Коммерциялық емес акционерлік қоғам электртехникалық материалдар және өнімдер


 Термореактивті изоляцияны даярлау технологиясы



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет30/35
Дата13.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#43363
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Электр техникалық материалдарды,

11.3 Термореактивті изоляцияны даярлау технологиясы
Қазіргі уақытта жоғары вольтты орамалардың термореактивті 
оқшауламалардың даярлау технологиясының үш негізгі әдістері белгілі.
1) Оқтаушаның маңдай жағының формасы мен геометриясы өзгермеу 
үшін эпоксидті лакпен мықтап қатырады, сонан кейін тұтқырлығы 
жоғары термореактивті лакпен сіңдірілген слюдинит таспаларымен 
оқтаушаны орайды. Оқшауланған оқтауша 30 мин ішінде, атмосфералық 
қысымда 70
0
С –да кептіріліп, вакуумда 4 сағат мерзімінде ұсталынады. Сонан 
соң 2 сағат ішінде 150 -160
0
С температура да ыстық прессформаларда 
престелінеді (қысылады). Бұл әдіс оқшаулауды қосымша лакпен сіңдірілуге 
талап етпейді. 
2) Оқтауша бірінші пунктта (п.1.) көрсетілгендей мықталады, сонан 
кейін растворительсіз, (еріткішсіз) жапсыратын мөлшері аз затпен сіңдірілген 
таспамен оралады, сонан соң оқтауша тұтқырлығы төмен термореактивті 
шайырмен вакуумның ішінде 150 – 160
0
С- да, 4 – 6 сағат ішінде сіңдіріледі. 
Бір рет қана сіңдірудің өзінде байланыстыратын шайыр оқшаулаудың түгел 
бойына сіңеді.
3) Үшінші әдісте стеклослюдиниттен жасалынған гильзаларды 
оқтаушаның паз жағына кигізеді. Гильзаны жан - жағынан қысып, сонан соң 
(п.1) көрсетілгендей ыстықтай престелінеді. 
 
12 Дәріс №12. Трансформаторлардың оқшауламалары және оларға 
қойылатын талаптар
Дәрістің мазмұны: трансформаторлардың оқшауламалары. 
Дәрістің мақсаты: трансформаторлардың оқшауламаларымен және 
оларға қойылатын талаптармен танысу. 


50 
12.1 Трансформаторлардың оқшауламалары 
 
Трансформаторлар өзі тағайындауы бойынша күштік, өлшейтін, 
сынайтын, өңдейтін, т.б. түрлерге бөлінеді. Тағайындауына қарай оларға 
қойылған талаптар да әртүрлі. Конструктивті орындауы бойынша олар май 
толтырылған, газ толтырылған, әуелі (құрғақ) түрлеріне бөлінеді. Жоғары 
вольтты күштік, сынайтын трансформаторлардың көбісіне май толтырылған. 
12.1 суретте үш фазалық күштік май толтырылған трансформаторлардың 
құрылымы көрсетілген. Осы суретте көрсетілгендей трансформаторлардың 
орамалары мен оқшаулаумалары трансформатор майына орналастырылған. 
Бұл май екі функцияны атқарады: 1) оқшауламада электр өрісінің тесіп өту 
кернеулігін үлкейтеді; 2) трансформаторлардың қыздырылған бөлшектерінен 
жылуды бөліп жіберетін шартттарды тудырады.
Бактың ішіне орналастырылған оқшаулама сыртқы әсерлерден сенімді 
қорғалынған, сондықтан осы трансформаторларды ашық ауада ұстауға 
болады. 6.2 суретте майлы трансформаторлардың оқшаулама топтасуы 
көрсетілген.Трансформаторлардың 
сыртқы 
оқшаулама 
өткерме 
оқшаулағыштармен (вводтармен) және әртүрлі фаза мен кернеудегі өткерме 
оқшаулағыштар ұшының және трансформаторлардың жерлендірілген 
бөлшектермен араларындағы ауамен қамтамасыз етіледі. Өткерме 
оқшаулағыштар ұштарының арасындағы қашықтық құрғақ кернеу (U
c
) және 
импульстік кернеу кезіндегі ауа аралығын тесіп өту болмаған жағдаймен 
анықталады. Егер де өткерме оқшаулағыш ұштарында электр өрісін 
деңгейлейтін экрандар орналаспаған болса, онда ауа аралығы үшкір – үшкір 
деген электродтармен анықталады (сол екі электродтың арақашықтығымен). 
Егер де өткерме оқшаулағыш ұштарында экран болса, онда ауа аралығының 
есептелуі электр өрісі әлсіз біркелкі емес деген шарт бойынша есептеледі. 
Ішкі өткерме оқшаулағыш ұштарының арасы май тосқауылды болып 
орындалады. Орамалардан бұрын бөлінетін оқшауламалар кабельдік қағаздар 
мен лакоткань деген заттардан жасалады. Трансформаторлардағы ауыстырып 
қосқыштар трансформацияның коэффициентін өзгертіп тұруға арналған. 
Ауыстырып қосқыштардың оқшауламалары реттеу бұрғыштарға әсер ететін 
кернеумен анықталады. 
Бас оқшаулама – берілген орамамен көршілес орамаға дейін және 
трансформаторлардың жерлендірілген бөлшектеріне дейінгі оқшаулама. 
Бойлық оқшаулама – ораманың әртүрлі бөлшектерінің өз арасындағы 
оқшаулама: орам, қабат, орауыш арасындағы. 
Бойлық оқшаулама негізгі екі элементтен тұрады: орамнан және 
катушка оқшауламаларға. Басты және бойлық оқшауламаның конструктивті 
жасалынуы ораманың түрімен, сыйымдылық қорғаныстың болуымен, 
нейтральдің 
(бейтараптың) 
режимімен 
анықталады. 
Құрылысының 
(конструктивно) жасалынуы бойынша трансформатордың орамасы ораушы
және цилиндрлік текше түрлеріне бөлінеді. 


51 
12.1 сурет - Үш фазалық үш орамалы 
110/38.5/11кВ трансформатор 
1-110 кВ көтерме; 2-35 кВ көтерме; 3- оқшаулаушы цилиндр; 4- 11кВ-
тық көтерме; 5- ауыстырып қосқыштың жетегі; 6- газ шығатын құбыр; 7- май 
кеңіткіш; 8- магнит өткізгіш; 10- 110 кВ-тік орама; 11- 110 кВ ораманың 
экрандайтын орамдары; 12- термосимфондық сүзгі; 13 - арбаша; 14- бак; 15- 
құбырлы радиатор; 16- қозғалтқыш- желдеткіш. Орауышты орамалардың 
өткірмесі ең аяғында немесе ортасында орналасады. Орауышты орамаларды 
салқындату бабы цилиндрлікке қарағанда артық, неге десең май 
орауыштыжақсы жуып-шаяды және қысқа тұйықталуға ұстамдылығы өте 
жоғары. Бірақ та бұл орамаларда цилиндрлік текше орамаларға қарағанда 
импульсті кернеу әсер еткенде потенциалдардың таралуы біркелкі емес. 
Цилиндрлік текше орамалар ауыспалы режимдерде текше бойымен кернеуді 
таратуының бірқалыптығы орауышты орамаларға қарағанда жоғарырақ, 
сондықтан бұл цилиндрлік текше орамаларды өте жоғары кернеулерде 
пайдаланған дұрыс. Осы орамалардың кемшілігі сол, тоқтың қысқа 
тұйықталуын механикалық тұрақтылығы төмен және салқындатуы нашар. 
Цилиндрлік текше орамаларды сынайтын, өлшейтін және қуаты төмен күштік 
трансформаторларда пайдаланады. Трансформатор орамаларының электрлік 
оқшауламасы май тосқауылды немесе май қағаздан жасалынады. 


52 
Май 
тосқауылды 
оқшауламаның 
тесіп 
өтетін 
кернеуі 
май 
қабатшаларымен анықталады. Майдың электрлік беріктігі қағазмай 
оқшаулаудан төмен болғандығынан, май тосқауылды оқшауламаның көлемі 
қағаз майдан үлкен болуы керек. 
12.2 сурет - Майлы трансформатордың оқшауламасының классификациясы 
Май - тосқауылды изолияцияның ішінде бос қуыстар бар, сондықтан 
орамаларды ағып тұратын маймен суыту жағдайы жеңіл. Қағаз май 
изолияцияның электрлік беріктігі май-тосқауылды изоляциядан жоғары 
болғандықтан қағаз майдың қалыңдығын төмендетуге болады. Бірақ та қағаз 
май оқшауламада май еркін жүре алмайды (циркуляция), сондықтан ораманы 
суыту қиынырақ. Кейбірде осындай оқшауламада қуыстар (канал) жасайды. 
Мұндай трансформаторларда изоляцияның мөлшерлері май каналында рұқсат 
етілген өрістің кернеулігімен белгіленеді, сонда орташа кернеулік төмендейді. 
Тосқауылдар электрокартоннан жасалынады және электр өрісінің күш 
сызықтарына перпендикулярлы орналасады. Трансфор-маторларда электр 
өрісінің конфигурациясы күрделі, сондықтан тосқауылдар әртүрлі болады. 
Негізінде үш типті тосқауылдарды қолданады: цилиндрлік (текше) тосқауыл, 
жалпақ тығырық және бұрыштық тығырық. Тосқауылдардың саны номиналды 
кернеуге байланысты. Көбінесе цилиндрлік тосқауылдарды бакелиттен 
жасайды.


53 
Газ толтырылған трансформаторларда бактың ішінде оқшаулама ретінде 
0,2-0,3 МПа қысымда істейтін электрлік беріктігі жоғары газдарды 
пайдаланады. Олар элегаз, фреон және т.б. перфторланған газдар. Осы 
газдардың 0,2-0,3 МПа қысымында электрлік беріктігі трансформаторлық 
майдың беріктігіне жақындайды. Жоғары беріктікті газдардың трансфор-
матор орамаларын айналып өткендегі жылулықты бұрып суытуы майдың 
суытқанынан екі есе кем. Егерде 0,2-0,3 МПа қысымында қайнау 
температурасы 50-80°С - да қайнайтын фреонды қолдансақ, орамдарды 
суытуға едәуір көбейту болады. Бұл жағдайда трансформатор сұйық 
фреонмен толтырылады. Орамалар 60
0
– 90
0
С-қа дейін қызғанда фреон 
қайнайды. Қайнап тұрған сұйықтарға жылулықтың өтуі жай газдың 
конфекциясына қарағанда 100-1000 есе жоғары болады. Қайнаған кезде 
сұйыққа жылулықтың өтуі 100 есеге дейін көбейеді де, трансформатор 
интенсивті суыйды. Сол кездегі пайда болатын газ трансформатордың төбе 
жағына жиналып конденсаторға қарай беттейді. Осыдан пайда болған 
конденсат трансформаторлардың багына бағытталады. Трансформатордың 
салқындауын көрсеткен сұлба фреонның газ күйіндегі жоғары электрлік 
беріктігін пайдаланады. Фреонды қолдану трансформатордың габаритін және
салмағын 
едәуір 
төмендетеді. 
Сұйық 
конденсаттың 
жылу 
беру 
коэффициентінің жоғарылығынан конденцациялық құрылысы компакті 
болады. Газ толтырылған трансформаторлар жылжитын қондырғыларда
мысалы айнымалы тоқты электровоздарда қолдалынады. Газ толтырылған 
трансформаторлардың изоляциясы май толтырылған трансформаторлардың 
түрлеріне сәйкес. 
Ауа трансформаторларының багы болмайды, оларда оқшалама ретінде 
қатты диалектриктер мен ораманың сыртындағы ауа бірге жүреді. 
Трансформатор орамасының изоляциясы қоршаған ортаның әсерінен болады, 
яғни суланып, былғануы мүмкін. Сондықтан бұл трансформаторларды жабық 
орындарда (помещение) қолданады. Осы трансформаторлардың изоляциясы 
суға, ылғалдылыққа төзімді болуы керек. Кейбір трансформаторларда эпоксид 
немесе кремний органикалық компаундтан жасалынған қатты изоляцияларды 
пайдаланады. Компаундты құйып, қатырып тастаған орамалардың 
оқшаулануы және герметизациясы (су өтпеуі) күшті болады. Осындай 
трансформаторларды жасап шығару оңай болғандықтан, бұлардың қолдануы 
35 кВ-қа дейін өлшеуіш трансформаторларда кең тараған. Эпоксид 
компаудтың негізінде күш трансформаторлары шығарылмайды. Эпоксид 
компаудтың кемістігі сол температура түскен сайын ішкі механикалық 
кернеулері ұлғаяды. Жұмыс режимінде трансформатор орамаларының бойлық 
изоляциясына кернеудің аздау мөлшері әсер етеді. Мысалы, кернеу екі 
көршілес орамдардың арасындағы потенциалдардың айырмасы жұмыстық 
болса да 30-50 В - тан аспайды. Бойлық изоляцияға әсер ететін үлкен кернеу, 
ол алғышебі тік - импульстік кернеу. Басты оқшауламаға жоғары айнымалы 
жұмыс кернеуі мен асқын кернеулер әсер етеді. Басты оқшауламада ең жоғары 


54 
импульстік кернеу жұмыс кернеуден жерлендірілген бейтараптамада 20%, ал 
оқшауламаланған бейтараптамада 80%-ға асады. 

жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау