Коммуналдық және балалар мен өспiрiмдердiң гигиенасы жөнiндегi санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекiту туралы
154. БДТ бар ғимараттар жабдықталуы тиіс:
ДК-ны пайдаланатын үй-жайда табиғи және жасанды жарық көздері болып, қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сай болуы керек. Жұмыс орнын жертөледе ұйымдастыруға болмайды. Егер, жарықтануы, микроклиматы, желдетілуі осы санитарлық ережелерде көрсетілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болса, жұмыс орнын үйдің цокольді қабатында орналастыруға болады.
ДК-ны пайдаланатын үй-жайды білім беру, балаларға арналған мәдени-ойынсауық ұйымдарының цоколь қабатында орналастыруға болмайды.
ДК-ның жұмыс орнын ДК-ның жұмыс істеуіне кедергі жасайтын күш кабельдерінің, жоғарғы вольтты трансформаторлардың, технологиялық құрал-жабдықтардың қасында орналастыруға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |