X А Т Т А М А
оқиға болған жерге қарау жүргізу туралы
Қызылорда қаласы 9 маусым 1992 жыл
Қызылорда ІІД тергеу бөлімінің аға тергеушісі полиция капитаны Жағыпаров А., 09 сағат 55 минутта Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің жауапты кезекшісінің қағаз картон зауытының қарауылы өлтіріліп, кассасы тоналғаны туралы хабарламасына байланысты оқиға болған жерге келіп, айғақтар: Байманова Ләззат, тұрағы – Қызылорда қаласы, Байғанин көшесі, 4 үй; Сүйіншалиева Шолпан, тұрағы Қызылорда қаласы, Сейфуллин көшесі, 38 үй; завод кассирі Әлиева Қымбаттың және облыстык ішкі істер басқармасы сараптама-криминалисттік белімінің криминалисі, полиция аға лейтенанты М.Садақовтың қатысуымен Қазахстан Республикасы КІЖК-нің 221-222 баптарының талаптарын сақтап, қарау жүргізіп, Қазахстан Республикасы ҚІЖК-нің 227 бабына сәйкес осы хаттаманы жасадым.
Қарау жүргізу алдында қатысушыларға қарау жүргізу барысында орындалатын барлық әрекеттерге толық қатысып, хаттамаға енгізілуге міндетті ескертпелер жасау құқығы түсіңдіріліп, фотосуретке түсірілетіні және басқа қажетті техникалиқ құрал-жабдықтар қолданылатындығы жарияланды.
/Байманова, Сүйіншалиева/
Сарапшы-криминалист Садықов М. ҚР ҚІЖК-нің 57-1 бабында көрсетілген міндеттері түсіндіріліп, өз міндеттерін орындаудан бас тартса немесе бұлтартса, жауаптылығы туралы ескертілді.
/Садықов/
Қарау жүргізгенде анықталғаны: Қызылорда картон зауытының әкімшілік үйі күйдірген кірпіштен төрт бұрышты болып қаланған, үш қабатты ғимарат, ұзынднғы 50 метр, ені 18 м. Әкімшілік үйінің солтүстік беті Париж коммунасы көшесінің бойында, оңтүстік беті зауыт қорасына, батыс беті жумысшылар көшесіне қараған, ал шығыс жақ беті кершілес тұрған жылу - өндіріс орталығының қабырғасымен жапсарлас. Әкімшілік үйінің барлық беттерінде көлемдері бірдей терезелер орнатылған. Бірінші қабаттағы терезелердің темірден тор көздері бар. Әкімшілік үйіне кірер есік солтүетік бетте, ғимараттың тура орта тұсында. Зауыттың касса бөлмесі екінші қабаттың оңтүстік батыс бұрышында. Екі терезесі бар: біріншісі - зауыт қорасынға, екіншісі - жүмысшылар көшесіне қараған. Касса бөлмесіне кіретін есікке дәліз арқылы өтуге болады. Бұл дәліздің ені 3 м, бүкіл екінші қабат бойына созылған. Дәлізге төменгі қабаттан бір-бірінен 20 м қашықтықта орналасқан екі баспалдақтар арқылы көтеріледі. Касса бөлмесіне кірер есік ақ түсті темірмен қапталған, биіктігі 205 см, ені 103 см, есіктің екі құлыбы бар, олар есік ағашына ойып орналастырылған. Осы есік алдында дәлізде шалқасынан түсіп, завод қарауылы Бостекбаев Тобылдың мәйіті жатыр. Өліктің жатқан жерінде көлемі 70 х 80 см ұйыған қан бар. Мәйіт бас жағымен касса есігіне қарсы қабырғаға тіреліп, аяқтары жартылай бүгулі күйінде, оң жақ қолы кеуде үстінде, сол қолы жанына қарай созылып жатыр. Киімдері кеуде тұсында қанға бөккен. Мәйіттің көздері жұмулы, аузы сәл ашылған, еріндерінде кепкен қан дақтары бар. Мәйітте ақшыл түсті қысқа жең көйлек, қара шалбар және қоңыр түсті жеңіл аяқ киім бар. Киім қалталарында ештеңе
жоқ. Көйлектің кеуде тұсында, үстінен санағанда үшінші түймемен қатарлас көлемі 2,5 х/3 см-лік дөңгелене түскен, айналасы тегіс емес жыртық бар. Осы жыртылған жермен шамалас, өліктің денесінде де 3 х 2,5 см-лік айналасы тегіс емес жарақат байқалды. Мәйіт денесінде басқадай көзге түсіп түрған жарақаттар байқалмады.
Мәйітпен қатар 23 см оңға қарай 16 калибрлі, жалғыз ұңғылы аңшы мылтығы жатыр. Мылтықтың ұңғысында РС 15346 сандары бар, жалғыз оқпен оқталған, ол оқ, атылмаған.
Касса бөлмесінің есігі құлыптаулы, есіктің табалдырығынан жоғары қарай 165 см-де, тұтқасынан 40 см солға қарай келемдегі 2,5 хЗ см болатын қатарынан түскен үш тесік бар. Осы тесіктердің тұсында қабырғаға кіріп кеткен екі қорғасын құймасы алынды. Есікте басқадай зақымданған жерлер жоқ.
Касса бөлмесіне кірер есік Әлиеваның кілтімен ашылды. Касса бөлмесінің өзі кішкене екі бөліктен тұрады, бөліктер арасы жалғыз қабат кірпішпен өріліп, сыланып тасталған. Кассир отыратын бөлікке есік арқылы өтуге болады, бұл есік те екі жағынаң ақ түсті темірмен капталған. Есікте кассир отыратын ішке қарай ашылатын көлемі 26 х 30 см-лік ақша таратуға арналған көзше орналастырылған. Кассир отыратын бөліктің ауданы 3,5x3 м, биіктігі 3 м 30 см. Бүл бөлікте жұмысшылар көшесіне қараған бір терезе бар, оның көлемі 180 х 160 см. Терезе қаңқасы екі қабатты, екі жармалы, жоғары жағында "30 х 48 см болатын ашпалы көзі бар. Осы ашпалы көздің ішкі әйнегінің сыртынан саусақ таңбалары табылып, дактилоскопиялық пленкаға көшіріліп алынды. Терезе алдындағы жақтау тақтайда /подоконник/ адамның оң аяғының қалған іздің көмескі нұсқасы бар. Еденге лннолеум төселген, осы линолеумда аяқ киімнен қалған екі із бар, іздердің ұзындықтары бірдей 27 см, өкшесінің ені - 10 см.
Терезе тұсында бір тумбалы стол қойылып, оның бетінің үштен екісін алып әйнек жабылған. Әйнек бетін алюминий ұнтағымен тозаңдандырғанда түссіз саусақ таңбалары анықталып, дактилоскопиялық пленкаға көшіріліп алынды. Столға тақау қойылған жалғыз орындық және столга жалғасып орналастырылған екі бөлімшелі, көлемі 60 х 80 х 150 см темір сейф бар. Сейфтің үстіңгі бөлімшесінің есікшесі ашық. Үстіңгі бөлімшенің өзі жоғарғы және төменгі қабаттардан тұрады. Кассир Әлиева сейфтің үстіңгі бөлімшесінде жұмысшыларға таратуға үлгермегендіктен қалған 186740 сом ақша болуы қажет екенін мәлімдеді. Жоғарғы қабатта бос жатқан 2 дана 3 сомдық, 6 дана 1 сомдық, барлыгы 12 сом ғана жатыр. Төменгі қабатында айлық тарату ведомостігі, жезбезекті кілт /отмызка/ және ұзындығы 21 см темір ілмек жатыр. Сейфтің астыңғы белімшесінің есікшесі ашылмаған, № 234 санды мөрмен бекітілгені анық көрініп түр. Сейфтен 25 см-де еденде жатқан аумағы 1,2 см болатын қоңыр түсті түйме табылып алынды.
Кассир отыратын бөлікпен қатар орналасқан жайда ешқандай жиһаз немесе басқадай заттар жоқ.Ол бөліктің қабырғаларынан сезікті ештеңе табылмады.
Қарау жүргізу барысы, табылған іздер, айғақты эаттар "Индустар" объективті "Зенит-7 М" фотоаппаратымен №130 пленкаға түсіріліп алынды.
Оқиға болған жерді қарау 10 сағат 30 минутта басталып 16 сағат 40 минутта аяқталды және ашық ауа райында, табиғи жарықта жүргізілді.
Оқиға болған жерден: жезбезекті кілт /№Пакет/, темір ілмек /№2/ дактопленкаға көшіріліп алынған саусақ таңбалары /№3 пакет/, түйме /№4 пакет/ алынды. Олардаң сырттары мөрмен бекітіліп, айғақтардың қолдарымен куәландарылды. Бөстекбаевтың өлігі Кызылорда қалалық ауруханасының мүрдеханасына жөнелтілді.
Оқиға болған жердің схемасы жасалып, осы хаттамаға тіркелді. Айғақтар мен басқа қатысушылардан қарау жүргізу тәртібі, барысы және нәтижелері жөнінде ескертпе, шағымдар түскен жоқ.
Хаттама дұрыс жазылған, дауыстап оқылды.
Куәгерлер: Байманова С.А., СүйіншалиеваР.М.
Кассир: Әлиева Н.М.
Маман сарапшы-криминалист Садықов Г.К.
Аға тергеуші: Жағыпаров А.Н.
Достарыңызбен бөлісу: |