«Компьютерлік желі» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары



жүктеу 0,87 Mb.
бет3/4
Дата01.01.2018
өлшемі0,87 Mb.
#6454
1   2   3   4

6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.




Тақырыбы

Апта

Әдебиеттер

1

Дискіенгізгішке жол ашу


1

[1…4]

2

Желілік принтер орнату.



2

[2…8]

3

Желіге қосылуды тексеру. Желілік кабель физикалық өткізу ортасы. Кабельдердің негізгі типтері.

Коннектор. Қысқыш.



3

[1…4]

4

Автономиялық бума құру


4

[3…5]

5

Интернет желісіне қосылуға байланыс орнату


5

[1…4]

6

Microsoft Outlook Express көмегімен пошта жіберу және алу үшін есеп жазбасын орнату


6

[2…4]

7

Microsoft Outlook Express көмегімен хабар жасау және жіберу


7

[6…10]

8

Microsoft Outlook Express көмегімен тез жеткізілуі тиіс хабарламаларды жасау және жіберу


8

[1…4]

9

Mail.kz серверінен хабарламалар жіберу


9

[1…4]

10

Тораптардың түрі мен топологиясын таңдау


10

[4], [6]

[5], [6]



11

Тораптарды жоспарлау мен іске асыру


11

[1], [3]

[5…8]



12

Административтік тораптар


12

[1], [3]

[5…8]



13

Сымсыз тораптар


13

[1], [3]

[1], [4]


14

Тораптардағы ақпараттарды қорғау


14

[1], [3]

[5…8]


15

Тораптық проблемаларды шешу


15

[5…8]

[1], [3]



7. ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

Пәнді оқыту негізінен дәріс, зертханалық жұмыс, СОБӨЖ және өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны дәрісте беріліп, теориялық білім түсініледі.

Компьютерлік желі пәні бұрын оқытылған пәндер негізінде оқытылады:


  • Операциялық жүйелер

  • Программалар

  • Схемотехника негіздері

  • Дискреттік математика

  • Деректер құрылымы мен алгоритмдері

Осы аталған пәндерде алынған білім компьютерлік желілерін құру, қолдану сауалдарын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, әртүрлі операциялық жүйелер желі арқылы ақпарат алмасуда әр түрлі интерфейстерді қолданады. Оны дұрыс қолдана білу үшін операциялық жүйе жайында бастапқы білім қажет. Компьютер желілерінің аппараттық құралдар жұмысын түсіну үшін «Схемотехника» пәнінен базистік білімдер керек. «Дискреттік математика» пәні желінің логикалық байланысын маршрутизация алгоритмдерін түсінуге мүмкіндік береді. Ал ақпараттарды кодтау, тасымалдау, қорғау сауалдарын дұрыс игеру үшін «Деректер құрылымы мен алгоритмдері» атты пәнде алынған білімдер қажет болады. Таралған жүйелерде тұтынушы мен қолданбалар жұмыстарын дұрыс баптай алу үшін студенттің программалау негіздерін білгені көмек етеді.

«Компьютерлік желі» пәнін оқыту барысында «Жүйелік программалау», «Тиімділік әдістері мен операцияларды зерттеу» пәндері оқытылуы ортақ сауалдарды барлық жағынан талдап, дұрыс түсінуге көмек етеді.
Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: MICROSOFT Internet Explorer броузерінің бастапқы бетін баптау.


1. Internet Explorer іске қосыңыз (Пуск- программы- Internet Explorer).

2. Егер іске қосылғаннан кейін программа бірден қандай да бір web- бетті жүктеуге тырысса, Тоқта (стоп) батырмасын шертіп, жүктеуді тоқтатыңыз. Адрес жолындағы жазбалар бойынша броузер бастапқы бет ретінде қолданған беттің URL- адресін орнатыңыз

3. Сервис- шолушының қасиеттері (Сервис- Свойства обазрователя) сұхбат терезесінде Жалпы (Общие) қыстырмасын ашңыз.

4. Үй беті (Домашняя страница) панелінде Адрес өрісін іздеп тауып, осы өрістегі жазба бойынша броузер бастапқы бет ретінде қолданған беттің URL- адресін орнатыңыз.

5. Бос беттен (С пустой) батырмасын шертіңіз. Бастапқы беттің адрес өрісінде about: blank жазбасы шыққанын байқаңыз. Бұл қайта қосқанда, программа бастапқы бет ретінде ешқандай web- бетті жүктемейтінін көрсетеді.

6. Қолдану (Применить) батырмасын шертіп, одан соң шолушының қасиеттері (Свойства обазрователя) сұхбат терезесін ОК батырмасын шерту арқылы жабыңыз.

7. Программа терезесін жабыңыз.

8. 1-ші бөлімінде көрсетілгендей программаны қайта қосыңыз.

9. Программаны қайта қосқаннан кейін ешқандай бастапқы беттің жүктелмейтіндігін және Адрес өрісінде about: blank хабарламасы жазылғанына көз жеткізіңіз. Программа терезесін жабыңыз.
Зертханалық жұмыс №2

Тақырыбы: Web- бетті көру және сақтау


1. Internet Explorer программасын іске қосыңыз (Пуск- программы- Internet Explorer).

2. Адрестік жолдың өрісіне келесі URL- адресін енгізіңіз: www. rambler. ru – Рамблер іздестіру жүйесінің титулдық беттерінен жүктелу басталады.

3. Титулдық бетте Спорт бөлімін іздеп тауып және оның гиперсілтемесіне шерту арқылы оған өтіңіз.

4. Спорт бөлімінің сілтеме тізімінде Футбол сілтемесін іздеп табыңыз. Тышқан нұсқағышын соған бағыттап сол жақ батырмасын шерту арқылы Футболға арналған бөлімге өтіңіз.

5. Артқа (назад) батырмасын екі рет шерту арқылы іздестіру жүйесінің титулдық бетіне оралыңыз.

6. Алға (Вперед) батырмасын екі рет шерту арқылы Футбол бөліміне келіңіз

7. Броузер терезесін жаппас бұрын индикация панелінде орнатылған байланыс таңбасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Ашылған жанама менюден Ағытылу (Отключиться) бөлімін таңдаңыз- интернетке қосылу ажыратылады.

8. Артқа (назад) батырмасын екі рет шерту арқылы алдында қарастырған беттерге оралыңыз, ал сосын Алға (Вперед) батырмасын екі рет шерту арқылы кері қайтыңыз. Интернетке қосылмаған жағдайда да ертеде алынған web- беттер бойынша шолу жасауға болатынына көз жеткізіңіз. Бұл дербес режим деп аталады. Бұл жағдайда оның мүмкіншіліктері алынған web- беттердің компьютердің жедел жадында сақталуымен тығыз байланысты.

9. Ағымдағы web- бетті қатқыл дискіде сақтаңыз. Бұл үшін Файл- Қалай сақтау керек командасын орындаңыз. web- бетті сақтау сұхбат терезесі ашылады. Бұл жерде сақталатын бетке жаңа ат енгізуге болады. Файл типі ретінде web- бетті толығымен (web- страница полностью) нұсқасын таңдаңыз. Бұл жағдайда бет барлық безендіру элементтерімен бірге сақталынады, мысалы суреттерімен. Егер сақталатын файл типі ретінде web- бет тек HTML ғана таңдалынса, онда енгізілген объектілері бар қаптама сақталынбайды. Мұндай файлды кез-келген броузерде қарастыруға болады. Егер сақталу типі ретінде Мәтіндік файл таңдалынса, алдағы уақытта кез-келген мәтіндік процессорда қарастыруға болатын мәтін ғана сақталынады.

10. web- беттің сақталу орны ретінде C: \Windows\ Temp қаптамасын алыңыз. Уақытша файлдарды Temp қаптамасында сақтау қабылданған.

11. Таңдамалы-Таңдамал қосу (Избранное- Добавить в избранное) командасын берсеңіз- Таңдамалыға қосу сұхбет терезесі ашылады. Оның құралдары бізге ағымдағы беттің URL- адресін есте сақтауға және болашақта оны броузердің адрес жолына енгізбеуге мүмкіншілік береді. ОК батырмасын басыңыз.

12. Таңдамалы командасын орындаңыз. Сол кезде менюде ағымдағы бетке сілтемесі бар жазба пайда болғанын көресіз.

13. Артқа батырмасының көмегімен алдыңғы бетке қайта ораласыз.

14. Таңдамалы командасын орындаңыз және жаңадан құрылған сілтемені шертіңіз. Адресі таңдамалы сілтемелердің тізімінде сақталынған бет бірденг жүктелетініне көз жеткізіңіз. Оның бейнесі жедел жадтан алынады. Болашақта ол Интернеттен жүктелінеді.

15. Таңдамалы командасын тағы да орындаңыз. Жаңа құрылдған сілтемені тауып аласыз. Оған тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, ашылған жанама менюден Жою (удалить) бөлімін таңдап алыңыз. Таңдамалы сілтемелердің тізіміндегі жаңа құрылған сілтеменің жоғалғанын байқайсыз.

16. Internet Explorer программасының жұмысын аяқтап, оның терезесін жабыңыз.



Зертханалық жұмыс №3

Тақырыбы: Түйінді сөз бойынша ақпарат іздестіру.


1. Internet Explorer программасын іске қосыңыз (Пуск- программы- Internet Explorer).

2. Адрестік жолдың өрісіне URL- адресін енгізіңіз. www. rambler. ru – Рамблер іздестіру жүйесінің титулдық беттерінен жүктелу басталады.

3. Жүктелген бетке назар аудара қарап шығып, түйінді сөздерді енгізетін өрісті (поиск) және іздеу салу батырмасын табыңыз. Біз компьютерге арналған web- бетті іздестірейік.

4. Түйінді сөздерді енгізу өрісіне компьютер сөзін енгізіңіз.

5. Іздеу батырмасын шертіңіз.

6. Іздеу нәтижесін қарап шығып, ең алғаш web- беттегі іздестіру нәтижесіне назар аударыңыз.

7. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне Сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.

8. web- беттегі іздестіру нәтижесіне назар аудара отырып, іздеу нәтижесін қарап шығыңыз.

9. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне Компьютерные сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.

10. Табылған web- беттердің сан мөлшерін жазып қойыңыз. Неге компьютерные сети сөзі бар беттің саны, компьютер сөзі бар және Сети сөзі бар беттерінің санынан аз екендігін түсіндіріңіз.

11. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне компьютер ОR сети сөзін енгізіп, Поиск батырмасын шертіңіз. (ОR немесе деген оператор)

12. Табылған web- беттердің сан мөлшерін жазып қойыңыз.

13. Артқа навигациялық батырмасының көмегімен Компьютерные сети түйіндес сөзінің іздеу нәтижесіне оралыңыз. Табылған web-ресурстардың тізімін қараңыз. Бірінші болып тұрған гиперсілтемені шертіңіз. Құжат жүктелуін күтіңіз және оның тиімділігін бағалаңыз.

14. Артқа навигациялық батырмасының көмегімен web-бетке оралыңыз және екінші гиперсілтемені пайдаланыңыз. Құжат жүктелуінің аяқталуын күтіп, тиімділігін бағалаңыз.


Зертханалық жұмыс №4

Тақырыбы: Менің желілік қоршауым


Желілік ресурстарды қарап шығу үшін жұмыс үстеліндегі Менің желілік қоршауым белгісінде, одан кейін ресурс таңбасында маусты екі рет шерту керек. Менің желілік қоршауым терезесінде барлық жұмыс станциялары мен жергілікті серверлері, бумалар, файлдар, басқа да ұжымдық қатынас құру ресурстары көрінеді. Терезе желілік ресурстармен: желілік принтерлермен, көрші бөлмедегі, басқа мекемедегі, алыс континенттегі басқа компьютерлер дискілермен қатынас құру мүмкіндігін береді. Windows 2000 Professional операциялық жүйесі бір мезгілде бірнеше телефон желілері арқылы жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Бұл бірлік уақыт ішінде таратылатын ақпарат көлемін арттырады. Байланыс орнатылатын компьютер басқа операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істеуі мүмкін. Менің желілік қоршауым терезесінде әрбір компьютер жеке шартты белгімен таратылған. Шартты белгі астында компьютердің аты көрсетілген. Ресурсты қолднаған кезде осы бумада автоматты түрде оның жарлығы пайда болады. Windows 2000 операциялық жүйесіндегі Менің желілік қоршауым бумасы Windows 98 жүйесіндегі Желілік қоршау бумасының жетілдірілген нұсқасы. Менің желілік қоршауым терезесіндегі шарт белгілердің қызметтері:

  • Желілік қоршаудағы Жаңа орын (Новое место в сетевом окружении)- желілік ресурсқа арналған таңба құру мүмкіндігін беретін шеберді іске қосады;

  • Барлық желі (Вся сеть)- мекеме желісіндегі жұмыс істейтін барлық компьютер жұмысын қарап шығуға, пайдаланушының жұмыс тобына кірмейтін компьютерге қослу мүмкіндігін береді;

  • Көрші компьютерлер (соседние компьютеры) – жеке компьютер кіретін жұмыс тобындағы компьютерлерді немесе доменді көрсетеді.

Менің желілік қоршауым терезесінде бумалар мен файлдарды бір компьютерден басқасына көшіру оңай орындалады.
Зертханалық жұмыс №5

Тақырыбы: Ортақ пайдаланылатын құрылғыға немесе бумаға ат беру.


Желідегі қатынасты жеделдету үшін ортақ пайдаланылатын құрылғыға немесе бумаға ат беруге болады.

1. Қашықтағы ресурсқа ат беру үшін Менің желілік қоршауым терезесінде Сервис менюінің Желілік дискіні қосу (Подключить сетевой диск) командасын орындаңыз.



2. Желілік диск атын ашылған Диск тізімінен таңдаймыз. Желілік диск аты ретінде латын алфавитінің әріптерін алуға болады. Мысалы қашықтағы дискіге Е әрпін беруге болады. Енді оны өз компьютеріңізге орнатылған диск сияқты қолдану мүмкіндігі бар. Ашылған бума тізімінде басқа компьютердегі ресурс аты келесі пішімде беріледі

\\ компьютер аты\ бума аты. Ресурс бұрын қолданылса оны тізімнен таңдауға болады. Жүйеге кірер кезде қалпына келтіру жалаушасын көтеру арқылы Windows жүктелгеннен кейін ортақ қолданылатын бумамен автоматты байланыс орнатуды қамтамасыз етуге болады. Жүктелу уақытының ұзаруына әсер ететіндіктен, мұндай режимді буманы жиі қолданатын кезде ған орнатқан дұрыс. Жұмыс үстелінде жиі қолданылатын ортақ ресурстың таңбасын құруға болады. Ол үшін Менің желілік қоршауым терезесінде қажетті ресурстың бумасын маустың оң жақ батырмасын басулы күйінде жұмыс үстеліне жеткізіп, таңба құру командасын орындау керек.
Зертханалык жұмыс №6

Тақырыбы: Түйінді сөз бойынша ақпарат іздестіру

  1. Internet Ехрlorer программасын іске қосыңыз.

  2. Адрестік жолдың өрісіне келесі URL-адресті енгізіңіз: \www.гаmblег.гu Рамблер іздестіру жүйесінің титулдық беттерінен жүктеу басталады.

  3. Жүктелген бетке назар аудара қарап шығып, түйінді сездерді енгізетін өрісті (Поиск) және іздеу салу батырмасын (Поиск) табыңыз. Біз компьютерге арналған Wеb-беттерді іздестірейік.

  4. Түйінді сездерді енгізу өрісіне компьютер сөзін енгізіңіз. . Іздеу (Поиск) батырмасын шертіңіз. Іздеу нәтижесін қарап шығып, ең алғаш Web-беттегі іздестіру нәтижесіне назар аударыңыз.

  5. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне Компьютерные сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз. Web-беттегі іздестіру нәтижесіне назар аудара отырып, іздеу нәтижесін қарап шығыңыз.

  6. Табылған Wеb-беттердің сан мөлшерін жазып қойыңыз. Неге Компьютерные сети сөзі бар беттің саны, Компьютер сөзі бар және Сети сөзі бар беттерінің санынан аз екендігін түсіндіріңіз.

  7. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне компьютер ОК сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.

  8. Web-беттегі іздестіру нәтижесіне назар аудара отырып,іздеу нәтижесін қарап шығыңыз.

  9. Түйіндес сөздерді еңгізу өрісіне Компютерные сети сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.

  10. Табылған Wеb-беттердің сан мөлшерін жазып қойыңыз.Неге Компютерные сети сөзі бар беттің саны,Компьютер сөзі бар және Сети сөзі бар беттерінің санынан аз екенін түсіндіріңіз.

  11. Түйіндес сөздерді енгізу өрісіне компютер ОК сөзін енгізіп, Іздеу батырмасын шертіңіз.(Бұл жағдайда ОR сөзі –іздеуге арналған түйіндес сөз емес,немесе деген логикалық)

  12. Табылған WеЬ-беттердің санын жазып қойыңыз.

  13. Артқа (Назад) навигациялық батырмасының көмегімен Компютерные сети түйіндес сөзінің іздеу нәтижесіне оралыңыз.Табылған Wеb-ресурстардың тізімін қараңыз. Бірінші болып тұрған гиперсілтемені шертіңіз.Құжат жүктелуін күтіңіз және оның тиімділігін бағалаңыз.

  14. Артқа (Назад)навигациялық батырмасының көмегімен алдыңғы Web-беткеоралыңыз және екінші гиперсілтемені пайдаланыңыз.Құжат жүктелуінің аяқталуын күтіп және оның тиімділігін бағалаңыз.


Зертханалық жұмыс №7

Тақырыбы: Электрондык поштамен жұмыс істеу үшін Outlook Ехргезз программасын баптау. Outlook Ехргезз программасын жұмыс істеуге даярлау үшін автоматтандырылған баптау құралдары қолданылады. Оқу мақсатында барлық амалдарды қолмен атқарған дұрыс.

1.Місгозoft Outlook Ехргезз программасын іске косыңыз (ПускПрограммы Outlook Ехргезз).

2.Өз атыңызға ұқсастыру жазбасын (куәлік) құрыңыз. Ол үшін Файл ► Куәліктер ► Куәлікті қосу (Файл► Удостоверения► Добавить удостоверения ) командасын орындаңыз -Жаңа ұқсастыру жазбасы(Новая идентификационная запись) сұхбат терезесі ашылады.Сәйкес өріске өз атыңызды енгізіңіз. Егер өз хаттарыңызды бөгде адамдар оқымасын десеңіз, онда пароль орнатуға болады. Ол үшін Қосқан кезде пароль сұрау (Запрашивать пароль при запуске) жалаушасын орнату керек. Біз бұл жаттығуды оқып-үйрену мақсатында орындап жатқандықтан, пароль енгізудің кажеті жоқ .

3.Өз атыңызға кұрылған ұқсастыру жазбасына өтіңіз. Ол үшін Файл►Куәлік ауыстыру (Файл Смена удостоверения) командасын орындаңыз, сонда Ұқсастыру жазбасы қосу (Переключение идентификационной записи) сұхбат терезесі ашылады. Осы жерден бұрын өзіңіз құрған жазбаны тандап, ОК батырмасын басыңыз.

4.Өзіңіз құрған ұқсастыру жазбасын қосканнан соң, Келіп түскен (Входящие) қаптамасы майлы каріппен ерекшеленгенін көресіз. Бұл —әлі оқылмаған хабар келіп түскендігін білдіреді (біздің жағдайда ол ертеректе әзірленген жарнамалық хабар). Қаптаманың атына тышқанның оң батырмасын басып, тақырып панелі мен хабар панелінде
пайда болған ақпаратты қарап шығыңыз. Хабарды оқып алған соң оны

5.НТМL пішімімен жібсрілген хабардың қалай көрінетіндігін тексеріп,Пішім НТМL Пішімі (Формат Формат НТМL) командасын беріңіз.Бұл жағдайда хабар дайындау терезесінде басқару элементтері қаріпті,оның кескіні мен түсін пішімдеуге маркерлі және нөмірленген тізімдерді даярлауға мүмкіншілік беретін қосымша пішімдеу панелі пайда болатынын байқайсың.

6.НТМL пішімінде жіберілетін хабардың безсндірілуінде фондық суреттің қолданылу мүмкіндіктерін Тексеріңіз: Пішім Бланкіні қолдану Шлющ.һігп (ФорматШспояьзовагь бланкИЪІющ.һІт).

  1. ПішіМ^Кәдімгі мәтін (Формаі Юбычный текст) командасын
    пайдаланьш хабарды НТМL кұралларынын көмегімен бсзсндіруден бас
    тартыңыз,

  2. Хабарды жібсру командасын іске косьгныі. Бұл үшін Файп менюін
    ашып, белгіленгеіі екі ұксас комашшга иазар аударыңыз: Жіберу және
    Кейіиірвк ЖІберу (Ошравить и Отпралигь позже). Бірінші жағдайлу
    шүғьтл түрдс сервер.мсн байланьтс орнатылып, хаоар бірден жіберілсді.
    Екінші жаідайда хабар Бастәпқы (Исходящие) каптамасьгпа
    орііаластырылып. жакын арада ссрвермен байлііныс орнаіан жағдайда
    жіберілсді.

  3. Файл^-Кейінірек Жіберу (ФайлЮтправить Ітозже} командасьга іскс
    қосыньтз.

  4. ОиІІООК Ехргезз ттрограммасының негізгі тсрезесіие оралыныз.
    Бастапқы каптамасында жібері^шсгсн хабардын пайда болганына
    назар аударыңыз. Қашықтан қосылуды жалғау танбашасыныц
    көмегімен интернетке колмсн жалғауды орнатыңыз. Б\л үшін Жумыс
    үстелі^-Менің компьютерім^-Желіге қашықтан қосылуды (Рабочий
    столІ^-Мой компьюгср^УдаленІгый доступ к сеіи) ашып, қосьшуды
    баптау бслгісін ташшңыз.

11. ИІП'ернстке косылу орнатылуыкутініз. сонан кейін Сервис^-БәрІН
синхрондау комапласын орындагіыі. "Синхроңдау" сөзінің мәнін
жергілікггі компыотср мен поптта ссрверініц қаптамаларыііда
сақталынған хабарлар арасьгадағы сойксстікті орнату дсп түсіну керек.
Компыотсрде жаца хабар пайда бога аіщыктан, оныц ссрвсрге көшірілуі
орыпдалады.
Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

1-апта

1 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Компьютерлік желі.

  • Желі функциялары мен компоненттері.

  • Жергілікті желілер.

  • Желі түрлері

Ұсынылатын оқулықтар:[1…4]
2 СОБӨЖ.

Тақырыбы: Сервер негізіндегі желілер.

  • Желі топологиясы.

  • Базалық топология (Шина, жұлдыз, сақина)

Ұсынылатын оқулықтар:[2…5]
2-апта

3 СОБӨЖ.



Тақырыбы: Концентраторлар.

  • Активті концентраторлар

  • Пассисвті концентраторлар

Ұсынылатын оқулықтар:[3…7]
4 СОБӨЖ.

Тақырыбы: Желілік кабель- ақпарат алмасудың физикалық ортасы

  • Кабельдің негізгі типтері

  • Сигнал берудің түрлері (узкополосная, широкополосная)

Ұсынылатын оқулықтар:[1…8]
жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау