Киселев с. В., Алексахин с. В., Остроух а. В


- сурет. Принтер портын таңдау



жүктеу 2,57 Mb.
Pdf просмотр
бет15/21
Дата23.11.2018
өлшемі2,57 Mb.
#24170
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

 

 

4.4-



сурет. Принтер портын таңдау 

Жаңа  диалогта  шебер  сізден  принтердің  атауын  сұрайды  және  оны  әдепкі  қалпы 

бойынша  принтер  ретінде  қолдануды  ұсынады.  Атауы  ретінде  сіз  кез  келген  атты 

қолдана  аласыз,  алайда  жүйе  сізге  ұсынған  атауды  қалдырған  дұрыс.  Егер  сіздің 

компьютеріңізге  бірнеше  принтерлер  қосылу  болса,  онда  барлық  бағдарламалар  әдепкі 

қалпы  бойынша  қолданылатын  принтерде  басып  шығаратын  болады.  Сіз  кез  келген 

уақытта  әдепкі  қалпы  бойынша  қолданылатын  принтерді  басқаға  ауыстыра  аласыз.  Ең 

дұрысы, сіздің компьютеріңізге бір принтер қосулы, сол себепті сізге диалогта ештеңені 

енгізудің қажеті жоқ.  

Ары  қарай  (Next)  батырмасын  басып,  келесі  диалогқа  өтіңіз.  Онда  сіздің 

принтеріңіз  желілік  болып  қолданылатыны  жайында  ақпарат  көрсетіледі.  Егер  сіздің 

компьютеріңіз  желіге  орнатылса  және  басқа  пайдаланушылар  принтерде  басып 

шығаратын  болса,  онда  мақұлдап  жауап  берген  жөн.  Көп  жағдайларда  принтер  бірлесе 

қолданылмайды.  

Жаңа принтер іс жүзінде орнатылды. Тек бірдеңе басып шығарып, оның жұмысын 

тексеру  ғана  қалды.  Ол  үшін  Ары  қарай  (Next)  батырмасын  басыңыз  және  принтерді 

орнатудың  келесі  диалогына  өтіңіз.  Принтер  жұмысының  дұрыстығын  тексеру  үшін 

сынамалы бетті басып шығаруды ұсынатын диалог пайда болады (4.5-сурет). Сынамалы 

беттерді  басып  шығаруға  рұқсат  беретін    күйге  ауыстырып-қосқышты  орнатқан  дұрыс, 

содан соң диалогта Ары қарай батырмасын басқан жөн.  

Экранда  орындалған  жұмыстың  нәтижесі  келтірілген  шебердің  соңғы  диалогы 

пайда  болады  (4.6-сурет).  Бұдан  кейін  принтерді  міндетті  түрде  тексеру  керек.  Ол 

компьютерге  қосулы  болуы,  іске  қосулы  және  қағаз  салулы  болуы  тиіс.    Егер  принтер 

жұмысқа  дайын  болса,  онда  шебердің  жұмысын  аяқтап,  принтерді  жүйеге  орнату  үшін  

Дайын (Ready) батырмасын басыңыз.  

 

40 





тарау 

Windows XP-

де баспаны басқару 


System Properties

 

 

 



Шебер  жұмысты  аяқтайды,  қажетті  драйверлер  орнатылады,  содан  соң  тесттік 

беттің  принтерде  басып  шығарылуы  басталады.  Баспаның  сынамалы  беті  принтердің 

Windows-

та  қалай  жұмыс  істейтінін  көрсетуге,  сонымен  бірге  принтердің  баспалық 

сапасын  визуалды  тексеруге  арналған.  Сонымен  қатар,  бұл  бетте  принтердің 

теңшеулеріне  қатысты  әртүрлі  техникалық  ақпарат  басып  шығарылады  (4.6-суретті 

қараңыз).  

Сынамалы  бетті  басып  шығару  аяқталғаннан  кейін  сынамалы  бет  дұрыс 

шығарылғаныдығы  туралы  сұрайтын  диалог  пайда  болады.  Егер  сіз  сынамалы  бетте 

басылған  мәтінді  оқи  алсаңыз  және  баспаның  ақаулары  көрінбесе,  онда  осы  диалогты 

жабу  үшін  ОК  батырмасын  басыңыз.  Осымен  жаңа  принетердің  Windows  ХР 

операциялық жүйесінде орнатылауы аяқталды.  

Принтерлер  және  факстер  бумасында  қосылған  принтердің  атауымен  тағы  бір 

белгіше  пайда  болады.  Енді,  принтер  қосулы  болғанда  ол  әдепкі  қалпы  бойынша 

теңшелген және көп жағдайлар үшін бұндай теңшеу жеткілікті болып табылады. Алайда,  

кейде  принтердің  теңшеуін  өзгерту  қажет  болады.  Ол  үшін  принтердің  белгішесіне 

тышқанмен шерту арқылы оны белгілеп, мәселелер тақтасында Принтерді теңшеу (Select 

printing prefere

nces) сілтемесін таңдаған жөн.  

Экранда бірнеше қосымша беттерді иеленетін принтерді теңшеудің диалогы пайда 

болады  (4.7-сурет).  Теңшеу  диалогының  сыртқы  келбеті  принтерлердің  әртүрлі 

типтерінде  өзгешеленеді,  алайда,  параметрлердің  ішінде  бірнешеуі  міндетте  болатын 

сияқты.  Диалогтың  бірінші  қосымша  бетінде  қағаз  бетінің  бағдары  орнатылады,  яғни 

баспа  қалай  –  қағаз  бетінің  қысқа  немесе  ұзын  жағының  бойымен  жүретіндігі 

анықталады.  Парақтағы  беттер  тізімінде:  бір  қағаз  бетінде  құжаттың  бірнеше  беттерін 

баспаға  шығаруды  таңдауға  болады.  Бұл,  әдетте,  шимайларды  баспаға  шығару  кезінде 

қағазды үнемдеу үшін қолданылады.  

 

 



 

4.5-

сурет. Сынамалы бетті баспаға шығару 

41 

4.1 

Принтерді қосу және теңшеу 


 

 

 

 

 



Әрине,  беттің  көлемдері  қатты  кішірейтілетін  болады.  Сонымен  қатар,  көпбетті 

құжаттарды  басынан  соңына  қарай  немесе  керісінше  баспаға  шығарудың  тәртібін 

орнатуға  болады.  Кейбір  принтерлерде  баспаға  шығарудың  тәртібін  өзгерту  дұрыс 

бірізділіктегі беттерді құрауды жеңілдетеді.  



4.7-

сурет. Баспаға шығаруды теңшеу 

 

 

 



4.6-

сурет. Принтерді орнату шеберінің соңғы диалогы 

 

42 





тарау 

Windows XP-

де баспаны басқару 


 

Диалогтың  екінші  қосымша  бетінде  баспаның  сапасы  теңшеледі  және  қағаз 

таңдалады.  Алынатын  таңбалардың  сапасын  анықтайтын  баспаның  ажыратымдылығы 

беріледі.  Әдетте,  бұл  параметр  қағаз  үзіндісінде  басып  шығарылатын,  бір  дюймға

 

теңестірілетін  нүктелер  санын  құрайды.    Бұл  мағына  неғұрлым  көп  болса,  баспаның 



сапасы  да  соғұрлым  жоғары  болады.  Кейде  бұл  параметр  баспа  сапасын  сөзбен 

сипаттаумен  алмастырады,  яғни  цифрларды  қолданусыз  жоғары,  орташа,  төмен  сапа 

беріледі.  Принтерлердің  көбісі  қағазды  берудің  бірнеше  қайнар  көздерін  иеленеді, 

мысалы кәдімгі беттер және конверттер үшін. Диалогта орналасқан тізімде баспа кезінде 

қағаз қайда келетіндігі анықталады. Кейбір принтерлер үшін қолданылатын қағаз типін 

таңдауға  болады. Егер  принтер түрлі  түсті баспаны  иеленбесе, онда  қара-ақ  және түрлі 

түсті баспа арасында таңдауға болады.  

Принтерді  одан  да  қиын  теңшеу  үшін  Қосымша  (Advanced)  батырмасын  басқан 

жөн. Осы орайда принтердің бұл моделінде теңшеуге болатын баспаның түгелдей барлық 

параметрлерін өзгертуге мүмкіндік беретін теңшеу диалогы пайда болады. Алайда,  көп 

жағдайларда бұндай теңшеу қажет болмайды.  

Барлық  параметрлерді  теңшегеннен  кейін  диалогты  жабу  үшін  ОК  батырмасын 

басыңыз.  Сипатталған  тәсілмен  орындалған  теңшеулерді  өзгерту  принтерді  барлық 

бағдарламаларда  қолдану  кезінде  жұмыс  істейтіндігін  ескерген  жөн.  Егер  де,  сіз  кез 

келген бағдарламаның жұмысы кезінде принтердің ағымдағы теңшеуін өзгертсеңіз, онда 

баспа  диалогынан  теңшеуге  өтіп,  өзгертулер  тек  осы  бағдарламадан  баспаға  шығару 

кезінде  ғана  әрекет  етеді  және  сіз  жұмысты  аяқтаған  кезде  болдырылмайды. 

Бағдарламаны келесі рет іске қосқан кезде баспаның теңшеулері қайтадан әуелгі болады.  

 

Баспа диспечерімен жұмыс 

Алдында  аталып  өткеніндей,  Windows-та  бір  уақытта  бірнеше  бағдарламалар 

жұмыс  істей  алады.  Әр  бағдарлама  принтермен  тікелей  емес,  баспа  диспетчері  арқылы 

жұмыс  істейді.  Диспетчердің  негізгі  міндеті  –  әртүрлі  құжаттарды  баспаға  шығарудың 

кезектілігін  жүзеге  асыру.  Баспа  іске  қосылған  кезде  Windows  мәселелер  тақтасында 

баспа диспетчері іске қосылғандығын көрсететін тиісті белгіше пайда болады. Егер бұл 

белгішеге тышқанмен екі рет шертсе, онда баспа диспетчерінің жұмыс терезесі ашылады 

(4.8-


сурет).  Сонымен  бірге,  терезені  Принтерлер  және  факстер  (Printers and Faxes) 

бумасында принтердің белгішесіне екі рет шерту көмегімен ашуға болады.  

Терезенің  тақырып  атауында  қолданылатын  принтердің  аты  жазылған.  Баспаға 

жіберілген барлық құжаттар жұмыс терезесінде кесте түрінде ұсынылған. Әр құжат кесте  



43 

4.2 

Баспа диспечерімен жұмыс 


жүктеу 2,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау