Бірінші аралық кесінді этностық-мәдени сәйкестіліктің танымдық компонентін қалыптастыруда ана тілін толық меңгеруден басқа, этностық-мәдени сәйкестіліктің аффективті және мінез-құлықтық компонентінің төмендігін көрсетті. Біз оны ата-аналардың даярлығының жеткіліксіздігімен және бала үшін олардың беделінің ролімен байланыстырамыз. Мысалы, мінез-құлықтық компонент көбіне баланың отбасындағы тәрбие ерекшеліктерімен шарттасып жатады. Балалармен жүргізілген әңгімелер, салынған суреттерін талдау арқылы этностық-мәдени сәйкестіліктің бірінші аралық қиығының нәтижесі шықты. Нәтижелер көрсеткендей, этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру процесіне ата-аналарды жұмылдыру керек екендігін көрсетеді, себебі, ата-аналардың қатынасуы және олардың беделі балаға қатты әсер етеді. Сондықтан ата-аналар тарапынан этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру процесіне бағдарлануы отбасының баланың бұл процестің қалыптасуында жетекші роль атқаратынын аша түседі. Балалар әңгіменің нәтижесі отбасында этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру үдерісіне дұрыс назар аударылмайтындығын көрсетеді. Сонымен қатар отбасында балалардың көпшілігі орыс тілінде сөйлеседі. Ата-аналарға ескеретін бір жайт, баламен ана тілінде сөйлесу қажет. Мысалы, олардың көбі «отбасында қай тілде сөйлесесің?», «қазақша мақал-мәтелдер білесің бе?» деген сұрақтарға қиналып жауап берді.
Осыған байланысты екінші кезеңде тәрбиешілермен біріге отырып ата-аналардың этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру процесіне даярлығы бойынша жұмыстар жүргізілді. «Ата-аналар» клубы ұйымдастырылды. Бұл жұмыстардың нәтижелері ата-аналардың бала тәрбиесінде өз ұлтының салт-дәстүрлеріне мән бере басталғанын көрсетті. Олардың этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастыру бойынша әдебиеттерге т.б. қызығушылықтары байқалды. Ата-аналардың бұл жұмыс барысында қызығушылықтарының өсуі, білімдерін тереңдетуге ұмтылысы, этностық-мәдени сәйкестілікті саналы түрде игеруі қалыпты мәселеге айналды.
Біздің құрастырған бағдарламамыз қазақ ұлттық педагогикасындағы отбасымен байланысты тақырыптар мен сұрақтар блогымен, этнорольдік тұрғыдан келумен толықтырылды. Тәрбиешілер балаларға ата-аналармен бірлесе орындайтын тапсырмаларды берді. Мысалы, «Отбасы мүшелерінің суретін сал», «Қазақ халқының мерекелері», «Ата-анаға, құрбысына деген сүйіспеншілік пен сыйластықты тәрбиелейтін халық немесе авторлық ертегіні таңдау» және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |