Киселев с. В., Алексахин с. В., Остроух а. В



жүктеу 2,57 Mb.
Pdf просмотр
бет6/21
Дата23.11.2018
өлшемі2,57 Mb.
#24170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

 

 

 

 



2.3-

сурет. Windows бас мәзірі

     

 

Егер сіз Windows-тың әуелгі нұсқасымен жұмыс істесеңіз, онда бас мәзір 

қалай  өзгергенін  бірден  байқайсыз.  Мәзірдің  жоғарғы  жағында  ағымдағы 

уақытта  компьютерде  жұмыс  істеп  жатқан  пайдаланушының  есімі  көрсетілген. 

Сіздің  суретіңізде  пайдаланушының  аты  –  Maksim.  Есімнің  жанында  осы 

пайдаланушымен  байланысты  сурет  орналасқан.  Бұл  Windows-пен  жеткізілетін 

стандартты сурет немесе сіздің жағдайыңыздағыдай басқа бейне болуы мүмкін. 

Себебі,  Windows  XP  бір  компьютерде  бірнеше  пайдаланушылармен  жұмыс 

істеуге мүмкіндік береді, белгілі бір пайдаланушыға бейімделе отыра ағымдағы 

уақытта  кім  жұмыс  істеп  жатқандығын  білу  маңызды.  Бірнеше 

пайдаланушылардың компьютерде біріккен жұмысы туралы толығырақ төменде 

айтылатын болады.  

Мәзірдің ортасында сол және оң жақты командалар орналасқан.  

Сол  жақтағы  командалар  әртүрлі  бағдарламаларды  іске  қосуға  арналған. 

Жоғарғы  жақтағы  командалар  Internet  Explorer  және  Outlook  Express  сияқты 

маңызды әрі жиі қолданылатын бағдарламаларды іске қосуға мүмкіндік береді. 

Бұл  бағдарламалар  интернетте  жұмыс  істеуге  арналған.  Төменде  орналасқан 

командалар  сіз  жақын  арада  жұмыс  жасаған  бағдарламаларды  іске  қосуға 

арналған.  Сіз  белгілі  бір  бағдарламаны  жүргізген  кезден-ақ  оны  іске  қосатын 

команда  бас  мәзірдің  сол  жағында  пайда  болады.  Осы  орайда  сіз  бұрыннан 

қоспаған  бағдарламалар мәзірден алынып  тасталуы  мүмкін.  Жиі қолданылатын 

бағдарламаларды  іске  қосу  командаларының  астыңғы  жағында  Барлық 

бағдарламалар  (More  Programs)  командасы  орналасқан.  Оны  таңдап,  сіз  кез 

келген  бағдарламаны  іске  қоса  аласыз,  бірақ  бұл  туралы  төменде  айтылатын 



16 



тарау 

Windows XP-

мен жұмыстың негіздері сипаттамалары 


 

болады.  

Мәзірдің  ортасында  оң  жақтан  компьютердің  маңызды  бумалардың 

ішіндегісін  қарау  командалары,  сонымен  қатар  жүйені  теңшеу  командалары 

орналасқан.  Олардың  көмегімен  анықтамалық  ақпаратты  алуға,  алдында 

жасалған құжаттарды қарауға және басқа әрекеттерді жасауға болады. Мәзірдің 

төменгі  жағында  Windows-та  жұмыс  істеудің  аяқталуына  арналған  командалар 

орналасқан.  Олардың  көмегімен  компьютердің  жұмысын  тоқтата  тұруға, 

компьютерді қайта іске қосуға және оны сөндіруге болады. Сонымен бірге, басқа 

адамға жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін ағымдағы пайдаланушы жұмысының 

сеансын аяқтауға болады.  

Егер  бас  мәзірдің  аймағына  тышқан  сілтеуішін  орнатса,  онда  мәзірде 

таңдалған  команданы  білдіретін  көлденең  жолақ  пайда  болады.  Тышқан 

сілтеуішінің  мәзір  бойымен  қозғалысы  кезінде  элементті  белгілеу  сілтеуішпен 

бірге орын ауыстырады. Мәзірдің кейбір элементтері оң жақта нұсқар бейнесін 

иеленеді. Бұл мәзірдің аталған командасы тағы бір (кіріктірілген) мәзірде ашуға 

арналғандығынын білдіреді. ДК-ге жаңа бағдарламаларды орнату кезінде Барлық 

бағдарламалар  (More  Programs)  мәзірінде  әдетте  осы  бағдарламаларды  іске 

қосуға  арналған  жаңа  командалар  автоматты  түрде  қосылатынын  айта  кетейік. 

Кіріктірілген мәзірге өту үшін тышқан сілтеуішін нұсқар бейнесіне апару қажет. 

Осы  орайда,  кіріктірілген  мәзір  ашылады  және  бас  мәзірдегі  сияқты,  яғни 

тышқан  сілтеуішінің  орнын  ауыстыра  отырып,  сіз    оны  да  жылжыта  аласыз. 

Мәзір командасын белгілеу үшін тышқанмен шерту жеткілікті.  

Ерте  ме,  кеш  пе  сіз  компьютердегі  жұмысты  аяқтайсыз  және  оны  сөндіру  қажет 

болады.  Бұл  ойдағыдай  жеңіл  процедура  емес.  Сіз  Windows-ты  қолданған  кезде 

компьютер жұмысын дұрыс аяқтау аса маңызды болып табылады.  

Windows XP жүйесімен жұмысты дұрыс аяқтау үшін мәзірдің Сөндіру (Shut Down) 

командасын қолдану керек. Экранда Компьютерді сөндіру (Shut Down Windows) диалогы 

пайда  болады  (2.4-сурет).  Диалогтың  ортасындағы  үлкен  батырмалардың  біреуін  баса 

отырып, бұл диалог жұмысты аяқтаудың тәсілін таңдауды ұсынады. Егер Сіз Болдырмау 

(Cancel) батырмасын бассаңыз, онда диалог экраннан алынады және сіз  Windows XP-мен 

қалыпты  жұмысқа  қайта  ораласыз.    Батырманы  басу  үшін  тек  тышқанның  сол  жақ 

пернесін шерту жеткілікті екендігін еске түсіреміз.  

Жүйенің  жұмысын  қалыпты  аяқтау  үшін  [Сөндіру]  батырмасын  басқан 

жөн.  Бірнеше  минутты  талап  ететін  Windows-пен  жұмысты  аяқтау  үрдісі 

басталады.  Оның  аяқталуымен  сіздің  компьютеріңіз  автоматты  түрде  сөнеді 

немесе  экранда компьютердің қуат  көзін  ажыратуға  болатындығы  туралы  жазу 

пайда  болады.  Екінші  жағдайда  сізге  компьютердің  қуат  көзін  өз  бетінше 

сөндірген  жөн.  Егер  сіз  компьютерді  сөндірмей-ақ  Windows XP-ді  қайта  іске 

қосқыңыз  келсе,  онда  [Қайта  іске  қосу]  батырмасын  басқан  жөн.  Егер  кейбір 

бағдарламалар  сенімсіз  жұмыс  істей  бастаса  немесе  жауап  бермесе  қайта  іске 

қосу  керек  болуы  мүмкін.    Алайда,  көп  жағдайларда  Windows  XP-де    сенімсіз 

жұмыс  істейтін  бағдарламалар  кезінде  қайта  іске  қосу  талап  етілмейді.  Кейде 

жүйені  қайта  іске  қосу  жаңа  бағдарламаларды  немесе  жаңа  құрылғыларды 

орнатқан кезде қажет болуы мүмкін.  

Компьютерді  сөндірудің  қызықты  режимі  [Күту  режимі]  батырманы  басу 

кезінде таңдалады. Компьютер жадының барлық ағымдағы ақпараты қатқыл  

17 

2.2 

Жұмысты бастау және аяқтау, бас мәзір 



жүктеу 2,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау