жүйке жолдарын құрайды:
А. вегетативтік жүйке жүйесі В. көпір және мишык С. сопақша ми және мишық
D. перифериялык жүйке жүйесі Е. жұлын және ми
Қортынды білім деңгейін тексеретін тесттің кілті
№
|
Кілті
|
№
|
Кілті
|
1
|
В
|
24
|
А
|
2
|
Е
|
25
|
Е
|
3
|
А
|
26
|
С
|
4
|
D
|
27
|
B
|
5
|
Е
|
28
|
C
|
6
|
С
|
29
|
B
|
7
|
В
|
30
|
C
|
8
|
D
|
31
|
D
|
9
|
B
|
32
|
C
|
10
|
C
|
33
|
B
|
11
|
D
|
34
|
А
|
12
|
C
|
35
|
А
|
13
|
C
|
36
|
Е
|
14
|
C
|
37
|
С
|
15
|
D
|
38
|
А
|
16
|
C
|
39
|
А
|
17
|
C
|
40
|
С
|
18
|
D
|
41
|
А
|
19
|
C
|
42
|
D
|
20
|
B
|
43
|
С
|
21
|
D
|
44
|
Е
|
22
|
C
|
45
|
D
|
23
|
D
|
46
|
A
|
ІІ тарау. Танымдық психикалық үрдістер
§2.1Түйсіктер (сезіну) анықтамасы, оныңқалыптасумеханизмдеріжәнетүйсіктіңтүрлері.
§2.2 Қабылдаудын негізгі сипаттамасы, уақытты қабылдаумеханизмдері (биологиялық
ритмдері).
§2.3 Елестету және қиялдау.
§2.4 Жадының анықтамасы, жіктелуі мен ерекшеліктері және үмыту.
§2.5 Ойлаудың анықтамасы мен ерекшеліктері және ойлау операциялары.
§2.6 Танымдық психикалық процестердің бұзылуы.
§2.1 Түйсіктер (сезіну) анықтамасы, оның қалыптасу механизмдері және түйсіктің түрлері
Бізді қоршаған және әсер ететін заттар мен құбылыстар әртүрлі қасиеттерге ие болады. Бұл қасиеттер сезім мүшелері - көру, есту, дәм және т.б арқылы біздің санамызда бейнеленеді.
Түйсіктер дегеніміз дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету арқылы пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің миымызда бейнеленуі.
Біз қызыл, көк, тәтті, ащы, ауыр, жеңіл, жылы, салқын және т.б түйсінеміз. Мысалы: бір шоқ гүлді түйсінетін болсақ, оның түсі (қызыл, сары), хош иісі, дәмі, көлемі және т.б жекелегенқасиеттерін түйсінеміз.
Түйсіктер - бұл алғашкы психикалық таным үрдісінің бірі, олар көп жағдайда затты қабылдаудың құрамына кіреді. Түйсіктердің пайда болуы үшін төмендегі жағдайларқажет:
Қандай да болсын сезім оргаңдарына әсер ететін зат немесе құбылыс қажет. Демек, заттың немесе құбылыстың сезім органдарына әсері негізінен сезімдік жүйкенін аяқталған тармақтарының тітіркендіргіштерінде анғарылады, осы зат, құбылыс тітіркендіргіш деп аталады.
Түйсінуші құрал қажет. Бұл құрал 3 бөліктен тұрады:
а. Сезім мүшелерінен (рецептордан), оңда сезгіштік жүйкенің соған сәйкес перифериялық тармақтары орналасқан. Сезім мүшелері дегенді басқаша түйсік мүшелері деп атаған дүрыс болареді.Сезім оргаңдары деп ауызекі сөйлеу тілінде айтылғанымен, түйсік мүшелері деп айтқан дүрыс болады. Сезім – бұл өз аддына дербес психикалық үрдіс.
б. Өткізгіш жолдан, демек сезгіштік жүйкенің сол бөліктерінің, ол арқылы қозу перифериялық аяқталған жүйкеден ми орталығына жеткізу.
в. Бас ми қыртысындағы сәйкесті ортадан (жасушылар жүйесі), онда жүйкелік қозу психикалық құбылысқа - түйсінуге өтеді.
Жоғарыда көрсетілген үш бөлік қабылдау аппаратын құрайдыды, оны И.П.Павлов анализатор деп атады. Егер де анализатордың көрсетілген бөліктерінің қандай да болмасын бірі бұзылса, түйсіктер жұмыс істемейді.
Түйсіктер - бұл бізді қоршаған дүниені танудың алғашқы түрі. Ол заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейді. Субъективтік идеализм теориясы сыртқы дүниені объективтік бейнелеудің мүмкіншіліктері туралы материалистік түсініктерге толықтай қарама-қарсы болып табылады. Адам өзін қоршаған ортаны танып біледі. Сезім мүшелері адамға қоршаған жағдайларды бағдарлауға мүмкіндік береді, өзінің әрекетін соған бейімдейді. Егер адам барлық сезім мүшелерінен айырылған жағдайда, ол өзінің айналасында не болып жатқандығы туралы ешқандай да мәліметтер ала алмас еді. Көру, есту, иіс, дәм сезу сезімдерінің бағынатын зандарын білу әртүрлі мамандық иелеріне қажет. Көру қабылдауын алғашқы зерттеушілердің бірі Италияның ұлы суретшісі Леонардо да Винчидің болуыкездейсоқ емес. Сонымен қатар орыстың ұлы ғалымы, әрі ақын, суретші М.ВЛомоносов түстерді көру заңдылығын зерттегеніңбілеміз. Сезім мүшелері жұмысының бағынатын заңдылықтарынбілу дәрігерге қажет, сезім мүшелерінің бұзылуы неде екеніңанықтайды және оның бірқалыпты қызметін қалпына келтіреді,соқырлар үшін оқу машинасын және саңыраулар үшін жасандықүлақ жасайтын инженерлерге қажет.
Түйсіктердің түрлері
Түйсіктер әртүрлі болады. Түйсіктердің барлық түрі мүшелеріне сәйкес бөлінеді, олардың көмегімен түйсіктерді көру, есту, иіс, дәм сезу, тері, бұлшық ет, қозғалыс және органикалық түрлерге бөлеміз.
Түйсіктердің мүшелері қайда орналасқанына және қайдантітіркеңдіргішті алуына байланысты үш топқа бөлінеді: экстерорецепторлар, проприорецепторлар және интерорецепторлар.
Экстерорецепторлар ағзаның сыртқы бөліктеріңде орналасқан -оған жататындар: көру, есту, иіс, дәм,
сипай сезу (тері) мүшелері жатады.Бұл көп жағдайда сыртқы сезімдердің мүшелері деп атайды. Олардыңкөмегімен біздің ағзадан тыс жатқанзаттар мен құбылыстардың қасиеттерібейнеленеді. Түйсіктербұлмүшелерге сәйкес (көру, есту және т.б.) экстерорецепторлар деп аталады.
Проприорецепторлар бұлшықеттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл мүшелердің
көмегімен біз әртүрлі қозғалыстардыжәне біздің ағзамызды, оныңжекелеген мүшелерін түйсінеміз.
Осы түйсіктерпроприорецепторлар деп аталады. Бұл түйсіктер - бұлшық ет, қозғалыс (кинестетикалық) және тепе-теңдік (статикалық).
Интерорецепторлар дененің ішкі мүшелерінде ішек-қарында, өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың
көмегімен ас қорыту, тыныс алу, қанайналымы және т.б ішкі мүшелерде тітіркендіргіштердіңәсеріменалынатын түйсіктер және т.б айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.
Көру түйсіктері. Көру түйсіктеріне түсті және жарықты білдіретін түйсіктер жатады. Біздің түйсінетін түстеріміз хроматикалық және ахроматикалық деп екіге бөлінеді.
Хроматикалық түстерге кемпірқосақтың түстері жатады: қызыл, сары, жасыл, көк, қара көк, күлгін.
Ахроматикалық түстерге ақ, қара және олардың арасында орналасқан қоңыр түстер жатады.
Көру түйсігінің мүшесі көз болып табылады. Ол негізінен көз алмасынан және одан шығатын көру жүйкесінен түрады. Көз алмасы үш түрлі қабаттан тұрады: сыртқы, тамырлы, торлы.
Есту түйсіктері
Есту түйсіктері - бұл дыбыстарды түйсіну. Дыбыстар екі түрге бөлінеді: музыкалық дыбыстар (әннің әуендері, музыкалық аспаптардың дыбыстары) және шулы дыбыстар (сылдырла ысқырық, тарсылдау, түрсілдеу, үрғылау және т.б). Ес түйсіктерінің мүшесі құлақ болып табылады.
Иіс түйсіктері
Иіс мүшелеріне ауыз қуысының жоғары бөлігінде орналасқан иіс жасушалары жатады. Иіс анализаторы үшін тітіркендіргіштерболып табылатын иіс шығатын заттардың бөлшектері ауызқуысына ауамен бірге енеді. Иіс заттары мен сезгіштік жүйкенің қозуы бас миға беріледі, біз әртүрлі иістерді түйсінеміз. Иіс пен дәм айыру түйсіктері адамның дүниетану үрдісінде де, жалпыпсихикалық әрекетінде де онша елеулі орын алмайды. Алжануарлардың, әсіресе дамудың төмен сатысында тұрғанағзалардың тіршілігінде ерекше орын алады. Бұл түйсінулерді соқыр, саңырау, сақау адамдардың тіршілігінде маңызы ерекше. Белгілі ғалым, сокыр, әрі саңырау О.И.Скороходованың айтуынша, ол иіс түйсінуін көзі көретіндер көзді қалай пайдаланса, мен солай пайдаланамын деген екен. О.Скороходоваиіс түйсігі бойынша белгілі жерлерді анықтайды және таныс адамдарды танып біледі.
Дәм түйсінулері
Дәм түйсінулеріне тәттіні, қышқылды, ащыны, тұздын түйсіну жатады. Дәм түйсінулері иіс түйсінулері сияқты белгілі дәмге тән заттар мен құбылыстарбойынша аталады. Мәселен, біз сүттің, еттің, майдың, нанның т.б.дәмі туралы айта аламыз.
Дәм түйсіктерінің мүшесіне тілдің жоғары жағы мен таңдайдыңжұмсақ бөлігі жатады. Тілдің сілекей белігінде ерекше дәморталықтары орналасқан. Ерекшеліктері бойынша әртүрлі дәмтүйсіктері тілдің жоғары жағына әртүрлі орналасқан. Тілдің негізгі немесе артқы бөлігі ащы дәмге ерекше сезімтал, тілдің: ұшы тәттіге сезімтал, ал шеттері қышқылға. Тілдің ортаңғы бөлігідэм түйсіктеріне сезімтал емес.
Тері түйсіктері
Тері түйсіктеріне түйсіктердің екі тобы жатады: сипай сезу және температуралық. Бұл түйсіктердің тері түйсіктері деп аталуының себебі: осы түйсіктердің аяқталған жүйке аппараттары (рецепторлар) теріде және біздің ағзамыздың сілекей қабықтарында орналасқан.
Сипай сезу түйсіктері - бұл түйсіктер сипай сезу немесе тактилдік түйсіктер, сонымен қатар тегістік және бұдырлық түйсіктер. Тері сезгіштігінің барлық түрлері контактылық сезгіштікке жатады. Тері сезгіштік адамның бүкіл денесіне бірдей бөлінбеген. Тері рецепторларының ерекше көп жинақталуы -алақанда, саусақтардың ұштарында және еріндерде. Сипай сезуде қол және қолдың саусақтары ерекше үлкен рөл атқарады. Адамныңқолы мен оның саусақтары қоршаған дүниені тануда сипай сезудің арнаулы мүшесі қызметін атқарады. Мәселен: көзі көрмейтін, құлағы естімейтін белгілі ғалым О. Скороходова қоршаған дүниені сипай сезу мүшесі арқылы, яғни қолдың саусақтары немесе алақаны арқылы қызыл және жасыл жарықты түстерді ажырата білгендігін айта кеткен жөн. Оның көру, есту мүшелері істемегенмен, сипай сезу түйсінулерінің күшті дамығандығын мысалға келтіруге болады.
Температуралық түйсіктерге жылылық пен салқындық түйсіктерін жатқызуға болады.
Булшық ет, қозғалыс түйсіктері
Бұлшық ет, қозғалыс түйсіктері немесе кинестетикалық түйсінулер. Осы топтағы түйсінулерге қысым (ауырлық) түйсінулері, қарсы тұру түйсінулері (қатты, жұмсақ) және жекелеген мүшелердің қозғалысының түйсінулері жатады. Бұл түйсінулердің мүшелеріңе біздің барлық бұлшық еттеріміз, сіңірлер мен буындар жатады. Бұлшық еттерде, сіңірлер мен буындардың үстіңгі жақтарында ерекше сезгіштік жүйке шрмақтарының ұштары орналасқан, қимыл кезінде осы түйсіктер іске асады.
Статикалықтүйсіктер
Статикалық түйсіктер дегеніміз кеңістіктегі біздің денеміздің жағдайы және оның тепе-теңдігін сақтауды айтады. Кеңістіктегі денені түйсінудің және оның тепе-теңдігін сақтаудың рецепторы құлақтың ішкі бөлігінде орналасқан жарты дөңгелек арналар болып табылады, онда ерекше сұйық зат - эндолимфа болады. Эндолимфада тармақталған сезгіштік жүйке орналасқан, ол кеңістіктегі біздің денеміздің қозғалысы мен жағдайын реттеп отырады. Бұл жүйкенің қозуы біздің денеміздің әртүрлі қозғалыстарында эндолимфаның тербелістерінен пайда болады. Дененің тепе-теңдігін сактауда ерекше рөл атқаратын отолиттер.Бұл ұсак әктерден тұратын кристалдар (тастар), оларэндолимфада қалкып жүреді.
Органикалық түйсіктер
Органикалық түйсіктерге аштықты, шөлдеуді, тоюды денсаулықты, ауру жағдайды, сергектікті, шаршауды түйсінулержатады. Бұл түйсіктердің рецепторлары ішкі мүшелердің қабырғасында орналасқан: өңеште, карында, ішекте, қантамырларында, өкпеде, және т.б. Органикалық түйсінулер көпжағдайда эмоциялық толығумен ерекшеленеді. Мысалы: аурудытүйсіну немесе аштыкты түйсіну ерекше қолайсыз жағдайдағыкөңіл күйде болады, ал денсаулықты немесе тоюды түйсінуде өтежағымды жағдай ретіндегі көңіл-күйді бастан кешіреміз.
Адаптация деп түйсік мүшелерінің сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге бейімделуін айтады.
Тітіркендіргіштің әрекетінің өзгеруімен сезгіштік те озгереді. Күшті тітіркендіргіштерде сезгіштік артады, ал әлсіз тітіркендіргіштерде сезгіштік азаяды. Сондықтан да адаптация жағымды және жағымсыз болып бөлінеді. Күшті адаптация сипай сезу түйсіктерінде немесе әлсіз қысымда байқалады. Біз көп жағдайда киімнің ауырлығы мен қысымын сезбейміз, көзілдіріктің қысымын түсінбейміз. Кейде көзде тұрған көзілдірікті іздеп әуре боламыз. Адаптация көру,температуралық, иіс және сипай сезу түйсіктерінде күшті болады,ал есту және ауыру түйсіктерінде әлсіз байқалады.
Түйсінулердің қарқындылығы тек тітіркендіргіштің күшіне ғана байланысты емес, рецептор адаптациясының деңгейіне, сонымен қатар қазіргі кезде басқа да сезім мүшелеріне әсер ететін тітіркендіргіштерге байланысты. Басқа сезім мүшелері тітіркендіргіштерінің әсерімен анализатордың сезгіштігініңөзгеруін түйсінулердің өзара әрекеті деп атайды.
Сенсибилизация деп анализаторлық және жаттығулардыңөзара әрекет ету нәтижесінде сезгіштердің (лат. «еn»іbі1і» - қазақша сезімтал мағынасында қолданылады) артуын айтады.
Сенсибилизация- тітіркендіргіш әрекетінің ықпалымен жүйкеорталықтары сезгіштігінің артуын көрсететін психикалық қүбылыс.
Синестезия (гректің сөзі - «уnаі» tһе «і», қазақшасы - қосарласқан түйсік). Кейбір адамдардың түйсінулеріндесинестезия деп аталатын құбылыс байқалады. Бұл екі түйсіктің біртұтастүйсікке бірігуі. Синестезияның ерекше жиі кездесетін түрлерінің бірі «түсті есту» деп аталатын түрі, онда дыбысты түйсіну - шу, тон, музыкалық аккорд - көру бейнесін шақырады, жарықты немесе түсті елестету.
§2.2 Қабылдаудың негізгі сипаттамасы, уақытты қабылдау механизмдері (биологиялық ритмдері)
Қабылдау дегеніміз - дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың тұтас қасиеттерінің адам санасындағы бейнесі. Мысалы, үйді, қаланы, ағашты, музыканы, суретті қабылдаймыз. Қабылдаудың құрамына әруақытта да түйсіктер кіреді, біз түсі, иісі, түрі, температурасы және т.б. қасиеттері бар белгілі заттарды қабылдаймыз. Біз сонымен қатар заттар мен құбылыстарды кеңістік пен уақытта кабылдаймыз. Қабылдаудың физиологиялық негізі біздің сезім мүшелерімізге әсер ететін жекелеген заттар мен құбылыстарды ғана емес, тұтас, жиынтық, кешенді қасиеттерді шақыратын бас ми қыртысының анализтік-синтездік қызметі болып табылады. Қабылдау түйсіктер сияқты, осы негізгі мүшелері бойынша көру, есту, дәм және т.б. түйсіктерге жіктеледі. Біздің өмірімізде негізгі рөлді атқаратын көру және есту қабылдаулары. Сонымен қатар аралас қабылдаулар болып бөлінеді. Олардың бірдей мәні бар, біреу емес, екі немесе үш сезім мүшелері жұмыс істейді. Аралас қабылдауға мысал ретінде дыбысты кинокартинаны, теледидардынемесе операны көру-есту қабылдауын айтуға болады. Әрбір қабылдаудың құрамына түйсіктермен бірге бұрынғы тәжірибе мен қалыптасқан білім кіреді. Сонымен, қабылдау үрдісіне ес қызметі де қатысты. Қабылдаудың құрамына ойлау мен сөйлеудің қызметі кіреді. Кез-келген қабылдау пікір арқылы іске асады. Мысалы: «бұл адам», «бұл кітап», «бұл үй» және т.б. Адамның қабылдауы- заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне әсер еткен жай бейнесі ғана емес, сонымен қатар бар тәжірибенің негізінде ой елегінен өткен, талқыланған бейнесі болып табылады.
Қабылдауда эмоциялық көңіл-күй ерекше орын алады. Оған ең алдымен сол түйсіктердің сезімдік ырғақтары қабылдауды құрамына кіреді. Оған қабылданатын зат туралы бұрынғы көңіл күйлері және ойларымен байланысты сезімдер жатады. Сондықтан да біз «көңілді» немесе «көңілсіз» пейзаж, «қайгылы шөл дала», «қуанышты», «күлімсіреуді» және т.б. қабылдаймыз. Сезімдер қабылдаудың белсенділігін арттырады. Қабылдау үрдісінде зейін ерекше рөл атқарады, ол қабылдауды белсенділігін арттырады, оның мынадай сапаларын (толықтық дәлдік және анықтылық) дамытады. Зейін сияқты қабылдау даерікті және еріксіз болып бөлінеді.
Еріксіз қабылдау деп алдымызға алдын ала мақсат қоймай, нысанды алдын ала таңдамай іске асатын қабылдауларды айтады.
Ерікті қабылдау деп алдын ала мақсат қойылып, қабылдау нысаны таңдалып іске асатын қабылдауларды айтады.
Белгілі бір саладағы заттарды ерікті түрде жүйелі және ұзақ қабылдауды бақылау деп атайды. Мысалы, біз біраз уақыттың ішінде алма ағаштарының гүлдеуі қалай іске асатындығын бақылайтын болсақ, баланың тілінің дамуын бірнеше жыл бойы бақылауға болады. Адамның бір жүйелі, ұзақ жоспарлы қабылдауларға қабілеттілігін бақылағыштық деп атайды.
Апперцепция - қабылдаудың жеке тұлғаның ерекшеліктеріне,оның өткен тәжірибесіне, мамандығына, қызығуына тәуелділігі. Апперцепция - адам психикасының дүниені қабылдау үрдісі сыртқы әсер етуіне, басынан кешкен тәжірибесіне, біліміне мақсат-мүддесіне, әдет-ғұрпына байланысты болатын адам психикасындағы маңызды қасиеттердің бірі. Бұл адамның сыртқы қабылдау кезіндегі психикалық күйіне де байланысты. Адам қабылдауының құрамына енгізілетін психиканыңмазмұның апперцепция деп атайды.
Қабылдау қоршаған ортаның заттары туралы абсолюттік түрде дүрыс тусінік бере бермейді. Кейде заттарды біз теріс, өзгерген түрінде қабылдаймыз. Осындай теріс, өзгерген түрде қабылдауды иллюзиядеп атайды.
Иллюзиядан галлюцинацияны айыра білуіміз қажет. Иллюзия қабылданатын затты теріс қабылдау, ал галлюцинациялар - бұл жалған қабылдаулар. Галлюцинация - жоқты бардай қабылдау, жалғанқабылдау.
Кеңістік пен уақыт - материя дамуының негізгі түрлері, заттар мен құбылыстар кеңістіктен орын алады да уақытқа байланысты өзгереді. Біз кеңістікті қабылдау туралы айтқанымызда, заттардың кеңістіктегі түрлерін қабылдау туралы, олардың кеңістіктегі көлемін қабылдау және кеңістіктегі қатынастарды қабылдау жөнінде айтқымыз келеді.
Монокулярлық қабылдау (бір көзбен қарау) төмендегіше іске асады. Заттың көз сәулелеріне әсер етуі, бұл заттың бейнеленуі, хрусталик арқылы сынады және көздің торында фотоаппарат сияқты кері бейнелеу пайда болады. Кеңістікті монокулярлық кабылдау толық еместігімен, дәл еместігімен ерекшеленеді.
Көп жағдайда біз заттар мен құбылыстарды екі көздің көмегімен қабылдаймыз. Оны бинокулярлық қабылдау деп атайды. Кеңістіктің тереңдігін ондағы заттардың жағдайын қабылдауда бинокулярлық қабылдаудың маңызы ерекше. Тек екі көзбен көру арқылы ғана тереңдікті дұрыс қабылдауға болады. Көбінесе адамдар бағдарды - беталысты күнге, жұлдызға, айға, ағаштың жапырақтарына, желдің соғуына тағы да сол сияқты заттарға қарай ажырата алады. Кәсібі кеңістікпен байланысты адамдар (малшы, керуенші, жүргізуші т.б.) кеңістікті күндіз де, түнде де, не боранды күнде де дұрыс қабылдай алады. Жақын жерді қараған кезде хрусталик шар тәріздес, ал алыс қашықтыққа қарағанда ол тегіс болады. Осындай көздің өте жақсы көруге бейімделуі аккомодация деп аталады. Көздің аккомодациясы үш өлшемді- қашықтықты, тереңдікті, жер жағдайын қабылдағанда ерекше мәні зор. Екі көздің көмегімен кеңістіктегі қатынастар толық және дәл қабылданады. Мысалы, бинокулярлық үшінші өлшем өте дәл қабылданады. Үшінші өлшемде (қашыктык, тереңдік) бинокулярлық қабылдауда (екі көзбен) көздің конвергенциясының үлкен мәні бар.
Конвергенция - бақыланатын объектінің бейнесі екі көзге бірдей мейлінше жақсы көрінетін алаңға келетіндей етіп көздердің қиысуы.
Елестету және қиялдау
Достарыңызбен бөлісу: |