1
eToken пайдалану кеңестері:
1. Электронды сәйкестендіргішті механикалық әсерлерден (құлаулардан, сілкілеуден,
дірілдерден және т.б.), жоғары және төмен температуралардың, агрессивті орталардың, жоғары
кернеулердің әсерінен қорғаңыз, мұның барлығы сынып қалуға әкелуі мүмкін.
2. Компьютердің портына құрылғыны қосу кезінде артық күш салмаңыз.
3. Электронды сәйкестендіргішке (әсіресе оның ағытпасына) шаң-тозаңның, кірдің, ылғалдың
және т.б. түсуіне жол бермеңіз. Ағытпаның бітелуі жағдайында оларды тазалау үшін шаралар
қабылдаңыз. Құрылғы корпусы мен ағытпасын тазалау үшін құрғақ матаны қолданыңыз.
Органикалық еріткіштерді қолдануға рұқсат берілмейді.
4. Электронды сәйкестендіргішті бөлшектемеңіз! Құрылғыға берілген кепілдіктің жойылуынан
өзге, мұндай әрекеттер корпустың сынуына, сондай-ақ баспа монтажы элементтерінің
бүлінуіне немесе сынуына және, осының салдары ретінде сәйкестендіргіштің өзінің сенімсіз
жұмысына немесе істен шығуына алып келуі мүмкін.
5. Сәйкестендіргішті тек ақаусыз қондырғыға қосуға рұқсат етіледі. USB порт шамалары USB
үшін арналған сипаттамаларға сәйкес келуі тиіс.
6. Қосымша қуат көзі үшін ұзын жалғастырғыш тетіктерді немесе USB-хабтарды қолдануға
тыйым салынады, себебі осының салдарынан сәйкестендіргіш үшін арналған кіріске сәйкес
емес кернеу берілуі мүмкін.
7. Егер құрылғыда индикатор жыпылықтаса, компьютердің портынан электронды
сәйкестендіргішті алуға тыйым салынады, себебі бұл деректермен жасалынатын жұмысты
білдіреді және жұмысты тоқтату деректерге секілді, сәйкестендіргіштің жұмыс қабілетіне теріс
ықпал етуі мүмкін.
8. Қайта жүктеу, sleep тәртібіне өту кезінде сәйкестендіргішті компьютерге қосылған күйінде
қалдыруға тыйым салынады, себебі бұл уақытта USB-портта кернеудің мүмкін ауытқулары
орын алуы және, осының салдары ретінде, құрылғының істен шығуына алып келуі мүмкін.
9.
Қолданылмаған кезде сәйкестендіргішті компьютерге қосулы күйінде қалдыру
ұсынылмайды.
10. Токенмен жұмыс жасау кезінде өзге USB-қондырғыларды қосу ұсынылмайды.
USB-құрылғылардың көп саны компьютердің
USB-порттарының қуат көзі тәртіптеріндегі
маңызды өзгерістерге және, осының салдары ретінде токендердің істен шығуына алып
келуі мүмкін
.