Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар



Дата27.12.2019
өлшемі81 Kb.
#25204
түріКонкурс






Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті 110000, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі, 197 анықтама үшін телефон 8-(7142)-52-61-58, e-mail: МVD.gov.kz аталған мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасында бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1. ПД облыстық бөлімнің бас маманы (ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі медиа-аналитика тобы), С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп қызмет атқарады. Ақпараттық кеңістікке, электронды және баспа БАҚ ұдайы мониторинг кестесін жүргізеді. Ақпараттық кеңістікке әр түрлі бағыттар бойынша, соның ішінде ПД қызметі туралы имидждік материалдарды орналастыру бойынша талдау жасайды, кеңестер береді, басшылыққа сыни, резонансты ақпараттық себептер бойынша уақытылы мағұлмат береді. Облыстық ПД қызметін жариялау бойынша медиа-жоспар ұйымдастырады. Бөлімнің кіріс және шығыс құжаттарының жұмысын ұйымдастырады, бөлімнің номенклатуралық істерін жүргізеді.

Лауазымдық еңбекақы: 108306 – 146177 теңге.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика; қоғаммен байланыс; статистика); білім (қазақ тілі және әдебиеті; орыс тілінде оқыту мектептерінде қазақ тілі және әдебиеті); Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар; филология); құқық.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс өтілі қажет емес.
2. ПД облыстық басқарманың бас маманы (қаржымен қамтамасыз ету жоспарлау және қаржыландыру тобы), С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бюджеттік өтінімдерді дайындау және ұсыну ережелеріне сәйкес, жергілікті және республикалық бюджеттің әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындардың түрлері бойынша есептерді дайындауға және тиісті органдарға (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы) келесі қаржылық жылға тапсырысты мерзімінде ұсынуды қамтамасыз етеді; Келесі жылға арналған қаржыландырудың жеткізілген лимиттерін облыс ПД бөліністері бойынша талдау және бөледі; Келесі жылға арналған нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы Келісімді құруға және уақтылы қол қоюға, ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы жылдық (15 қаңтарға дейін) және аралық (1 шілдеге дейін) есепті ҚР ІІМ ҚҚЕД-ге жолдайды; Қостанай облысы ПД Стратегиялық жоспарының “Бюджеттік бағдарламалар” 7-бөлімін келесі жылға құрады, бюджетті нақтылау кезінде қаржыландыру жылы ағымында өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сонымен қатар 7-бөлім бойынша жылдық есеп құрады; бөлу алдында келетін айдың 15-іне дейін ай сайын республикалық және жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістерге енгізуге тапсырыстар мен есептеулерді құрады; Қостанай облысы ПД материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған жергілікті бюджет қаражаттарын жолдау туралы ақпаратты құрады және ай сайын (9 қосымша) және тоқсан сайын (4 қосымша) айдың 10-ына дейін Облыс әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жолдайды; Шығындар түрлері бойынша жоспарлау мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнаманы дұрыс қолдануды қамтамасыз етеді; Шығындар түрлері бойынша жоспарлау мәселелері жөніндегі тапсырыстарды қарастырады; ПД бөліністерінің қаржы қызметшілеріне жоспарлау бойынша қолданыстағы заңдарды түсіндіруді жүргізеді, сонымен қатар ҚАПБ(б) қаржы қызметшілерінің жоспарлау бойынша білімдерін тексереді, осы мәселелерде тәжірибелік көмек көрсетеді; Жоғары тұрған органдардың және ПД ҚҚЕБ бастығының сұрауы бойынша басқа да тапсырмаларды орындауға міндетті.

Лауазымдық еңбекақы: 108306 – 146177 теңге.

Конкурс атысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика; Менеджмент; Есеп және аудит; Қаржы Мемлекеттік және жергілікті басқару, Маркетинг; Статистика; Әлемдік экономика).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс өтілі қажет емес;
3. ПД облыстық басқарманың бас маманы (қаржымен қамтамасыз ету еңбекақы төлеу және зейнетақы тағайындау бөлімі), С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: ПД аппаратынан, облыстық ҚАПБ, 6697 әскери бөлімінен, Қаржы полициясы департаментінен, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасынан, көліктегі П-нен жұмыстан шығарылған қатардағы және басшы құрамның тұлғаларына еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыны тағайындау және төлеу бойынша құжаттарды ресімдейді; ТМД елдеріне және Қазақстан Республикасы бойынша тұрақты тұратын жеріне кетуіне байланысты ІІМ зейнеткерлерінің құжаттарын және зейнетақы істерін ресімдейді; Қайтыс болған ІІМ зейнеткерлерінің отбасыларына жерлеу жәрдемақыны және біржолғы жәрдемақыны тағайындау және төлеу туралы құжаттарды ресімдеу; мүгедектік бойынша жәрдемақыны, асыраушысынан айырылуға байланысты жәрдемақыны, арнайы мемлекеттік жәрдемақыны кезекті ұзартады; ҚР ІІМ зейнеткерлеріне зейнеткер куәліктерін және зейнеткер куәліктеріне қосымша беттерін береді. ҚР ІІМ зейнеткерлеріне зейнетақы мөлшері туралы анықтамаларды береді, ҚР ІІМ зейнеткерлерінің облыстық ПД Орталық мемлекеттік мұрағатына жыл сайын тапсыру үшін зейнетақы істерін рәсімдейді; ҚР ІІМ зейнеткерлерін барлық мәселелер бойынша қабылдау, ІІМ зейнеткерлерінен зейнетақыны тағайындау және төлеуге байланысты келіп түскен шағымдарды мен арыздарды қарайды; облыстық ПД аппараты қызметкерлеріне материалдық қызмет көрсету баянаттарын тіркейді, бұйрықтарды және нұсқауларды дайындайды. ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес ІІМ зейнеткерлеріне жыл сайынғы зейнетақы төлемдерін қайта есептеуді сонымен қоса, арнайы мемлекеттік жәрдемақыны және асыраушысынан айырылуына байланысты және мүгедектік бойынша жәрдемақыны қайта есептеуді іске асырады.

Лауазымдық еңбекақы: 108306 – 146177 теңге.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика; Менеджмент; Есеп және аудит; Қаржы Мемлекеттік және жергілікті басқару, Маркетинг; Статистика; Әлемдік экономика).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс өтілі қажет емес;
4. ҚАП(Б)б (Рудный қаласы ПБ Кашар ППб) бас маманы (іс-жүргізушілер), санаты С-R-4, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Іс жүргізу жұмысын жүргізу, құжаттардың уақытында өтуін және сақталуын есепке алу, құжаттардың орындалуына бақылау жүргізу.

Лауазымдық еңбекақы: 95210 – 128834 теңге.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Құқық; Білім; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі (Құқық; Қызмет көрсету, экономика және басқару (Экономика; Есеп және аудит; Қаржы)).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Тестілеу бағдарламасына мыналар енгізілген: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет туралы», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы», «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде конкурс өткізіледі (бұдан әрі - Қағидалар).



Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын «Қостанай облысы Ішкі істер департаменті» Кадр жұмысы басқармасы, келесі мекен жайы: Қостанай қаласы, Баймағамбет көш. 197, №417 каб. қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Құжаттар электронды түрде «Қостанай облысы Ішкі істер департаменты» мемлекеттік мемесінің электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін екі сағат кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Қостанай облысы ІІД» ММ 721 кабинетте өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Қостанай облысы ІІД Кадр жұмысы басқармасына тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар кадр қызметі жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
03.10.2019 ж.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

________________________


(мемлекеттік орган)
Өтініш

     


Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны __________________________________________________________________
__________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ


ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / ФОТО

фамилия, имя, отчество (при наличии) (түрлі түсті/

цветное,

3х4)


_________________________________

лауазымы/должность, санаты/

категория (болғанжағдайда/при наличии)



ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ


1.

Туған күні және жері/

Дата и место рождения






2.

Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность

(по желанию)





3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/

Год окончания и наименование учебного заведения






4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками






6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)






7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин

(при наличии)






8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)






9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ


Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации

қабыл-данған/ приема

босатылған/ увольнения












___________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата


_____________ күні/дата




Қостанай облысының Полици департаменті

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау