Буманы барынша оңай тәсілмен де құруға болады. Мәселелер тақтасының жоғарғы
бөлігінде Жаңа буманы құру пернесін басыңыз және жаңа бума құрылатын болады.
Аталған перне мәселелер тақтасында пайда болуы үшін бумада еш бір файл белгіленбеуі
керек. Егер бір немесе бірнеше файлдар белгіленген болса, онда сілтеуіш терезесінің оң
жақ бөлігіндегі бос орында тышқанмен шерту керек, сонда белгілену алынатын болады.
Көмекші мәзірде ұсынылған файлдар типтерінің біреуін таңдап, сіз жаңа файлды
құра аласыз. Алайда, бос файл құрылатын болады, яғни жай ғана дайындама болады.
Оны толтыру үшін тиісті бағдарламаны қолдану керек және файлға мәтіндер, дауыстар,
суреттер және басқа құрылымдарды енгізу қажет.
Егер сіз сіздің компьютеріңіздегі дисктер мен бумалардың арасында кез келген
орында орналасқан кез келген файлға сілтеме жасайтын үлкен емес файлды айқындайтын
таңбашаны құрғыңыз келсе, онда сіз жаңа файлдарды құру мәзірінің Таңбаша (Shortcut)
командасын таңдауыңыз керек. Осы орайда, таңбашаны құру шебері іске қосылады.
Шебердің бірінші диалогы (3.4-сурет) сізге таңбаша құрылатын нысанның орналасқан
орнын көрсетуді ұсынады.
Файлдың толық жолын және атын диалог ортасында орналасқан енгізу өрісіне
енгізген жөн. Егер де сіз нысанның нақты орналасқан жерін білмесеңіз, онда Шолу
(Browse) батырмасын басыңыз. Мәселелер тақтасының командасы көмегімен файлды
көшіру кезінде пайда болтын диалогқа қатты ұқсайтын буманы таңдау диалогы пайда
болады. Қажетті файлды таңдап, оны жабу және таңбашаны құру шеберінің жұмысына
қайта оралу үшін диалогта ОК батырмасын басыңыз.
Жеке диалогта таңдап немесе пернетақтадан қажетті файлдың адресін енгізіп,
таңбашаны құруды жалғастыру үшін Ары қарай (Next) батырмасын басыңыз.
3.4-
сурет. Таңбашаны құру шеберінің бірінші диалогы
28
3
тарау
Файлдар және бумалармен жұмыс сипаттамалары
Құрылатын таңбашаның атын көрсетуге арналған шебердің екінші диалогы пайда болады
(3.5-
сурет). Атау ретінде бір немесе бірнеше сөздерден құралған орыс немесе басқа тілде
кез келген сөйлемді қолдануға болады.
Атауды енгізіп, шебердің жұмысын аяқтау үшін Дайын (Finish) батырмасын
басыңыз. Таңбаша құрылған кезде оның белгішесі ағымдағы буманың фалдар тізімінде
пайда болады. Осындай тәсілмен сіз бір бағдарлама үшін бірнеше таңбашаларды құра
аласыз.
Осы файлда тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, көмекші мәзірінде
Таңбашаны құру (Create Shortcut) командасын таңдау арқыры таңбашаны құру барынша
жеңілірек болып табылады.
Пайда болған таңбашаны сіз кез келген қажетті орынға ауыстыра аласыз.
Таңбашаларды құрудың тағы бір тәсілі сипатталған болатын. Егер файл белгішесінің
тышқанмен орнын ауыстырған кезде сіз [Alt] пернесін бассаңыз, онда көрсетілген
орында көшіру немесе орынды ауыстырудың орнына файлдың таңбашасы пайда болады.
Файлдарды жою және қалпына келтіру
Уақыт өте келе ескі құжаттардың қажеттілігі жоғалуы мүмкін. Осындай жағдайда
олар артық орынды алмас үшін оларды жойған дұрыс. Қажет емес файлдар мен
бумаларды сілтеуішті қолдану арқылы компьютерден жою өте оңай. Ең алдымен,
бағдарлама терезесінің оң жақ аймағында тышқанмен жойылатын нысанға шертіп, оны
таңдау керек. Бұл файл, бума немесе олардың топтары болуы мүмкін. (Нысандарын
тобын белгілеу туралы жоғарыда айтылған.). Содан соң мәселелер тақтасында жоғарғы
тізімде батырманы басқан жөн. Сонымен бірге, Файл ^ Жою (File -> Delete) мәзір
командасын таңдауға немесе пернетақтада [Delete] пернесін басуға болады. Жойылатын
3.5-
сурет. Таңбашаны құрудың шебері диалогының соңғы диалогы
3.3
29
3.3
Файлдарды жою және қалпына келтіру
файлдың белгішесін сілтеуіш терезесінен Windows жұмыс үстелінде орналасқан Себет
белгішесіне апаруға болады. Соңғысынан басқа, жою операциясын шақырудың кез
келген тәсілімен компьютер экранында жоюды растауға арналған диалог пайда болады
(3.6-
сурет). Бұл диалогтың көмегімен Windows XP қажетті ақпараттың жойылуының
алдын алғысы келеді.
Егер сіз Иә (Yes) батырмасын таңдасаңыз, онда таңдалған файлдар жойылады және
олардың белгішелері ағымдағы буманың файлдар тізімінен жоғалады. Жоқ (No)
батырмасын басып, сіз жою операциясын болдырмайсыз. Растаудың ұқсас диалогтары сіз
әлеуетті қауіпті операцияларды орындағыңыз келетін кезде жиі пайда болады. Сізде
жойылған файлдарды қалпына келтіруге мүмкіндігіңіз бар және оны бірнеше тәсілмен
жасауға болады.
Ең алдымен, сілтеуіште соңғы орындалған операцияны болдырмау мүмкіндігі бар.
Егер сіз тек жойылған файлдарды қалпына келтіргіңіз келсе, онда бір мезетте [Ctrl + Z]
пернелерін басыңыз. Бұл пернелер қиыстыруын біртіндеп бассаңыз, онда сілтеуішпен
жұмыс кезіндегі, оның ішінде бумаларды және файлдарды жою кезіндегі кез келген
әуелгі әрекеттерді болдырмауға болады. Алайда, болдырылмайтын әрекеттер саны
шектеулі болады және бұрын жойылған файлды осындай тәсілмен қалпына келтіруге
болмайды.
Егер сізге бұрын жойылған файлдар тағы да қажет болып қалса, онда Windows XP
жүйесі бірнеше шараларды қолданады. Сіз жоятын файлдар Себет (Recycle Bin) атты
арнайы бумаға ауысады. Алдында жойылған файлдарды қарау, қалпына келтіру немесе
біржолата жою үшін сілтеуіш көмегімен себетті ашу қажет. Себетті ашу үшін жұмыс
үстелінде орналасқан Нысанды қалпына келтіру белгішесіне немесе сілтеуіштегі себет
белгішесіне екі рет шерту керек. Себетпен жұмыс кезінде сілтеуіш терезесінің сыртқы
3.6-
сурет. Файлды жоюды расттаудың сауалы
Файлдарды жою кезінде абай болыңыз. Өкінішке орай, жойылған файлдардың
барлығын дерлік қалпына келтіруге болмайды. Қалпына келтіру мүмкіндігі Windows-
тың теңшеуіне, жойылатын файлдардың көлеміне және компьютер дискіндегі бос
орынға байланысты. Сонымен бірге, дискеттен жойылған файлдарды қалпына
келтіруге болмайды.
30
3
тарау
Файлдар және бумалармен жұмыс сипаттамалары
Достарыңызбен бөлісу: |