33
• Егер жинаған ақшамыз жетіп жатса, тауарды немесе қызметті бірден алуға бо-
лады. Алайда, мұндай жағдай жиі кездесе бермейді. Ата-анаң: «Оған әлі ақша
жоқ!» – десе, не істеуге болады? Онда, басқа әдіске көшеміз …
• Арманыңа жету үшін бірте-бірте ақша жинауды бастау керек. Мысалы, апта сайын,
не болмаса ай сайын белгілі бір соманы бөліп отырсаң, сен өз арманыңа кештеу
болса да жетесің.
Мақсатқа жету жолдары да осындай. Нәтижесі бірдей болады – біз
міндетті түрде қойған мақсатымызға жетеміз. Бар мәселе уақытта
ғана. Есесіне, поезбен жасаған саяхат әдетте қызығырақ өтеді – тере-
зеден қандай әсем көріністер көруге болады, адамдармен танысамыз,
жаңалықтар естиміз!
Нысанаға жету жолын қалай таңдау керек?
Бұл сапарға ұшақпен
немесе пойыбен
шыққандай
Егер ақшамыз болса, біз ұшақпен ұшып, ойлаған жерімізге бірнеше сағатта жете
аламыз. Алайда, ақшамыз шамалы болып, ұшаққа жетпесе, не істейміз? Ондай
жағдайда біз поезға билет алып, керек жерге бір-екі күн ішінде жете аламыз.
34
Нысанаға жету жылдамдығын есептеу
Егер нақты бір мақсатқа жетеміз деп
шешім қабылдасақ, сол мақсатқа жету
жылдамдығын есептеу қажет. Біз өз
мүмкіндігімізге орай мақсатымызға
қаншалықты тез жете алатынымызды
және қанша ақша бөліп тұру керектігін
санай аламыз.
біз қаржы нысанасы құнын сатып алуға дейінгі уақытқа бөлуіміз
керек. Басқаша айтқанда, қаржы нысанасының құнын сатып
алғанға дейінгі жылдар санына бөлсек, біз әр жылда қанша ақша
бөліп тұру керек екенін білеміз. Шыққан нәтижені 12-ге бөлсек, ай
сайынғы, ал 365-ке бөлсек, күн сайынғы бөлінетін ақша сомасын
білетін боламыз.
Мысалдар қарастырып көрейік
3
Ай сайын
қанша ақша
бөліп тұру
керек екенін
білу үшін
35
РlaуStation-ға
жетер жылдамдық
Ал егер Диана PlayStation-ды 6 айдан кейін алғысы
келсе ше?
Диананың қаржы нысанасы 22 500 теңге
тұрады. Егер Диана РlауStation алу үшін ай
сайын 2 500 теңге бөліп тұрса, қажетті сома-
ны ол 9 ай ішінде жинайды. Яғни, Диананың
мақсатқа жету жылдамдығы айына 2 500
теңге.
Егер Диана тек 2 000 теңге бөліп тұрса, ал 500 теңгені тәттілер мен журналдарға
жарататын болса, Диана ойын құралына тек он бір жарым айдан кейін қол жеткізе
алады.
Ай сайын қанша ақша бөлу керектігін қалай санауға болады? Ол үшін ойыншықтың
бағасын – 22 500 теңгені – 6 айға бөлеміз. Себебі, осы алты ай ішінде керек соманы
жинап үлгеруіміз керек: нәтижесінде, Диана ай сайын 3 750 теңге бөліп тұру керек.
22 500 теңге : 6 ай = айына 3 750 теңге
3 750 теңге: 30 күн = күніне 125 теңге
Сонымен, нені түсіндік?
Мысалы, әсем сарайдағы тойды өткізу үшін 1 500 000 теңге
қажет делік. Тойға дейін бізде әлі 10 жыл немесе 120 ай бар.
Яғни, бізге ай сайын 12 500 теңге бөліп тұру қажет. Ал егер ақша
жинауға бізде тек бір жыл ғана уақыт болса, бізге ай сайын 125
000 теңге бөліп тұру қажет болар еді!
Ал енді Диананың ұзақ мерзімді
мақсатына көз салайық...
1 500 000 теңге: 120 ай = 12 500 теңге айына
12 500 теңге айына: 30 күн = шамамен 417 теңге күніне (416,6)
36
Сатып алғанға дейінгі уақыт неғұрлым көп болса, ай
сайынғы бөлініп тұратын ақша сомасы соғұрлым аз
болады!
Осы қарапайым формула арқылы әркім өзіне ыңғайлы қозғалыс жылдамдығын ор-
ната алады, яғни сатып алғанға дейін қанша уақыт күту керек екенін және ай сайын
қанша ақша бөліп тұру керек екенін біле алады.
қаржылық мақсатқа бағытталған қозғалысты неғұрлым ерте бастасақ, соғұрлым
оған жету оңай болатынын білеміз. Алайда, осы жолда әртүрлі қауіп-қатер мен
санамызды қызықтырып, мақсатымызға жетуге бөгет болатын тосқауылдар көп.
1. Досыңның туған күніне ойын алып бергің келеді делік.
Ойынның бағасы 4 000 теңге, ал мереке 6 айдан кейін
өтеді Сол ойынды сатып алу үшін ай сайын қанша ақша
жинау керек?
2. Егер күніне 100 теңгеден жинайтын болсаң, бағасы 125 000 теңге тұратын
компьютерді сатып алу үшін қанша жыл керектігін есептеп көрші.
3. Өзіңнің қаржылық мақсаттарыңа жету үшін қанша ақша бөліп тұру керек?
Немесе, қалтаңдағы ақшаның бір бөлігін жинап тұрсаң, сол мақсат етіп қойған
заттарыңды сатып алу үшін керек соманы жинауға қанша уақыт қажет? Өзіңе
ыңғайлы қозғалыс жылдамдығын тап!
Қаржы нысанасына жету
жолын есептеу
Енді біз
Ойланып
көр...
Солармен қалай күресуге болатынын
білгің келеді ме?
37
Құпия 5.
Ақшаны қалай «бағындыру» қажет?
Отбасымызда қанша
ақша бар екенін қалай
анықтауға болады?
Бюджетті кім қолданады?
Бюджеттің негізгі мақсаты –
Бюджеттің кіріс
жақ бөлігі
Бюджеттің шығыс
жақ бөлігі
Біз әдетте ақшаға не аламыз –
осыны қалай анықтауға болады?
Ай сайын қанша ақша жинай ала-
тынымызды қалай санауға бола-
ды? Осы сұрақтарға жауап табу
үшін бюджет құрастыру керек.
Бюджетті жеке адам, жанұя, мемлекет қолданады. Бюджет бір апталық, бір айлық,
бір жылдық болуы мүмкін. Əр бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері болады. Кіріс
бөлігі – ақшаның келуі. Шығыс бөлігі – ақшаның жұмсалуы. Енді сенің немесе
достарыңның бюджеті, оның кіріс және шығыс бөліктері неден тұратынын көрейік.
ақша қозғалысын бақылап, оны басқару! Егер тапқан ақшадан жұмсағаның көп
болса, бюджет дефициті пайда болады. Егер табыс жұмсалған ақшадан көп болса,
бюджет профициті орын алады. Қалай ойлайсың, табысыңа қарағанда ақшаның
шығысы көп болса, жақсы ма?
•
Саған күнделікті керек-жараққа,
сыйлыққа берілетін ақша
•
Жоспарланған төлемдер (тамақ,
ойын-сауық, ойындар, журналдар
және басқалар)
•
Кездейсоқ сатып алынатын заттар
Бюджет деген – барлық табыстар мен
шығындардың толық сипаттамасы
+
-
Достарыңызбен бөлісу: |