Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы


Қазақстанда психологиялық



жүктеу 0,53 Mb.
бет9/203
Дата07.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#30874
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   203
Psikhologia negizderi-1

Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы туралы айтқанда, ең алдымен оның тарихының өте ертеде жатқандығы туралы еске ала кеткен жөн.

Қазақ психология тарихын зерттеумен көптен айналысып жүрген көрнекті психолог-ғалым Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезеңі-кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы- бүл кезең психология ғылымының ілкі бастауы (ХҮ-ХХ ғ) болса, екінші кезеңі марксистік кеңестік психология деп аталады (1920-1990), үшінші кезең - егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі (1991-2006).

Алғашқы психологиялық ой-пікір қазақ топырағында дүниеге келген шығыстың ұлы ойшылы Әбу-Насыр әл-Фараби (870-950) ғылыми еңбектері мен философиялық тракттарынан бастау алады. Әл-Фараби ілкі ортағасырлық білім-ғылымының барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырады. Сондай ғылым салаларының бірі – психология. Ол психология ғылымының әр түрлі мәселелеріне «Ақыл ой туралы», «Темперамент туралы», «Түс көру туралы», «Жанның мәні туралы» «Ақыл-ой және ұғым» «Жасөспірімнің ақыл ойы туралы кітап», «Ересектердің ақыл ойы туралы кутап» және т.б. еңбектерін арнады.

Қазақ топырағында дүниеге келген, ортағасырлық Жүсіп Баласағұнидің «Құдадғу білік» еңбегі көне түркі тілінде жазылган дастан, ол психологиялық ой-толғаныстарға өте бай. Отбасы тәрбиесі- бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастырудағы негіздерінің негізі. Ж.Баласағұнидің айтуынша, үлгілі тәрбиенің негізі- білім, әдет-дағдыларға машықтандыру. Бұл еңбегінде адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, сөз өнері, адамның әртүрлі жаман-жақсы қасиеттері туралы кең көлемде әңгімеледі.

Моральдік-психологиялық сипаттағы ой-пікірлерортағасырлық ғүлама-ойшылдар Махмұд Қашқари, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Яссауи, Саиф Сараи, Мұхаммет Хайдар Дулати, Қ.Жалаири еңбектерінде жан-жақты баяндалады. Сонымен қатар қазақтың ақын-жыраулары Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз жырау, Доспанбет жырау, Жиембет Жырау, Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы еңбектерінде адамгершілік-ұлтжандылық қасиеттерді насихаттайтын психологиялық ойлар басым келеді.

Тәлімдік түрғыдан ақын-жыраулардың еңбектерінде қолбасының біртуар тұлғасы, батыл, ержүрек, батыр адамдардың психологиясы, ішкі жан дүниесі суреттеледі. Махамбет Өтемісүлы өзінің ұлттық насихаттық мазмүнға толы өлеңдерінде дауылпаз ақын жастардың тәні мен жаны бірдей шынығуына, олардың күшті ерік-жігері мен қайсар мінез-құлқын тәрбиелеу ісіне зор маңыз берді.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағартушылық қозғалыстың туын биік ұстаған ағартушы-демократтар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың рухани мұрасының психологиялық ой-пікірдің даму тарихында алатын орны өз алдына бір төбе.

Қазақ ағартушыларының психологиялық көзқарасын қазақ психологтарының ішінен бірінші болып зерделеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, психолог-ғалым, академик Төлеген Тәжібаев (1910-1964) болды. Ол Қазақстанда психология ғылымы саласында тұңғыш рет 1939 жылы Ленинград қаласында «К.Д.Ушинский- Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

Академик Т.Тажибаевтан кейін бұл бағытта ғылыми –зерттеу жұмысын ілгері дамытқан, Қазақстанда психологиялық және педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен даму тарихын зерделеген, «Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы және дамуы», «Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы» және т.б. монографиялық енбектердің авторы, көрнекті психолог-ғалым, педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессорҚ.Б.Жарықбаевтың алатын орны ерекше.Ол қазақ психологиясының тарихын зерделеуде сонау орта ғасырлық ғұлама ойшылдар - Әбу Насыр әл-Фарабиден, Жүсіп Баласағұнидан, Махмұт Қашқари, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Иассауи, Мұхаммет Дулати, Қадырғали Жалаири еңбектерінен бастау алады. Қ.Б.Жарықбаев XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ағартушылары Шоқанның, Абайдың, Ыбырайдың, Шәкәрімнің, М.Көпеевтің, Ғұмар Қараштың,Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың,Х.Досмұхамедовтың,Н.Құлжанованың,Ж.Аймауытовтың,М.Жұмабаевтың, С.Торайғыровтың психологиялықкөзқарастарына жан-жақты талдау жасады.

Қазақстанда психология ғылымының дамуы басқа қоғамдық ғылымдар сияқты кеңестік дәуірде жан-жақта дами бастады. Оның кең кұлаш жайып дамуына белгілі алғышарттар жасалынды. Атап айтқанда, сонау орта ғасырдан бастау алатын, қазақ топырағында дүниеге келген ғұлама-ойшылдар Әл-Фараби,Ж.Баласағұнидің және т.б. психологиялық мұраларында, төңкеріске дейінгі кезеңдегі қазақ ағартушылары Абай, Шоқан, Ыбырай, Шәкәрімнің психологиялық ілімдерінде, XX ғасырдың бас кезіндегі М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектерінде негізі қаланды. Сонымен, кенестік дәуірде қазақ психология ғылымы бос орынға келген жоқ, оган дейін Республикада кеңестік психологияның дамуына белгілі алғышарттар жасалып, ғылыми негіз қаланған болатын.

Қазақ топырағында алғаш рет 1922 жылы «Педагогика» атты (Ташкент, Орынбор) М.Жұмабаевтың оқулығының жарық көруі омірде оте сирек кездесетін құбылыс ретінде бағалауға болады. Бірақ оқулықтың аты «Педагогика» деп аталғанмен, оның бүкіл мазмұны психология ғылымының мәселеріне арналган. 15 тарау 106 беттен тұратын «Педагогика» оқулығының төрт-ақ тарауы, 13 беті ғана педагогика мәселелеріне арналған да, 11 тарауы түгелге дерлік психологиялық құбылыстарға, оның ішінде таным үрдістеріне, оны жіктеу, ақыл-коріністері, ес, зейін сияқты психологиялық үрдістерге арналады. Бұл еңбекте қазақ терминологиясының мәселелері де назардан тыс қалмаған.

Кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған, жеке адамға табынудың, заңсыздықтың құрбаны болған, біртуар қазақ зиялыларының бірі-Ж.Аймауытов қазақ топырағында тұңғыш рет «Психология» (Қызылорда- Ташкент) оқулығын 1926 жылы жазды.

Психология және педагогика ғылымдары саласында психолог және педагог ғалым ретінде Василий Яковлевич Струминскийдің (1880-1967) Республикада психология ғылымын дамытуда сіңірген еңбегі ерекше. 1923 жылы В.Я.Струминскийдің Орынбор қаласынды «Психология» оқулығы орыс тілінде жарық көрді. Еңбегінде диалектикалық материализм тұрғысынан ғылыми психологияның негізгі мәселелерін бір жүйелі баяндау тәжірибесіне тоқталады. Кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбектің мәні орасан зор болды.

1935 жылдан бастап, әмірінің соңғы кезіне дейін психология ғылымының корнекті қайраткері, профессор Александр Петрович Нечаев (1970-1948) Семей қаласында тұрды. Психология ғылымы саласында 50 жылдан астам уақыт жемісті еңбек еткен, есімі әлемге белгілі психолог-ғалым.

30-жылдары педагогикалық интитуттарға арналған психология бағдарламасы профессорлар С.Л.Рубинштейн мен К.Н.Корниловтың жетекшілігімен жасалды. Республика жоғары оқу орындарында профессор С.Л.Рубинштейннің «Жалпы психология негіздері» оқулығы мен профессор К.Н.Корниловтың «Психология» оқулығы қолданылған болатын.

Еліміздің белгілі психолог-ғалымы, бірнеше ғылыми еңбектердің авторы, Саратов университеті медицина кафедрасының меңгерушісі Иосиф Лазаревич Стычинский 1946 жылы Алматыға келіп, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында психология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды, соңғы жылдары оның профессоры болып жұмыс істеді.

Қазақ психология ғылымының қалыптасуында өзіндік орны бар көрнекті психологтарымыздың қатарына Сәлкен Балаубаевты жатқызуға болады. Оның еңбектері қазақ психологиясы тарихында елеулі орын алады. С.Балаубаев біраз жыл қуғын-сүргінге ұшырады. 1937-1938 ж.ж. заңсыздық пен жеке адамға табынудың салдарынан көп жылдар үзілістен соң Қарағандыда ұзақ жылдар студенттерге психологиядан дәріс оқыды, ғылыми жұмыспен айналысты. 1966 жылы Абдолла Темірбековпен бірлесіп, университеттер мен педагогикалық институттарға арналған «Психология» (Алматы, 1966 ж) оқулығын жазды.

Қазақстанда психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан психолог ғалымдардың ішінен Абдолла Тәжібековты, Елеш Суфиевті, Мажит Мұқановты атауға болады. Республикада психологиядан бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғала бастады.




жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   203




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау