30. Бір атқанда мергеннің ондыққа тигізетіндігінң ықтималдығы 0,6-ға тең. Тигізу ықтималдығы 0,8-ден кем болмаса, ол ең болмағанда бір рет ондыққа тигізу үшін неше рет атуға тиіс. ( Жауабы: )
31. Үш электр лампочкалары тоққа тізбектей жалғастырылған. Егер тізбектегі тоқтың қуаты тиісті қалыптан артып кетсе, кезкелген лампочканың жанып кету ықтималдығы 0,6-ға тең. Тоқтың қуаты тым жоғары болса, тізбекте тоқ болмайтындығының ықтималдығын тап. (Жауабы: р=0,936 )
32. Тәуелсіз екі рет әрекет жасағанда А оқиғасының ең болмағанда бір рет орындалатындығының ықтималдығы 0,75-ке тең. Екі реткі әрекет кезінде де оқиғаның орындалу ықтималдығы бірдей деп есептеп, оқиғаның бір әрекет кезінде орындалатындығының ықтималдығын тап. (Жауабы: 0,5 )
33. А спорт ұйымының А1, А2, А3 үш командасы В спорт ұйымының В1, В2, В3 үш командасымен сайысқа түседі. А ұйымының командалары В ұйымының командаларынан ұтатындығының ықтималдықтары мынандай: А1 командасы В1 командасын ұтатындығы – 0,8; А2 – В2-ні ұтатындығы – 0,4; А3 – В3-ті ұтатындығы – 0,4. Жеңіс үшін, үш сайыста екіден кем емес ұту керек. (тең ойын есепке алынбайды) Қай ұйымның ұтуы ықтималдырақ ? ( Жауабы: А ұйымы, р=0,544 ; )
34. Бір рет атқанда тигізу ықтималдығы, бірінші атқыш үшін 0,8 , ал екінші үшін 0,6-ға тең болса, тек бір ғана атқыштың тигізетіндігінің ықтималдығын тап. ( Жауабы: 0,44 )
35. Асықтың боялғандығы тексерілуде. Оның боялмағандығының ықтималдығы 0,1-ге тең болса: а) тексерілген үш асықтың тек біреуі ғана боялмаған, б) қатарынан тексерілгендегі төртіншісі ғана боялмаған, болатындығының ықтималдығын тап. ( Жауабы: а) 0,243 б) 0,0729 )
36. Екі мерген бір-бірден оқ атты. Бірінші мергеннің тигізу ықтималдығы 0,7-ге тең, ал екіншінікі 0,6-ға тең болса, ең болмағанда біреуінің нысанаға дәл тиетіндігінің ықтималдығын тап. ( Жауабы: 0,88 )
37. Сауытта №1 шебер жасаған 16 және №2 шебер жасаған 4 жүзік бар. Кездейсоқ екі жүзікті алдық . Солардың ең болмағанда біреуін №1 шебер жасағандығының ықтималдығын тап. (Жауабы: )
38. Топта 4 желаяқ, 6 палуан және 20 гимнаст бар. Бұлардың спорттық норманы орындау ықтималдықтары мынадай: желаяқ – 0,75; палуан – 0,8 және гимнаст үшін – 0,9. Кездейсоқ таңдап алынған спортшының норманы орындайтындығының ықтималдығын тап. (Жауабы: 0,86 )
Достарыңызбен бөлісу: |