Конкурс «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»



жүктеу 0,53 Mb.
бет1/3
Дата12.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#12155
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің

2017 жылғы «__» _____

№ __ бұйрығымен бекітілген _____





2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде конкурстық құжаттамасы
Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі



  1. Жалпы ережелер

1. Осы конкурстық құжаттаманы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес, 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде конкурсқа (бұдан әрі – конкурс) қатысуға өтінімдерді дайындау мақсатында әзірледі.

2. Конкурс «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын және басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыруға бағытталған 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға (бұдан әрі - бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру) өткізіледі.

3. Конкурстың мақсаты – ұлттық қауіпсіздік пен ұлттық қорғаныс саласындағы стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті ынталандыру және қолдау көрсету



4. 2018-2020 жылдарға қаржыландырудың жалпы сомасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның және Республикалық бюджет комиссиясының шешімдерінің қорытындылары бойынша анықталады.


  1. Басым және мамандандырылған ғылыми бағыттардың атаулары




Басым ғылыми бағыттар

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың мамандандырылған ғылыми бағыттары


1. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс

1. «Қорғаныс - өнеркәсіп кешенін, қару-жарақ пен әскери техниканы, әскери - ғарыш технологиясын дамыту»:

  1. Жойқын ату құрылғылырдың реактивті снарядтарының кұрылымдық бөлшектерін өндіру технологиясын дамыту.

  2. Өздігінен жүретін темір жолды қайта құру құрылғысымен жауынгерлік роботты барлау кешенін әзірлеу және құру.

  3. Бағдарламалы басқарылатын сутек генераторы мен үйірлі қатынастағы масштабталатын ұшқышсыз ұшу аппараттар жүйесін жете зерттеу және жасау.

  4. Жаяу әскерлерді жауынгерлік қолдау үшін пассивті экзоқаңқасы мен роботты техниканы басқару интеллектуалды жүйесін жете зерттеу және жасау.

  5. Перспективті қару-жарақ үлгілерін, әскери және арнайы техника (ҮӘАТ) мен зақымдану құралдарын әзірлеу.

  6. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің мұқтаждықтары үшін навигациялық-ақпараттық кешендер құру.

2. «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамсыз ету»

  1. Байланыс арналарындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен алгоритмдері.

  2. Аса үлкен массивтердегі биометриялық бейнелерді танып білу жүйелері.

  3. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу.

  4. Азаматтық секторды қоса алғанда, Күштік құрылымдардың және қорғаныс-өнеркәсіп кешені мекемелерінің қызмет тиімділігін және ақпараттық қауіпсіздікті арттыратын ақпараттық жүйелерді дамыту.

  5. SOC (Security Operation Center) түрлі санаттағы АЖ, оның ішінде АКИАСО (Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері) қолдану саласындағы зерттеулер.


3. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімді ұсыну тілі
5. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

4. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімнің нысаны мен мазмұнына талаптар, қоса қаржыландырудың

көлемі және жағдайлары
6. Конкурсқа қатысу өтінімдері 1-қосымшаның талаптарына сәйкес болуы керек және осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес жасалады. Жобаның ілеспе хаты, өтінімі және қысқаша сипаттамасы 3-қосымшаға сәйкес нысанда жасалады.

7. Өтінімдер қағаз және электрондық нұсқада (дискіде), екі данада, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мына мекен-жайы бойынша беріледі: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 2-кіреберіс, 213-кабинет.

8. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 10-тармағының талаптарына сәйкес өтінімдерде жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі - ЖТН) болуы қажет.

ЖТН-ды алу үшін тапсырыс беруші конкурсты жариялаған сәтінен бастап өтінімдерді қабылдаудың соңғы күніне дейін конкурс қатысушылары «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі - Орталық) интернет-ресурсында is.ncste.kz мекенжайы бойынша Орталықтың ақпараттық жүйесінде өтінімнің электрондық нұсқасын салу арқылы өтінімді тіркеуге тиісті.

Мерзімнің аяқталуынан кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

9. Орталықтың ақпараттық жүйесінде тіркелгеннен кейін ЖТН өтінімнің қағаз нұсқасының бірінші бетінде қойылады.

10. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінім жобаны іске асыру мерзімі 3 жылдан аспауы туралы ақпаратты қамтуы керек.

11. Өтінім тігіліп, қағаз пломбасымен бекітілу керек, пломбаның үстінде тігілген және нөмірленген парақтар жайлы жазба болу керек және өтінім берушінің уәкілетті тұлғасының дөңгеленген мөрімен қоса қолымен расталған (заңды тұлғалар үшін) немесе белгіленген тәртіппен расталған жеке тұлғаның қолы болуы тиіс.

12. Өтінім берушінің авторлық және/немесе басқа да құқықтарына зиян тигізетін әлеуетті әшкерелеу, мемлекеттік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат өтінімде болмауы тиіс.

13. Өтінімнің мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:

жалпы ақпарат;

жобаның сипаттамасы;

зерттеу әдістері және этикалық мәселелер;

жобаны жоспарлау және басқару;

зерттеушілер тобы;

зерттеу ортасы;

күтілетін нәтижелер;

библиография;

қосымшалар.

14. Келесі талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер өтінім берушілерге қайтарылады:

1) ЖТН-ні болмаған өтінімдер;

2) өтінімді ресімдеуі осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер;

3) талап етілген құжаттардың толық емес көлемде ұсынылған өтінімдер;

4) плагиат және өтінім тақырыбының немесе мазмұнының мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға бұрын немесе бір уақытта берілген объектілерімен қайталану фактілері анықталған өтінімдер (көрсетілген фактілер болған жағдайда дәлелдер, негіздемелер келтірілуі, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану және мамандануы мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісіне сәйкес келетін тәуелсіз мамандарды тарту арқылы келтірілуі тиіс);

5) конкурс қатысушыларында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы куәлігі болмаған өтінімдер;

6) электрондық нұсқасы қағаз нұсқасына сәйкес келмеген өтінімдер;

7) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектісі бойынша бұрын алынған шекті бағаның төмен болған немесе ғылыми этиканы бұзу фактілері анықталған өтінімдер;

8) этика мәселелері бойынша орталық немесе жергілікті комиссиялардың оң қорытындысы (адамдарға және жануарларға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер үшін) болмаған өтінімдер;

9) мемлекеттік бюджет қаражатынан бұрын қаржыландырылған немесе қазір қаржыландырылып отырған жобалар бойынша өтінімдер.

15. Өтінім мәліметтерге қосымша жобаны ішінара қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеке әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту туралы мәліметтер бере алады. Олардың іске асыру мерзімдері мен салым сомасы көрсетілген қоса қаржыландыру туралы келісім тараптар ниеттерін растау болып табылады. Жеке әріптестің болуы өтінімді қарауда және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру алатын жеңімпазды айқындауда басым шарттардың бірі болып табылады.


5. Әлеуетті орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптар, сондай-ақ қажет болған жағдайда өзге де мәліметтер мен ерекше талаптар және қаржыландыру сомасы


  1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары тең шарттармен қатысуға құқылы.

  2. Жобаның ғылыми жетекшісінің ғылыми жұмыс өтілінің тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл, ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/ғылым кандидаты) немесе философия докторы (PhD) дәрежесі немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі болуы тиіс.

  3. Жобаның жетекшісі 2012 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңнен өтінім берген сәтіне дейін:

Web of Science немесе Scopus деректер базасымен индекстелетін рецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 (бір) жарияланым немесе кемінде 1 (бір) қорғау құжаты, және нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланған шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 (бір) жарияланым, сондай-ақ шетелдік және отандық басылымдардағы жарияланымдар;

  1. Жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің ішінен), оның ішінде ұйымның жетекшілері және осы жобаның іске асырылу кезеңі мен осы конкурстың шеңберінде 1 (бірден) аспайтын жобаның ғылыми жетекшісі болуға және 1 (бірден) аспайтын жобада орындаушы болуға құқылы.

  2. Ғылыми жетекшісі болып табылмайтын жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің ішінен) 2 (екіден) аспайтын жобаға орындаушы болуға құқылы.

  3. Зерттеу тобының құрамына шетелдік ғалымдар, оның ішінде жобаның қос жетекшісі ретінде, сондай-ақ өндірістен инженерлер, коммерцияландыру бойынша мамандар/брокерлер тартылуы мүмкін.

  4. Жобаның кемінде 30% орындаушысы 35 жасқа дейінгі жас мамандар, оның ішінде PhD докторлары, магистранттар болуы қажет.

  5. Зерттеулердің негізгі нәтижелері бөлінген қаржы көлемімен өлшемдес болуы қажет.

  6. Қаржыландыру үшін мақұлданған жобалар Қазақстан Республикасында іске асырылуы тиіс. Жобаның жетекшісі Қазақстан Республикасының резиденті болуы қажет.

  7. Қаржыландыру көлемі сұралатын қаржыға сәйкес қатаң түрде анықталады.

  8. Бағдарламалық-нысаналы қ қаржыландыру қаражатын бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімге сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға тікелей басшылық жасау үшін өтінім беруші тағайындайтын жобаның ғылыми жетекшісі бөледі.

  9. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражаты ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүргізуге тікелей байланысты шығындарға, өтінімнің мақсаттары мен міндеттеріне жетуге жұмсалады. Конкурстық өтінімде көрсетілген шығын түрлері осы конкурсттық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес болуы тиіс.

  10. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға бөлінген қаражатты тиімсіз және негізсіз пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауапкершілікке жауапты болады.

  11. Жобаларды орындаушы-ұйымның жетекшілері бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың қаражатын ұстап қалуға жол бермейді.

  12. Бір жабдық құны 4000 АЕК-тен асқан жағдайда, оның мемлекеттік ұйымдар жанында жұмыс істейтін, ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханаларда болмауын жазбаша растау, оны сатып алу қажеттілігінің негіздемесі ұсынылады.

  13. Мемлекеттік емес ұйымдар болып табылатын өтінім берушілер бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде сатып алынатын құны 4000 АЕК-тен асатын жабдықты жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін алты ай ішінде мемлекеттік ұйым жанында жұмыс істейтін ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертхананың теңгеріміне береді.

  14. Өтінім беруші заңнамаға сәйкес есеп беруді және есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді.

  15. Жоба шеңберінде мемлекеттік ұйымдар сатып алған жабдықтар, құралдар және (немесе) мүкәммалдар олардың теңгеріміне тіркеледі.

  16. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асырудың қорытындылары бойынша бүкіл кезеңде келесі нәтижелер алынуы тиіс:

1.1. Жобалар бойынша жариялануы тиіс:

кемінде 2 (екі) мақала, сондай-ақ нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) жарияланым;

қолданбалы зерттеулердің жобалары бойынша нәтижелері практикаға енгізілуі керек (мүмкіндігінше).

35. Жобаның жүзеге асырылуы және/немесе аяқталғаннан кейін ғылыми жұмыс басылымы кезінде авторлар нөмірін көрсету арқылы алынған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға сілтеме жасауға міндетті.

36. Зерттеу тобының мүшелері қажет болған жағдайда жүргізіліп жатқан жоба шеңберінде халықаралық конференцияларға қатысып немесе жетекші шетел ғылыми орталықтарында және ұйымдарында немесе шетел ғылыми зертханаларында шетелдік ғылыми тәжірибеден өте алады.

37. Қолданбалы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі бойынша нәтижелер жаңа ғылыми білім (басылымдар, патенттер) түрінде немесе дайын ғылыми-техникалық өнім (жаңа технологиялар, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-құрылымдық және тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлемелер, географиялық, геологиялық және басқа да карталар, жаңа материалдар, құралдар және т.б.) ретінде ұсынылуы тиіс.

38. Ұлттық компаниялардың немесе нақты сектордың немесе өтінім беруші не бизнес-әріптестің, не тапсырыс берушінің қаражатын тарту арқылы қолданбалы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі бойынша нәтижелер автоматтандырылған және бағдарламалы-технологиялық кешендерін, жүйелердің бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдерін (тәжірибелік-құрылымдық және тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлемелер, автоматтандырылған және бағдарламалы-технологиялық кешендер, эксперименттік және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс және т.б.) құруға дайын болуы қажет.

39. Жобаның рефератын және сол бойынша есепті (баспа және/немесе электронды түрде) өтінім берушінің және/немесе автордың келісімін сұратусыз жариялау құқығы Орталыққа беріледі.

40. Жоба шеңберінде алынған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижелері заңнамамен белгіленген тәртіппен міндетті түрде Орталықта мемлекеттік есепке алынуы тиіс.

41. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарымен ғылыми және ғылыми-техникалық жобаны жүзеге асыру үшін өзгерістер немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін келісімшарт 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми

және (немесе) ғылыми-техникалық

қызметті бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру шеңберіндегі

конкурстық құжаттамаға

1 -қосымша



2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысу өтінімі нысанының талаптары

1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі:



  1. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ілеспе хат;

  2. жоба бойынша ұсынылған ақпараттың анықтылығын растау, сондай-ақ ғылыми этика қағидаттарын, оның ішінде ғылыми этиканы бұзу фактілерін (ғылыми деректерді фабрикациялау, зерттеу деректерді бұрмалауға апаратын фальсификациялау, плагиат пен жалған тең авторлық, қайталауы, өзгелердің нәтижелерін иемдену және т.б.) болдырмауды сақтау, бұрын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмағаны туралы арыз. Аталған жобаны орындаушылар аталған конкурс шеңберінде басқа ғылыми ұйымдардың немесе жоғары оқу орындардың атынан толық немесе ішінара конкурстық жобаларды/өтінімдерді бермегені туралы кепілдік. Жетекшінің диссертация қорғаған ғылыми мамандығы, сондай-ақ оның ғылыми жұмыс тәжірибесі ғылыми жоба бейініне сәйкес келетініне кепілдік.

Жоба бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті, оның ішінде іске асырылатын жоба шеңберңнде сатып алу және жалға алу жоспарланған құрал-жабдықтарды, материалдар мен мүкәммалдарды ескере отырып, материалдық-техникалық базаның болуы және қолжетімділігіне кепілдік.

3) жобаның қысқаша сипаттамасы;

4) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

5) өтінім берушінің аккредитациядан өткенін растайтын куәлігінің көшірмесі;

6) этика мәселесі бойынша орталық және жергілікті комиссияның мақұлдаған тұжырымының болуы (биомедицина бойынша адамдар мен жануарларға зерттеу жүргізу үшін);

7) жобаны ішінара қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеке әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту туралы мәліметтер (жобаны қоса қаржыландыру болған жағдайда). Олардың іске асыру мерзімдері мен салым сомасы көрсетілген қоса қаржыландыру туралы келісім тараптар ниеттерін растау болып табылады.

2. Ілеспе хат мемлекеттік және орыс тілінде әзірленіп, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін), жеке куәлік (жеке тұлға үшін), аккредитация туралы куәлік, этика мәселесі бойынша орталық және жергілікті комиссияның мақұлдаған тұжырымы (биомедицина бойынша адамдар мен жануарларға зерттеу жүргізу үшін), қоса қаржыландыру туралы келісім көшірмелерімен бірге тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтар саны жазылатын қағаз пломбамен бекітіледі,бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы конкурсқа қатысушының уәкілетті тұлғасының қолы және мөрдің баспа-таңбасы (бар болған жағдайда) қойылады.

3. Өтінім, ілеспе хат пен қысқаша сипаттаманың мәтіндері нақты тұжырымдалған және келесі параметрлерді есепке ала біріңғай шрифтпен жазылу қажет («Microsoft Word» мәтіндік редакторының нұсқаларын қолдану қажет):

сол жақ жиегі – 2,5 см, оң жақ жиегі – 1,5 см, үстіңгі және астыңғы жиегі – 2 см;

шрифт – «TimesNewRoman», өлшемі 12 (қосымшада өлшемі кіші шрифт қолданылуы мүмкін, бірақ өлшемі 10-нан кіші емес);

жоларалық интервал – бір;

азат жол (бірінші жол шегінісі) – 1,25 см;

тақырып пен мәтін, мәтін және қол қою арасындағы интервал–жоларалық бір интервал;

өтінім және оған қосымшаларының парақтары нөмірленуі керек;

өтінім көлемі А4 форматты 20 (жиырма) парақтан аспауы тиіс;

өтінімнің электронды нұсқасы мен жобаның қысқаша сипаттамасы MicrosoftWord форматында (*.doc немесе *.docx) мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді, осыған қоса өтінімнің атауы жоба тақырыбының алғашқы бес сөзін қолдану арқылы көрсетіледі.

4. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған өтінімнің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіннің мазмұны толықтай сәйкес болуы керек.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтінімнің электронды нұсқасы (диск- тасымалдаушыда, сондай-ақ ЖТН алу үшін өтінімді тіркеу кезінде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ақпараттық жүйесіне енгізілген нұсқасы), жобаның қысқаша сипаттамасының, сондай-ақ ілеспе хаттың электрондық нұсқасы олардың қағаз нұсқасына сәйкес болуы тиіс. Түпнұсқа құжат ретінде қағаз нұсқасы есептелінеді.

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың электронды өтінімі, ілеспе хат және жобаның қысқаша сипаттамасының жалпы көлемі елу мегабайттан аспауы керек.



Осы талаптардың 1-тармағына сәйкес дайындалған құжаттама, бөлек тігілетін конкурстық өтінімнен басқа, белгіленген тәртіп бойынша тігіледі; конкурстық өтінім белгіленген тәртіпте бөлек тігіледі.

Қажетті құжаттардың бәрін 2 данадан ұсынылуы қажет. Электрондық тасымалдаушылар арнайы конвертке салынып, тезтігіндеменің ішкі жағынан бекітілуі тиіс.

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми

және (немесе) ғылыми-техникалық

қызметті бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру шеңберіндегі

конкурстық құжаттамаға

2-қосымша


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау