§3.6 Сананың бұзылуларына тән белгілер
1.Науқастың уақытқа, әсерге, жағдайға деген әрекетінің жоғалуы.
2.Қоршаған болмысты анық нақты сезінудің, түйсіктеудің болмауы.
3.Ойлауға байланысты бағыттылығының әр түрлі бұзылуы.
4.Болып жатқан жағдайларға, олардың әсерінен есте сақтаудың қиындығы.
Сананың бұзылуының терендігін сапасы бойынша ажыратамыз.
Сананың тереңдігі бойынша бұзылулар
1.Обнубиляция - сананың өте жеңіл түрде бұзылуы. Қоршаған болмысты дұрыс жобалағанмен, сана бірнеше секундқа немесе минутқа тұманданады. Қоршаған ортаға деген жоба жоғалмайды, обнубиляциядан кейін амнезия байқалмайды.
2. Сомноленция - ұйқылы-ояу жағдай, бірнеше сағатқа немесе бірнеше күнге созылады. Қоршаған орта болмыс жобасы сақталған, амнезия байқалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |