«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
С-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына 1-қосымша "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде конкурс өткізіледі
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
| С-R-5 |
64960
|
88279
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, БСН 021240002336, 160501, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, С.Қожанов көшесі №3, анықтама телефоны 8(72534) 6-56-29, факс(872534)6-51-96, электронды мекен-жайы: nal_mak@taxsouth.mgd.kz. o.elshibaeva@kgd.gov.kz
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Ақпаратты өңдеу орталығы бөлімінің жетекші маманы (C-R-5, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері : Бөлімнің жоспарындағы және орталықтандырылған тапсырмаларды уақтылы және сапалы түрде орындау. Салық төлеушілерден келіп түскен ақпараттарды БСАЖ, СЕӨЖ бағдарламаларында өңдеу.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Өндірістік емес төлемдерді және арнайы салық режимін әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы (C-R-5, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері : Бөлімнің орталықтандырылған тапсырмаларын уақтылы және сапалы түрде орындау, өндірістік емес төлемдер бойынша бекітілген болжамдық жоспардың орындалуын қадағалау, бекітілген төлемдер бойынша түсім, алашақ және берешек динамикасына талдау жүргізу.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Жеке тұлғалардың ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің жетекші маманы (C-R-5, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері : Бөлімнің жоспарындағы және орталықтандырылған тапсырмаларды уақтылы және сапалы түрде орындау. Жеке тұлғалардан келіп түскен ақпараттарды қабылдау және өңдеу.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салықты әкімшілендіру бөлімінің жетекші мамандары /негізгі қызметкерлердің бала күту демалысы мерзіміне (22.02.2016 ж. – 25.04.2017 ж. дейін, 01.06.2015 ж. -27.06.2017 ж. дейін)/ (C-R-5, 2 бірлік).
Функционалдық міндеттері : Камералды тексеру салық есептілігінде келтірілген мәліметтердің арасынан қайшылық табу, көзделген шарттарды асыра пайдалануды және арифметикалық қателерді анықтау . Уақтылы және сапалы түрде орталықтандырылған тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Экономикалық немесе программистік мамандығы бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі білім, бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын; "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі; Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттері: Бөлімнің жұмыс жоспарын құруға қатысу, орындау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсулерін жоспарлауға қатысу, тиісті талдау жұмыстарын жүргізу, басқа да міндеттерді атқару.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (төменде тіркеледі);
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама (төменде тіркеледі);
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап
10 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша Мақтаарал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіну қажет.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық
бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс
комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты:
www.kyzmet.gov.kz.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Құжаттар келесі мекен-жайы бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақтаарал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 204 каб. Мекен-жайы: 160501, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласы, Қожанов көшесі, 3 үй. Анықтама үшін телефон (872534)6-56-29 (факс): 8(725-34)6-51-96, электронды мекен-жайылары: nal_mak@taxsouth.mgd.kz , o.elshibaeva@kgd.gov.kz
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
___________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ___________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берілген құжаттар: ________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________ _______________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«____» _______________ 20__ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 3-қосымша
Фотосурет орны
(4х6)
САУАЛНАМА
(Өз қолымен толтырылады)
1. Тегі________________________________________________________
Аты ___________________________________________________________
Әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________________
2. Азаматтығы__________________________________________________
Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз____________________________
3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн ______________
4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз _______________
Болған елiңiз _________________________________________________
Болған уақытыңыз ______________________________________________
Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз ___________________________
5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе
шектелген деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін _____________________
6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан
айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн __________________________________
7. Сіз мынадай:
1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;
2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысындағы лауазымдарды
атқаратын мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы,
бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және
ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі,
немересі, жұбайы немесе зайыбы) болып табыласыз ба _________________.
8. Тілдерді білуі: ____________________________________________
9. Мекенжайы және байланыс телефоны ___________________________
_______________________________________________________________
_____________(жеке қолы)
«___»_____________ 20 ж.
(толтыру күні)
Достарыңызбен бөлісу: |