Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттары үшін:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе Тізілімде анықталған саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе Тізілімде анықталған саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе Тізілімде анықталған саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарда, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 мамырда № 15121 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 83, 506 кабинет, анықтама телефондары: 8(727) 279-85-56, 8(727)279-85-93, электрондық мекенжайы: g.nagumanova@minfin.gov.kz, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы
Санаты
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-О-5
|
83 282, 08
|
430, 81
|
Мемлекеттік сатып алудың аудиті бөлімінің бас маманы-мемлекеттік аудиторы, С-О-5 санаты, 1 бірлік
Функционалдық міндеттері: Департаменттің мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға қатысады. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына сәйкестік аудитін, соның ішінде мемлекеттік сатып алулардың веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуларға қамералдық бақылауды жүзеге асырады. Заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілген аудит нәтижелері бойынша сәйкес ден қою шараларын жүргізеді. «е-Минфин» АЖ «Қаржылық бақылау. Тәуекелдерді басқару жүйесі» ішкі жүйесінде жұмыс жүргізеді. Бөлім жұмысына қатысты сұрақтар бойынша Комитет және Департамент тапсырмаларын орындайды. Департамент туралы Ережеге сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика немесе қаржы немесе есепке алу және аудит немесе мемлекеттік аудит) немесе құқық (юриспруденция) саласы бойынша жоғары білім . Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге бағытталған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының заңын білу, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білгені, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен жұмыс істей білу. Мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.
Кадр және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маман-бас есепшісі, С-О-5 санаты, 1 бірлік
Функционалдық міндеттері: Департамент төлемдері және міндеттері бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастырады. Бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беруді әзірлеу, негізгі қаражат пен мүлікті сақтауды қамтамасыз ету, салыстыру тізімдемесін әзірлеу, тауарлы-материалдық құндылықтар мен материалды емес активтерді, активтердің кіріс пен шығыс құжаттарын өңдеу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алудың негізгі қаражаты мен материалды тауар құндылықтарына тіркеу жүргізуге қатысады және олар бойынша есеп береді. Мемлекеттік сатып алудың негізгі қаражаты мен тауарлы-материалдық құндылықтарын тіркеу жүргізуге қатысады және олар бойынша есеп береді. Қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражаттың кассалық және нақты шығыстарына есеп жүргізеді. Еңбек ақы, жәрдем ақы, уақытша жұмысқа жарамсыз қағазы бойынша, басқа да дебиторлық және кредиторлық есептерін жүргізеді және барлық мемориалдық ордерлерді әзірлейді. Департамент қызметкерлерінің штаттық кестесін және штаттан тыс қызметкерлердің штаттық кестесін, Департамент қызметкерлеріне сыйлықақы беру туралы бұйрықты әзірлейді. Бухгалтерлік есептерді уақытылы дайындап, тапсырады. Материалды-жауапты тұлға болып табылады. Бөлім жұмысына қатысты сұрақтар бойынша Комитет және Департамент тапсырмаларын орындайды. Департамент туралы Ережеге сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика немесе қаржы немесе есепке алу және аудит немесе мемлекеттік аудит) саласы бойынша жоғары білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге бағытталған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының заңын білу, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білгені, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Компьютерде Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен жұмыс істей білу.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi:
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде, 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 83 мекен-жайы бойынша 506-кабинетте немесе «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы не электронды түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына (g.nagumanova@minfin.gov.kz) қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:
1) қоса берілген нысан бойынша толтырылған өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына (g.nagumanova@minfin.gov.kz) электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 2 сағат бұрын кешіктірмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 83 мекен-жайы бойынша өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген және kyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған.
Қатысушылары мен кандидаттары "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама
Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:
- Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.
- Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынуға.
- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.
- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.
- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.
- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.
- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.
- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.
- Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге;
- Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің
Алматы қаласы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
______________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені____________________________________________________________
________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________
_________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 2017 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |