Киселев с. В., Алексахин с. В., Остроух а. В


Файлдарды көшіру, орнын ауыстыру және атын



жүктеу 2,57 Mb.
Pdf просмотр
бет9/21
Дата23.11.2018
өлшемі2,57 Mb.
#24170
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

 

 

Файлдарды көшіру, орнын ауыстыру және атын 

өзгерту 

 

Бір  бумадан  басқасына  құжатты  ауыстыру  қажеттілігі  жиі  туындап  жатады. 

Бәлкім,  білгілі  бір  буманы  толығымен  басқа  орынға  орналастыру  керек.  Әртүрлі 

файлдарды көшіру қажеттілігі де жиі туындап жатады. Файлдардың орнын ауыстырудың 

әртүрлі  тәсілдерін  жақсырақ  түсіну  үшін  сіз  құжаттары  бар  бірнеше  бумалар  жатқан 

кәдімгі үстел үстінде отырғаныңызды елестетіңіз. Сізге білгілі бір құжатты бір бумадан 

басқасына  ауыстырып  қою  керек.  Осы  тапсырманы  орындай  отырып,  сіз  ең  алдымен 

бірінші  буманы  ашуыңыз  қажет.  Одан  кейін  екінші  буманы  ашқан  жөн.  Содан  соң,  сіз 

бірінші бумадан құжатты алып, екіншісіне саласыз. Енді екі буманы да жабуға болады. 

Алайда,  бұл  операцияны  орындаудың  өзге  де  тәсілі  бар.  Онда  сіз  бірінші  буманы 

ашуыңыз  керек  және  құжатты  қолыңызда  қалдыра  отырып,  оны  алып  шығарғаныңыз 

жөн. Одан кейін,  сіз бірінші буманы жаба аласыз. Енді, сіз екінші буманы ашып, оның 

ішіне  құжатты  саласыз.  Соңғы  тәсілде  қол  астында  екі  буманы  бір  мезетте  иелену 

қажеттелігі  жоқ,  алайда  сіз  бірінші  буманы  жауып,  екіншіні  ашып  жатқан  кезде  құжат 

сақталатын  орынды  иеленуіңіз  керек.  Әсіресе,  бумалар  бір-бірінен  алшақ  жатқан  кезде  

бұл тәсілдер өзгешеленеді. Сілтеуішпен жұмыс кезінде сипатталған екі тәсілді қолдануға 

болады.  

Ең әуелі, компьютердегі файлдар мен бумалардың орнын ауыстыруға да, көшіруге 

де  болатындығын  ескерген  жөн.  Көшіру,  орын  ауыстыру  және  жою  операциялары 

файлдар  үшін  де,  файлдары  бар  бумалар  үшін  де  бірдей  орындалады.  Әрине,  бумамен 

операция  бұл  талап  етілетін  әрекет  осы  бума  ішіндегісінің  барлығына  дерлік 

қолданылатынын  білдіреді.  Бұл  операциялар  өте  ұқсас  және  қазір  біз  оларды 

орындаудың  ортақ  принциптерін  қарастырамыз.  Сілтеуіштің  бағдарламасы  терезесінің 

сол жағында бумалар тізімі болған кезде тапсырма өте оңай шешіледі. Сіз  оң жақтағы 

бастапқы файлды таңдайсыз және оны барлық бумалар тізімінде таңдайтын белгіленген 

жаңа  орынға  ауыстырасыз.    Файлды  ауыстырғыңыз  келетін  бумалар  тізімінде  орынды 

анықтағаннан  кейін  тышқан  нұсқарын  оң  жақ  аймақта  файл  белгішесіне  апарыңыз. 

Тышқанның  сол  жақ  батырмасын  басыңыз,  оны  жібермей,  тышқан  нұсқарын  терезенің 

сол  жақ  аймағында  таңдалған  орынға  ауыстырыңыз,  содан  соң  тышқан  батырмасын 

жіберіңіз.  Белгіленген  белгішені  тізім  орналасқан  орынға  ауыстыру  кезінде  белгілеу 

бумасы  ерекшеленеді.  Сіз  тышқан  батырмасын  жібергеннен  кейін  сәйкес  операция 

басталатын  болады.  Егер  белгішені  немесе  белгішелер  тобын  сіз  таңдаған  орынға 

ауыстыру  мүмкін  емес  болса,  онда  ауыстыру  кезінде  тышқан  нұсқары  өзінің  түсін 

өзгертетінін айта кеткен жөн. Файлдарды көшіру және орындарын ауыстыру кезінде  





Файлдар және бумалармен жұмыс 

сипаттамалары 

23 

3.1 

Файлдарды көшіру, орнын ауыстыру және атын өзгерту 


 

 

 



3.1-

сурет. Файлды көшірудің диалогы 

 

 



әдетте  осы  үрдісті  көрсететін  диалог  пайда  болады  (3.1-сурет).  Егер  сіз  ауқымды  емес 

файлды көшірген болсаңыз, онда диалог тез арада жабылады және кейде мүлдем пайда 

болмайды.  Ауқымды  файлдармен  жұмыс  кезінде  диалогтың  төменгі  бөлігіндегі 

жолақтардың  біртіндеп  артуы  операцияның  орындалу  пайызын  көрсетеді.  Болдырмау 

(C

ancel) батырмасын баса отырып, сіз операцияны тоқтата аласыз. Көшіру немесе орын 



ауыстыру үрдісі аяқталған кезде диалог жабылады.  

Егер тізімде өте көп бумалар мен дисктер орналасқан болса, онда белгіленген орын 

көрінбеуі  мүмкін.  Бұндай  жағдайда  сіз  белгішені  тізімнің  жоғарғы  немесе  төменгі 

бөлігіне  апарып,  тышқан  батырмасын  жібермей  күтуіңіз  қажет.  Біраз  уақыттан  кейін 

тізім терезеде жылжи бастайды және сіз төменгі буманы көресіз. Егер сіз файлды тізімде 

көрінбейтін  кіріктірілген  бумаға  көшіргіңіз  келсе,  онда  дәл  осылай  жасаған  жөн. 

Ауыстыру  кезінде  тышқан  нұсқарын  сізге  қажетті  бума  орналасқан  бумаға  апарып, 

тышқан  батырмасын  жібермей  күтіңіз.  Біраз  уақыттан  кейін  тізім  ашылады  және  сіз 

файлды көшіру және орнын ауыстыруға қажетті орынды таңдай аласыз.  

Win


dows жүйесінде нақты орындалатын операция бойынша анықталатын ережелер 

қатары  бар.  Егер  сіз  ағымдағы  сияқты  сол  дискте  орналасқан  белгішені  бір  бумадан 

басқаға  ауыстырсаңыз,  онда  операция  белгішемен  байланысты  файлдың  жаңа  бумаға 

ауысуына алып  келеді. Осы орайда, ескі  бумада  бұл файл  жойылатын болады. Егер сіз 

сол дискте файлды бумаға көшіріп емес, ауыстырғыңыз келсе, онда белгішені ауыстыру 

операциясын орындау кезінде пернетақтада [Ctrl] пернесін басып, ұстап тұру қажет.  

Егер  сіз  басқа  дискте  орналасқан  бумаға  белгішені  ауыстыратын  болсаңыз,  онда 

тиісті файл көшірілетін болады. Басқа дисктегі бумаға файлды ауыстырғыңыз келсе, онда 

орынды  ауыстыру  кезінде  [Ctrl]  пернесін  басып  тұрыңыз.  Кейде  бағдарламалар 

белгішелерінің орнын ауыстырған  кезде соңғысы  көшірілмейді, ал жаңа орында оларға 

сілтемелер ғана пайда болады. Бағдарламаларды көшіру және ауыстыру кезінде әрдайым 

сәйкес  [Ctrl],  [Shift]  пернелерін  басу  қажет.  Егер  кез  келген  файлды  ауыстыру  кезінде 

[Alt]  пернесін  басса,  онда  файл  ескі  орнында  қалады,  ал  жаңа  орында  оған  көрсететін 

таңбаша пайда болады.  

Бір  емес,  файлдар  мен  бумалардың  топтарын  көшіру  немесе  орнын  ауыстыру 

операциялары болуы мүмкін. Бұндай жағдайда, ең алдымен, белгішелер тобын белгілеп, 

ал  содан  кейін  оларды  қажетті  орынға  ауыстырған  жөн.  Таңдалған  бумада  барлық 

белгішелерді  белгілеу  үшін  пернетақтада  бір  мезетте  басқарушы  пернені  және  латын 

әріпті  пернені (орыс әріпті  пернені басқан кезде файл  белгіленбейді) басу  қажет.   Егер 

жақын  орналасқан  белгішелер  тобын  белгілеу  керек  болса,  онда  [Shift]  немесе  [Ctrl] 



24 



тарау 

Файлдар және бумалармен жұмыс сипаттамалары 


жүктеу 2,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау