8. Қайталанбалы орналастырулар.
Анықтама. Егер бір таңдамада бір элемент 2, 3, …n рет қайталанса, онда оны п элементтен m элементті қайталанатын орналастырулар деп атайды. Оны былай белгілеп , мына формула бойынша есептейді:
(2)
1-мысал: 1, 2, 3, 4, 5 цифрлар арқылы цифрлары қайталанатын неше екі таңбалы, үш таңбалы, төрт таңбалы, бес таңбалы сандар құрастыруға болады.
Шешуі: а) Санның цифрлары қайталанатын болғандықтан, екі таңбалы санның бірінші, екінші цифрын да бес әдіспен алуға болады. Онда көбейту ережесі бойынша цифрлары қайталанатын екі таңбалы санды 5×5=25 әдіспен құрастыруға болады. Сондықтан (2) формуласы бойынша:
=52=25
б) Дәл осылай үш таңбалы санды
=53=5·5·5=125 әдіспен алуға болады.
в) төрт таңбалы санды =5·5·5·5=54=625 әдіспен алуға болады..
г) бес таңбалы санды = 5·5·5·5·5=55= 3125 әдіспен алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |