Кіріспе Зерттеудің өзектілігі


Оқушыларды математика сабағында бірлесіп жұмыс істеуге үйрету



жүктеу 77,6 Kb.
бет4/27
Дата12.05.2022
өлшемі77,6 Kb.
#38458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
2.2 Оқушыларды математика сабағында бірлесіп жұмыс істеуге үйрету
ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


Бастауыш сыныптарда «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының тиімділігі

Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге таныта білуі керек

Н.Ә. Назарбаев

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» стратегиясын қамтыған Жолдауында: «Жастарды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет» деп айтқаны баршамызға мәлім.

Болашақ ұрпақтың білікті де, білімді болуы алдымен бастауыш білім беруден бастау алатыны анық. Әр сыныпта оқитын оқушылардың ақыл–ойы, қабілеттері, зейіні, талғамы, сөйлеуі тіпті істеген істері,өмірге көзқарастары әр түрлі. Пән мұғалімдері оқушының ата–анасымен, психологпен және сынып жетекшісімен жақсы қарым қатынаста болуы керек. В.А.Сухомлинский: «Жеке тұлғаның психофизологиясна, ішкі жан дүниесіне жағымды әсер етіп, оны дамыту мүмкін емес» деп жазады. Баланың қызығуынсыз қабылданған түсінік терең білім негізі бола алмайды. Сондықтан бала эмоциясына әсер етіп, оның  қызығушылығын оятып, білімді қызыға қарау жолдарын үйрету керек. Қызыққан тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және оның дүниетанымын кеңейтіп, дағды мен іскерліктерін жетілдіру жеңілге түседі.

Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болып, қарышты  дамуына сапалы білімі, саналы тәлімі бар отаншыл жастар өлшеусіз үлес қосады. Ұрпақ  үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу , білімге қол жетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақсатанның одан әрі қарыштап дамуы үшін қажет. Жарқын болашақ кепілі–білімді ұрпақ. Тиісінше, жастардың жан–жақты әрі жүйелі білім алуына барлық жағдай жасалып отыр. Бұл-Елбасының қамқорлығы.

Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму бағыттарын қамтамасыз ететін 50 - ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс табуда. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтар Дж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады. Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты.

Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;


• Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді;
• Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану кезеңінде/;
• Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
• Өздеріне белгілі пайдалана алады;
• Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, яғни «Мен» деген сөзді ұғады.

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Осы модуль бойынша оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамуын ойларын саналы түрде  қабылдап жеткізуін көздейміз. Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарыммен пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Сонымен қатар көп ақпаратты таңдай, жинақтай отырып, ішінен қажетті ақпаратын алуына және өз ойын еркін айта білуге үйретеді. Сыни тұрғыдан ойлаудың ең оңтайлы тәсілі-балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Оқушылардың кез келген әңгіменің сапасымен мазмұнын білуі, біз үшін маңызды болып табылады.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Бұл модуль оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де ең қажетті әдіс. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын  көздейді.

Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға шешім бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 49 бет) Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселерді талқылау және тәжірибен ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, оқушының жүйелі ойлауына жол ашады. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқуда да, жазуда да керек тәсіл екеніне көзімді жеткіздім. Сабақ барысында  сыни тұрғыдан ойлау модулін былай кіріктірдім. «Мозайка» стратегиясы кезінде сыни тұрғыдан ойлана отырып, оқушылар кітапты қолдана отырып атомның сызбасын құрастырды. Бұл әдіс оқушыларға сыни тұрғыдан ойландырады, ойлана отырып жауап береді. Нәтижесінде бір-бірінің құрастырған суреттеріне сыни тұрғыдан ойлана отырып, бағалай білді. Сыни тұрғыдан ойлай білетін еркін тұлғаны қалыптастыруға осы әдіс оң әсерін тигізді.

Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген, тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді (49-бет).

Мектеп жасындағы оқушылар сыни тұрғыдан ойлауды есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы, өз шешімдеріне дәлелдер жинау, олар үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытады. Бұл үдерісте оқушылар бақылау, талдау, қорытынды жасау, интерпретация жасайды.Сыни тұрғыдан ойлаудың ашылуы қызығушылығын ояту бұрынғы алған біліммен жаңа білімді салыстыра отырып, сол кезде қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Топта талқылау», «Жұпта талқылау», «Жұмбақ шешу», т.б. әдістер. Қызығушылығын ояту  мен қатар, оқушының белсенділігін арттыру сияқты әдістерден тұрады. Өйткені оқушы өзінің білетінін есіне түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Балалар осы әдістерді қолдана отырып баланың ойы ашылады. Бағдарламаға енгізілген түрлі тәсілдердің бірі мұғалімнің өз тәжірибесі туралы нақты мақсатқа көшу, және тізбектелген сабақтар топтамасын жүйелі түрде енгізу. Осы сәтте бағдарламада қарастырылған жеті модульді пайдалану мақсатында мемлекеттік стандартында көрсетілген мақсаттарды сақтай отырып тәжірибемде тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді сабақ жоспарын және қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасадым. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін таңдаудағы мақсатым оқушылардың ойлау шығармашылық қабілеттерін арттыру, ойын жетік жеткізе алу, алған білімдерін кез-келген жерде қолдана білу, жаңа технологиыны  пайдалана отырып өз ойын толық жеткізуге үйрету. Сыни тұрғыдан ойлау модулінің мақсаты дегеніміз – алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.




жүктеу 77,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау