Кітаптан есімде қалғаны ақша бала сияқты, оны қорғап, аялау керек. Ең дұры- сы ақшаның банкте сақталғаны. Өйткені ол жерде ақша өседі



жүктеу 37,25 Mb.
Pdf просмотр
бет2/13
Дата21.11.2018
өлшемі37,25 Mb.
#23015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

7

Кіріспе


Арманыңның орындалуы...

Сәлем! 


Қолыңда  ұстап  тұрған  кітап  саған  ақшаға  байланысты  көптеген 

мәселелердің басын ашуға көмектеседі. Біз саған ақшаның қандай түрлері болаты-

нын, олар қалай пайда болғанын және де не үшін керек екендігін түсіндіріп береміз. 

Нәтижесінде,  сен  ақшаны  дұрыс  басқарудың  қаншалықты  маңызды  екендігін 

білетін боласың. Ал кітаптың кейіпкерлері саған осының бәрін түсінуге көмектеседі. 

Сонымен – Оспановтар әулеті: Руслан, Диана, олардың әкесі мен анасы.

Сәлем, мен Русланмын. Менің жа-

сым 12-де. Мен Алматыда тұрамын. 

Мен математикалық мектептің 5-сы-

ныбында оқимын. Мен достарымды 

жақсы көремін, ал жазда саяжайда 

тұрғанды ұнатамын!

Менің  ең  үлкен  арманым  –  мопед. 

Жазда  достарыммен  бірге  айдап 

жүрсем ғой, шіркін!

Менің  атым  Диана,  мен  сегіздемін. 

Мен  де  Алматыда  тұрамын.  Мен 

екінші  сыныпта  оқимын.  Сонымен 

қатар, мен би мектебі мен сурет салу 

үйірмесіне қатысамын. Менің көптеген 

құрбыларым бар!

Мен  Винкс  қуыршақтарының  бүкіл 

топтамасын  жинасам  деймін! 

Сыйлыққа PlayStation ойын құралын 

алғым келеді! Бұған қоса, мен биге 

арналған жаңа қызғылт көйлек тура-

лы армандап жүрмін!

Танысайық!  Біз  –  Оспановтар  әулетіміз!  Біз  Алматыда  тұрамыз.  Біздің 

әрқайсымыздың өз арманымыз бар. Сондықтан, біз өз табысымызды басқаруды 

үйреніп, қойған мақсатымызға қалай жетуді білеміз.




8

Ал сенің 

арманың не?

Анамыз Əсел мектепте мұғалім бо-

лып жұмыс істейді. Оның ең үлкен 

арманы – жанұямызбен Еуропаға 

саяхат жасау.

Ал әкеміз Мараттың жеке көлік 

жөндеу шеберханасы бар. Ол 

көліктерді керемет жөндейді. 

Бәрі  әкеміздің  қолы  алтын 

деп айтады. 

Сонымен  қатар,  ол  гитара-

да  шебер  ойнап,  әлемдегі 

ең  дәмді  кәуап  даярлайды. 

Əкеміздің ең аяулы арманы – 

қала сыртында үлкен үй салып, 

сол үйде әр мереке сайын туыста-

рымыз бен достарымыздың басын 

қосу.


Б і з   А л м ат ы д а   т ұ р а м ы з .   Б і зд і ң 

әрқайсымыздың  асыл  арманымыз 

бар.  Сондықтан,  біз  өз  табысымызды 

басқаруды үйреніп, қойған мақсатқа қалай 

жетуді білеміз.

Барлығымыз бірге 

– 

Оспановтар әулетіміз!



Ал мына кісілер 

– біздің 

ата-анамыз!



9

Ал сен не туралы армандайсың? 

үй жануары 

компьютер

саяхат

велосипед



сә нді көйлек 

Сен де жаңа ойын, кітап, велосипед, компьютер, сәнді көйлек немесе 

әшекейлер туралы армандайтын шығарсың. Бәлкім, сенің арманың – 

үй жануары болар. Əлемде қызықты да, пайдалы заттар көп қой. Тек, 

солардың біреуін ғана таңдау – қиын шығар, сірә?

Осының бә рі менікі болса ғой, шіркін!

Бірақ, ата-анамыз біз қалағанның бәрін алып бере бермейді... Неге? Осының 

бәрі  қажетті,  әрі  пайдалы  ғой!  Əдетте,  ата-анамыздың  бізге  айтатыны: 

«Осының тек біреуін ғана таңдап, басқаларынан бас тарту керек. Себебі, 

мұның бәрі не тым қымбат тұрады, не әзірге жоспарда жоқ». Осындай жағдай 

сенің басыңнан өтіп пе еді? Сен бір нәрсені өте қалап тұрғаныңда, ата-анаң 

осындай сөздер айтатын ба еді:

 Сенің миллион қуыршағың бар, бәрібір олармен ойнамайсың ғой!

Тағы біреуін не қыласың?

•  Бүгін біз тек тізімдегі тамақты ала аламыз,

ал ойыншыққа ақша жоқ.

•  Мектеп сөмкесін біз саған бір жыл бұрын ғана алып бергенбіз,

әлі де жап-жаңа сияқты!

Біз де бұрын осындай жағдайға жиі тап 

болатынбыз. Бірақ, біз бір амалын таптық!




10

Сиқырлы жұмбақ әлеміне қош келдіңіз!

Ата-анамыз  осындай  шешімнің  барына  қуанып,  бізге  де  ақшаны  пайдалану 

құпияларын ашты. Енді біз ақшаны қалай үнемдеп, оны сақтауды, жинауды, қалай 

жаратуды, оны «тұзақтардан» қалай қорғауды, сонымен қатар ақшаны «өсіріп», оны 

«аялауды» білеміз. Осы құпиялар арманымызға қол жеткізуге көмектесті!

Қалай екенін білгің келе ме? Біз өз білгенімізді сенімен қуана-қуана бөлісеміз.

Ақша және ақшаға байланысты ұғымдар әзірше сен үшін қиын да күрделі 

көрінетін шығар. Бірақ, осы кітаптың әр тарауын өткен сайын, біз ақша 

әлемінің құпияларын аша бастаймыз – яғни, ақшаны қалай пайдалану 

керек екендігін айтып береміз. Бірте-бірте, сен ақша туралы көптеген 

нәрселерді білетін боласың. Ақша әлемі сен үшін түсінікті, әрі жақын бола 

түседі. Бұл саяхатымызда көптеген тосын сыйлар, қызықты жаңалықтар, 

жұмбақтар және ребустар кездеседі – сен олардың бәрін оп-оңай шеше 

аласың. Біздің оған күмәніміз жоқ! Бізбен бірге болсаң, біз сенің арманыңа 

апартын ең қысқа, әрі даңғыл жол табамыз!

Бастайық па?

Ақшаны дұрыс 

пайдалану қажет!  



Құпия 1. 

Ақша қалай пайда болды?

Мысалы:  жапсырма,  қалам,  өшіргіш,  қыстырғыш, 

ойыншықтар... Сол айырбастау бартерлік келісім болып 

табылады.

Сол кезде адамдарға бір ой келді: 

Сен мектептегі достарыңмен әртүрлі заттарды 

айырбастайсың ба?

Кездердің бір кезінде, миллиондаған жыл бұрын,

адамзат өркениеті жаңадан басталып келе жатқан кезде...

...ер адамдар мамонт аулауға шығатын, ал әйелдер оларды үңгірде, ошақ басын-

да күтіп отыратын. Ол заманда ақша деген атымен болмаған. Бірте-бірте адам-

дар жер өңдеп, әртүрлі азыққа жарамды түп-тамыр өсіруді, ыдыс-аяқ пен тұрмыс 

бұйымдарын жасауды және киім тігуді үйренді. Алайда, бір адам ыдыс-аяқты ке-

ремет жасағанмен, қоян аулау қолынан келмейтін болып шықты. Ал басқа адам-

да – керісінше...

өз қолымызбен жасаған заттарды алмастыруға болады ғой. Мен 

саған қоян, ал сен маған ботқа пісіретін үлкен ыдыс бер. Осылай 

айырбас, яғни қазіргі ақшаның алғашқы көрінісі пайда болды.

Бартер 


– тауарларды немесе 

қызметтерді айырбастау



11


жүктеу 37,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау