Кездейсоқ шаманың математикалық үміті, сол шаманың жалпы алғанда негізгі бір сипаттамасы екендігін көрдік. Енді өзіне-өзі келіп, кездейсоқ шаманың мәні есебінде математикалық үмітті қабылдағанда жіберетін қатені бағалау мәселесі шығады. Физикада математикалық үміттің аналогиясы – дененің ауырлық центрінің координаталары, ал ауырлық центрден ауытқу мәселелері инерция моменттері арқылы шешіледі. Кездейсоқ шаманың мәндері оның математикалық үмітінен ауытқитындығы түсінікті. Міне осы ауытқуды бағалау үшін дисперсия ұғымы енгізіледі. кездейсоқ шамасының дисперсиясын таңбасымен белгілейік.
Достарыңызбен бөлісу: |