Киселев с. В., Алексахин с. В., Остроух а. В


-сурет. Телефон нөмірін енгізу



жүктеу 2,57 Mb.
Pdf просмотр
бет17/21
Дата23.11.2018
өлшемі2,57 Mb.
#24170
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

 

 

 

5.4-сурет. Телефон нөмірін енгізу  

модельдер  тізімінде  оның  моделін  таңдаңыз.  Модемдер  атауларының  сол 

жағында белгіше орналасқандығына назар аударыңыз. Бұл белгіше осы модемнің 

жұмысы  Windows  XP  жүйесінде  сыналғандығын  айтатын  цифрлық  қол  болып 

табылады.  

Енді модем орнатылғаннан кейін жүйе модемді орнату және теңшеу үшін 

Интернетке  қосылу  шеберіне  қайтып  оралады.  Интернетке  қосылу  шеберінің 

кезекті  диалогы  пайда  болады  (5.4-сурет).  Бұл  диалогта  Интернет  қызметін 

жеткізушінің  телефон  нөмірін  көрсету  керек,  сонымен  бірге,  қажет  болған 

жағдайда қосымша параметрлерді теңшеу керек. Тиісті енгізу өрістерінде сіздің 

Интернет  қызметін  жеткізушінің  телефон  кодын  және  нөмірін  енгізіңіз.  Қала 

кодын  міндетті  түрде  енгізіңіз  және  Интернет  қызметін  жеткізушімен 

байланысты  орнату  бағдарламасы  қалааралық  телефон  байланысымен  қоңырау 

шалады деп қорықпаңыз. Егер бұл өрістегі қала коды сіздің орналасқан жеріңізді 

теңшеу  кезіндегі  кодпен  сәйкес  келсе,  онда  қалааралық  байланыс 

қолданылмайтын  болады.  Көптеген  Интернет  қызметін  заманауи  жеткізушілер 

қосылу  үшін  ешқандай  қосымша  параметрлерді  талап  етпейді.  Барлық  қажетті 

ақпарат тікелей қосылу кезінде автоматты түрде алынады.  

Егер Интернет қызметін жеткізушісіне қосылудың қосымша параметрлерін 

теңшеу сонда да талап етілсе, онда Қосымша (Advanced) батырмасын қолданған 

жөн.  Екі  қосымша  бетті  иеленетін  қосымша  теңшеу  диалогын  ашу  үшін  бұл 

батырманы  басыңыз.  Тиісті  қосымша  бетті  ашу  үшін  Байланыс  (Connection) 

қосымша  бетіне  тышқанмен  шертіңіз.  Байланыс  қосымша  бетінде  Интернет 

қызметін  жеткізушімен  байланыстың  хаттамасы,  сонымен  қатар  байланысу 

рәсімі теңшеленеді

.  

 

48 





тарау 

Интернет желісіндегі жұмыс сипаттамалары 


System Properties

 

 

 



Байланысу  рәсімі  атауды,  құпиясөз  және  басқа  параметрлерді  енгізу  бойынша 

командалардың  бірізділігі  болып  табылады.  Интернет  қызметін  жеткізушілердің  басым 

көпшілігі РРР хаттамасы бойынша  жұмыс істейді  және кіру рәсімін  талап етпейді. Сол 

себепті,  бұл  қосымша  бетте  ештеңені  өзгертудің  қажеті  жоқ  және  қажет  болмайтын 

сияқты.    Байланысты  қосымша  теңшеу  диалогының  тиісті  қосымша  бетіне  өту  үшін 

Адрес  (Addresses)  қосымша  бетіне  тышқанмен  шертіңіз.  IP  адресі  (IP  Address)  басқару 

элементтерінің тобы сіздің Интернеттегі адресіңізді анықтайды. Ең дұрысы, Интернетте 

сіздің  адресіңіз  қызмет  жеткізушісімен  автоматты  түрде  тағайындалады  және  бұл 

жағдайда әдепкі қалпы бойынша ауыстырып-қосқыштың жағдайын өзгерту қажет емес. 

Алайда, сізге тұрақты адрес те бөлінуі мүмкін.  

Тұрақты  адрес  бөлінген  жағдайда  ауыстырып-қосқышты  Әрқашан  қолданылады 

(Always use the following) 

күйіне орнатқан және енгізу өрісіне қызметті  жеткізушісінен 

алынып,  сізге  бөлінген  адресті  енгізген  жөн.  Сервер  адресі  DNS (DNS Server Address) 

басқару элементтерінің тобы адамдар қолданатын символдық адрестердің компьютерлер 

қолданылатын  цифрлық  адрестерге  түрленуі  болатын  Интернеттегі  орындардың 

адрестерін анықтайды. Әдепкі қалпы бойынша DNS адресі сіздің қызмет жеткізушісімен 

автоматты  түрде  тағайындалатындығы  болжанады.  Интернет  қызметін  жеткізушілердің 

кейбіреулері  бұндай  қызметті  ұсынбайды,  тек  DNS  серверлерінің  нақты  адрестерін 

хабарлайды.  Бұл  жағдайда  сізге  ауыстырып-қосқышты  Әрқашан  қолданылады  (Always 

use  the  following)  күйіне  орнатқан  жөн  және  енгізу  өрістерінде  негізгі  және  қосымша 

серверлердің  адрестерін  енгізген  жөн.  Қосымша  параметрлерді  теңшеуді  аяқтағаннан 

кейін  диалогты  жабу  үшін  ОК  батырмасын  басыңыз,  содан  соң  теңшеуді  жалғастыру 

үшін  Ары  қарай  (Next)  батырмасын  басыңыз.  Атауды  және  құпиясөзді  енгізу  диалогы 

пайда  болады.  Интернет  қызметін  жеткізушісіне  байланысу  үшін  сіздің  жеке 

идентификаторыңызды  және  құпиясөзіңізді  көрсету  талап  етіледі.  Сіз  аталған 

мәліметтерді  де  Интернет  қызметін  жеткізушісінен  алуыңыз  және  тиісті  енгізу  өрісіне 

енгізуіңіз керек.  Енгізу кезінде құпиясөз жұлдызшалар түрінде бейнеленетіндігіне назар 

аударыңыз. Сонымен бірге, құпиясөзді енгізу кезінде бас және кіші әріптерді теру үшін 

енгізілетін  символдардың  регистрі  маңызды.  Пернетақтаның  ағымдағы  таратылуы  да, 

яғни  пернетақтадан  әріптерді  енгізу  кезінде  қолданылатын  тіл  маңызды  екендігін  есте 

сақтаңыз. 

Пайдаланушының  атын  және  құпиясөзді  енгізгеннен  кейін  жұмысты  жалғастыру 

үшін  Ары  қарай  (Next)  батырмасын  басыңыз.  Шебердің  келесі  диалогы  пайда  болады. 

Аталған  диалог  Интернетпен  жасалатын  байланыстың  атауын  қоюға  арналған.  Сіз 

байланыстың  ерікті  атауын  қоя  аласыз.  Сіз  Ары  қарай  (Next)  батырмасын  басқаннан 

кейін    жаңа  тіркеулік  жазбасы  жасалады  және  Интернетке  қосылу  шеберінің  соңғы 

диалогы  пайда  болады.  Егер  сіз  Интернетке  бірден  қосылғыңыз  келмесе,  онда  бұл 

диалогта жалаушаны алып тастаңыз.   

Диалогты  жабу  үшін  Дайын  (Finish)  батырмасын  басыңыз.  Шебердің  жұмысы 

аяқталды  және  енді  бағдарламаларды  қолдану  кезінде  Интернетпен  жұмыс  үшін  қажет 

болған жағдайда Интернет жеткізушісімен байланысты орнату жүзеге асырылады.  

 

49 

5.1 

Интернетпен жұмыс істеу үшін жүйені теңшеу 



жүктеу 2,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау