"Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау,
азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi туралы ережелерді” бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1998 ж. 12 қазандағы № 343 бұйрығы
(2006.16.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы желтоқсанның 21-iндегi № 2707 "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы шiлденiң 15-iндегi № 29 "Жол қозғалысы қауiпсiздiгi туралы" Заңына сәйкес бұйырамын:
1. Қосылып берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасында көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркеуден өткiзу Ережелерi /қосымшаларымен бiрге/;
2) Көлiк құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын сатып алуға берiлетiн анықтама-есепшоттың бланкiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау және жұмсау тәртiбi туралы Ережелер /қосымшаларымен бipгe/;
3) Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi туралы Ережелер /қосымшаларымен бiрге/;
4) Тiркеу құжаттары мен жүргiзушi куәлiктерiнiң бланкiлерi, көлiк құралдарының номерлiк белгiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау, жұмсау және ҚP IIM Жол полициясының тiркеу-емтихан бөлiмшелерiнде тексерiс өткiзу тәртiбi туралы Ережелер /қосымшаларымен бiрге/ бекiтiлсiн.
2. Аталмыш Ережелер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді деп белгіленсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 25.03.01 ж. № 249 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді
3. Облыстардың, Астана мен Алматының ІІБ, ҚІІБ бастықтары:
1) аталмыш Ережелерді жол полициясы мен ішкі істер органдарының басқа қызметтерінің барлық бөлімшелерінде оқып-үйренуді және Ережелерде көзделген қызмет құжаттарын жасауды қамтамасыз етсін;
2) Ережелерге сәйкес тіркеу-емтихан бөлімшелерінің жұмысына бақылау жасауды және кадрлар алмастыру принципін пайдалана отырып, бұл бөлімшелерді неғұрлым білікті мамандармен толықтыруды ұйымдастырсын;
3) облыстардың, Астана мен Алматы ІІБ, ҚІІБ ЖПД жанынан жаңа қосымша тіркеу-емтихан бөлімшелері мен пункттері құрылғанда мұны ҚР ІІМ Жол полициясы департаментімен келіскеннен кейін ғана жүзеге асырсын;
4) Бекітілген Тәртіптер талаптарының орындалуын бақылау жөніндегі дербес жауапкершілік Астана қаласының ІІБ, Алматы қаласының ІІББ, облыстардағы ІІББ-ІІБ Жол полициясы басқармаларының бастықтарына жүктелсін.
5) Ережелердің мазмұнын жүргізуші кадрлар даярлайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың, оқу мекемелерінің және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып түсіндіру арқылы жұртшылықтың назарына жеткізсін.
4. Жол полициясының департаменті 1998 жылдың екінші жартыжылдығында мың данамен жеке кітапша шығаруды қамтамасыз етсін.
5. ҚР ІІМ-нің 1996 жылғы маусымның 24-індегі № 217 бұйрығының күші жойылды деп есептелсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жол полициясы Департаментіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі Ішкі істер
әскерлерінің қолбасшысы
генерал-лейтенант
Көлiк құралдарын басқару құқығын алудың,
емтихан қабылдаудың және азаматтарға жүргiзуші куәлiгiн
берудiң тәртiбi туралы
Ережелер
1. Жалпы ережелер
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшiн, сондай-ақ республика территориясында жүрген немесе тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдар үшiн бiрегей әрi міндеттi болып табылады, сондай-ақ емтихан қабылдаудың, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн бepyдің және жүргiзушiлердi көлiк құралдарын басқаруға жiберудiң тәртiбiн белгiлейдi*
Ескерту. * Көлiк құралдарының анықтауы 1997 жылғы 25 қарашада енгiзiлген Жол қозғалысы ережелерiнде келтiрiлген.
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктері беріледі.
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Халықаралық жүргізуші куәліктері ұлттық жүргізуші куәліктерінің негізінде беріледі және ұлттық жүргізуші куәліктерінің қолданылу мерзімі ішінде жарамды.
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Барлық көлiк құралдары олардың типiне, қажеттiгiне және оларды басқару ерекшелiгiне орай "А", "В", "С", "Д", "E", трамвай, троллейбус категорияларына бөлiнедi, оларды басқаруға тиiстi графаларына рұқсат ету белгiсi соғылған бiрегей жүргiзушi куәлiгi берiледi*.
Ескерту. * Бұдан әрi - "...категориялы куәлiк".
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. "А", "В", "С", "Д", "E" графаларында рұқсат ету белгiсi бар жүргiзушi куәлігiне ие адамдар мыналарды басқара алады:
"А" - мотоциклдарды, мотороллерлердi және басқадай мотокөлiк құралдарын;
"В" - толық салмағы 3500 кг* аспайтын және жүргiзушiнің орнынан басқа отыратын орындар саны сегiзден аспайтын автомобильдердi;
Ескерту.* Салмақтың анықтауы Жол қозғалысы ережелерiнде келтiрiлген.
"С" - толық салмағы 3500 кг асатын жүк автомобильдерiн;
"Д" - жолаушылар тасымалдауға арналған және жүргiзушiнің орнынан басқа сегiз орындықтан артық орны бар автомобильдердi;
"Е"-"В"-"С" немесе "Д" категориялы көлiк құралдарына жататын және жүргiзушi оларды басқаруға құқы бар тiркемелi көлiк құралдарын.
Трамвайдың жүргiзушiсiне тек қана трамвайды, троллейбустың жүргiзушiсiне тек қана троллейбусты жүргiзуге рұқсат етiледi.
Ескерту: Жолаушылар тасымалдауға арналған автомобильдерге жататындар:
- барлық кластағы автобустар және адамдар (вахталық бригадалар) тасу үшiн қайта жабдықталған және жасаушы завод жағдайында сериялық тәртiппен жасалған тиiстi сиымдылықтағы автофургондар, сондай-ақ сегiз адамнан артық таситын жүк автомобильдерi жатады;
- "В", "С" немесе "Д" категориялы көлiк құралдарының жүргiзушiлерiне оларды толық салмағы 750 кг аспайтын тiркеме болғанда да басқару құқы берiледi. "С", "Д" категориялы көлiк құралдарын толық салмағы 750 кг асатын тiркемесi болғанда, сондай-ақ ұзартылған автобустарды, троллейбустарды жүргiзгенде жүргiзушi куәлiгiнде "E" категориясына рұқсат етiлген белгi болуы қажет.
4. Емтихан қабылдауды, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн берудi және "А", "В", С", "Д", "E" категориялы көлiк құралдарын, сондай-ақ трамвай, троллейбусты басқаруға жiберудi Қазақстан Республикасы IIM Жол полициясының тiркеу-емтихан бөлiмшелерi icке acырады*
Ескертпе. *Бұдан әрi - ЖП бөлiмшелерi.
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) меншік нысанына қарамастан бірыңғай үлгі бағдарламалардың негізінде көлік құралдарының жүргізушілерін даярлауды және қайта даярлауды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
6. Жүргiзушiнiң даярлаудан және қайта даярлаудан өткенiн растайтын құжат ҚР Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi бекiткен "Көлiк құралдары жүргiзушiлерiн даярлайтын курсты бiтiргенi туралы куәлiк" болып табылады (11-қосымша).
2. Көлiк құралдарын басқару құқын алудың тәртiбi
7. "А", "В", "С", "Д", "E" категориялы көлiк құралдарын, трамвай, троллейбусты басқаруға құқық алғысы келген адам оқу ұйымдарында даярлықтың толық курсын өтуге, ал оқу басталғанға дейiн ҚP Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi белгiлеген тәртiп бойынша медициналық тексерiстен өтуге мiндеттi (1-қосымша).
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. "А" және "В" санатындағы көлік құралдарын жүргізу құқығы куәлігін алу үшін тиісті бағдарламалардың көлемінде азаматтардың өз бетінше дайындалуына рұқсат етіледі.
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 8-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
8. алынып тасталды
9. ЖП бөлiмшелерi көлiк құралдарын басқаруға құқық алу үшiн емтихан тапсыруға, көлiк құралын басқару құқының куәлiгiн беруге тұрғылықты жерi бойынша тiркелген азаматтарды, сондай-ақ келген жерiндегi iшкi iстер органдарында тиiстi тәртiппен тiркелген шетелдiк азаматтарды жiбередi.
Барлық әскер түрлерiнiң әскери қызметшiлерi емтиханға әскери бөлiмшенiң тұрған жерiнде жiберiледi.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 10-тармақ өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
10. "А", "В", "С", "Д" категорияларына жататын көлiк құралдарын басқару құқының жүргiзушi куәлiгi, сондай-ақ трамвайды немесе троллейбусты басқару құқығының жүргізуші куәлігі ЖП бөлімшелерінде теориялық емтихан тапсырған адамдарға беріледі.
Теориялық емтихан тапсырғанда Жол қозғалысы ережелерi мен жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатысты және оқу бағдарламасында көзделген басқа пәндерден бiлiмi тексерiледi. Көлік құралдарын жүргізу дағдылары бойынша практикалық емтихан ЖП қызметкерлерінің қатысуымен оқу аяқталғаннан кейін оқу ұйымдарында өткізіледі.
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Көлiк құралын басқару құқы мыналарға берiлуi мүмкiн:
- он алты жасқа толғандарға - мотоцикл, мотороллер және басқадай мотокөлiк құралдарын жүргiзуге ("А" категориясы);
- он сегiз жасқа толғандарға - рұқсат етiлген салмағы 3500 кг аспайтын және отыратын орны жүргiзушiнi қоспағанда сегiзден аспайтын автомобильдердi ("В" категориясы), cондай-ақ рұқсат етiлген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын автомобильдердi ("С" категориясы) жүргiзуге;
- жиырма жасқа толғандарға - жолаушы тасымалдауға арналған және отыратын орны жүргiзушiден басқа сегiзден артық автомобильдердi ("Д" категориясы), трамвайды және троллейбусты жүргiзуге;
- "В"-"С" немесе "D" санаттарының көлiк құралдарын басқару құқы бар адамдарға тиiстi категориядағы көлiк құралын кемiнде 12 ай жүргiзген стажы болғанда тiркемелi көлiк құралдарын жүргiзуге ("Е" категориясы).
12. "С" немесе "Д" категориялы жүргiзушi куәлiгi бар әйелдер көтерiмдiлiгi мен жолаушылар сиымдылығы Қазақстан Республикасының күшiндегi заңдарында белгiленген нормалардан аспайтын жүк автомобилiн немесе автобусты басқаруға жiберiледi.
13. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен алынып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 14-тармақ өзгерді
14. "D" санатының көлік құралдарын жүргізу құқығы белгіленген бағдарламалар бойынша даярлықтан өткен, теориялық емтихан тапсырған адамдарға беріледі.
15. ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен алынып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
16. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
17. ҚР Ішкі істер министрінің 25.03.01 ж. № 249 бұйрығымен алып тасталды
3. Емтихан қабылдау және жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 18-тармақ өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
18. Көлiк құралдарының барлық категорияларын басқару құқына теориялық емтиханды ЖП бөлiмшелерiнің емтихан комиссиясы қабылдайды.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 19-тармақ өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
19. Теориялық емтихан қабылдайтын комиссияның құрамында кемiнде үш адам болуы керек. Оның құрамын тiркеу-емтихан бөлiмшесiнiң бастығы тағайындап, оған: * ЖП бөлiмшесiнiң қызметкерi (комиссия төрағасы);
* жүргiзушiлердi даярлаумен айналысатын оқу орнының, автокөлiк
кәсiпорнының, әскери комиссариаттың және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi (комиссия мүшелерi) кiредi.
Теориялық емтихан комиссиясының құрамына сыналатын топты даярлауды жүргiзген оқытушылар мен өндiрiстiк шеберлердi енгiзуге тыйым салынады.
20. Емтихан комиссиясының мүшелерi Жол қозғалысы ережелерiн, емтихан қабылдаудың әдiстемесiн бiлуi керек және оның:
- автомобиль мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнаулы бiлiмi;
- олар емтихан алатын категория бойынша жүргiзушi куәлiгi;
- осы лауазымы бойынша жұмыс стажы, сондай-ақ үш жылдан кем емес жүргiзушiлiк стажы болуы керек.
21. Оқу орнында оқығандардан емтихан жағдайға байланысты сол жерде, сондай-ақ емтихан комиссиясы орналасқан жерiнде бұдан бұрын өткен айдың 25-iнен кешiкпей берiлген тапсырысқа сәйкес қабылданады.
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
22. Көлік құралдарын жүргізу құқығына жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізуші болуға үміткер жол полициясының бөлімшесіне:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) курстарды бітіргені туралы куәлікті және оның көшірмесін (жеке тәртіпте даярлықтан өткен адамдарды қоспағанда);
4) медициналық анықтама;
5) жүргізуші карточкасын (№ 2 қосымша);
6) жүргізуші куәлігін беру үшін мемлекеттік бажды төлегендігін растайтын құжатты ұсынады.
23. Жүргiзушi куәлiгiн алуға емтихан тапсырар алдында жүргiзушi карточкасы толтырылып (2-қосымша), ол паспортпен немесе оның орнына жүретiн құжатпен бiрге емтихан комиссиясына ұсынылады.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 24-тармақ өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
24. Теориялық және практикалық емтиханды алудың әдiстемелерi 12, 13-қосымшаларда баяндалған.
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 (бұр. ред. қара); 2005.19.05. № 294 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 25-тармақ өзгертілді
25. Оқу орнында көлiк құралын басқару құқына даярлықтан өткендер үшiн емтихан екiншi рет кем дегенде 7 тәулiктен соң, ал 7-1-тармақта көрсетiлген адамдар үшiн - 10 тәулiктен кейiн өткiзiледi.
Ескерту: Басқа жерге немесе әскери қызметке, оқуға, ұзақ iссапарға (3 айдан артық) кететiндер үшiн бұл тиiстi құжатпен расталғанда ерекшелiк ретiнде екiншi емтихан 5 тәулiктен кейiн алынуы мүмкiн.
Басқадай жағдайларда емтихан мерзiмi реттелмейдi, бiрақ ол бiр тәулiктен кем болмауы керек.
Теориялық емтиханда алынған баға үш айға дейiн күшiн сақтайды. Осы уақыт өткеннен кейiн жүргiзушiге кандидатқа қайтадан теориялық емтихан белгіленедi.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 26-тармақ өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
26. Жол қозғалысы ережелерi бойынша емтихан карточкалары хаттамамен бекiтiлiп (4-қосымша), оған емтихан қабылдауға қатысқан комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қою керек.
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 (бұр. ред. қара); 2005.19.05. № 294 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 27-тармақ өзгертілді
27. Теориялық емтиханды тапсырған адамдарға хаттама негiзiнде жүргiзушi куәлiгi берiлiп, оның мәлiметтерi өсу тәртібінде реестрге (3-қосымша) және жүргiзушi карточкасына енгізіледі.
28. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
29. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
30. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
31. Жүргiзушi куәлiгi он жылға берiледi (бұл туралы "... дейiн жарамды" немесе "Ерекше белгiлер үшiн" графаларында тиiстi жазу жазылады), сол мерзiм бiткенде осы Ережелердегi тәртiп бойынша айырбастауға жатады.
Ескерту: Медициналық қайта тексеруден өту мерзiмiне шектеуi бар жүргiзушiлер шетелге шыққанда куәлiгiне басқа мерзiм қойылады.
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 32-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
32. Трамвай, троллейбус, мотоколяска жүргiзуге құқық беретiн куәлiк алғанда, оның "Ерекше белгiлер үшiн" графасына көлік құралының тиісті санаты көрсетіле отырып, жазба жазылады. Осы графаға басқадай шектеулер мен нұсқаулар қойылуы мүмкiн.
33. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
34. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
35. Басқа категориялы көлiк құралын басқаруға рұқсат алғанда жаңа куәлiк берiлiп, оған бұрынғысындағы қажет белгiлер көшiрiп жазылады.
ҚР Ішкі істер министрінің 28.10.01 ж. № 762; 24.03.04 ж. № 184 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 36-тармақ өзгертілді
36. Жүргізуші куәлігі оның иесіне есеп реестріне қол қойып, паспортын не оның орнына жүретін құжатын сондай-ақ жүргізуші куәлігін әзірлеу үшін ақы төлеуді растайтын құжатты көрсеткенде беріледі.
37. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
38. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
39. Бас бостандығынан айрылған, бiрақ сот көлiк құралын жүргiзу құқынан айырмаған жүргiзушi куәлiктерi еңбекпен түзеу мекемесi әкiмшілігiнің сұрауы бойынша жазасын өтеп жатқан жердегi ЖП бөлiмшесiне күшiне енген үкiмнің не сот қаулысының негiзiнде қайтарылуы мүмкiн.
4. Жүргiзушi куәлiктерiн ауыстыру және жоғалғандарының
орнына бepy сондай-ақ оларды шетел азаматтарына
ауыстыру мен берудiң тәртiбi
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 40-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
40. Жүргiзушi куәлiгi өтiнiш (5-қосымша), тиiстi категорияны жүргiзуге жарамдылығы жөнiнде қол қойылған анықтама, жүргiзушi карточкасы немесе жүргiзушi куәлiгiн берген ІІБ ЖП-ның растауы болған жағдайда ауыстырылады.
41. ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
42. Жаңа куәлiк берiлгенде оның "Ерекше белгiлер үшiн" графасына бұрынғы куәлiктiң сериясы, номерi және берiлген күнi жазылады.
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 бұйрығымен 43-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
43. "Дубликат" белгiсi бар жаңа жүргiзушi куәлiгi бұрынғысы жоғалған жағдайда тұратын жері бойынша немесе уақытша тұратын жері бойынша есепте тұрған азаматтарға өтiнiштiң, жүргiзушi карточкасының, медициналық анықтаманың, ал қажет болғанда - оқу ұйымын бiтiргенi туралы куәлiгiн ұсынғанда немесе бұрынғы куәлiктi берген ІІБ ЖП-ның растауы негiзiнде берiледi.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.26.04. № 249 бұйрығымен (ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі) 44-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
44. Жүргізуші куәлігі жоғалған жағдайда оны қалпына келтіру кезеңінде Ереженің 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бір айға дейінгі мерзімге уақытша жүргізуші куәлігі беріледі. Қажет болған жағдайда (сұрау салулар жіберу және оларға жауап алу, куәлікті жоғалтуға байланысты жекелеген мән-жайларды анықтау) уақытша жүргізуші куәлігі 30 тәулікке дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкін.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.26.04. № 249 бұйрығымен (ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі) 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
45. Уақытша жүргізуші куәліктері жүргізуші куәліктері берілгеннен кейін материалдарға қосылады.
46. Халықаралық жүргiзушi куәлiктерi Қазақстан Республикасы ауқымында жарамды. 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы Конвенция талаптарына сәйкес берiлген ұлттық жүргiзушi куәлiктерi олардың аудармасы болған жағдайда Қазақстан Республикасы аумағында жарамды.
ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 24.03.04 ж. № 184 (бұр. ред. қара); 2005.19.05. № 294 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 47-тармақ өзгертілді
47. Жол қозғалысы туралы Конвенцияның талаптарына сай келмейтiн ұлттық жүргiзушi куәлiктерi ҚР аумағында, егер халықаралық келiсiмдер қосымша түсiнiк бермесе, мiндеттi түрде ауыстырылуы керек.
Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқтардың куәлiктерiн айырбастау Жол полициясының бөлiмшелерiнде куәлiктің түпнұсқасы мен оның мемлекеттiк тілде расталған аудармасы, iшкi iстер органдарында тiркелген паспорты негiзiнде медициналық тексерiстен өткеннен кейiн және ЖП-да теориялық емтиханды тапсырған соң берiледi. Бұл кезде ұлттық жүргiзушi куәлiгiнде рұқсат етiлген категориядағы куәлiктер берiледi. Мұндайда ұлттық жүргiзушi куәлiгiндегi көлiк құралдарының категорияларын басқаруға рұқсат етiлген және Жалпы ережелердiң 3 тармағындағы талаптарға сай келетiн (елге кiру құжаттары күшiн сақтайтын мерзiмдегi) жүргiзушi куәлiгi берiледi. Ұлттық жүргiзушi куәлiгi ЖП бөлiмшелерiнде сақталып, оның иесi өз елiне қайтарда өтiнiшi бойынша және бұрын берiлген Қазақстан Республикасының жүргiзушi куәлiгiн тапсырғанда қайтарылып берiледi.
48. Қазақстан Республикасындағы шетелдiк дипломатиялық, консулдық және басқа да өкілдiктердің қызметкерлерiнің жүргiзуші куәлiктерiн айырбастау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Сыртқы және Iшкi iстер министрлiктерi белгiлейдi.
49. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқтардың ұлттық жүргiзушi куәлiгi болмағанда, Қазақстан Республикасының жүргiзушi куәлiгi олардың болу мерзiмi 6 айдан асатын болса, жалпы негiзде берiледi.
50. Шетелдердегi Қазақстан Республикасының азаматтары сол елдердегi Жол қозғалысы Конвенциясының талаптарына сай жүргiзушi куәлiгi, сондай-ақ халықаралық жүргiзушi куәлiгi болса, оларды медициналық тексерiстен өткен соң және ЖП бөлiмшелерiне көрсетiлген жүргiзушi куәлiктерiн (расталған аудармасы бар) ұсынғанда, Қазақстан Республикасының тиiстi жүргiзушi куәлiгiне айырбастай алады.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 51-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
51. Шетелде Жол қозғалысы Конвенциясының талаптарына сай келмейтiн сол елдiң ұлттық жүргiзушi куәлiгiн алған Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының тиiстi жүргiзушi куәлiгi медициналық тексерiстен өткеннен кейiн, расталған аудармасы бар ұлттық жүргiзушi куәлiктерiн ЖП бөлiмшесiне ұсынғаннан кейiн, сондай-ақ теориялық емтиханды тапсырғаннан кейiн берiледi.
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.19.05. № 294 бұйрығымен 52-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
52. Қазақша немесе орысша бiлмейтiн шетел азаматтары теориялық емтихан тапсыруға маман аудармашылар арқылы қатысып, олар туралы мәлiметтер комиссияның хаттамасына енгiзiледi. Мұндайда әдетте теориялық емтихан ауызша тапсырылады да, оның уақытына шек қойылмайды.
ҚР Ішкі істер министрінің 28.10.01 ж. № 762 бұйрығымен 52-1-тармақпен толықтырылды (01.01.02 ж. күшіне енеді.)
52-1. Жүргізуші куәліктерін ауыстыру және жоғалғандардың орнына жаңа жүргізуші куәліктерін беру, сондай-ақ шетел азаматтарына оларды ауыстырып беру және беру тек қана жүргізуші куәлігін әзірлеу үшін ақы төлеуді растайтын құжатты ұсынғаннан кейін жүргізіледі.
5. Көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн даярлайтын және қайта
Достарыңызбен бөлісу: |