Көбекова Ж. С. Психология негіздері Оқу қуралы



жүктеу 0,53 Mb.
бет160/203
Дата07.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#30874
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   203
Psikhologia negizderi-1

Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің Ү-УІІІ сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің бала дамуындағы ерекше орны оның "етпелі", "бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басыдамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқым әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктердіигеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуғабағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамныңжеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып,қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді.

Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескерге отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет.

Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптанутудырады. Олар үйде, мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Бұл жастағы бала намысқой болып келеді, үлкендердің бақылауын, әкімшілік шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік осындайдан да туады. Үлкендерге байланып олардың мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында түсініспеушілік туғызады. Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардың істерімен масаттанады. Әдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым-қатынасының мәнін, сезімдерін ашып, өз сенімдерінің дұрыстығына жауап іздеуге үйретеді. Саз әуені - адам сезімінің әміршісі, толқу үстіндегі адамға түсінікті, сондықтан сазға баса көңіл бөлу жеткіншектің тәрбиесіне көмектеседі.

Осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көрінебастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендеген байқауға болады: а) ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу;ә) мектептегі қиындық пен сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы - достарымен байланыс орнату.

Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық жағдайы, білім деңгейі жеткіншектің өмірдегі жолын айқындайды. Ата-ананың саналы, мақсатты тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл атқарады. Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы-қүрдастар тобы - барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы, ең маңызды қоғамдық фактор.


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   203




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау