Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті



жүктеу 213 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі213 Kb.
#20488
түріКонкурс


Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**



С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154 071

208 205

С-4


138 248

186 551



I. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 4 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-97-87, 74-95-29, 74-95-30, 74-94-46, e-mail: a.aryngazina@economy.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Тұрақты даму мақсаттары статистикасы басқармасының басшысы С-3, 1 бірлік



Функционалдық міндеттері: Басқармаға басшылық ету. Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, жедел басқаруды жүзеге асыру. Тұрақты даму мақсаттары (бұдан әрі - ТДМ), гендерлік статистика және балалар статистикасы бойынша стратегияларды әзірлеу; ТДМ), гендерлік статистика және балалар статистикасы бойынша мәселелерін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, статистикалық деректердің толықтылығын және дұрыстығын қамтамасыз ету, әдіснамалық ережелерді әзірлеу және сақтау, өз қарауындағы статистика бағыттары бойынша статистикалық ақпаратты ұсыну. Өз құзыреті шегінде жүктелген міндеттер аясында шешімдерді қабылдау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, әлеуметтану, демография); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу); жаратылыстану ғылымдары (математика); білім (математика) салаларында, құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Ұлттық шоттар басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің 2020 жылғы 5 сәуірге дейінгі бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне) С-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде қатысу,Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің есептік құжаттарын және жоспарларын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру және олардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу. Мемлекеттік статистиканы жетілдіру бойынша іс-шараларды, статистикалық жұмыстар жоспарының уақтылы және сапалы орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. ҰШЖ-2008 енгізумен байланысты жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру. Әдіснаманы, әдістемелік және нұсқаулық материалдарды әзірлеу, ЖІӨ өндіріс, табыстар қалыптастыру және түпкілікті тұтыну әдістерімен есептеу, сонымен қатар, бақыланбайтын экономиканың, Жалпы өңірлік өнімнің есептеріне басшылықты жүзеге асыру және жүргізу. Әдіснамаларды, әдістемелік және нұсқаулық материалдарды әзірлеу, “ресурстар – пайдалану” және “шығындар – шығарылым” кестелеріне басшылықты жүзеге асыру және құрастыру. Әдіснаманы, әдістемелік және нұсқаулық материалдарды әзірлеу, қосалқы шоттарды, жинақтау шоттарын және активтер мен пассивтер теңгерімін құрастыру және басшылықты жүзеге асыру. Белгіленген мерзімде Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті басшылығының тапсырмаларын, өнімдерін және жоспарларын орындау.

Талдамалық баяндамалар, анықтамалықтар, жинақтар мен басқа да жарияланымдар үшін кестелік және басқа да материалдарды дайындау. Өз құзыреті шегінде Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің басқа да басқармаларымен өзара іс-қимыл. Өз құзыреті шегінде Ұлттық шоттар басқармасының құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша Ұлттық экономика министрлігі Статистика қомитетінің атынан министрліктерде, ведомстволарда, комиссияларда, комитеттерде және басқа да өкілетті органдарда өкілдік ету. Халықаралық іс-шараларға және жобаларға қатысу, басқа мемлекеттердің статистикалық офистерімен ынтымақтастықта болу. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (СМЖ) және қызметтік этиканы сақтау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика); техника ғылымдары және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу); жаратылыстану ғылымдары (математика); білім беру (математика) салаларында.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Баға статистикасы басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің 2020 жылғы 30 маусымға дейінгі оқу демалысы мерзіміне) С-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Басқарманы басқару. Баға статистикасы көрсеткіштерін жетілдіру бағыттарын анықтау. Басқарма қызметін ұйымдастыру мен үйлестіру. Басқарманың жұмыс жоспарын бекіту. Баға статистикасы көрсеткіштері бойынша зерттеу бағдарламаларын әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, баға статистикасының көрсеткіштерін құру бойынша жаңа тәсілдерді және халықаралық ұсынымдарды енгізу. Басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс қимыл жасау. Басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарына және халықаралық жобаларға қатысу. Өңірлік бөлімшелердің қызметтерін үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдікэкономика, аймақтану); техника ғылымдары және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу); жаратылыстану ғылымдары (математика) салаларында.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің 2020 жылғы 16 қазанға дейінгі бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне) С-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері:Статистикалық жұмыстар жоспарына енгізілген жұмыстарды сапалы және өз уақытында орындауды қамтамасыз ету, әдістемелік, нұсқаулық материалдарды әзірлеу, статистикалық материалдарды әзірлеу, статистикалық есептілік нысандарын әзірлеу, қызмет көрсету, көлік, мәдениет, байланыс, ғылым және инновация, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, туризм, ішкі сауда, сыртқы сауда, тауар нарықтары және энергетика статистикасы кешендері бойынша формальды емес міндеттер қойылымдарын әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар);

құқық (құқықтану, халықаралық құқық); техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, стандарттау, сертификаттау және метрология, математикалық және компьютерлік модельдеу, мұнай газ ісі, техникалық физика, электр энергетикасы); жаратылыстану ғылымдары (математика, биология); білім (математика); қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, жерге орналастыру) салаларында.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің 2020 жылғы 30 маусымға дейінгі оқу демалысы мерзіміне) С-4, 1 бірлік



Функционалдық міндеттері: Статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Комитеттің жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруға қатысу.

Статистикалық тіркелімдер: бизнес-тіркелім, ауылшаруашылық тіркелімі, халық және тұрғын үй қоры тіркелімдерін ұйымдастыру және жүргізу. Статистикалық тіркелімдер, жіктелімдерді жүргізу саласында, зерттелетін бірліктердің іріктемелі жиынтығын қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық жүйелерді әрі қарай дамыту үшін әдіснамалық, талдамалық материалдарды және жарияланымдарды, зерттеу құралдарын, статистикалық байқаулар бағдарламаларын, құжаттар топтамасын әзірлеу. Статистикалық тіркелімдер негізінде іріктеме дизайнын жетілдіру бойынша, жіктелімдерді жүргізу саласының әдіснамалық және әдістемелік материалдарды әзірлеу. Статистикалық тіркелімдерін өзектендіру үшін статистикалық байқаулардың нысандарын жетілдіру. Статистикалық тіркелімдерін жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік деректер қорларымен және тіркелімдік жүйелермен іс-қимыл жасауды жүзеге асыру. Мемлекеттік органдардың деректер қоры негізінде статистикалық тіркелімдерді өзектендіру. Статистикалық тіркелімдерді орталық деңгейде жүргізудің сапасын бақылау. Іріктеме дизайнындағы қажеттіліктерді есепке ала отырып, статистикалық тіркелімдер ақпараттық жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар дайындау. Статистикалық байқаулар үшін іріктеменің сапасын бақылау. Стастистикалық ұлттық жіктелімдерді әзірлеу және енгізу. Статистикалық ведомстволық жіктелімдердің әзірленуіне, енгізілуіне және пайдалануына бақылауды жүзеге асыру. Статистикалық жіктелімдер қорының және кодтау жүйесін жүргізуді үйлестіру. Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар нысандарының халықаралық, ұлттық және ведомстволық жіктелімдер мен стандарттарға сәйкестігіне сараптама жүргізу. Ұлттық жіктеуіштерді пайдалану мәселелері бойынша мемлекетік органдармен өзара іс-қимыл жасауға. Іріктеме жиынтық қалыптастыру мәселелері бойынша, жіктелімдерді жүргізу саласында Комитеттің салалық құрылымдық бөлімшелеріне кеңес беру.



Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика); техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, стандарттау, сертификаттау және метрология); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); білім (математика); жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика); құқық (құқықтану) салаларында.ғылымдар, құқық (құқықтану) салаларында.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

6. Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы С-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Қаржы мәселелері бойынша, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және есеп беру мәселелері бойынша, мiндеттемелер және шаруашылық операцияларын жүргізу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметіне әдістемелік басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыру; қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес аумақтық мемлекеттік мекемелерде және кәсіпорындардағы жұмысты үйлестіру және басшылықты жүзеге асыру, Комитеттiң бюджетiн қалыптастыруға қатысу. Комитетке қарасты мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік тапсырыс шегінде қаржыландырылатын бағдарламалардың, сондай-ақ Комитет өткізетін іс-шаралардың уақытында қаржыландырылуын ұйымдастыру. Қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ағымдағы, тоқсан сайын және жылдық есептiлiктi қалыптастыру. Комитеттің бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру; материалдық және еңбек ресурстарының үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталуын бақылау. Негізгі құралдарды және тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын және пайдалы жұмсалуын қамтамасыз ету және бақылау. Құжаттардың дер кезiнде және сапалы орындалуын бақылауды iске асырады, (ЭҚАБЖ) Электрондық құжатайналымының бiрыңғай жүйесiнде Lotus Notes арқылы жұмыс жүргізу.

Басқарма қызметін үйлестіру және ұйымдастыру; алдағы үш жылдық кезеңге Комитеттің бюджеттік өтінімдерін қалыптастыруды ұйымдастыру; нақты шығыстарды анықтауға байланысты төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларын түзетуді қамтамасыз ету; Комитет бойынша штаттық кестені әзірлеуді қамтамасыз ету; аумақтық Басқармаларының штаттық кестелерінің келісілуін қамтамасыз ету; бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру және қалыптастыруға қатысу; төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын, қаржыландырудың жеке жоспарларын кейіннен бекіту үшін жасау; статистика саласында сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша ұсынылған сметалардың қаржылық негіздеулеріне талдау; статистика саласында бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар жасау; дамудың стратегиялық жоспарының жобасын әзірлеуге қатысу; статистика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу; талдау жүргізу барысында байқалған құрылымдық бөлімшелердің қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу; Басқарманың жұмыс әдісі мен ұйымдастырылуын жақсарту бойынша іс-шараларға қатысу; үдерістердің тұрақты жақсаруы және жоспарланған нәтижелер жетістіктері бойынша ұсыныстарды жасау; басқарманың қызметі және міндеттерінен туындайтын өзге де тапсырмаларды орындау.

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру: жалақыны есептеу және салықтарды ұстау және аудару, қызметкерлердің деректерін енгізу, бастапқы құжаттарды өңдеу (жұмыс уақытын есепке алу табелі, жұмысқа жарамсыздық туралы парақтар, бұйрықтар, анықтамалар беру, № 5 мемориалдық ордерді жүргізу (жалақыны есептеу), мағлұмдаманы құрастыру және СК және қоршаған ортаны қорғау басқармасына, аударылған зейнетақы жарналары туралы статистикалық есептер мәліметтерін ЖЗҚ-на тапсыру, бюджетті орындау және үнемдеу режимін қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеу; белгіленген мерзімде есептілікті дайындау, бастапқы есепке алу құжаттамасын дайындау, олардың қозғалысына байланысты операцияның бухгалтерлік есепке алу шоттарында уақтылы көріну. Құжаттарды ресімдеу дұрыстығын және уақтылылығын, заңдылығын қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде басқарма басшылығының барлық нұсқауларын және өкімдерін орындау.

Мемлекеттік сатып алу үдерісінде сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің жеткізушілерін анықтау жөніндегі конкурстық комиссияның қызметіне қатысу; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алда болатын мемлекеттік сатып алу конкурстары жөнінде конкурстық құжаттаманы әзірлеу және бекіту; қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру; мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу; конкурс, тәсілімен, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің жеткізушілерімен шарттардың жасалуын бақылау, бір көзден алынатын баға ұсыныстарын келісу; орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес мемлекеттік тапсырыстың қаржыландырылуын қамтамасыз ету; ведомствоға қарасты ұйымдардың мемлекеттік сатып алуларына мониторинг жүргізу; қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердің мемлекеттік сатып алу рәсімін ұйымдастыру; мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту.



Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдікэкономика); құқық (құқықтану) салаларында.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

7. Персоналды басқару қызметінің бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің 2020 жылғы 29 қаңтарға дейінгі бала күтіміне арналған демалысы мерзіміне) С-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Ұйымдық-кадрлық жұмысты жүргізу. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге аттестацияны, тәртіптік комиссияның отырыстарын, мемлекеттік лауазымға үміткерлерді конкурстық іріктеуді, конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдауды және конкурстық комиссияның қарауына дайындауды ұйымдастыру және өткізу; статистика органдарының қызметкерлерін мемлекеттік және өзге де наградалармен марапаттауға арналған марапаттау құжаттарын дайындау; «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының жинағын дайындау. Комитеттің мемлекеттік қызмет кадрларының мониторингі бойынша есептерді және аумақтық статистика органдары бойынша жиынтық есептерді құрастыру; Комитеттің орталық аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру; Комитет қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, Комитетте тәлімгерлік пен тағылымдама бойынша жұмысты ұйымдастыру. Аумақтық статистика органдарының қызметкерлеріне кадрлық мәселелер жөніндегі тәжірибелік және консультативтік кеңес беру.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: құқық (құқықтану, халықаралық құқық); білім (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті); гуманитарлық ғылымдар (филология, аударма ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) салаларында.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

8. Тұрақты даму мақсаттары статистикасы басқармасының бас сарапшысы С-4, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Комитеттің және Басқарманың жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуын мониторингілеуді жүзеге асыруға, ТДМ, гендерлік статистика және балалар статистикасы бойынша көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдіснамалық тәсілдерді жетілдіруге қатысу. Гендерлік статистика зерттеулерін ұйымдастыру бойынша қызметті үйлестіру, оларды әдіснамалық және нұсқаулық сүйемелдеуді (статистикалық байқауларды, зерттеу нысандарын және статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдіснамасын әзірлеу) жүзеге асыру.

Гендерлік статистика бойынша зерттеу әдіснамасының сақталуын, ақпаратты жинау және өңдеу кезеңдерінде оның уақытында қалыптастырылуын, сонымен бірге зерттеу қорытындыларын және олардың шығарылуын бақылау. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің басқа да басқармаларымен өзара іс-қимыл. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті атынан Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша министрліктерде, ведомстволарда, комиссияларда, комитеттерде және басқа уәкілетті органдарда өкілдік ету. Халықаралық іс-шараларға және жобаларға қатысу, басқа елдердің статистикалық офистерімен ынтымақтастық. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) талаптарын және қызметтік этиканы сақтау.



Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, әлеуметтану, демография); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар); техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу); жаратылыстану ғылымдары (математика); білім (математика) салаларында, құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


II. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 15 кіреберіс, анықтамаүшінтелефондар: 8(7172) 74-05-26, e-mail: k.konkurs@qogam.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

  1. Қоғамдық жаңғырту департаменті Мониторинг және талдау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:Басқармақұзіретішегінденормативтікқұқықтықактілерді, құқықтық

актілердіжәнеәдістемелікқұжаттардыәзірлеугеқатысужәнедайындау; нормативтікқұқықтықактілерді, құқықтықактілерді, соныменқатартапсырмаларды, хаттамалықшешімдердіжәнеіс-шараларжоспарынуақытындаорындаудықамтамасызету; нормативтікқұқықтықактілерге, құқықтықактілергебасқармақұзіретішегіндемониторинг жүргізужәнеұсыныстаренгізу; «РуханиЖаңғыру» қоғамдықсананыжаңғыртусаласындағыжетістіктердіңжәнестратегиялыққұжаттар, бағдарламалар мен ұлттықжобалардыіскеасыружәнеҰлтжоспарыныңинституционалдықреформаларынталдаужәне мониторинг жүргізу; «РуханиЖаңғыру» қоғамдықсананыжаңғыртусаласындағыүрдістердіталдаужәнеболжаудыжүзегеасыру; Президенттiң бес әлеуметтiкбастамасынiскеасырубарысына мониторинг жәнеталдаужұмысынұйымдастыружәнеүйлестiру; «Руханижаңғыру» бағдарламасынжүзегеасырумәселесібойыншаақпараттық-талдамалықматериалдар, есептерәзірлеужәне Департамент басшылығына, сондай-ақжоғарытұрғаноргандарғаенгізу; Департамент жетекшілікететінсалаларбойыншажиынтық-талдамалыққызметтіжүзегеасыру; Басқармақұзыретінекіретінережелікқызметтердіңбағдарламалыққұжаттарынәзірлеугеқатысу, басқармақұзыретінекіретінмәселелербойыншаМинистрліктіңқұрылымдықбөлімшелеріменжәневедомстволарымен, мемлекеттікоргандардыңөкілдеріменіс-қимылжасау; Басқармақұзыретішеңберіндеөзге де функциялардыжүзегеасыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғарыбілім: білім (тарих) немесегуманитарлықғылымдар, немесеқұқық (құқықтану, халықаралыққұқық), немесеәлеуметтікғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, аймақтану, экономика, мемлекеттікжәнежергіліктібасқару, қоғамменбайланыс) мамандықтарыбойынша.

  1. Қоғамдық жаңғырту департаменті Жаңғырту бағдарламаларын үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарма құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу және дайындау; нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді, сонымен қатар тапсырмаларды, хаттамалық шешімдерді және іс-шаралар жоспарын уақытында орындауды қамтамасыз ету; нормативтікқұқықтықактілерге, құқықтықактілергемониторинг жүргізу, басқармақұзіретішегіндеұсыныстаренгізу; «РуханиЖаңғыру» қоғамдықсананыжаңғыртумәселелерібойыншаведомствоаралықынтымақтастықтыүйлестіру; «РуханиЖаңғыру» қоғамдықсананыжаңғыртусаласындағымемлекеттіксаясаттықалыптастыружәнежүзегеасырубойыншаұсыныстарәзірлеу; «РуханиЖанғыру» қоғамдықсананыжаңғыртубағдарламасынбасқарубойыншажобалықкеңсеніңқызметінқамтамасызету; «РуханиЖанғыру» қоғамдықсананыжаңғыртубағдарламасынүйлестіружәнетиімдіжүзегеасырубойыншаталдамалықжазбахат, баяндама, ақпаратжәнеөзге де ұсыныстар мен ұсынымдардайындаудыжүзегеасыру; басшылықтыңтапсырмасынжәнеқұжаттарынуақытылыжәнесапалыорындалуынқамтамасызету; Министрлік, Департамент ұйымдастыратынконференциялар, дөңгелекүтелдержәнеөзге де іс-шараларғаәзірлегежәнеөткізугеқатысу; Басқармақұзыретішеңберіндеөзге де функциялардыжүзегеасыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғарыбілім: білім (тарих) немесегуманитарлықғылымдар, немесеқұқық (құқықтану, халықаралыққұқық), немесеәлеуметтікғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, аймақтану, экономика, мемлекеттікжәнежергіліктібасқару, қоғамменбайланыс) мамандықтарыбойынша.

  1. Қоғамдық жаңғырту департаменті Қоғамдық коммуникацияларды дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарма құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді, құқықтықактілердіжәнеәдістемелікқұжаттардыәзірлеугеқатысужәнедайындау; нормативтікқұқықтықактілерді, құқықтықактілерді, соныменқатартапсырмаларды, хаттамалықшешімдердіжәнеіс-шараларжоспарынуақытындаорындаудықамтамасызету;нормативтікқұқықтықактілерге, құқықтықактілергебасқармақұзіретішегіндемониторинг жүргізужәнеұсыныстаренгізу; жұртшылықтың, әртүрлімақсаттытоптардың «РуханиЖаңғыру» қоғамдықсананыжаңғыртубағдарламасыніскеасырубойыншаоңқабылдауынқалыптастыруғабағытталғанбағдарламалар мен жобалардыәзірлеужәнеіскеасыру; көпшілікалдындағыіс-шаралардыұйымдастыруғақатысу, соныңішінде «Руханижаңғыру» қоғамдықсананыжаңғыртусаласындатезистер мен баяндамалардыәзірлеу; мемлекеттікоргандардыңжоспарлары мен бағдарламаларынжаңартумақсатындақоғамдықкоммуникациялардыдамытусаласындақоғамдықпікірдікешендізерттеу; «Руханижаңғыру» бағдарламасыбойыншақоғамдықпікірдізерттеунәтижелерібойыншаМинистрлікқызметініңтиімділігінарттыружөніндеұсыныстаренгізу; Департамент жетекшілікететінмәселелергеәсерететінфакторлардыанықтаумақсатындабұқаралықақпаратқұралдарына, интернет-ресурстарғажәнеәлеуметтікжелілерге мониторинг жүргізубойыншажұмыстыұйымдастыру; басшылықтыңтапсырмаларынжәнеқұжаттардыуақытылыжәнесапалыорындаудықамтамасызету; Басқарманыңқұзыретішеңберіндеөзге де функциялардыжүзегеасыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғарыбілім: білім (тарих) немесегуманитарлықғылымдар, немесеқұқық (құқықтану, халықаралыққұқық), немесеәлеуметтікғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, журналистика, аймақтану, экономика, мемлекеттікжәнежергіліктібасқару, қоғамменбайланыс) мамандықтарыбойынша.
III. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитет, 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы 11, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 709-935, e.gafiyatulina@kgd.gov.kz

Мамандандырылғанбасқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік ( уақытша 20.09.2021ж. дейін)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының салық заңнамаларын дұрыс орындау мәселелері бойынша, жер қойнауын пайдаланушылардың және ірі салық төлеушілердің салықтық тексерулеріне қатысу; Комитеттің аумақтық органдарына тәжірибелік көмек көрсету; түсіндерме жұмыстарын жүзеге асыру; халықаралық келесімшарттар шеңберінде ақпарат алмасу; Комитеттің ішкі актілерімен көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (ақпараттық жүйелер).Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен анықталған, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу.Салық заңнамасын білу керек және жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы білген жөн.Басқа да міндетті білімдер

Стратегиялық даму басқармасыбасшысының орынбасары, С-3 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Басқарма жұмысының шеңберінде Салықтықәкімшілендіруді жаңғырту бойынша жобаларын іске асыру; Комитеттін қызметіне озық өзгерістермен және жаңалықтарды енгізу; шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен Дүниежүзілік банкжобалары шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру; Комитеттің стратегиялық және операциялық даму процесін үйлестіру және мониторингтеу; мемлекеттік кірістер рәсімдерінің әкімшілендіруін жақсартуға тәуелді болатын халықаралық рейтингтерде Қазақстан Республикасының ұстанымын жақсарту бойынша Басқарманың жұмысына басшылық ету.Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің рейтингтік бағасын үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: жаратылыстану ғылымдары (математика) және әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес(социология, саясаттану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару) немесе құқық және гуманитарлық ғылымдар (философия, филология), техникалық ғылымдар мен технологиялар (автоматизация және басқару, математикалық және компьютерлік модельдеу).Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен анықталған, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. Салық және кеден заңнамасын білу.Басқа да салалық және бағдарламалық құжаттарды білу мүмкіндігінше.

Салықтық әкімшілендіру департаменті Салықтық аудитбасқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі басшыларының (бұдан әрі – ҚР ҚМ) және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) қарауға келіп түскен тапсырмаларын, белгіленген тәртіпте және мерзімінде орындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің жобасын, салықтық тексерулерді жетілдіру бөлігінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс топтарына қатысуды қамтамасыз ету және жүзеге асыру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, ҚМ және Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; өз құзыретінің шегінде мемлекеттік құпияны құрайтын ақпаратты қорғау бойынша жұмыстар жүргізу; Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелерінің бақылау-экономикалық жұмысын тексеруге қатысу; Басқарма құзыретінің шегінде бюджетке түсетін салықтар мен өзге міндетті төлемдердің толық түсуін салықтың тексерулер жүргізу кезінде қамтамасыз ету; «Салық аудитін электрондық бақылау» ақпараттық жүйесі арқылы салық органдарының салықтық аудитін бақылауды ұйымдастыру; ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, салықтық тексерулер мәселелері бойынша салықтық әкімшілендіруді жетілдіру; салық төлеудің толықтығын және уақытылығын тексеру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру; салық және басқа заңнамаларды сақтау; салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; Басқарма мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен іс-қимылды жүзеге асыруға қатысу; Басқарма құзыретінің шегінде салық төлеушілердің өтініштерін қарастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық.Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен анықталған, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексті (Салық кодексі) білгені жөн.Басқа да міндетті білімдер (МСФООС, басқару есептілігі, біхгалтерлік есептілік).

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы 2 бірлік (1тұрақты және 1 уақытша 29.07.2020ж. дейін)



Функционалдық міндеттері: Салық кодексін, Кеден кодексін, ведомстволық нұсқаулықтарының әзірлеуіне қатысу; мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен уақытылығын бақылауды жүзеге асыру, ақпаратты қабылдау және өңдеу Орталықтарының жұмысын ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды бойынша ұсыныстарды енгізу; басшылықтын қарауына салық органдарының көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ұсыныстарды шығару, салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру, мониторинг бойынша есептілікті және Кеден одағы шеңберінде табыс ететін есептілікті қоспағанда, СЕН-ді қабылдау, өңдеу бойынша, салық есептілігін кері қайтаруға (ұзарту, қайта бастау) табыс етуді бақылау; салық органдарының оңтайландырылған бизнес процестерді енгізу бойынша; СЕН және оларды жасау ережелерін бекіту және тіркеу бойынша жұмысты үйлестіру, есептелген салық сомасын және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерді және Қазақстан Республикасының Біріктірілген салық ақпараттық жүйесінде көрсету үшін, салық қызметі органдарымен салық есептілігін қабылдау жүйесінен хабарламаның толық жіберілуін және өңдеуі бойынша жұмысты үйлестіру; дербес шоттарды, есепке алу нысандары мен жеке шоттарды жүргізін бақылау және есептілікті есебін жүргізу сапасын бақылау мәселелері; есеп және есептілік сұрақтары бойынша әдіснаманы әзірлеу; аумақтық салық органдары мен салық төлеушілермен салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есебін жүргізу мәселелері бойынша жұмыс жасау; салық органдарында қабылдаған моделдеудің аспаптық құралдарын пайдалана отырып, бизнес-процестерді модельдеу, құжаттау, талдау және оңтайландыру; салық органдарында үлгіленетін бизнес-процестердін тиімділігін бағалайтын көрсеткіштердің әзірлеуіне қатысу; үлгіленетін бизнес процестерді салық органдарында оңтайландырылған бизнес процестерге тұсаукесер өткізу үшін демонстрациялық материалдарды әзірлеу; салық органдарының бизнес процестерін талдау жүргізгеннен кейін кесте, сызба,сипаттау және мәтіндік түсіндірмелер түрінде жалпы талдау есебін қалыптастыруға қатысу; салық органдарында бизнес үрдістерін жандандыру мақсатында жаңа технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу; салық органдарының бизнес-процестерін оңтайландыру мақсатында бойынша жаңа технологияларды енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу; Комитеттің басқа басқармаларымен және ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты жүзеге асыру ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар (есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе білім (кәсіби оқу).Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен анықталған, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. Салық және кеден заңнамаларды міндетті түрде, компьютерлік сауаттылық, банк заңнамасын мүмкіндігінше, мемлекеттік және шетел тілдерін білу.Басқа да міндетті білімдер.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.



Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.



Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.



«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

___________________________________
     
(мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:



________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.
жүктеу 213 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау