және бағдарламаларды, оқу үдерісінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін, құрылымды, штаттық кестені, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Оқушылар контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтану, медициналық қызмет және олардың жұмысына бақылау жасауды ұйымдастыру жұмыстары үшін қажетті шарттармен қамтамасыз етеді. Жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіреді. Иеленген мүліктерге және құралдарға билік жасайды, есептілікті, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын, санитарлық-гигиеналық тәртіп ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Үздіксіз кәсіби білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша ортақ басшылықты жүзеге асырады. Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Жоғары тұрған органдарда, қоғамдық және басқа ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін қорғайды. Әлеуметтік серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады.
Лауазымдық ақы 66381,44-79424,13 теңге көлемінде.
Конкурс мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау ережесі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда № 7495 тіркелді) негізінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерде болуы керек:
1) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (педагогикалық немесе кәсіп бойынша);
2) педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес немесе білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі немесе білім беру ұйымының кәсібіне сәйкес келетін ұйымдарда басшы қызметінде 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) бірінші немесе жоғары біліктілік деңгейінің болуы;
4) педагогикалық салада әкімшілік жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес немесе білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі немесе білім беру ұйымының кәсібіне сәйкес келетін ұйымдарда басшы қызметінде 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
5) соттылығының болмауы.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат ұсыну керек:
1) конкурс комиссиясы төрағасының атына тіркелген жері, тұратын нақты орны, байланыс телефоны көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесін;
4) еңбек кітапшасының көшірмесі;
5) кадр есебі бойынша фотасы бар жеке парақты;
6) жазалар мен көтермелеулер көрсетілген бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санатын немесе оқу дәрежесін иеленуі туралы құжаттар көшірмесі;
8) медициналық куәландырудан өту туралы құжат;
9) соттылығының болмауы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттар нотариалды түрде немесе жұмыс орнының кадр қызметімен куәландырылады.
Конкурсқа қатысушы кандидат Комиссияның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзіндік педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, мадақтаулар туралы құжаттамамен расталған кез-келген ақпараттарды ұсынады.
Конкурсты өткізу орны: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.
Құжаттар конкурс өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: 070004 Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, 700 кабинет, байланыс телефоны: (7232) 702-361, 702-364, электрондық мекенжай: A.Bekturgeneva@akimvko.gov.kz.
Аталған құжаттардың бірінің болмауы конкурсқа қатысушының құжаттарын қайтару үшін негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |