28
Локальді желілердің топологиясы
Компьютерлік желінің топологиясымен (құрастырумен, кескін
үйлесімімен, құрылыммен), әдетте, желілік компьютерлердің 6ip-6ipiмeн
салыстырғанда физикалық орналастырылуы және байланыс сызықтарымен
қосу тәсілі түсіндірледі.
Әдебиетте желінің топологиясы туралы еске алынғанда әр түрлі
деңгейдегі желілік архитектураға қатысты төрт түрлі ұғым қалыптасады.
Физикалық топология – яғни, компьютерлердің және кабельдердің
салуларының орналасу сызбасы.
Қисынды топология – яғни, байланыстардың құрылымы, желі бойынша
сигналдарды тарату өзгешелігі.
Айырбасты басқару топологиясы – яғни, жеке компьютерлер арасында
желіні басып алу құқығын тапсырудың принципі және жүйелілігі.
Ақпараттық топология – яғни, желі арқылы жіберілетін ақпарат
ағынының бағыты.
Топологиялардың мүмкін кескін үйлесімдерінің жиыны арасында
бөлінеді: толық байлаулы және толық емес байлаулы.
Толық байлаулы топологиялар ірі желілерде сирек қолданылады,
өйткені N торапты байланыс үшін Nх(N-1)/2 физикалық дуплексті байланыс
сызықтары қолданылады.
Екі компьютер арасында деректермен айырбас үшін желінің басқа
тораптары арқылы аралық деректерді тарату керек болған кезде, барлық басқа
нұсқалар толық емес байлаулы топогияларға негізделеді.
Ұялық топоголия (mesh) толық байланыстың кейбірі болуы мүмкін
байланыстарды жою жолымен болады.Ол үлкен көлемді компьютерлерді
қосуға рұқсат етеді және ірі желілерге де байланысты.
Жергілікті желілерде желілік топологияның үш негізгі түрін
ерекшелейді:
1) шина (bus), мұнда барлық компьютерлер параллельді түрде бір
байланыс сызығына қосылады және әр компьютерден жіберілген хабарлама
бір уақытта басқа қалған компютерлерге беріледі;
2) жұлдызша
(star),
желінің бір орталық элементіне шеттегі
компьютерлер қосылады және де олардың әрқайсысы өзінің бөлек байланыс
сызығын қолданады;
3) сақина (ring), әр компьютер әрқашан тек бір тізбектегі келесі
компьютерге ақпаратты тасымалдайды, ал ақпаратты тізбектегі алдыңғы
компьютерден алады және де бұл тізбек «сақинамен» тұйықталған.
Тәжірибеде көбінесе негіздік топологиялардың қиыстыруын қолданады:
жұлдыз - сақина, жұлдыз - шина.
«Шина» топологиясында (немесе оны «жалпы шина», «bus» деп те
атайды) барльқ ақпарат жіберілетін ортальқ абонент болмайды. Шинаға жаңа
абоненттерді қосу оңай және әдетте, тіпті желі жұмыс істеп тұрғанда да
29
мүмкін болады. Көп жағдайда шинаны қолдану кезінде қосқыш кабельдер
басқа топологиялармен салыстырғанда аз қажеттілік етеді.
«Жұлдызша» – бұл барлық абоненттер қосылатын айқын бөлінген
ортасы бар топология. Барлық ақпаратпен айырбас тек қана орталық арқылы
жүреді. Орталық абоненттің желілік жабдықтауы шеттегі абоненттердің
жабдықтауына қарағанда аса күрделі болуы тиіс. Желіде «жұлдызша»
топологиясымен ешқандай қақтығыстар болуы мүмкін емес, өйткені басқару
толығымен орталықтандырылған, ештеңеге талас жоқ. «Жұлдызша»
топологиясында кез келген кабельдің үзілуі немесе қысқа тұйықталуы тек
қана бір компьютермен айырбас жасауды бұзады, ал қалған компьютерлер
жүмысын қалыпты түрде жалғастыра алады.
«Жұлдызша»
топологиясының
маңызды
кемшілігі
–
оның
абоненттердің санына қатаң түрде шек қоюында. Әдетте, орталық абонент 8-
16-дан көп емес шеттегі абоненттерге қызмет көрсете алады. Егер осы шамада
жаңа абоненттерді қосу оңай болса, олардың санын арттырғанда қосу мүмкін
емес.
Орталығы орталық компьютер болатын жұлдыз белсенді немесе нағыз
жұлдыз деп аталады. Сонымен қатар, жұлдызға тек қана сырттай ұқсас енжар
жұлдыз деп аталатын топология бар. Тап осы топологиямен берілген желінің
орталығында компьютер емес, концентратор немесе репитер атқаратын
функцияны орындайтын хаб (hub) орналастырылады. Ол келуші сигналдарды
қалпына келтіреді және оларды басқа байланыс сызықтарына жібереді.
Сонымен қатар, белсенді және енжар жұлдыз арасында аралық типті
топологияны ерекшелеуге болады. Бұл жағдайда концентратор өзіне түсетін
сигналдарды тек қана ретрансляциялап қоймай, сонымен қатар айырбастауды
басқаруды жасап шығарады, бірақ өзі айырбасқа қатыспайды.
Жұлдыздың үлкен артықшылығы барлық қосу нүктелері бір орында
жиналғандығы болып табылады. Бұл – желінің жұмысын жеңіл бақылауға
көмектеседі, желінің ақауын орталықтан кез келген абонентті сөндіріп тастау
тәсілімен таратылуын тоқтатады.
Барлық «жұлдызша» топологияларының кемшілігі ретінде олардың
басқа топологияларға қарағанда кабельді аса көп шығындауын айтуға болады.
«Сақина» –
бұл әр компьютердің екі басқа байланыс сызықтарымен
қосылған топологиясы: біреуінен ол тек қана ақпарат алады, ал екіншісіне
таратады. Әрбір байланыс сызығында тек қана бір хабарлағыш және бір
қабылдағыш жұмыс істейді. Бұл сыртқы терминаторларды қолданудан бас
тартуға көмектеседі. Сақинаның маңызды ерекшелігі – әр компьютер өзіне
келуші сигналды ретрансляциялауында (қалпына келтіреді), яғни репитердің
рөлін атқаруында, сондьқтан барлық сақинада сигналдың сөнуінің ешқандай
маңызы жоқ, тек қана сақинаның көршілес компьютерлер арасындағы сөнуі
маңызды болады.
Әдетте, «сақинаға» жаңа абоненттерді қосу мүлде күйзеліссіз өтеді,
бірақ барлық желінің жұмысын міндетті түрде тоқтатуды талап етеді. Әдетте,
сақиналық топология жүктеуге ең тұрақты болып келеді, желі арқылы