Комплексный план содействия занятости населения на 2016 год по Актюбинской области



жүктеу 62,82 Kb.
Дата16.02.2018
өлшемі62,82 Kb.
#9828


Ақтөбе облысының 2016 жылға арналған халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша Кешенді жоспары

(а.ж.1 мамырына)
Кешенді жоспарға сәйкес, ағымдағы жылы 19262 адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралармен қамту жоспарланды, соның ішінде:

- 13053 адам жұмыссыздар немесе жалпы жұмыссыздар санынан 61,8%;

- 6209 адам өнімсіз еңбекпен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан 22,9%.

Ағымдағы жылдың 1 мамырына жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 6916 адам қамтылды (жоспардың 35,9%), соның ішінде, жұмыссыздар – 6380 адам (жоспардың 48,9%), өнімсіз еңбекпен өзін-өзі қамтығандар – 536 адам (жоспардың 8,6%).

Жоспарды іске асыру келесідей маңызды бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, Өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналастыру. 2016 жылы жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, Аумақтарды дамыту «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламаларын іске асыру аясында нысандарды салу және қайта құру барысында құрылатын жұмыс орындарына 281 жобаға 2314 жұмыссыздардың (10%-дан 30%-ға дейін жұмыс орындары), өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, аз қамтылғандардың жұмысқа орналастырылуын ұйымдастырады, соның ішінде:

- «Нұрлы жол» Бағдарламасы бойынша – 36 жобаға 433 адам;

- «МҮИИДБ» - 8 жобаға 167 адам;

- «Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» - 4 жобаға 61 адам;

- «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» - 6 жобаға 143 адам;

- «Бизнестің жол картасы 2020» - 18 жобаға 73 адам;

- «Агробизнес 2020» - 24 жобаға 53 адам;

- «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» - 51 жобаға 569 адам;

- «Аумақтарды дамыту бағдарламасы» - 134 жобаға 605 адам.

Ағымдағы жылдың 1 мамырына 45 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша – 28 адам, МИИДБ – 3 адам, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» - 11 адам, Агробизнес 2020 – 3 адам.



Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2016 жылы 49 инфрақұрылым нысандарын (бірінші транш бойынша 17 нысан, екінші транш бойынша 32 нысан) іске асыруға Республикалық бюджеттен – 1940,3 млн.теңге бөлінді. Құрылатын жұмыс орындарының саны 1082 бірлікті құрайды (Бағдарлама қатысушылары үшін 549 бірлік).

Жоспарланған 49 нысандарының ішінен:



  • Әйтеке би ауданының Әйке ауылының «Әйке орта мектебі» ММ күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 19 адам жұмысқа орналастырылды.

  • 7 жоба бойынша жеңімпаздар анықталды;

  • қалған 41 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.


2. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру:

- «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы аясында кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға – 251 адам, сомасы 47,0 млн.теңге;

- Аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында қайта даярлауға – 58 адам, сомасы 10,9 млн.теңге;

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «көгалдандырушы» мамандығы бойынша 81 адам қайта даярлаудан өтуде, соның ішінде:

- «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 57 адам (көгалдандырушы – 41 адам, тракторшы-машинист- 16 адам);

- Аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында – 24 адам (көгалдандырушы).



3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру Халықтың нысаналы топтары ішінен 1169 жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, сомасы 188,9 млн.тг, соның ішінде:

- «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы аясында – сомасы 51,5 млн.теңгеге 214 адам (РБ);

- «Аумақтарды дамыту бағдарламасы» аясында – сомасы 137,4 млн.теңгеге 955 адам (ЖБ).

Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына – 796 адам жұмысқа орналастырылды:

- «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 99 адам;

- Аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында – 697 адам.



4. Жастар практикасына жұмысқа орналастыру - кәсіптік білім беру мекемелерінің 1500 жұмыссыз түлектерін жастар практикасына жұмысқа орналастыру, сомасы 272,5 млн.теңге, соның ішінде:

- «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы аясында - сомасы 107,6 млн.теңгеге 470 адам (РБ);

- «Аумақтарды дамыту бағдарламасы» аясында - сомасы 164,9 млн.теңгеге - 1030 ада (ЖБ).

Қазіргі уақытта Жастар практикасынан – 667 адам өтуде:

- «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 122 адам;

- Аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында – 545 адам.



5. Уақытша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға - 3630 адам. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаражаттың жалпы сомасы 354,2 млн.теңгені құрайды.

Қоғамдық жұмыс орындарына – 2813 адам қатысуда.



6. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушыларына шағын несие беру.

Шағын несиелеуге 2510,0 млн.теңге бөлінді, соның ішінде:



- жеке ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге (3 млн. теңгеге дейін ) – 385 қатысушылар үшін 1070,0 млн.теңге;

- пилоттық режимде жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыруға (6 млн.теңгеге дейін) – 207 қатысушылар үшін 1240,0 млн.теңге;

- қайтарылған қаражат есебінен – 68 қатысушылар үшін 200,0 млн.теңге.

Кәсіпкерлік негіздеріне 210 адам оқытылатын болады (9,0 млн.теңге).

Ағымдағы жылдың 1 мамырына:

- сомасы 189,6 млн.теңгеге 90 ауыл тұрғындары шағын несие алды (қайтарылған қаражат есебінен сомасы 155,0 млн.теңгеге 76 ауыл тұрғындары).
7.Мемлекеттік қолдау шараларын қолданбастан жұмысқа орналастыру (бос жұмыс орындарына) - 9140 адам.

Нақты бос және уақытша жұмыс орындарына 2405 адам жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, Бағдарламаның ІІІ бағыты шеңберінде «Мерей и К» ЖШС жұмыс берушісінің тұрғын үй құрылысын (8 үй) 10% қоса қаржыландыру өтінімі бойынша экономикалық әлеуеті төмен Байғанин ауданы Қазақстан ауылынан Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді ауылына жалпы сомасы 61,7 млн.теңгеге құрамында 8 отбасын (46 адамды) қоныстандыру жоспарланды. Мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша құрылыс жұмыстарын «Сақ групп» ЖШС жүргізетін болады, 2016 жылдың 4 сәуірінде келісімшарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталды.

Ағымдағы жылы Ақтөбе қаласында (565,1 млн.теңгеге) еңбекші жастар үшін жалпы көлемі 5500 ш.м 105 пәтерлік (85 бір бөлмелі пәтер, 20 екі бөлмелі пәтер) жатақхана құрылысы жоспарланды.



Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясымен бірлесіп қоныстануға үміткерлер тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
жүктеу 62,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау