Коммерциялық емес акционерлік қоғам


  Дәріс  №2.  Электр  тораптарының  қиыстырмасы  туралы  жалпы



жүктеу 1,6 Mb.
Pdf просмотр
бет3/21
Дата27.12.2019
өлшемі1,6 Mb.
#25147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

10 

 

2  Дәріс  №2.  Электр  тораптарының  қиыстырмасы  туралы  жалпы 



мәліметтер 

 

Жұмыс  мақсаты:  электр  тораптарының  қиыстырмасы  туралы  жалпы 

мәліметтерін оқып үйрену. 

 

2.1 Электрберіліс ауа желілерінің қиыстырмалық элементтері 

 

Электрберілістің  ауа  желілері  (АЖ)  электрэнергияны  сымдармен 



қашықтыққа  жеткізуге  арналған.  Негізгі  қиыстырмалық  элементтері  болатын 

сымдар,  найзағайдан  қорғайтын  тростар,  тіректер,  оқшаулағыштар  және 

желілік  арматура.  Сымдар  электрэнергияны  жеткізуге  арналған.  АЖ 

найзағайдың  асқын  кернеулерінен  қорғау  үшін  тіректердің  жоғары  жағында 

сымдардың үстінде найзағайдан қорғайтын тростарды монтаждайды. 

Тіректер  сымдар  мен  тростарды  жер  мен  судың  деңгейінен  белгілі 

биіктікте  ұстайды.  Оқшаулағыштар  сымды  тіректен  оқшаулауға  арналған. 



Желілік  арматура  сымды  оқшаулағыштарға  және  оқшаулағыштарды 

тіректерге бекітуге арналған.  

Бір      және  екітізбекті  АЖ  ең  көп  тараған.  Үшфазалық  АЖ  бір  тізбегі 

әртүрлі  фазалардың  сымдарынан  тұрады.   Екі  тізбек  бір  тіректе  орналасуы 

мүмкін. 

  

2.1.1  АЖ сымдары және найзағайдан қорғайтын тростар.  



 

Ауа  желілерінде  оқшауланбаған  сымдар  қолданылады.  Ең  көп 

тарағандар  алюминий,  болаталюминий  сымдары,  сонымен  қатар  алюминий 

қорытпаларынан – АН, АЖ. Найзағайдан қорғайтын тростар, әдетте, болаттан 

жасалынады. АЖ найзағайдың асқын кернеулерінен қорғаудан басқа тростар 

байланыстың жоғары жиілікті арналарын ұйымдастыру үшін пайдаланылады. 

Мұндай тростар болаталюминийден жасалынады. 

 

2.1  суретінде  АЖ  сымдарының  қиыстырмалары  берілген.  Бірсымды 



өткізгіш  бір  жұмыр  сымнан  тұрады.  Мұндай  сымдар  көпсымдыдан  арзан, 

бірақ  олардың  механикалық  беріктілігі  аз.  Бір  металдан  жасалған  көпсымды 

өткізгіштер  (2.1,  б  сурет)  бірнеше  өзара  оралған  сымдардан  тұрады.  Қима 

көбейгенде  сымдардың  саны  өседі.  Екі  металдан  тұратын  көпсымды 

өткізгіштерде  –  болаталюминий  сымдарында  (2.1,  в  сурет)    –  ішкі  сымдар 

(сымның 


өзекшесі) 

болаттан, 

ал 

сыртқысы 



алюминийден 

жасалынады.                       

Болат өзекше механикалық беріктілікті көбейтуге арналған. Алюминий 

сымның ток өткізетін бөлігі болады. 

Алюминий  бірсымды  өткізгіштер  олардың  төменгі  беріктілігіне 

байланысты жалпы шығарылмайды. Көпсымды алюминий өткізгіштері әдетте 

евые  35  кВ  дейінгі  таратушы  тораптарда  қолданылады,  ал  кернеуі  одан 



11 

 

жоғарылау  тораптарда    болаталюминий  сымдары  қолданылады.  Алюминий 



сымдарының А және АКП маркалары шығарылады.  

 

                а)                 б)                 в) 



2.1 сурет -  Ауа желілері сымдарының қиыстырмалары  

 

Болаталюминий  сымдары  кеңінен  АЖ  қолданылады.  Болат  өзекшенің 



өткізгіштігі ескерілмейді, ал электр кедергісіне  алюминий бөлігінің кедергісі 

қабылданады.  Болаталюминий  сымдарының    АС,  АСКС,  АСКП,  АСК 

маркалары шығарылады. 

Сым маркасының белгілеуіне сымның алюминий бөлігінің қимасы және 

болат өзекшенің қимасы ендіріледі, мысалы АС 120/19 немесе АСКС 150/34. 

 

2.1.2 АЖ тіректері. 

АЖ тіректері анкерліктерге және аралықтарға бөлінеді. Бұл тіректердің 

сымдарды  ілу  тәсілімен  айырмашылықтары  бар.  Аралық  тіректер 

оқшаулағыштардың  сүйемелдейтін  гирляндаларының  көмегімен  сымдарды 

ұстауға  арналған.  Анкерлік  тіректер  сымдарды  керуге  арналған.  Аралық 

тіректер  арасындағы  қашықтық  аралық  өткін  немесе  өткін  деп,  ал    анкерлік 

тіректер арасындағы қашықтық анкерлік өткін деп аталады. 

Анкерлік  тіректер  АЖ  ерекше  жауапты  нүктелерінде  сымдарды  қатаң 

бекітуге  арналған:    маңызды    инженерлік  құрылымдардың  қиылыстарында 

(мысалы,  темір  және  автомобиль  жолдарының),  АЖ  соңдарында  және  оның 

түзу  айландарының  соңдарында.  Анкерлік  тіректер  аралықтардан  едәуір 

күрделі  және  қымбат  және  сондықтан  әр  желідегі  олардың  саны  минималды 

болу керек.  

Желінің бұрылатын нүктелерінде бұрыштық тіректерді орнатады. Олар 

анкерлік немесе аралық типті болуы мүмкін. 

АЖ  типтері  келесі  арнаулы  тіректер  қолданылады:  транспозициялық  – 

тіректерде  сымдардың  орналасу  тәртібін  өзгерту  үшін;  тармақтық  –  негізгі 

желіден  тармақтар  жасау  үшін;  өтпелі  –  өзендерді,  сайларды  және  т.б.  өту 

үшін. 


Материалы  бойынша  тіректер  ағаш,  метал  және  темірбетон  тіректерге 

бөлінеді. 




12 

 

Ағаш  тіректер  110  кВ  дейінгі  АЖ  негізінде  орман  ресурстарымен  бай 



аудандарда  қолданылады.  Ағаш  тіректердің  кемшілігі  –  ағаштың  шіруге 

ықпалдылығы және соған байланысты оның қызмет мерзімінің аздығы. 

Метал  тіректері  (болат)   35  кВ  және  жоғары  АЖ  қолданылады, 

механикалық беріктілігі жоғары және қызмет мерзімі үлкен  (2.2 сурет) Бірақ 

оларға көп метал қажет және оларды уақытылы сырлап тұру керек. 

Темірбетон  тіректер  (2.3  сурет)  500  кВ  дейінгі  кернеулердің  барлық 

кластары үшін қолданылады, ағаш тіректерден ұзақ қолданылады, бөлшектер 

даттанбайды,  эксплуатацияда  қарапайым  және  сондықтан  кеңінен  тараған. 

Олардың құны төмен, бірақ массасы үлкен және бетонның беті салыстырмалы 

омырылғыш, көлденең майысуға беріктілігі аз. 

 

 

                              а)               б) 



а ) кернеуі 220 кВ; б) 330 кВ ( мөлшерлері метрмен). 

2.2 сурет – Екітізбекті желілердің аралық метал тіректері 

 

 

               а)                  б)                   в)    



а) кернеуі 35 кВ; б) 110 кВ; в) 220 кВ (мөлшерлері метрмен). 

2.3 сурет - Біртізбекті желілердің аралық темірбетон тіректері 

 



жүктеу 1,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау