Мінез акцентуациясы
Адамдардың мінездері олардың темпераменті сияқты типтерге бөлінеді, бірақ мінездердің жіктелуінің темперамент типтерінен елеулі айырмашылығы бар. Егер де темперамент қасиеттерінің айқын бірігіп келуі темпераменттің типтері деп аталса, айқын байқалатын мінез бітістері акцентуациялар деп аталады. Бұл ұғым «акцент» - қазақшалағанда бөліп көрсету, атап көрсету мағынасында қолданылады. Бірақ тәжірибеде «акцентуация» ұғымы адамда бір емес, бірнеше әртүрлі бітістердің байқалуын білдіреді.
Мінездік бітіс асқынуы (акцентуация) психологияда -мінездің кейбір бітістерінің қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының «әлсіз жерлері» формасында көрініс беруі. Мұндай да адам жалпы тұрақты қасиеттерге ие бола тұра, кейбір әсерлерге өте шәмшіл, шыдамсыз келеді. Асқынба мінез адамы қиын жағдайларда төзімділіктен айрылып, мінез-құлығының ақаулығын жасыра алмайды. Тұлғалық мінез асқынуына тап болған адам қоршаған орта әсерлеріне берілгіш, психикалық күйзеліске көп түседі. Егер жағымсыз әсерлер мінездің «әлсіз жерлеріне» соққы болып тиетіндей жағдай болса, адам қылығы күрт өзгереді, мінездің шектен тыс дамыған бітістері адам билігіне ырық бермей, басқа ұнамды қасиеттердің бәрін жоққа шығарады. Кейбір адамдардың жәй әзіл немесе сын көтермеуі, екіншілердің - орынды, орынсыз тіке, шыншыл болуы - осы мінез бітісі асқынуының айқын мысалы. Мінездің мұндай ұнамсыз жәйттары жасоспірім шақта қарқынды дамып, уақыт өтумен қалыпты күйге түсуі мүмкін, ал адамды қоршаған ұнамсыз жағдайлар басымдау болса, психикалық сырқаттарға тап қылады.
Халық даналығында мінез бітістері туралы небір тамаша ойлар мен тұжырымдамалар айтылған: «Баланы туады екенсіз, мінезін тумайды екенсіз», «Сүтпен кірген мінез, сүйекпен кетеді» (Бұл да бір жақты мақал, табиғи тұрғыдан дұрыс болғанмен, мінездің жағымды жақтарын тәрбиелеуге, қалыптастыруға болады), «Жақсы мінез - жарты ырыс» дейтін халқымыз жұғымдылықтың пайдалы екенін көрсетеді. Талай мінезді асқындырып алып, әлі тыя алмай жүретініміз бар. «Тұрпайы мінез - тағы жат, надандықтың белгісі» деп ұлан атанып қалғандарға құлаққағыс жасау қандай орынды. Әдептілік пен сыпайыгершілікке, биязы мінезге шақырудың бір әдісі мінез өзгерісіне ауысқан жеткіншектің қытығына тимей, жанама ақылайтқан жөн.
Психопатия
Кісі мен мінез құлықтың бұзылуы (немесе «Кемел шақта тұлғамен мінез-құлықтың бұзылуы» - психопатия) психикаауруларға жатпайды. Клиникалық ерекшеліктеріне байланысты
психопатиялар бірнеше топқа бөлінеді.
Қозу типі. Алғашқы белгілері 2-4 жаста білінеді, басқаша айтқанда бірінші жастық дағдарыс кезінде. Бұл мерзімде бала өз құрдастарына қарағанда өте қозғалғыш, қозғыш, кейдеызаланып айналадағыларды ұрады, тырнайды және тістейді. Оларқатты қиқарланып, айтқанын істемесе наразылық ретінде еденге жатып, оған басын соғып, қатты жылайды. Олар балаларұжымында сиыспай, бірден төбелесе бастайды. Мектеп бірінші сыныбында мұндай реакциялар сиректейді. Бірақ мінез-құлқы қиын болады. Ер балаларда қыздарға қарағанда жиі болады, олар жиі тобелесіп, сабақта тәртіп бұзады.
Қозу психопатияның алғашқы белгілері бар жасөспірімдердің ішімдікке, есірткілерді, улы заттарды қабылдауының алдын алу керек. Қозу белгілері бар жасөспірімдер мен бозбалалардың ішімдік пен есірткі қабылдауы олардың мінезінде психопатия белгілерін күшейтеді.
Ішімдікке, улы заттар мен есірткі пайдалану психопатиясы бар кісілерді тәртіпті бұзатын бұзық адамдармен сыбайластырады. Мұндай кісілер бұзықтардың жүріс-тұрысы мен сөйлегенсездеріне еліктеп, денелеріне неше түрлі әшекей суреттер салады.
Психопатияның осы тобына қояншықпен ауырған адамда болатын кейбір ерекшеліктері ұқсас эпилептоидты тип жатады. Осындай балалар бірінші күннен бастап қабағы ашылмауға, бәрінде жаратпауға, қозғыштыққа және керілікке бейім болады. Психопатияның қозу тобына кейбір авторлар гипертиімдік типті жатқызады. Гипертиімдердің басты белгісі үнемі кетеріңкі көңіл-күй, денсаулығы жақсы, сергек, тәбеті мен ұйқысы жақсы,әрекет жасауға талпынғыш, көп сойлегіш, көңілді, жылдамқозғалғыш. Оларға жеңілтектік, тәртіпсіздік, тентектік тән, бастаған істі аяғына жеткізбейді. Гипертиімдік жеке адамда қозушы, истериялық және тұрақсыз типтермен үйлеседі.
Тұрақсыз тип.Тұрақсыз психопатия типінің белгілері 11-12 жастағыларда білінеді, мұның белгісі жас балалардың қалыпты психикасы ретінде білінетін эмоционалды тұрақсыз жігер. Тұрақсыз пихопатиялы адамдардың жоғарғы жігерлі қызметі жетілмегеңдіктен өзінің сол минуттағы тілегі мен әуестігін тежей алмайды. Егер қалыпты жағдайда әрекетгің себебі белгілі бір мақсатпен, міңдетпен, қарызбен байланысты болса, ал олардың негізгі мақсаты тек рахаттану. Олар бастаған жұмысын аяқтамай, акыл-ой қалыпты не жоғары болуына қарамай істері жеміссіз болады. Эмоциялары тұрақсыз болғаңдықтан жылдам достасып, жылдам ажырасады. Олар келешегін ойламайтын қамқорсыз және бейқам болады.
¥йымдасқан еңбек пен бақылау жағдайыңда ұнамды тәрбиенің арқасыңда мінездің патологиялық ерекшеліктері түзелуі мүмкін. Эмоционалдық- жігерлік тұрақсыздық жасқа байланысты бәсендеуі мүмкін. Адамның кемеліне келуі, тынышталуы мен әлеуметтік бейімделуі 35-40 жаста болады.
Достарыңызбен бөлісу: |