Конкурс жариялайды



жүктеу 70,51 Kb.
Дата14.02.2018
өлшемі70,51 Kb.
#9501
түріКонкурс

«Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» ММ

«Б» корпусы бойынша бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.
090006, Орал қаласы, Х.Чурина көшесі 116-үй, 1 қабат, 118 бөлме, анықтама үшін телефондар: 8-(7112) 500617, факс 8-(7112) 515447,

email: zko-uralsk@mail.ru
1. Бұқаралық ақпарат құралдары және мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы (1-бірлік) санаты «D-О-4», (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты уақытша бос лауазым) лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері:

- Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының, «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуын бақылайды;

- Облыстың аумақтық даму бағдарламасындағы тілдерді дамыту мен қолдану бағыттарын жүзеге асырады;

- Мемлекеттік тіл саясатын жүргізудің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік тілдің қоғамдық қолданылу аясын кеңейту мен дамыту бойынша кешенді шаралар, ұсыныстар әзірлейді, ұлттық–мәдени бірлестіктердің ана тілдерін дамыту мәселесі бойынша қызметтерін үйлестіреді;

- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының сақталуын, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді;

- Ұлттық-мәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептер қызметін үйлестіреді;

- Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында жұмыстар атқарады;

- Басқарманың интернет-ресурсы мен бұқаралық ақпарат құралдарына атқарылған жұмыстар бойынша ақпараттар дайындайды, интернет-ресурстағы мәліметтерді жаңартып отырады;

- Республикалық және жергілікті баспа басылымдарында, ақпарат құралдарында жарияланған тіл туралы материалдарға сараптама жасайды;

- Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын қамтамасыз етеді;

- Мемлекеттік тілді оқыту курстарының қызметін үйлестіреді, оқу сапасын тексереді, оқыту мәселелері бойынша анықтамалық материалдар әзірлейді;

- Мемлекеттік тіл мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, пікірталастар өткізеді және сол бағыттадағы қажетті анықтамалар мен әдістемелік материалдарды дайындайды.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Мамандығы бойынша: саясаттанушы, әлеуметтанушы, журналшы, жергілікті өзін-өзі басқару, юриспруденция, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі, филология, тарих мамандықтары бойынша білімі. Мемлекеттік тілді және компьютерде жұмыс істей білу.

Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында алған азаматтар (“Болашақ” бағдарламасының түлектерінен басқа) білімі туралы құжаттарын тану немесе нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. Ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімінің жетекші маманы (1-бірлік) санаты «D-О-5», лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 57656 теңгеден 78157 теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері:

- Мемлекеттік тіл саясатын жүргізудің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік тілдің қоғамдық қолданылу аясын кеңейту мен дамыту бойынша кешенді шаралар, ұсыныстар әзірлеп жүзеге асырады;

- «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мен тіл заңнамаларының орындалуын бақылайды, аймақтағы тілдік ахуалға әлеуметтік зерттеу жүргізеді;

- Тілдік заңнамаларға сәйкес ономастикалық саясатты іске асырады, облыстық ономастика комиссиясының жұмыс жоспарын әзірлейді, комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелерді оңтайластырады;

- Облысымыздағы көрнекі үгіт мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

- Облысымыздағы ұлттық антропонимикалық атауларды ретке келтіру шараларын ұйымдастырады;

- Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және ведомстволарға «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпараттар ресімдеуде көмек көрсетеді;

- Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

Мамандығы бойынша: қаржы, экономика, бухгалтерлік есеп және аудит, филология, тарих, жаратылыстанушы, жағрафия, юриспруденция, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі мамандықтары бойынша білімі. Мемлекеттік тілді және компьютерде жұмыс істей білу.

Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында алған азаматтар (“Болашақ” бағдарламасының түлектерінен басқа) білімі туралы құжаттарын тану немесе нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары негiзiнде жүргiзiледi.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) өкілетті орган белгiленген нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама;

3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері (мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23  қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде мына мекенжайда қабылданады: 090006, Орал қаласы, Х.Чурина көшесі 116-үй, 1 қабат, 118 бөлме. Конкурс комиссиясының қарауына қабылдау мерзiмiнде қолма-қол тәртіпте (құжат тігілетін мұқабада орналастырылған) немесе почта арқылы жіберілген құжаттар қабылданады.

Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді.
Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасында өтеді. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар мен сарапшыларды қатыстыруға жол беріледі.



Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
жүктеу 70,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау