Кітапханалық-АҚпараттық орталық АҢыздың АҚыры


«Үркер», «Елең-алаң» романдарының тақырыбы мен идеясы



жүктеу 1,87 Mb.
Pdf просмотр
бет5/14
Дата09.12.2023
өлшемі1,87 Mb.
#44590
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Kekilbaev

«Үркер», «Елең-алаң» романдарының тақырыбы мен идеясы 
туралы 
әдебиеттану ғылымында кеңестік дәуірде қалыптасқан пікірлер бар. Ол пікірлер бойынша, 
«Үркер» мен «Елең-алаң» тақырыбы — Қазақстанның Ресейге қосылуы, идеясы — 
Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы. Романда суреттелетін оқиғалардың қалың 
тобын саралағанда, бұл пікір дұрыс. Бірақ мынаны ескеру керек: «Үркер» мен «Елең-
алаң» — тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын кеңінен, тереңнен толғайтын кең 
құлашты күрделі романдар. Ал тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын, қоғам 
болмысын тереңнен толғайтын кең құлашты, күрделі романның бір ғана тақырыбы, бір 
ғана идеясы болуы шарт емес. Шығармада негізгі тақырып пен идеяны толықтырып 
тұрған басқа да көптеген жеке тақырып, қосымша идеялар бар. Қазақстанның Ресейге 
қосылуы — сол тақырыптардың бірі, Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы — сол 
идеялардың бірі. Күрделі шығармадағы әр алуан жеке тақырыптардың басын біріктіріп, 
бір бүтін күрделі болмыс деңгейінде тұтасқан өмір құбылыстарының тобы — оның негізгі 
тақырыбы. Осы тұрғыдан келгенде, мынадай тұжырым жасауға болады: «Үркер» мен 
«Елең-алаң» романдарының негізгі тақырыбы — қазақ халқының XVIII ғасырдың 
басында ел тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі, ал негізгі идеясы — ел мен жердің 
тұтастығы мен тәуелсіздігі. 


Абыл күйші мен Сүйінғара батыр (Дүйімқара) тарихы жазылған 
Кекілбаев
повесі 
туралы Әбілқайыр Спан: «…Жазушы Ә. Кекілбаев – ұлы гуманист. Өз сөзімен айтқанда, 
оған бір халықты керемет, бір халықты керемет емес дейтін нәрсе жат, оны қай уақытта да 
жек көреді… Тек жек көріп тынбайды, осы жолда күрескер де бола алған. Осы қыры 
«Күйде» де көрінеді. Мұнда ол «түрікмендер жаман, қазақтар жақсы» демейді. Жамандық 
пен жақсылық екеуіне де ортақ – қазақтың Дүйімқарасының түрікмендегі сыңары – 
Көкбөрі, қазақтың күйшісінің түрікмен ішіндегі егізі – Дәулет…», – деп анықтама береді 
(«Заңғар». – А., 2008, 81-82-беттер). Орысша аудармасында кейбір тараулардың түсіп 
қалғаны туралы автордың өз жауабы арқылы түсіндіріп: «Есіл «Күйдің» жал-құйрығы 
солай күзелген де қалған… Мұндай жағдайға «Үркер» де түсіпті», – дейді. 
Біз Кекілбаевты Батыс Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасын зерттеушілердің 
ішіндегі ерекше ірі тұлға деп танимыз. Оның әдеби шығармалары мен тарихымызға 
арналған зерттеулері қазақ шеңберінен әлдеқайда асып кеткен, бүкіл түркі халықтарына 
ортақ екенін мақтанышпен айтамыз. Ата-бабаларымыздан қалған рухани мұра, басқа 
туыстас халықтармен салыстырғанда, орасан зор.
Жалпы, қазақ – адамзат тарихында ерекше орын алатын халық. Қазақ тілінде басқа 
халықтар секілді диалект жоқ. Өз руынан қыз алмайтын салты бар. Кең-байтақ аумақты 
жайлаған халықтың тілі мен тұрмыс-салтының бірдейлігі дүние жүзі ғалымдарын таң 
қалдырады.
Осы жетістіктер – ХVІІІ ғасырға дейін өмір сүрген, бір орталыққа бағынған, 
біртұтас Қазақ мемлекетінен қалған мұра. Қазақ хандығының ыдырап, Ресейдің боданына 
айналғаны туралы соңғы ғасырларда жазылып келе жатыр. Солардың ішінде Батыс 
Қазақстан тарихы ерекшеленеді… Осы күрделі тақырыпты және рухани мәдениетімізді 
зерттеуге Ә. Кекілбаев ерекше үлес қосты.
Әбіш Кекілбаев қазақ шежіресі мен аңыздарын аса мұқияттылықпен пайдаланып, 
халық игілігіне жарату керектігін нақты дәлелдермен көрсетті. Сонымен қатар ол шежіре 
арқылы 
тарих 
жасайтындарға 
талай 
рет 
ескерту 
де 
жасады.
Оның 

жүктеу 1,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау