Коммерциялық емес акционерлік



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет5/12
Дата14.02.2020
өлшемі0,78 Mb.
#29111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

13 

 

80-  жылдардың бас кезінен бастап  90-жылдардың   бас  кезіне  дейін  оқу 



орындарында 

информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін оқып 

үйрену үшін  жад көлемі  64,128  Кбайт шамасындағы   Корвет,  УКНЦ,  Ямаха 

МSX-1, Ямаха MSX-2, т.б оқулық компьютерлер пайдаланылып келеді. 

Халық  шаруашылығының  түрлі  салаларынды  пайдалануға  болатын, 

қазіргі кезде оқу орындары толық қамтамасыз етілген, жұмыс істеу мүмкіндігі 

жоғары  және  әрекет  жылдамдығы  үлкен  дербес  компьютерлер  әмбебап  не 

кәсіби  дербес  компьютерлер  деп  аталады.  Мұндай  машинарларды  және 

олардың негізгі құрылғысы – процессорларды шығарумен алғашқы рет дүние 

жүзінде  Apple,  IBM,  Intel,  т.б  фирмалар  айналысқан  болатын.  ДК-  де 

процессор  үшін    YИС,  AYИC  пайдалатындықтан,  оны  микропроцессор  деп 

атайды.  Бұл  жұмыста,  әсіресе,  IBM,  Intel  фирмаларының  еңбегі  көп.    Intel 

фирмасының  жасап  шығарған  түрлі  үлгілі  (модельді)  микропроцессорларын 

пайдаланып,    IBM  фирмасы  компьютердің  түрлі  сапалы  типтерін  дүниеге 

келтірді.  Фирманың  компьютерлеріне,  типтеріне  қарай  ретімен  IBM  PC, 

 IBM PC XT, IBM PC AT, IBM PS/2,  Pentium  (Пентиум),  т.б.   аттар  берілген 

(PC (Personal Computer)  —  дербес  компьютер, XT(extended  technology)  —

 кеңейтілген  технология,  PS  (Personal  System)  —  дербес  жүйе,  AT  (Advanced 

Technology)  —  алдыңғы  технология).  Олар,  әсіресе,  IBM  PC  AT  типтес 

компьютерлер  кезінде  дүние  жүзіне  кең  таралды.  Қазіргі  кезде  мұндай 

компьютерлердің 

Пентиум 


сияқты 

жаңа 


жетілдірілген 

нұсқалары 

пайдалануда.  

Пентиум сияқты кәсіби компьютерлер күрделі әр алуан математикалық, 

физикалық есептерді шешіп қана  қоймай,  логикалық операцияларды  да 

орындай алады  (логика  -  ойлау,  қисын;  логикалық операция  –  «ақылмен» 

орындалатын әрекеттер. 

Мысалы, 


автоматты  

түрде технологиялық 

процесстерді   басқарады,  шахмат  ойнайды,  күрделі   график  сызады).  Оның 

үстіне,  олар  экономикалық  ғылымдарда,  жоспарлауда,  медицинада, 

биологияда,  ауа райын болжауда,  мекеменің айлық ақпар  тізімін  жасауда,  

кітапхана  жүмысын ұйымдастыруда және  т.б.  оларда ойдағыдай пайдаланып 

келеді.  Құрылысы  бойынша  компьютерлер  бірнеше  түрлі  болады:  үстел 

үстінде тұратын (DeskTop), ұтқыр (NoteBook), қалтаға салуға келетін (Pocket 

PC), алақанға сыятын (Palm PC) т.б. (төменде берілген суретке қараңыз) 

 

 




14 

 

 



Дербес  компьютерлер  туралы  білетін  ақпараттарыңызды  жинақтай 

отырып,  жоғарыда  берілген  суреттерге  қарап,  5-6  сөйлемнен  тұратын 

шағын мәтін құраңыз. 

Мына  етістіктерге  ауыспалы  осы  шақтың  жұрнағын  қосыңыз  және 

оларды болымсыз түріне айналдырыңыз.  

Үлгі: орнату – орнатамын-орнатпаймын. 

Ашу,  жазу,  жөндеу,  басу,  көшіру,  есептеу,  дайындау,  жабу,  сөндіру, 

қосу, үйрету, өшіру, оқу, шығу, іздеу, істеу, сақтау, қию, күту. 

Қазіргі  тілімізге  басқа  тілден  енген  сөздердің  көпшілігі  компьютерге 

қатысты  болғандықтан  өзіңіз  білетін  5  сөзді  жазып,  сол  сөздермен  сөйлем 

құраңыздар. Мыс: тінтуір, басып шығарғыш, мәтіналғы т.б. 

Мәтінді мұқият оқып шығып аударыңыз.Мәтінге ат қойыңыз. 

Дербес компьютердің 

негізгі  

қүрылғылары классикалық Нейман 

архитектурасына негізделген: 

- жүйелік  блок  (микропроцессор,  жад,  қоректену  блогы,  енгізу/  шығару 

порттары, сағат таймер); 

-  пернетақта (клавиатура); 

-  монитор; 

-  принтер; 

-  магниттік дискіде жинақтауыш (дискіжетек, CD-ROM).  

Енгізу/шығару  порттары  (қосқыш  тарақшасы,  ағытпа)  компьютерді 

сыртқы баспа,  модем сияқты  құрылғылармен жалғастыру  үшін  арналған. 

Порттар жалпы мақсаттық параллель   және  асинхронды  (бір уақтылы емес) 

тізбекті  болып екі түрге бөлінеді.  Олардың сәйкес  түрде белгіленуі:  LPT1-

LPT3, COM1-COM3. 

Таймер —  кәдімгі  сағат  рөлін  атқаратын  интегралдық  сұлба.  Оның 

қызметінің  бірі  —  монитор  экранында  кескіндерді  қалпына  келтірудің 

уақытша аралықтарын беру, яғни синхрондау, т.б. (timer — уақытты белгілеу). 

Информацияны жазу  және  сақтау  компьютердің  жеке  дискілерінде 

(дискеттерде) не қатты магниттік дискіде (винчестерде) орындалады. Жазу 

құрылғыларын  дискі  жетек  не  дискі жүргізуші деп,  жинақты  (компакт) 

дискілерге  жазатын не  олардан   оқитын  құрылғыны  CD-ROM  деп атайды. 

Винчестер компьютердің 

ішіне орналастырылған дискі-жетекке бекітіліп  

қойылған, сондықтан ол дискі жетектен алынып-салынбайды. 

Дербес компьютерлердің   құрамында бұларға қоса  тышқан  құрылғысы 

да  бар.  Тінтуір  - көрсеткіші  (курсоры)  екі не  үш  түймесі бар, компьютерге 

электр  өткізгіш  сым  арқылы  жалғастырылатын  төртбұрышты  кішкене 

пластмассалық қорап. 

Магниттік  дискіде  жинақтауыш  (дискіжетек)  –  информацияны  қатты 

дискіге (винчестерге) немесе иілгіш магниттік дискіге (дискетке) жазу не онда 

жазылған  информацияны  машина  жадына  енгізу  құрылғылары.(  винчестер 

мен дискетті сыртқы есте сақтау құрылғылары деп те атайды). 




15 

 

Компьютердің  құрамында  сызбаны  басып  шығару  (сызба  сызушы), 



суретті  және  графикалық  информацияны  компьютерге  енгізу  (сканер), 

компьютерді  бір-бірімен  телефон  жүйесі  арқылы  жалғастыру  (модем) 

құрылғыларының болуы да мүмкін. 

Пернетақта  арқылы  компьютер  жадына  берілген  түрлі  программа, 

мәтіндер және т.б. енгізіледі. 

Жад  оларды  және  өңдеу  кезіндегі  аралық  мәндер  мен  өңдеу  нәтижесін 

уақытша сақтап тұрады. 

Монитор  жүйелік  блоктан  келген  информацияны  электрондық  экран 

бетіне,  ал  принтер  оны  қағазға  басып  шығарады.  Монитор  құрылғысын 

дисплей деп, ал оны пернетақтамен бірге терминал деп те атайды. 

Кәсіби  компьютердің  жұмысын  басқарушы  операциялық  жүйенің 

түрлері  көп.  Олардың  ішінде  IBM  PC  компьютерлерінде  пайдаланатын 

жүйелердің  бірін  MS  DOS  деп  атайды.  Оның  да  бірнеше  нұсқалары  бар, 

олардың  ішінде  соңғы  шыққандары  –  мүмкіндігі  мол  MS  DOS  5.02,  6.0,  т.б. 

Соңғы  жылдары  MS  DOS-тан  мүмкіндігі  жүздеген  есе  артық  Microsoft 

Windows атаулы оперциялық жүйелер де жарыққа шықты. Компьютерлермен 

жұмыс істеуді жеңілдету үшін оларда тінтуір құрылғысы пайдаланылады. 

Жүйелік  блок  процессор,  жад,  адаптер,  жүйелік  шина,  таймер, 

қоректендіру  блогы  мен  енгізу/шығару  порттары  орналастырылған 

компьютердің негізгі бөлімі. Олар орналастырылатын тақшаны аналық тақша 

не жүйелік тақша деп атайды. 

Жүйелік  блоктың  ішінде  орналасқан  құрылғылар  компьютердің  ішкі 

құрылғылары  деп,  ал  басқалары  (пернетақта,  монитор,  принтер,...)  сыртқы 

құрылғылар деп аталады. 

Пернетақтаны  енгізу  құрылғысы  деп,  монитор  мен  принтерді  шығару 

құрылғылары деп те атайды.  

Енгізу/шығару құрылғылары мен процессор арасында алмастырылатын 

информация  алмасу  алдында  адаптер  деп  аталатын  осы  құрылғылардың 

жұмысын  үйлестіруші  интегралдық  сұлбаға  келіп  түседі  (лат.  adaptere  –

лайықтауыш,  үйлестіруші;  оны  түсіну  үшін  магнитофон  адаптерін  көзге 

елестетсе  болғаны).  Адаптердің  жұмысына  мысал:  екілік  кодтарды  жадтан 

мониторға  жіберу  кезінде  сәйкес  адаптер  (бейнеадаптер)  алдымен  оларды 

түрлі  символдарға  аударатын  сигналдарға  айналдырады,  кез  келген  пернені 

басып,  қоя  берген  кезде  пернетақта  сәйкес  екілік  кодтың  сигналдарын 

процессорға  жадқа  бірінен  соң  бірін  ретімен  жібере  бастайды.  Бұл  кодты 

алдымен  пернетақта  адаптері  қабылдайды  да,  оны  процессор  жұмыс  істей 

алатын параллель кодқа айналдырады. 

Адаптерлердің   өздері қабылдаған  ағымдық  команданы  не  деректерді 

жазып қоятын ұяшықтары бар. Оларды порт регистрлері деп атайды. 

Адаптерлер процессор,  жад және басқа құрылғыларымен жүйелік  шина 

не магистраль деп аталатын көп қабатты платаның ток өткізгіш желісі арқылы 

байланыстырлып  қойылған.  Байланыстыру  шинаға  дәнекерленіп  қосылған 

порттар деп аталатын ажырытып қосқыштар арқылы орындалады.  



жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау