Интернет-ресурста
орналастыру үшін
«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ
«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құқықтық және ұйымдастыру –кадрлар жұмысы секторының бас маманы «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Бөлімнің жеке құрамы және Бөлімнің негізгі қызметі бойынша, сондай-ақ үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері бұйрықтарының жобаларын ресімдейді; талаптарға сәйкес Бөлім қызметкерлерінің, сондай-ақ үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің әлеуметтік қызметкерлерінің жеке іс-қағаздарын ресімдейді және жүргізеді; Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік тізіміне және еңбек кітапшаларына қажетті жазулар енгізеді; заңмен белгіленген шектеулерді қабылдау туралы мемлекеттік қызметкердің келісімін жазбаша түрде тіркейді; өзіне қабылданған шектеулерді бұзған жағдайда құқықтық салдары туралы хабарлайды; мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын бақылайды; Бөлімнің лауазымдық бос қызмет орнына конкурс өткізуді ұйымдастырады; мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттікке кадрлар резервіне және басқа да қажетті ақпаратты ұсынуға дайындайды; Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің аттестациясын ұйымдастырады және өткізеді; Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерінің, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері қызметкерлерін оқытуын, қайта оқытуын (басқа біліктіліктен өткізу) және біліктілігін арттыруын ұйымдастырады; еңбек тәртібін нығайту бойынша іс – шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады; Бөлімдегі аппараттық кеңестің хатшысы болып табылады; кеңесте берілген тапсырмаларға хаттама толтырады және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады; нормативтік актілердің, бұйрықтардың, шешімдердің және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың дайындығына қатысады; Бөлім қызметінде пайда болған ағымдағы жылға арналған істер номенклатурасын жасау бойынша сараптамалық комиссияның хатшысы болып табылады; істер номенклатураларын мұрағаттық және құжаттамалық облыстық бөлімімен келісіледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, есеп және аудит, қаржы, статистика, әлемдік экономика), немесе «білім», немесе «жаратылыстану ғылымдары», немесе «құқық» бейіндері бойынша.
2. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ардагерлер және мүгедектермен жұмыс жүргізу секторының бас маманы «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Секторда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша есеп жүргізеді; Е-собес ақпараттық жүйесіне, МОМБ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтерді енгізеді; мүгедектердің электрондық дерек қорының жұмыс істеуіне қатысады; мүгедектерді протездік-ортопедиялық бұйымдармен және арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге өтініштерді қабылдайды және құжаттар топтамасын даярлайды; қажеттілікті қалыптастырады, оларды төлеуге тізім мен ведомость жасайды; қажет болған жағдайда үйге жеткізу жұмысын ұйымдастырады; тифло және сурдо-құралдармен қамтамасыз етуге өтініштер қабылдайды және құжаттар пакетін даярлайды, оларды алу қажеттілігін анықтайды; тифло және сурдо-құралдардың берілуін қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда оларды үйге жеткізуді жүзеге асырады; айрықша санаттағы мұқтаж азаматтарға госпитальдеу жолына әлеуметтік көмек көрсету бойынша өтініштерді қабылдайды және құжаттар топтамасын даярлайды; сектордың құзыреттілігіне енетін мәселелер бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара қызмет жасауды іске асырады; қарт адамдар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету айлығын өткізуге қатысады; қамқорлығында кәмелетке толмаған балалары бар жалғызілікті мүгедек әйелдерге демеушілік көмек көрсету жөнінде мәліметтер жиынтығын жүргізеді; 4 деңгейлі Бағдарлама бойынша жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге демеушілік көмек көрсету бойынша мәліметтер жинайды; сектордың құзыреттілігіне жататын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жұмыстарды сапалы және дер кезінде атқарады; мүгедектерді оңалтуға және айрықша санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша бөлінген бюджеттік қаражатты игеруге жеке жауапкершілік алады; сектордың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарға кеңес береді; азаматтардың және заңды тұлғалардың жазбаша (электронды) өтініштеріне жауаптар дайындайды; Басшылықтан, сектор меңгерушісінен келіп түскен тапсырмаларды орындайды, істелген жұмыстар туралы есеп береді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (социология, политология, психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), немесе «білім», немесе «қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс), немесе «жаратылыстану ғылымдары», немесе «гуманитарлық ғылымдар» (аударма ісі, тарих, филология, халықаралық қатынастар), немесе «құқық», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (ақпараттық жүйелер) бейіндері бойынша.
3. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне) жұмыспен қамту секторының бас маманы «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Азаматтарға жұмыспен қамту, мамандық таңдау, кәсіби оқу және қайта оқыту, азаматтарға лайықты жұмыс таңдауда қолдау жасау, сондай-ақ, ұйымдарға меншік нысанына қарамастан қажетті кадрларды таңдау мәселелері бойынша кеңестер беру; жұмысқа орналаусға жолдамаларды беруді тіркеу журналын жүргізу, материалдарды даярлау және бос орындар жәрмеңкелерін және жұмыс іздестіру клубтарын ұйымдастыру; мүгедектерге, кәмелеттік жасқа толмаған интернат ұйымдарының түлектеріне, қылмыстық-атқару инспекциысының пробациялау қызметі есебінде тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарға жұмыс орындары квоталарын белгілеу үшін жұмыс берушілерден мәліметтерді жинау жолы арқылы алдын-ала жұмыстар жүргізу; еңбек нарығы қажеттілігі есебімен кадрларды кәсіби даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу, мамандарға қажеттілігі бар кәсіпорындардан өтінімдерді жинау, білім беру ұйымдарымен шарттарды жасау, білім беру мекемелерінде жұмыссыздарды оқытуға бақылау жасау, өндірісте кадрларды даярлау мәселелері бойынша басқарма органдарының тиісті бөлімшелерімен, кәсіпорындармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасау; банк мәліметтерін құрастыру:оқу-бағдарлама құжаттарын, білім мекемелерінің оқу-өндірістік базасы, азаматтарды кәсіби оқыту жүргізетін кәсіптер және мамандықтардың анықтамалық-әдістемелік әдебиеті; ай сайынғы шот-фактуралардың, кәсіби оқуға жіберілгендердің қатысу табелі мен орындалған жұмыс актілерінің уақыты түсуін бақылау жүргізу; әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, жұмыс берушілергеәлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша кеңестер беру; әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден өтінмдерді жинау; әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жайында жұмыс берушілермен шарттар жасау; жұмыс берушілердің тізбесін белгілеу үшін комиссия шешімдерін дайындау; сол жерде өңірлік еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын болады және қажеттілігі шамасында жаңарту; әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгендердің ай сайынғы жұмыс уақыты және орындалған жұмыстар акті табелдерінің уақытылы түсуіне бақылау жасау; қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын жұмыс берушілерден өтінімдерді жинау; қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша қала әкімдігі қаулыларының жобаларын даярлауға қатысу, халықтың мақсатты тобын анықтау, қоғамдық жұмыстарға сұранысты және ұсыныстарды анықтау, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша кәсіпорындар мен ұйымдармен шарттар жасау; қоғамдық жұмыстарға жіберілгендердің ай сайынғы жұмыс уақытын есептеу табелі мен орындалған жұмыс актілерінің уақытылы түсуін бақылау; жұмыспен қамту, әлеуметтік серіктестік, босатылған жұмысшылар, мүгедектер, пробациялау қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандар, наркологияда және туберкулез диспансерінде тұлғалар мониторингі мәселелері бойынша кеңестер өткізу, кәмелеттік жасқа толмағандарды жұмысқа орналастыру бойынша мониторинг жүргізу. Еңбек қатынастары жағдайында әлеуметтік серіктестік мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіру, қалалық үш жақты комиссия отырысына материалдарды даярлау, жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындар мониторингі, жұмыспен қамту мәселелері бойынша азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарастыру. Ұжымдық шарттарды жасау мәселелері бойынша кәсіпорындарда түсіндірме жұмыстарын өткізу, жұмыспен қамту мәселелері бойынша айлық, тоқсандық есептерді жоғары тұрған органдарға белгіленген мерзімдерде жіберу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (социология, политология, психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), немесе «білім», немесе «қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс), немесе «жаратылыстану ғылымдары», немесе «гуманитарлық ғылымдар» (аударма ісі, тарих, филология, халықаралық қатынастар), немесе «құқық», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (ақпараттық жүйелер) бейіндері бойынша.
4. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне) ардагерлер және мүгедектермен жұмыс жүргізу секторының бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді; өзіне берілген құқықтар шегінде лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асырады; қадағалауындағы мәселелер бойынша іс-қағаздарын жүргізеді; Қазақстан Республикасында 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша Ұлттық жоспар қызметі бойынша жұмыстарды іске асырады; мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін кедергісіз орта құру және қол жетімділікті ұйымдастыру бойынша жұмыстарды атқарады және мониторинг жүргізеді; Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күні мерекесінің даярлығына қатысады; қарт адамдар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету айлығын өткізуге қатысады; мүгедектерге көмек көрсету жұмыстары бойынша жеке көмекшілердің және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін ұйымдастырады; қажет болған жағдайда Е-Собес ақпараттық жүйесіне, ММБО көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мәліметтер енгізуді іске асырады; сектор құзіретіне жататын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды сапалы және дер кезінде іске асырады; сектор құзіретіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарға кеңес береді; азаматтардың және заңды тұлғалардың жазбаша (электронды) өтініштеріне жауаптар дайындайды; Басшылықтан, сектор меңгерушісінен келіп түскен тапсырмаларды орындайды, істелген жұмыстар туралы есеп береді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (социология, политология, психология, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), немесе «білім», немесе «қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс), немесе «жаратылыстану ғылымдары», немесе «гуманитарлық ғылымдар» (аударма ісі, тарих, филология, халықаралық қатынастар), немесе «құқық», немесе «техникалық ғылымдар» (ақпараттық жүйелер).
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-R-4», санаты үшін мемлекеттік тілді білу, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу, сондай-ақ, біліктік деңгейін, бастамалық, адамдармен тез тіл табысуы, талдама көзқарас, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті анықтайтын тестілер енгізіледі.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
белгіленген нысандағы өтініш;
белгіленген нысанда 3x4 мөлшерінде фотосуретпен толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды электронды түрде мемлекеттік органның электрондық пошта мекенжайына немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталды арқылы берген жағдайда, құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктермей беріледі. Оларды бермеген жағдайда, тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан мемлекеттік органда әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген Қағиданың 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министірлігінің, «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекен-жай бойынша: 150008, СҚО, Петропавл қ, Қазақстан Конституциясы к., 23, «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ, персоналды басқару қызметі 426 кабинет, немесе Petropavlovsk@sko.kz электрондық пошта немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталды арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынылуы қажет.
Анықтамалар үшін телефон 8(715) 50-30-09, факс 49-02-57.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |