Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі



жүктеу 1,32 Mb.
бет1/6
Дата25.11.2017
өлшемі1,32 Mb.
#1778
  1   2   3   4   5   6

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бұрынғы Кеңес Одағының аумағында жаңа тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін осы мемлекеттердегі экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайдың түбегейлі өзгеруіне байланысты жаңа мәселелер туындады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты.

Жүргізіліп отырған елдің «ашық болуы» саясаты, эмиграцияға байланысты көзқарастардың либералдануы халықтың Қазақстаннан басқа елдерге қоныс аударуларын күшейтіп жіберді, мұның өзі еңбек әлеуетін азайтты. Қазақстан үшін жоғары білікті кадрлардың ғылым саласынан іс-әрекеттің басқа салаларына ауысып кетуі көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Сонымен қатар Қазақстанға шетелдерден халықтың көп көлемде көшіп келуі тән болып отыр. Бұл мемлекеттік шекаралардың ашық болуына, республиканың геосаяси орналасуына, ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, сондай-ақ көші-қон жөніндегі заңдардың жетіліспегендігіне, әрі көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты туындап отыр. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы, оның нарықтық қатынастарға мақсатты түрде бағыт алуы Қазақстанды шетел капиталы мен жұмысшы күші үшін тартымды етіп отыр. Мұның өзі Қазақстандағы халық санының өзгерулеріне әсер етуде. Елге көшіп келушілерге байланысты жаңа мәселелер туындауда.

Экономикалық реформалардың тереңдей түскен кезінде елдің демографиялық жағдайында едәуір өзгерістер болуда, бүкіл елдегі және Қазақстан Республикасының аймақтарындағы көші-қон үдерістерінің сипатына, түрі мен бағытына маңызды түзетулер енгізілуде, республиканың еңбек ресурстарының едәуір бөлігі босап шығуда. Халықтың миграциялық жылжымалылығының қарқындылығы да сөзсіз өсіп келеді.

Жан-жақты әлеуметтік-экономикалық, аймақтық даму, өмір сүрудің, халықты жұмыспен қамтудың, оның табысының және экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу мәселелері маңызды болып табылады. Дамудың объективті факторларынан туындаған Қазақстанның аймақтарының дамуының әркелкілігі мәселесі жұмыспен қамтудың құрылымын жетілдіруді талап етіп отыр.

Жаңа жұмыс орындарының экстенсивті жолмен пайда болуы және қол еңбегі мен механикаландырылмаған жұмыстың үлес салмағының сақталуы кәсіпорындарға білікті емес еңбек ресурстарының жаңа ағынын үнемі әкеліп отыруды қажет етуде. Сонымен бір мезетте әлеуметтік инфрақұрылыммен нашар қамтамасыз етілуі жоғары білікті кадрлардың тұрақтамауының жоғары деңгейіне әкеліп соғуда және негізінен беделі төмен жұмыс орындары ғана толығып отырады.

Тұтастай алғанда, нарықтық қатынастар жағдайында көші-қонның экономикаға функционалдық әсері мақсаттық емес сипатта болады, ол нарықтық құрылымдардың конъюнктурасының кеңістігіне кірігеді.

Бұл зерттеу жұмысында көші-қон үдерістерінің себептік-салдарлық кешеніне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осы үдерістердің болуы мүмкін теріс экономикалық салдарларына қарсы күресу мүмкіндіктеріне барынша назар аударуға күш салынды.

Зерттеу жұмысы тақырыбының көкейкестілігі көптеген факторлармен анықталып отыр, олардың қатарына қазіргі заманғы экономиканың теориялық негіздерін дамыту үрдістері, сондай-ақ қоғамдық-мемлекеттік қажеттіліктер жатады.

«Көші-қон үдерісі» түсінігі адам ресурстары өндірісі, үлестірілуі, алмасулары және тұтынулары тұрғысынан алғандағы қоғамдық қатынас салаларының негізгі белгілерінің кең ауқымын қамтиды.

Халықтың көші-қонының жаңа сипаттағы экономикаға өту үдерісіне ықпалы ұлғая түскен сайын, осы үдерісті реттеудің біртұтас жүйесін жасауға қажетті оның табиғаты мен мәнін, әрқилы түрлерін және деңгейлерін, әдістемелік ұстанымдарын зерттеудің көкейкестілігі арта түседі.

Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында болашақ дамудың: көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған дамушы елдің шаруашылық жүйесінен бастап, көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі кең спектрі бар. Оның үстіне мұндай таңдау — республика халқының саны ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге дейін төмендеуі мүмкін.

Халықтың қандайда бір бағыттағы механикалық қозғалысын қолдау немесе қарсы әрекет жасау әрқилы факторларға байланысты болады, соның ішінде өзгерулердің қандайда бір стратегиясына байланысты болған нарықтық орта мен нарықтық институттарды жетілдіру үшін таңдап алынған механизмдер едәуір рөл ойнайды.

Сонымен қатар, қазіргі заманғы экономиканың жоғары қарқынмен өзгерулері жағдайында болып жатқан оқиғаларда бірқатар елдердің түпкілікті емес халықтың саны басым болған мемлекетке айналу қаупінің шындыққа айналып келе жатқанын байқауға болады. Соған орай көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жүйелі тұғырнамалық талдап-зерделеудің қажеттігі мәселесі алға шығады.

Өкінішке орай, қазіргі таңда көші-қон үдерістерін кеңестік социалистік дәуірден кейінгі дамумен байланыстыратын теориялық тұжырымдама қалыптасқан жоқ, ал оны реттеу жөніндегі ұсыныстар мәселенің тек кейбір жақтарына ғана қатысты болып отыр, ол тұтастай сипатқа ие емес.

Әрине, көші-қон үдерістерін зерттеулер жүргізілуде, алайда олардың ауқымы жеткіліксіз және өзара байланыстырылмаған. Олар негізінен көші-қонның ең кең тараған көріністерін зерттеуге бағытталған. Көші-қонның осындай аспектілерінің бірі еңбек миграциясы болып табылады, оның үстіне көп жағдайда мұндай зерттеулердің нәтижесі дамыған индустриялық дәуірден соңғы елдер үшін дұрыс болып табылатын тұжырымдамаларды қайталайды. Бұл жағдайда әңгіме осы құбылыстың себептері жөнінде болып отыр — басты себеп ретінде жалақының төмен болуы көрсетілуде. Мұндай көзқарас мәселені тым қарабайырландырып жібереді, себебі, бұл жағдайда өндірістің типтері мен қозғаушы күштерінің модельдерінен бастап экономикалық дамудың мақсаты мен құралдарына дейінгі экономиканың барлық құрам бөліктерінің іс жүзіндегі өзгерулеріне байланысты туындайтын өтпелі экономиканың заңдылықтары есепке алынбайды. Бұл жағдайларда өздігінен алғанда жалақы деңгейінің көші-қонның көлеміне әсері аз болады.

Сонымен қатар, мұндай зерттеулердің эвристикалық мүмкіндіктерін атап өте отырып, қалай дегенмен де, көші-қонның экономикаға әсерінің — өтпелі экономиканың даму заңдылықтарымен байланыстырылған және өз ішіне көші-қонның теориялық моделін (түсініктік аппаратын, факторларын, функциясын, формалары мен түрлерін), оның жағдайын және даму үрдістерін бағалайтын, оның дамуының қозғаушы күші болған себеп-салдарлық кешенін зерттейтін, оны реттеудің негізгі бағыттарын айқындауды қамтитын тұтастай ғылыми тұжырымдамасы қажет екенін айта кету керек.

Көші-қонның қазіргі заманғы экономикаға ықпалының өсуі мен кеңеюі жағдайында, оның табиғатын, құрылымын жүйелі талдап-зерделеудің көкейкестілігі қазақ қоғамының, сондай-ақ кеңестік дәуірден кейінгі мемлекеттердің практикалық қажеттіліктерімен байланысты болып отыр. Бірқатар елдерде көші-қон үдерістерінің ақылға сай келмейтіндей ұлғайып кетуі осы мемлекеттердің тұрақтылығына және демографиялық, экономикалық өмірінің беріктігіне әсер етуі мүмкін.



Мәселенің ғылыми зерттелу дәрежесі. Көші-қон үдерістерінің экономикаға ықпалына байланысты мәселелерді теориялық талдап-зерттеулер шетелдік және отандық мамандардың ілім-білімнің әрқилы салаларында алған нәтижелерін пайдалануды көздейді. Соған орай, белгілі бір салдарлары бар, негізінен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және демографиялық өмірінің әрқилы тараптарына теріс ықпалын тигізетін көші-қонның өсуіне және кеңеюіне байланысты мәселелердің көкейкесті болуы ғылыми қауымның осы мәселеге көзқарасын анықтап отыр. Көші-қон үдерістерінің табыстарды қайта бөлістіру жүйесіне, мемлекеттік бюджеттің жағдайына, бәсекелестік режиміне әсер етуі, жаңа тәуелсіз мемлекеттерде бизнестің әрқилы түрлерімен шұғылданатын кәсіпкерлердің санының өсуі және т.б. көші-қонның мәнін, сондай-ақ оның себеп-салдарлық кешенін жан-жақты терең теориялық ой елегінен өткізудің қоғамдық қажеттілігін туындатып отыр. Соған байланысты осы проблематиканың әрқилы теориялық аспектілерін зерттеп-зерделеу оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін талдаумен үйлестірілді.

Бұлардың бәрі төмендегі батыс ғалымдарының зерттеу жұмыстарында көрініс тапқан: Дж. Симон, А.Акбари, Х. Борхас, А.Смит, Т.Мальтус, Т.Жанн, Ж. Кольбер, С.Фортрей, К.Маркс, Н.Джексон, Дж.М.Кейнс, М.Фридмен, А.Маршалл, және тағыда басқа ғалымдарды атауға болады.

Батыс зерттеушілерінің көп санды еңбектері көші-қон үдерістерінің еңбектік миграцияның еңбек нарығына ықпалы тәрізді салмақты мәселесін зерттеуге арналған. Көші-қонның және оның әлеуметтік аспектілерінің мәселелеріне арналған еңбектердің саны өсуде, оларда әлеуметтік даму үдерісінің көпмәнділігі және қарама-қайшылықтары көрсетілген, көші-қонға кедейшілік, әлеуметтік қамтамасыз етудің деңгейі, еңбек нарығының жағдайы, жұмыссыздықтың деңгейі тәрізді жәйттердің ықпалы талданған.

Көші-қонды тек қана экономикалық тұрғыдан емес, сондай-ақ демографиялық, тарихи, саясаттану пәндерінің тұрғысынан да қарастырылған еңбектерде көші-қон үдерістерінің мәні мен табиғатын түсінуге қажетті аса маңызды жалпы теориялық және әдістемелік ережелер кездеседі.

Көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жалпы теориялық және әдістемелік талдап-зерттеуге, социалистік кезеңнен кейінгі жағдайлардағы өзгерістер дәуірінде көші-қонды реттеу жолдарын іздестіруге қажетті аса маңызды көзқарастар Ресейдің төменде аты аталған белгілі ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің еңбектерінде кездеседі: В.Зеленский, С.Панарин, Е.Красинец, Е.Тюрюканова, В.Ионцев, Г.Кумсков, Л.Рыбаковский, Н.Токарская, А.Вишневский, Е.Виноградова және тағы басқалар.

Осы зерттеліп отырған тақырып үшін Қазақстанда жүргізіліп отырған экономикалық реформалардың мәселелерін зерттеуге арналған отандық (қазақ) ғалымдарының зерттеу еңбектері аса маңызды мәліметтер береді. Олардың арасынан академик К.Сағадиев, Н.Мамыров, Ю.Шокаманов, М.Тәтімов, Л.Тимошенко, Т.Рогачева, Е.Арын, М.Мелдаханова, А.Сатыбалдин, Т.Есполов, Х.Берешев, К.Ахметов және басқалардың жұмыстарын атап өткіміз келеді.

Сонымен қатар, көші-қонның экономикаға әсерін тек генезисі мен құрылымын ғана емес, сондай-ақ өтпелі экономика шеңберіндегі қызметінің ерекшеліктерін де есепке ала отырып, барынша толық және күрделі қалпында тұжырымдамалық тұрғыдан зерттеп-зерделейтін жұмыстардың саны аз. Осы проблематикаға арналған жұмыстарда өтпелі экономиканың заңдылықтарына байланысты мәселелер нашар зерттелген. Ғалымдардың, экономистердің, саясаткерлердің тарапынан қазіргі заманғы экономикалық тақырыптарды зерттеуге деген үлкен қызығушылықтың болуына қарамастан, осы мәселенің аса маңызды бірқатар аспектілері жеткіліксіз зерттелген күйде қалып отыр.

Осы мәселені зерттеу кезінде туындайтын қиыншылықтар — социалистік дәуірден кейінгі кезеңдегі өтпелі дамудың және олардың миграциялық үдерістердің дамуымен және ұлғаюымен өзара байланысының заңдылықтарының сипаты жөніндегі теориялық-әдістемелік көзқарастардың жеткіліксіз талданып-зерттелуіне байланысты туындап отыр. Өтпелі кезеңнің ерекшеліктерін есепке алғанда, халықтың, соның ішінде жоғары білікті кадрлардың көші-қонын реттеуді талдап-зерделеуге арналған ғылыми дайындамалар жеткіліксіз. Осы айтылғандардың бәрі көші-қон үдерістерінің мәселелерін және олардың қазақ экономикасына ұлғайып бара жатқан әсерін зерттеуге арналған осы диссертациялық зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға негіз болды.



Зерттеу жұмысының объектісі Қазақстан Республикасының социалистік дәуірден соңғы қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы болып отыр.

Зерттеу жұмысының тақырыбы — Қазақстандағы қазіргі заманғы көші-қон үдерістерінің дамуы.

Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты — көші-қонның экономикаға әсерінің теориялық және қолданбалы мәселелерін, оның мәнін, себептері мен нарықтық жағдайдағы қоғамның дамуына келтіретін салдарларын, оны реттеу мақсатында жүргізілетін экономикалық саясаттың ең дұрыс жолдарын таңдаудың теориялық-әдістемелік негіздерін кешенді зерттеу болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі өзара байланысты міндеттерді алға қою және шешу қажет деп есептейміз:

- қазіргі заманғы экономикалық ойдың көші-қон проблематикасына қатысты негізгі көзқарастарын қорытындылау арқылы көші-қон үдерістерінің мәні мен ерекшеліктерін және нарықтық жағдайдағы экономикалық іс-әрекетке ықпалын анықтау;

- көші-қон үдерістерінің дамуының халықаралық үрдістерін, негізгі түсініктері мен категорияларын талдап-зерделеу;

- көші-қондық көңіл-күйдің пайда болуына негіз болған себептердің кешенін, көші-қонның мемлекеттің экономикалық саясатымен және нарықтық экономикасы бар қоғам дамуының әрқилы әлеуметтік жәйттерімен өзара байланысын тұғырнамалық талдау;

- еңбектік көші-қонның даму үрдістері тән болған өтпелі экономикадағы заңдылықтардың қатынастарын зерттеу. Диссертациялық зерттеу жұмысының проблематикасына қатысты әрқилы көзқарастарды пайдалана отырып, көші-қон үдерістерін реттеу механизмінің мазмұндық тараптарын ашу;

- көші-қонды мемлекеттік реттеудің құрамдық элементтерін анықтау.



Диссертациялық зерттеу жұмысының әдістемелік негіздері. Әлемдік экономика ғылымының дайындап шыққан теориялық ережелері, сондай-ақ ТМД елдері мен алыс шетелдің экономист-ғалымдарының еңбектері осы зерттеу жұмысына бастапқы негіз болды.

Бұрын социалистік блокқа енген Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық экономикаға айналды деген болжам осы зерттеу жұмысының бастау көзі болды. Диссертациялық зерттеу жұмысының алға қойған мақсаттарына жету және басты міндеттерін шешу үшін көші-қон — кешенді талдап-зерделеуді қажет ететін күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс деген ереже негіз ретінде алынды. Көші-қонды зерттеу кезінде әрқилы ғылыми көзқарастардың, соның ішінде статистикалық және динамикалық әдістерді, салыстырмалы және факторлық талдауды пайдаланған талдаулардың үйлесімі қажет екендігі даусыз. Сонымен қоса көші-қон үдерістерінің экономикаға ықпалын зерттеудің әдістемелік құралдарының арасында мәселені біртұтастық пен жүйенің «экономика — қоғам — адам» элементтері арасындағы өзара байланысы және өзара әрекеттесуі арқылы талдап-зерделеуге мүмкіндік беретін жүйелік-генетикалық көзқарастар біршама маңызды рөл атқарады. Бұл жұмыста экономикалық зерттеулердің жалпыға мәлім әдістері және танымның жалпы ғылыми әдістері ғана кеңінен пайдаланылып қойылған жоқ, сонымен қатар, мәселені оның динамикасында қарастыруға мүмкіндік беретін құрылымдық-әрекеттік әдіс те қолданылды. Біздің пікірімізше, осылардың бәрі диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижелерінің шынайылығын және тұжырымдарының негізділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.



Диссертациялық зерттеудің ғылыми сонылығы. Негізінен, көші-қонның нақты құрамдарын талдауға бағытталған халықтың көші-қоны мәселесіне байланысты бұрын жүргізілген зерттеулерден ерекшелігі — бұл жұмыста көші-қонның экономикаға әсері кешенді феноменінің мәні мен табиғаты және оның нарық жағдайындағы ерекшеліктері анықталған. Көші-қондық көңіл-күйдің өсуіне ықпал ететін себептерді дәстүрлі түсіндірулерді, өтпелі экономикада болып жатқан үдерістерді есепке ала отырып, кеңейтудің қажеттігі дәлелденген. Экономикадағы және әлеуметтік саладағы дағдарыс көші-қондық үдерістердің себебі де, қозғаушы күші де болуы мүмкін екені, сондай-ақ бұл тәуелділіктің кері жағдайда да дұрыс болатындығы көрсетілген. Шындығында да, халықтың көші-қоны экономиканы реформалаудың немесе оның дағдарысының аса өткір салдарларын жұмсартушы ретінде қызмет атқарады. Көші-қон үдерістерінің қазіргі заманғы нарықтық экономиканың заңдылықтарымен, микро- және макроэкономикалық үрдістерімен байланысы анықталған.

Қазіргі бар көзқарастарды сыни тұрғыдан салыстырудың негізінде сыртқы, сондай-ақ ішкі көші-қонды мемлекеттік реттеудің жолдары мен келешегі анықталған.

Сонымен, бұл диссертациялық зерттеу жұмысы өте күрделі және көптарапты мәселе болған — көші-қондық үдерістердің қазіргі заманғы экономикаға әсері жөніндегі ғылыми зерттеулердің үдерісіне белгілі бір үлес қосады.

Ізденушінің алған ғылыми нәтижелері. Ізденуші зерттеулердің барысында төмендегідей нәтижелер алды (қорғауға шығарылған негізгі ережелер).

1. Миграциялық үдерістердің ұлғаюы мен дамуының экономиканың жағдайымен, оның институционалдық құрылымы мен елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, сондай-ақ адам проблемаларымен, оның тиісті жағдайлардағы саналы таңдауымен өзара байланысы және өзара тәуелділігінің механизмі көрсетілді.

2. Көші-қонның көп аспектілі және өте күрделі құрылымының сипатын зерттеудің негізінде халық көші-қонының табиғаты мен мәні анықталды, өзгерулер үдерісін бастан кешіріп жатқан елдер үшін көші-қонның ұлғаюының әлеуметтік-экономикалық салдарлары көрсетілді.

3. Кеңес дәуірінен кейінгі нарықтық экономика жағдайында адамның көші-қон үдерісіне тартылуына демократиялық және нарықтық институттардың дамымағандығы, көші-қон заңдарының түсініктілігі мен күрделілігінің деңгейі, еңбекақы деңгейінің төмен болуы, мемлекеттің көрсететін қызметтерінің сапасының нашар болуы ықпал ететіндігі көрсетілді.

4. Әлемдік экономиканың заңдылықтары және онымен ілесіп отыратын макроэкономикалық үрдістер Қазақстан Республикасы сияқты реформаларды жүзеге асырып отырған елдерде жоғары білікті кадрлардың шетелге кетуінің ұлғаюының қуатты қозғаушы күші болып табылатындығы дәлелденді.

5. Көші-қондық үдерістерді реттеуші көші-қондық және экономикалық саясаттың міндеттері мен критерийлерін қайта қараудың қажеттігі негізделді. Білікті еңбектің отандық нарығын қалыптастыру бойынша шаралар экономикалық саясаттың құрам бөлігіне айналуы тиіс.



Зерттеу жұмысының нәтижелерінің практикалық маңызы. Диссертациялық жұмыстың барысында алынған нәтижелер көші-қон үдерістерінің экономикаға ықпалы мәселесін және көші-қон стратегиясының орта мерзімдік,сондай-ақ ұзақ мерзімдік сипаттағы тұжырымдамасын одан әрі қарай дайындап жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін. Толыққанды нарықтық экономиканың қалыптасуының білікті еңбек нарығының дамуына байланысты болған қарама-қайшылықтары мен мәселелерін тұғырнамалық талдап-зерттеу экономикалық теорияның бұдан әрі қарай ғылыми және практикалық жасалымдарын дайындау кезінде көмегі тиюі мүмкін. Ең ақыр аяғында, зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер ең алдымен толыққанды нарықтық қатынастарға өту үдерісі кезіндегі халықтың көші-қонының сипаты, рөлі және салдарларын жаңаша түсінуге мүмкіндік беретін аса маңызды теориялық ережелермен байланысты.

Экономикалық дамыған елдердегі, сондай-ақ бұрынғы жоспарлық-үлестірушілік экономикадағы өзіне сәйкес құбылыстардан ерекшеленетін көші-қондық үдерістердің себептік кешендері жөніндегі түсініктер де практикалық тұрғыдан маңызды болып табылады.

Диссертацияның шынайы шаруашылық практикаға тікелей қатысатын тұсы көші-қон үдерістерінің экономикаға ықпалының заңдылықтарын негіздеу болып табылады. Осылардың бәрі жоғарыда көрсетілген бағдарламалар мен тұғырнамаларда есепке алынуы мүмкін.

Бұл зерттеу жұмысының нарықтық экономикаға өтудің мәселелері мен болашағын зерттеудің кезінде жүргізілгеніне және жетілдірілгеніне байланысты оның кейбір ережелері мен қорытындылары Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының Салалық Бағдарламасында өз көрінісін тапты, директивтік органдарға жіберілген ғылыми есеп берулер мен ұсыныстары бар жазбаларға енді. Бұл зерттеу жұмысының нәтижелерін автор өзінің Қазақтың Ұлттық Аграрлық Университетінде лекциялар оқуы кезінде пайдаланды.



Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертацияның тақырыбы бойынша 1 жеке монография, 2 оқу құралы, 35 ғылыми мақала жарияланды, оның жалпы көлемі - 33 баспа табақты құрады.

Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 5 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымша кестелерден тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Көші-қон үдерістері дамуының теориялық және әдістемелік аспектілері.

Халық миграциясы қоғамдық өндірістік қатынастардың халықтың қозғалысымен байланысты белгілі бір тарапы болып табылады. Өндірістік күштердің дамуы халықтың миграциялық қозғалысының ең басты, ең терең себебі болып табылады: өндірістік күштердің дамуы деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, әлеуметтік өзара байланыстары мен өз ара қатынастарының деңгейі соғұрлым жоғары. Оның үстіне әңгіме өндірістік күштер жөнінде болғанда, бұл өз ара қатынастар еңбек бөлінісі саласындағы өндірістік қатынастар болып табылады. Өндірістік күштердің дамуымен халықтың кәсіби және аумақтық жылжымалылығының өсуіне негізделіп қоғамдық еңбектің өнімділігін көтеретін өндірістің және көліктің, коммуникациялар мен ақпараттық технологиялардың құралдары жасалады. Адамдардың мұндай күрделеніп, тармақталып бара жатқан қарым-қатынастарының сипаты қол жеткен еңбек бөлінісі деңгейінен келіп шығады.

Біз халықтың миграциясын еңбек бөлінісінің ең алдымен өндіріс саласына, иелену, меншікке алу салаларына қатысты екенін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырамыз. Адамдардың өндірістік өзара әрекеттесуімен байланысты болған миграциялық үдерістердің нәтижесінде меншік мәселелері басшылыққа алынады — адамдардың еңбек бөлінісімен шартталған іс-әрекетінің нәтижесінде жасалатын қоғамдық байлықты иелену көзделеді. Әрине, адамдардың мұндай қозғалыстарында әрдайым экономикалық және әлеуметтік мүдделердің қатысы болады, бұның өзі халықтың көшіп-қонуға ниеттенуінің негізгі өзегі болып табылады. Егер, тіпті көшіп-қонудың себебі отбасылық жағдайлар немесе кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асырудың үлкен мүмкіндіктері, я болмаса қолайлырақ табиғи-климаттық жағдайлар, әлде ұлтаралық қақтығыстар болған күннің өзінде миграциялық үдерістердің қалыптасуының түпкілікті себептерін талдап-зерделейтін болсақ, оның негізінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мүдделер жатқанын көрер едік.

Әрқилы аумақтар бойынша адамдардың қозғалу процесі түріндегі көші-қон процесі өндіріс факторларының орын ауысуы теориясымен тығыз байланысты болады, сол себепті де, уақыт бойынша ресурстардың өзгеруі шеңберінде адам капиталының қозғалыстарының себептерін талдаудың қарапайым үлгісі ретінде қарастырылуы мүмкін. Әлеуметтік категория ретінде көші-қон сандық мәліметтерді бақылап отыру және адамдардың кеңістік пен уақыт бойынша қозғалыс үрдістері дегенді ғана білдіреді. Экономикалық құбылыс ретінде адамдардың орын ауыстыруын талдау осындай қозғалыстардың салдарын талдауда үлкен мәнге ие болады. Бұндай салдарлар кейде аса үлкен болады, соған сәйкес қазіргі заманғы геоэкономикалық кеңістікте еңбек ресурстарының орын ауыстыруларына көп санды шектеулер қойылады — барлық елдер дерлік иммиграцияға шектеулер қояды, олар миграцияны капиталдың ауысуы түріндегі экономикалық процесс ретінде қарастырады, өздерінің қарамағындағы ең өнімді ресурс ретінде қарайды, себебі, экономист-ғалымдар басқа кез келген ресурстар тек адамдардың көмегімен пайдаланылуы мүмкін екенін әлдеқашан дәлелдеп шыққан. Адамдарсыз, олардың өндірістік процестерге қатысуынсыз табиғи ресурстар да, заттанған капитал да (негізгі қорлар) және көптеген технологиялық процестер де іске аспай қалады, яғни ресурстардың басқа түрлерінің тиімді пайдаланылуы адам еңбегінің сапасына, санына және тиімділігіне тәуелді болады, дегенмен, егер адам капиталы жетіспейтін болса, капиталдың басқа түрлерін жоғары деңгейде тиімді пайдалану мүмкін болмай қалады. Бұл ереже геоэкономикалық кеңістіктегі капиталдың қозғалысын бағалаудың қажеттігімен қоса алғанда адам ресурстарының саны мен сапасының өзгеруін бағалаудың және оның әрбір мемлекеттің болашағына тигізетін салдарын бағалаудың әдісі ретінде көші-қонды экономикалық тұрғыдан талдаудың қажеттігін туғызады. Бұл жағдайда экономика ғылымдарының обьективтік заңдылықтары бойынша Жер (Т) мен еңбек (L) шектеулі мөлшердегі бірден-бір ресурстардың түрлері болып табылады. Сонымен қандайда бір ел басқа жағдайлардың бәрі тең болғанда қандайда бір өнімнің түрін өзінде жоғарыда аталып өтілген ресурстар жеткілікті болған жағдайда ғана өндіре алады деп болжамдалады. Бір жағынан осы факторлардың бар болуы және сол экономикадағы өнімді өндірудің ара қатынасы елдің өндірістік функциясы [Q (T, L)] деп аталады, оның шамасы 1 суретте көрсетілгендей түрде ғана өзгереді.







Q өнімі Шекті еңбек өнімі, MPL

а) Еңбек L б) Еңбек L

Ескерту — автор теориялық көздер бойынша жүйелеп шыққан

1 сурет — Ұлттық экономиканың өндірістік функциясы ретіндегі адам ресурстары

1 суреттен көріп отырғанымыздай, еңбек ұсынысы көп болған сайын соғұрлым өнім өндірісі көп болады (1. а), сонымен бір мезетте еңбектің шекті өнімі жұмысшылардың саны көбейген сайын азая береді (1. б), мұның өзі графикте бейнеленген, шекті өнім қисығының астындағы алаң жалпы өнімге тең болады.

Енді жұмысшы күші кез келген капиталдың ауысуы принципіне сәйкес елдер арасында қозғала алады деп болжамдайық. Мұндай қозғалыстар бір елдегі жұмысшы күші санын азайтады, соған орай ондағы шынайы еңбекақының көлемін көбейтеді, жұмыссыздықты азайтады, яғни еңбек нарығындағы бәсекелестікті күшейтеді, бірақ сонымен бір мезетте ұлттық экономиканың орындалу мүмкіндігін, оның өндірістік және шекті өнімін күрт азайтып жібереді. Сонымен бір мезгілде басқа елдерде адамдардың, яғни жұмысшы күшінің қозғалысына кедергілер болмаған жағдайда шынайы еңбекақы, халықтың табысы азаяды, бірақ өнімнің саны көбейеді, соның салдарынан нарық экономикасы жағдайындағы ұсыныстың өсуінің нәтижесінде оң өзгерістер болады (баға төмендейді, өнімнің сапасы жоғарылайды, жаңа тауарлар қызу іздестіріле бастайды және т.б.).

Қазіргі заманғы ғылым халықтың қозғалысының негізгі үш түрін бөліп көрсетеді:

- табиғи қозғалысы (туылу мен қайтыс болу динамикасы);

- кеңістіктегі қозғалысы (көші-қондық);

- әлеуметтік қозғалысы (адамдардың қоғамының әлеуметтік - экономикалық құрылымындағы жағдайының өзгеруі).

Қозғалыстың әлеуметтік түрі әлеуметтік жылжымалылықпен, яғни әлеуметтік мәртебесінің өзгеруімен теңдестіріледі. Туылу мен қайтыс болу үдерістері негізінде адам ұрпақтарының ізбе-із ауысып отыруы, олардың табиғи қозғалысы ретінде қаралады. Табиғи және әлеуметтік қозғалыстардан көші-қондық қозғалыстың ерекшелігі, ол халықтың тұрғылықты орнын біржолата немесе азырақ не көбірек уақытқа өзгертуіне байланысты кеңістіктік орын ауыстыруы болып табылады. Халықтың қозғалысының осы әрқилы түрлері өзара байланысты және өзара тәуелді болып келеді, сол себепті де халықтың қозғалысы бірегей тұтас қозғалыс ретінде қаралады.

Халықтың көші-қоны түсінігін кең және тар мағынада түсіндірулердің бар болуы экономикалық, демографиялық, әлеуметтанушылық зерттеулерде оны жіктемелеуге және анықтауға әрқилы тұрғыдан келуге әкеліп соқты. халықтың көші-қонының барлық анықтамаларын төмендегіше қарастыратын төрт негізгі позицияларға топтастыруға болады:

- халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы;

- халықтың аумақтық қайта бөлістірілуінің формасы;

- халықтың жылжымалылығының формасы;

- халықтың әлеуметтік сипаттамасын қоса алғандағы оның аумақтық қозғалысының формасы.

Біздің пікірімізше, көші-қонды халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы ретінде анықтау зерттеу еңбектері үшін ең ыңғайлысы болып табылады. алайда, Ғылыми еңбектерде адамдардың қанша уақытқа орын ауыстырғандары және осы кездердегі олардың көздеген мақсаттары жөнінде едәуір алшақтықтар бар. Сол себепті де халықтың көші-қонының тар және кең түсіндірулерінің қажеттігі туындады. Алғашқы жағдайда халықтың көші-қоны тұрақты өмір сүру орынын ауыстырумен аяқталатын халықтың аумақтық орын ауыстыруларының түрі ретінде көрініс табады, ал кең түсіндірілгенде — маусымдық, маятниктік және эпизодтық сипаттағы түрлері де енетін аумақтық орын ауыстыруларының жалпы жиынтығы болады.

Көші-қонның қарама-қайшылықсыз және әмбебап теориясын жасау, қандайда бір көзқарастардың көбірек немесе азырақ дәрежедегі негізділігін анықтау үшін қолданылған іс-шаралардың басты мақсаты қазіргі заманғы көші-қон дамуының үрдісін талдауда қолданылатын әдістемені дайындау болып табылады. ТМД елдерінің аумағында жүріп жатқан көші-қон үдерістері талданған кездері, әдетте, олардың бұрын-соңды болмаған бірегей құбылыс емес екендігі, сол себепті әлдеқашан қолданыста жүрген тұжырымдамаларды қайта қараудың қажеті жоқтығы назарға алынады.



  1. кесте - Ғалымдардың көші-қонға қазіргі заман тұрғысынан көзқарастары

Көші-қонның себептері

Қоғамдағы жағдайға тигізетін әсерлері

Көшіріп-қоныстандырудан түсетін экономикалық тиімділіктерді іздестіру

Білімі мен біліктілік деңгейі жоғары азаматтардың кетуінен келетін шығындар

«Пайдалы» қызметтерді іздестіру

Елдердің арасында өндіріс факторларын қайта бөлісуден келетін шығындар

Психологиялық факторлар

Қоғамдағы жағдайдың тұрақсыздануы

Тілге байланысты кедергілер

Әлеуметтік желілер мен делдалдардың арасындағы тепе-теңдіктердің жойылуы, қоғамдағы тұрақсыздық

Әлеуметтік көмекті пайдалану мүмкіндігінің болмауы

Жұмыссыздықтың көбеюі, эмиграцияның ұлғаюы, қоғамдық құрылымдар үшін өндіріс факторлары ретіндегі адамдардың азаюы

Ескерту — автордың өзі дайындаған

Екі қажеттіліктер тобы көші-қондық үдерістерді туындатушы көздер болып табылады:



  1. өндірістің дамуының экономикалық заңдылықтары (объективтік факторлар);

  2. қоныс аударушы еңбек ресурстарының мүдделерін көрсететін материалдық және рухани қажеттіліктер (субъективтік факторлар).

Көші-қонға қатысты алғанда халық факторы ерекше үйлесімінің және өзара әсерінің арқасында халықтың әрқилы аумақтық орын ауыстыруларына әкеліп соғатын жағдаяттар мен шарттрдың қандай да бір жиынтығы ретінде қаралады. Факторлардың, халықтың өмір сүру жағдаяттарын құрайтын объективтік компоненттердің аумақтық ерекшеліктерін, сондай-ақ, құрылымдық факторларды есепке алатын әр түрлі жіктемелері бар (2 сурет).

Көші-қон факторларын жіктемелеу сияқты, оның құрылымының құрам бөліктерін топтастыру да әмбебеап сипатқа ие емес екендігін атап өту керек. Кейбір зерттеушілер факторлардың екі: экономикалық және әлеуметтік топтарын бөліп көрсетеді, басқалары экономикалық факторларға табиғи-климаттық, этникалық, демографиялық, моралдық-психологиялық факторларды қоса отырып, бес тобын көрсетеді.



Көші-қон факторларының бір-бірінен түбегейлі ажыратылып тұруы, оның табиғатына да қатысты, соның салдарынан көші-қон үдерістерін тиімділеу үшін қандайда бір факторларды пайдаланудың мүмкіндігі әр тарапты, қарама-қайшылықты болып келеді. Айталық, табиғи-климаттық факторлар көші-қонды реттеу тұрғысынан алғанда іс-жүзінде басқаруға келмейді. Демографиялық, этникалық, моралдық-психологиялық факторларды тек жанама түрде ғана басқаруға болады. Нарықтық қатынастар жағдайында көші-қонның этникалық, әлеуметтік, әкімшілік факторлары тікелей ретеудің объектісі болуы мүмкін.

2 сурет - Халық көші-қонының жалпы факторлары


Сонымен бір мезетте, білікті кадрлардың халықаралық миграциясы өседі деп болжамдауға толық негіз бар, олардың ағындарының сандық мөлшерінің біршама дәл шамасын болжамдау қиын және осы санаттағы жұмысшылардың халықаралық еңбек көші-қонының белгілі бір моделдерін құру да қиын. Бұл білікті кадрлардың халықаралық көші-қонының едәуір дәрежеде трансұлттық корпорацияларға (ТҰК) және олардың, жұмыс күші ағындарының ғаламдасуына ықпал ететін, өз ішкі еңбек нарығындағы корпоративтік стратегиясынан тәуелді болатындығымен түсіндіріледі. Жаңа ақпараттық технологиялар белгілі бір салаларды толықтай шетелге көшірудің шынайы мүмкіндіктерін жасап, шетелдік мамандардың интеллектуальдық және басқа да қабілеттерін, еңбек дағдыларын оларды физикалық орын ауыстырмай-ақ пайдалануға мүмкіндік береді, бұның өзі мамандардың көшіп-қону қажеттілігін біршама азайтады. Сонымен қатар, ТҰК индустриалды дамыған әлемнің орталағында жоғары білікті еңбекті қажет етумен қатар, сондай-ақ шет аймақтарда нашар дамыған елдерде де осындай еңбекті қажет етеді. Демек, жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады:

  1. Иммиграциялық үдерістер үстеме табыс алуға мүмкіндік беретіндіктен көбірек капитал жинауға қолайлы;

2. Шетелдерде көптеген еңбек проблемасын тұрақты шешу үрдісі иммиграциялық жұмысшы күштерімен қалыптастырылады;

3. Еңбек ресурстарының иммиграциясы әлемдік өзгерістің дамуын талдағанда мына жағдайды көрсетеді, бұл өзгеріс нарықтық экономикасы дамыған елдерге байланысты және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

4. Иммиграциялық үдерістер дамушы елдерде бірнеше мәселелер туғызуы мұмкін, мысалы болашақта әлеуметтік және экономикалық жағдайдың нашарлауы, мемлекет осы жағдайда жылдам немесе нақты шешімдерді қолдануы керек. Сондықтан көшіп-қону үдерісін реттегенде осы елдер алдын-ала экономикалық қауіпсіздікті бақылап, мемлекет деңгейінде басқару әдістерінің барлық тетіктерін пайдаланып, тиімді жақтарын қолдануы қажет.

Осылайша, еңбек мигранттары санының өсуіне көптеген әрқилы және өзара шартталған факторлар әсер етеді. Осы факторлардың өзара әрекеттесуінің механизмдерін және олардың еңбек нарығына, сондай-ақ тұтастай алғанда экономикаға әсерін білу көші-қон саясатының стратегиясын жасап шығуда аса үлкен маңызға ие.



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау