Коммерциялық емес акционерлік



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет8/12
Дата14.02.2020
өлшемі0,78 Mb.
#29111
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

21 

 

80386 SX-тен бастап шыға бастаған кәсіби компьютерлер жоғарғы жағы 



(ТЕСҚ-дан  басқа  бөлімдері)  машинаның  сыртқы  құрылғыларының 

драйверлері  мен  деректер  енгізілетін  ОЕСК-ның  бір  бөлігі    ретінде  де 

пайдаланылатын  болды.  Оған  қосымша,  80286  АТ  және  одан  жоғарғы  типті 

кәсіби  компьютерлердің  үлкен  көлемді  информациямен  жұмыс  істеуі  үшін 

жадты динамикалық және виртуалды тәсілдер бойынша пайдалану режимдері 

бар. 


Динамикалық - тәсіл жоғарғы жадтың бір бөлігінде 64 Кбайттық не одан 

да  үлкен  программа  бөліктерін  (беттерін)  кезегімен  бір-бірлеп  бірден 

орындап,  орындау аяқталған соң осы үшін бөлінген орынды атоматты түрде 

тазалап қою. 

Виртуалды  тәсілмен  құрылған  жад  (виртуалды  жад)  арнайы 

программалар  бойынша  ішкі  жадтың  ТЕСҚ-дан  басқа  бөліктерінен  және 

қатты жадтан (винчестерден) құрылатын уақытша жылдам жат. 

Үлке информациямен динамикалық тәсіл бойынша жұмыс істеу кезінде 

компьютер жадтың кеңістігін  нақты мөлшері беттерге не сегменттерге бөліп, 

адрестеп  қояды  да,  кезекті  мәндерді  осы  орындарға  енгізіп,  оларды  бірден 

оқып  шығарады.  Мұндай  тәсілмен  компьютердің  уақытша  құрған  жады 

виртуальды жад делінеді. Компьютер электр желісінен ажыратылған кезде ол 

жойылып кетеді (birtualis- мүмкін болатын). 

Соңғы  кәсіби  компьютерлерде  ОЕСҚ-ны  кеңейту  үшін  жүйелік  блокқа 

қосымша жад орнатылған басқа тақшаларды да енгізіп қою мүмкіндігі бар. 

Жалпы,  процессор  төрт  бөлімнен  тұрады  арифметикалық  логикалық 

құрылғы  (АЛУ),  басқару  құрылғысы  (БҚ),  жалпы    міндет  атқаратын 

регистірлер  және  өте  жылдам  жұмыс  істейтін,  аумағы  үлкен  емес  кэш-жад 

(cache-жасырып  қойма).  АЛУ  берілгендермен  арифметикалық  логикалық 

амалдарын  орындайды.  БҚ-ға  жалпы  басқару  программалары  енгізіледі; 

регистірлерде  негізгі  жадтан  түсетін  аралық  мөрлер  сақталады.  Кэш-жад 

қойма  сиақты,  оған  аралық  деректер  мен  командалар  келіп  түседі.  Көп 

мәліметтерді  кэш  жадтан  алу  әрекеті процессордың  мәліметтерді  алуына 

жеңілдік  келтіріп,  оның  жылдамдығын  арттыруға жәрдемдеседі.  Яғни  кэш-

жад компьютердің  жалпы  жүмыс   өнімділігін арттыруға арналған.  Кэш-

жад екі деңгейлі.  Біріншісі   процессор ішінде,  екіншісі  процессордан  сырт 

(тақшада) орналастырылады, көлемі 256—512 Кбайт шамасында. 

 

Терминжасамның грамматикалық тәсілдері 



 

Қазақ  тілінде  салалық  терминдер  негізгі  екі  тәсіл  арқылы  жасалады: 

аналитикалық және синтетикалық. 

Аналитикалық  тәсіл  сөздердің  бірігуі,  тіркесуі,  қосарлануы,  қысқаруы 

арқылы  жасалады.  Мысалы:  қоректендіру  блогы,  кернеу  көзі,  ЭҚК,  ПӘК,  бу 

генераторы,  электрэнергетика,  оқшауламалы  трансформатор,  жүргізу-

реттеу реостаты, автотрансформатор, релелік қорғаныс, килокалория, ток 



22 

 

тізбегі,  амплитуда-модуляциялық,  үшфазалы,  қысқа  тұйықталу,  генератор 



роторы, коммутациялық аппарат т.б. 

Синтетикалық тәсіл деп жұрнақтар арқылы термин жасауды атаймыз. 

Энергетика  саласындағы  термин  тудырушы  жұрнақтардың  белсенділік 

деңгейі әртүрлі. Осыған байланысты  оларды өнімді және өнімсіз жұрнақтар 

деп бөледі.  

Жұрнақтар  термин  жасауда  белсенді  қолданылатын  болса,  олар  өнімді 

жұрнақтар  қатарына  жатады.  Ал,  жұрнақтың  термин  жасауда  қолданылу 

дәрежесі төмен болса, олар өнімсіз жұрнақтар деп аталады. 

Мәселен: 

-ғыш,  -гіш,  -қыш,  -кіш  жұрнақтары  арқылы  көптеген  терминдер 

қалыптасқан. Бұл жұрнақтар термин жасауда өнімді жұрнақтардың қатарынан 

табылады.  Мысалы:  қозғалтқыш  (двигатель),  өткізгіш  (проводник), 

ажыратқыш  (выключатель),  сақтандырғыш  (предохранитель),  көрсеткіш 

(показатель),  араластырғыш  (смеситель),  қыздырғыш  (нагреватель), 

түзеткіш  (выпрямитель),  салқындатқыш  (охладитель),  дірілдеткіш 

(вибратор),  күшейткіш  (усилитель),  үдеткіш  (ускоритель),  түрлендіргіш 

(преобразователь) т.б. Атаулы жұрнақтардың көмегімен жасалған терминдер 

жоғарыда  келтірілген  мысалдардан  орыс  тіліндегі  -тель  суффиксімен 

жасалған қосымшаларға сәйкес келетінін байқау қиын емес.  

-ма,  -ме,  -ба,  -бе,  -па,  -пе  жұрнақтары  арқылы  жайма  (развертка), 

сынама  (проба),  ысырма  (задвижка),  қоспа  (смесь),  сырғыма  (скольжение), 

түйіспе  (контакт),  қаптама  (кожух),  серіппе  (пружина),  орама  (обмотка) 

т.б. терминдер қолданысқа енген. Бұл жұрнақтардан құралдық және іс-әрекет, 

үдеріс нәтижесінде туындаған мағынаны білдіретін  атаулар қалыптасқан.  

-ым,  -ім,  -м  жұрнақтары  арқылы  төсем  (настил),  өлшем  (мера),  орам 

(виток),  айналым  (оборот),  құрылым  (структура),  тартым  (тяга),  қысым 

(давление)  т.б.  терминдер  жасалған.  Етістік  тұлғалы  сөздерге  жалғанып,  зат 

есім тудыратын бұл жұрнақтардан энергетика саласында ұғым, зат атауларын 

білдіретін термин атаулары қалыптасқан.  

-ық,  -ік,  -қ,  -к    жұрнақтары  арқылы  сызық  (линия),  үзік  (разрыв),  ойық 

(паз),  түтік  (трубка),  тізбек  (цепь),  тірек  (опора),  елек  (грохот),  т.б. 

терминдер қолданысқа енген. 



-ғы,  -гі,  -қы,  -кі  жұрнақтары  да  термин  сөздер  жасауға  қатысады, 

мысалы,  сүзгі  (фильтр),  сорғы  (насос),  құрылғы  (устройство),  соққы (удар), 



қондырғы (установка) т.б. терминдер қолданысы соның дәлелі. 

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтары арқылы жиілік (частота), 

беріктік  (прочность),  дәлдік  (точность),  кернеулік  (напряженность)  т.б. 

терминдер қалыптасқан. 



-ын,  -ін,  -н  жұрнақтары  арқылы  толқын  (волна),  ағын  (поток),  құйын 

(вихр), түйін (узел)  т.б. терминдер жасалған.

  

-ыс,  -іс,  -с  жұрнақтары  арқылы  тербеліс  (колебание),  үйкеліс  (трение), 



қозғалыс  (движение),  байланыс  (связь),  айналыс  (вращение),  ағыс  (течение) 

т.б. терминдер қалыптасқан.



 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау