Елестердің негізгі ерекшеліктері:
-елестер қабылдаудағыдай көрнекі келеді, бірақ мұндағы бейне күңгірттеу;
-елеске түскен бейнеде заттың бөлшектері мен жеке бітістерін ажыратып болмайды;
-елесте әрдайым жалпыланған бейне (тау елесі, мысалы: ол Алатау не Памир емес, жер бетіндегі барша
тауларға тән белгі - биік шоғыр) сақталады;
-бір зат жөніндегі әр адамның елесі жеке-дара болып келеді. Бұл адамдардың тұлғалық сапа-қасиеттерінің
өзіндік ерекшелігінен болады;
-елес көрнекі-бейнелі бола тұрып, біз үшін қандай да жалпыланған танымдық, білім қызметін
атқаруы мүмкін;
-түйсік және қабылдау үдерістеріне қарағанда елес сатысы анағұрлым жоғары деңгейлі келеді;
-елес ойлау жүйесінің құрамды бөлігі, ой азығы - есте сақталғанды елес күйіне келтіріп алғаннан соң ғана, біз оны жан - жақты талдауға салып, нақтылай бастаймыз.
Тұлға өміріндегі елестің маңызды болуының жарқын дәлелі - бұл адамдардың шығармашылық өнері. Шығармашылық әрекеттің қай түрі болмасын өз бастауын осы елестен алады. Құлақтан қалып, есту түйсігінен айрылған әйгілі Бетховен ән-күй өрнек елестерін өзінің мәуелі шығармашылығының сүйеніші еткен.
Біздің санамызда тек қана бұрын біз қабылданған нысандар туралы елестетулер болуымен қатар, біз қабылдамаған нысандар туралы елестетулер пайда болады. Мысалы, біз солтүстік полюсте болмасақ та ол туралы елестете аламыз, біздің еліміздің өткен тарихының оқиғалары туралы елестетулер болады, болашақта да болжай білуге мүмкіншіліктеріміз бар. Бұл елестетулер қабылданған заттар туралы елестетулердің негізінде
тәжирибе мен білім негізінде киял арқылы жасалады. Бұл елестетулердің ес елестетулерінен ерекшелігі қиял елестетулері деп аталады. Адамның іс-әрекеті жан-жақты. Ол өзінің еңбегімен табиғатты өзгертеді, табиғатта жоқ заттарды жасайды. Өзендердің бағытын өзгертеді, су-электрстанцияларын салады, күрделі құбылыстарды іске асырады, күрделі машиналар ментұрмыстық заттарды, сонымен қатар жаңа технологияны
өндіріске ендіреді, яғни өмір үшін қажеттінің барлыгы іске асырылады. Егер де іс-әрекетінің нәтижесін анық елестете білмесе, адам осының барлығын істей алмаған болар еді. Сонымен, қиял деп елестетулердің негізінде бұрын-соңды қабылданылмаған заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасауын айтамыз. Қиялдың жинақтаушылық іс-әрекетінің қарапайым түрі агглютинация болып табылады. Агглютинаңия деп бірнеше заттардың жекелеген элементтері немесе бөлімдерінің біртұтас бейнеге ұласуы мен бірігуін айтады. Мысалы, халық түсінігінде су перісінің бейнесі әйел мен балықтан және көк балдырлардан жасалуы. Қиял үрдістеріндеестің елестетулерін өңдеу іске асып қана қоймайды, соныменқатар адамның ой-түйіні іске асады, кейбір міндеттер шешіледі.Сондықтан да қиял үрдістерінде ойлау мен сөйлеудің бірлігі үлкен рөл атқарады.
Қиял өзіндік дәрежесіне және оның нәтижесінің ерекшелігінеқарай екі түрге бөлінеді: қайта жасау қиялы және шығармашылық қиял.
Достарыңызбен бөлісу: |