Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады


Тақырып. Криминалистік баллистика



жүктеу 0,68 Mb.
бет10/151
Дата07.12.2022
өлшемі0,68 Mb.
#40509
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151
ʳð³ñïå î?ûðìàíäàð?à ?ñûíûëûï îòûð?àí «Êðèìèíàëèñòèêàäàí ýëåêòðî

4. Тақырып. Криминалистік баллистика

Сот баллистикасының түсінігі және оның зерттейтін негізгі объектілері. Ату құралы – сот баллистикасының зерттеу объектісі. Патронның құрама бөлігі. Қауыз, капсюль, порох, тығын, оқ, бытыра және картечьтің сипаттамасы. Ату іздерінің сипаттамасы.


Сот-баллистикасы арқылы шешілетін идентификациялық және идентификациялық емес мәселелер. Оқ пен қауыз бойынша ату құралының түрін, жүйесін анықтау. Атылған оқ және қауыз бойынша ату құралын идентификациялау.
Тегіс оқпанды қарудан атылған бытыраны, картечьті, оқ-дәріні және патронның тығынын зерттеу.
Оқтың атылу жағдайларын анықтау. Жақыннан атудың белгілері. Оқтың атылу бағытын, қашықтығын, атқан адамның тұрған орнын анықтау.
Ату құралын, оқты, қауызды, бытыраны, картечьті, тығынды және атудың ізін табу, бекіту, қарау және алу.


4 - тақырып. Сот баллистикасы.
1 - сабақ. Сот баллистикасының түсінігі, объектілері

  1. Ату құралдарын жіктеу. Ату құралдарының бөлшектері мен механизмдерінің өзара әрекеті.

  2. Оқтың түрлері және оның құрылысы.

  3. Атудың негізгі және қосымша іздері.

2 – сабақ. Сот баллистикасының объектілерін табу, бекіту, алу

    1. Атыс қаруын, оқтарды, ату іздерін қарау және оларды сипаттау.

СӨЖ тапсырмалары:
Альбомға оқ пен қауызды оқиға болған жерде табылған объектілер ретінде схема түрінде бейнелеу немесе фотосуреттерін бекіту. Хаттаманың үзіндісі ретінде жалпы және жеке белгілерін көрсетіп табу, алу және бекіту әдістерін көрсету.
Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Закон РК О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия. 20. 01 1997

  2. Комаринец Б.М. Криминалистическое отождествление огнестрельного оружия по стреляным гильзам. М. 1955

  3. Кубицкий Ю. М. Судебная баллистика М. 1956

  4. Кустанович С. Д. Судебная баллистика М. 1956

  5. Самсонов Г. А. Судебная баллистика М. 1975

  6. Черваков В. Д. Судебная баллистика М. ,1977.

  7. Жәкішев Е. Г. , Исаев А. А. ,Тапалова Р. Б. , Найманова Г. Х. , Темірболат Н. С. Криминалистика. КазНУ 2005

Сот - баллистикасымен шешілмейді:

  1. қарудың жарамдылығы

  2. қарудың оқталғандығы, оқталмағандығы

  3. зат атыс қаруына жататындығы, жатпайтындығы

  4. заттың суық қаруға жататындығы, жатпайтындығы

  5. қарудың қолдан жасалғандығы, жасалмағандығы

Сот - баллистикасымен шешілмейді



  1. қауыздың, оқтың болуы мүмкін жерлер

  2. қылмыскер неше рет атқан

  3. тығын сезіктіден алынған қағаздан жасалған ба

  4. қағаздың сорты, маркасы қандай

  5. атқанды кім естуі мүмкін

Сот - баллистикасымен шешілмейді



  1. қай жақтан атқан

  2. ату қашықтығы қандай

  3. жәбірленушіге неше рет атқан

  4. сезіктінің қолында қосымша іздер бар ма

  5. жәбірленушінің денесінде қандай өліктік құбылыстар бар

Сот - баллистикасы негізінде шешілуге жатпайды



  1. оқ – дәрі қарудың қай түріне және үлгісіне арналған

  2. қолдан жасалған картечь осы қорғасын бөлігінен жасалған ба

  3. аңшы мылтығын бұл оқтармен кім оқтаған

  4. аңшы мылтығындағы патрондар осы құрылғымен оқталған ба

  5. ату қашықтығы қандай

Сот баллистикалық объектіге жатпайды



  1. атыс қаруы

  2. оқ дәрі

  3. қауыз

  4. ату іздері

  5. суық қару

Сот баллистикалық объектіге жатпайды



  1. патрон

  2. тығын

  3. кастет

  4. қосымша іздер

  5. ойық іздері

Сот баллистикалық объектіге жатпайды



  1. бытыра, картечъ

  2. оқ

  3. күйе қалдықтары

  4. жарықтанғыш іздері

  5. тапанша

Сот баллистикалық объектіге жатпайды



  1. атиптік емес атыс қаруы

  2. шегеден жасалған бытыра

  3. негізгі іздер (рикошет, тесіктер)

  4. жанармай материалдары

  5. қауыз

Сот баллистикалық объектіге жатпайды



  1. қосымша (майлау) іздері

  2. капсюль

  3. талшықтар

  4. мылтық

  5. бытыра бөлшектері

Оқиға болған жерде атылған оқтар мен гильзаларды зерттеу арқылы анықтауға болады



  1. қарудың нақты данасын

  2. қарудың түрі мен жүйесін

  3. атқан адамды идентификациялауды

  4. адамның атқан сәттегі қалпын

  5. ату бағытын

Оқ тиген бөгеттегі оқтың негізгі іздерін көрсетіңіз

  1. атылған оқ арқылы пайда болған тесік, ойық

  2. күйе қалдықтары, шөгінділері

  3. оқтың екпіні арқылы қалған шаппа іздері

  4. күйік іздері

  5. майлау іздері

Иір оқпанды қарудың калибрі арқылы анықталатын ара қашықтық – бұл



  1. қарама - қарсы кесудің ортасы

  2. көршілес кесудегі аралық

  3. қарама - қарсы жазықтықты кесудегі аралық

  4. көршілес жазықтықты кесудегі аралық

  5. оқпанның сыртқы диаметрі

Қарудың қай бөлшегінің ізі атылған кезде оқта қалады



  1. ырғытқыш ілгегінің ізі

  2. затвордың алдыңғы қиылған жерінің ізі

  3. ойық шетінің ізі (полей нарезов)

  4. шағылдырғыш ізі (отражатель)

  5. патронник тіреуішінің ізі

Картечъ деп аталады



  1. диаметрі 7 мм. ден кем бытыра

  2. диаметрі 3 мм. ден артық бытыра

  3. диаметрі 5 мм.ден артық бытыра

  4. кез-келген диаметрлі қолдан жасалған бытыра

  5. диаметрі 10 мм. ден артық бытыра

Тығын төмендегі қай оқтардың міндетті элементі болып табылады



  1. барлық оқтардың

  2. тапаншаға арналған

  3. аңшы мылтығына арналған патрондарда

  4. ескірген жүйедегі револьверлерге арналған

  5. иір оқпанды қаруға арналған

Әскери патронның құрамында бар



  1. қауыз, бытыра, оқ, капсюль

  2. капсюль, қауыз, оқ - дәрі, тығын

  3. қауыз, капсюль, оқ - дәрі

  4. капсюль, оқ - дәрі, бытыра, тығын

  5. бытыра, картечь

Аңшы патронының құрамында бар



  1. қауыз, капсюль, оқ, тығын

  2. капсюль, қауыз, оқ -дәрі, бытыра, тығын

  3. қауыз, оқ - дәрі, тығын, бытыра,

  4. капсюль, қауыз,

  5. капсюль, қауыз, бытыра, тығын, картечь

Әскери патрондардың снаряды – ол



  1. бытыра

  2. қолдан жасалған бытыралар

  3. картечьтер

  4. Бреннеке, Яканың оқтары

  5. оқ

Аңшы патронына жатпайды



  1. қауыз

  2. бытыра

  3. бытыра немесе картечь

  4. жартылай қабықты оқтар

  5. тығын

Аңшы мылтығындағы оқпанның іші болады



  1. бір ойықты

  2. екі ойықты

  3. үш ойықты

  4. төрт ойықты

  5. ойықсыз тегіс

Аңшы мылтығы оқпанының үлкен диаметрі қандай калибрге жатады



  1. 20

  2. 16

  3. 12

  4. 32

  5. 28

Қандай сот - баллистикалық объектілер - (оболоченный) қабықты, жартылай қабықты және қабықсыз болып бөлінеді



  1. қауыз

  2. оқ

  3. бытыра

  4. картечъ

  5. тығын

Аңшы мылтығының калибрі 12, 16, 20 және басқа немен белгіленеді



  1. оқпан каналының ішкі диаметрі миллиметрімен

  2. қорғасынның бір фунтынан дайындауға болатын шар тәрізді оқтардың санымен

  3. анықталған салмақтағы шар тәріздес оқтардың диаметрімен

  4. шар тәрізді оқтардың анықталған диаметріндегі салмақпен

  5. оқпанның сыртқы диаметрімен

Алыстан атқанда кедергіде қандай із болмайды



  1. оқтың тесіп кірген іздері

  2. штанцмарка

  3. кедергінің сынықтары

  4. рикошет

  5. оқтың тесіп шыққан іздері

Тақап атқанда қандай із қалады



  1. оқтың тесіп кірген іздері

  2. штанцмарка

  3. кедергінің сынықтары

  4. рикошет

  5. оқтың тесіп шыққан іздері

Жақын қашықтықтан ату іздеріне жатпайды



  1. штанцмарка

  2. күйе іздері

  3. жанбай қалған бытыра бөлшектері

  4. майлау іздері

  5. ойық іздері

Атудың қосымша іздеріне жатпайды



  1. штанцмарка

  2. күйік іздері

  3. күйе қалдықтары

  4. жанбаған бытыра бөлшектері

  5. бытыра, картечъ, оқ

Штанцмарка – бұл



  1. заводтан шыққан қарудың белгісі

  2. оқтың тесіп өткен жерін сүйкеп өту іздері

  3. кесілген мылтық оқпанынан қалған бөгеттегі із

  4. заводтан шыққан гильзаның түбіндегі белгісі

  5. жақыннан ату іздері




жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   151




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау