Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың кәсіби қалыптасуына ықпал ететін педагогикалық жағдайлардың жасалуы тұлға дамуының жалпы теориялық негіздемесін талап етеді. Бұл өзара әрекетте болатын факторлардың әсерін есепке ала тұра өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту феномендерін анықтауға, сонымен бірге педагогикалық үрдісі жағдайында олардың іске асудағы механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдетте педагогикалық теория мен тәжірибеде “білімберу” ұғымы педагогтың білім мен білікті, дағдыларды меңгертеді дегенді білтіретін. Солай, педагог оларды меңгеруге ұсынатын, ал оқушы оларды есте сақтап, тәжирибеде қолдануға тиісті болатын. Нәтижесінде адамның біліктілігі ақпараттық құзырлылық пен еңбек іс-әрекетінде білімдерді пайдалану қабілеттілігі болып танылады. Бірақ білімберу өз мәнінде инкультурация (адамзат жинақтаған білімдерді меңгеру) мен әлеуметтенуді (қоғаммен байланысты орнату) және өзбентінше өмір сүру мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтиды. Осыдан адам танымы мен рефлексиясының, рухани өзіндік шығармашылығының, кәсіби өзін-өзі жетілдірудің, жоғары мәдениетті жасау мен меңгеру тұрғысынан ұзақ еңбегінде білімді болады. Басқаша айтқанда, білімді адам болу үшін, қайта ұғыну кеңістігінен шығу мен үздіксіз өзін-өзі өзгерту, өзіндік шығармашылықта тұтастай тұлға ретінде өзін-өзі дамыту үшін бұрын меңгергенді тереңінен ұғыну болып табылады. Осыған орай педагогикалық үрдісте өзбетінше әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мәселесі туындайды. В.П. Зинченко білім берудің рөлін өз оқушыларына жаңа әлемді ашу деп түсіндіреді, сол әлемдерде бағдарлай алуға үйрету деп айтады, сонымен қатар білім әлемін ашу мен білімсіздік әлемін ажырату деп түсіндіреді. Осы әлемдерге бірінші қадамдарын жасауға көмектесуді баланың көзін ашу керек деген пікірмен түсіндіреді ішке бағытталған өзін ашуға, рухани және тұлғалық өсүге бағытты көрсетеді. Педагогтардың пікірінше, білім беру парадигмасы жаңаруының дәуірінде тұлғаның өзін-өзі дамуы ішкі факторлармен анықталуға тиіс. Қазіргі жағдайларда қоғамның маңызды міндеті - жаңа өзіндік сана мен ойлауды қалыптастыру. Олар тек білімді алу білігін ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге жұмыс жасауға, өмір сүру білігін және өзгелермен бірге өмір сүруге үйрету болып табылады. Осы төрт біліктер өз жиынтығында біздің менталитетіміздің өзгеруін анықтайды: адам өз өмірін өзі құру керек, өз-өзінің авторы болуы тиіс. Педагогикалық процесс барысындағы субъектілердің өзін-өзі дамуы білім беру іс-әрекетінің гуманизациялаудың маңызды факторы, шарты, тәсілі болады. Студенттердің өзін-өзі дамуы мен білім берудің гуманизациясының арасындағы өзара байланысты көру және оны меңгеру үшін тұлғалық өзін-өзі дамуы үрдісінің методологиялық негіздерін қарастыру маңызды. Өйткені, ол әр түрлі адамтану ғылымдарында түрлі түсіндіріледі.
Осымен біз тұлғаның өзін-өзі дамытудың жағдайларын түсіндіруде келесі қорытындыға келдік: болашақ маман тұлғасының қарым-қатынасқа қабілеттілігін, педагогикалық және психологиялық үрдісіне қатысушылардың арасындағы субъект-субъектілік қатынастарын дамыту деп ұйғардық. Түсіністік пен қарым-қатынас мәселелерін педагогтар мен психологтардың зертеулерінде „мен –концепциясы” шеңберінде зерттеленеді.
К.Роджерстің пікірінше, өзін-өзі дамытудың негізгі бағыты - өзіне деген сенімді нығайту мен өзін-өзі сыйлау қабілетін қалыптастырудың нәтижесінде субъект “идеалды Менге” ұмтылады [60]. Қазіргі тәжірибеде К. Роджерстің “тұлғалық өсу тобының” әдісі қолданылады. Ондағы қарым-қатынас барысында адамдың адаммен қатынастарын құру үшін қатысушылар бір бірінің алдында ашылып, өздерінің сезімдері туралы айтады, мәндік мағыналарды іздейді, өмірлік таңдаудың еркіндігін алуға ұмтылады және ол үшін жауап береді. Неғұрлым білікті және қабілетті болу үшін осының барлығы шектеулі рухани потенциалды ашуға көмектеседі. Бұл өздігінен өз бентінше әрекеттенуді күшейтеді – ұйымдастырылған байланысты гештальт үнемі қалыптасу барысында болатын және өзіне деген көзқарасты анықтайды. Тұлғалық жетілуге теріс әсер ететіндер - өзгерістен қорқыныш, қорғаныс механизмдері, өз ағзасына сенбеушілік, конформизм. Тұлғалық жетілуді түсіндіруде А.Маслоудың зерттеулеріне сүйенеміз: өсу – яғни потенциалдықтан қалмау деп түсінеміз. Немесе „тұлғалық өсу” деп А.Маслоудың қол жеткізген негізгі қажеттіліктері негізінде “жоғары” қажеттіліктерді қанағаттандыруды айтамыз. А.Адлерде тұлғаның ішкі күштерінің өзін-өзі дамыту процесі әлеуметтену мен тұтастылыққа жету барысында атқарылады, мақсатқа бағытталған шығармашылық ұмтылысына байланысты. Сондықтан да, шет елдің қазіргі психологиясының тұжырымдамасында – онтопсихологияның – „тұлғалық жетілу мен даму” негізгі ұғымдары болады және адамның тұлғалық өсуіне кедергі болатындарды анықтаған. Осының негізінде келесі қорытынды жасаймыз: педагогикалық процеске қатысушы әрбір субъектінің өзін-өзі дамытуы бойынша өз іс-әрекетін талдауға көмектесетін технологияларды қолдану маңызды. Осыған орай біздің тәжірибелік жұмысымызда оқытылушы өзін-өзі дамытудың, жетілдірудің объектісі болуы ерекше орынды алады. Ол өзінің нағыз тұлғалық ерекшеліктері мен әрекеттерін шынайы бағалай білуі тиіс және өз алдына мақсат қоя білу керек. “Дамудың” толық анықтамасын біз В.И.Смирновтан алып, оны сандық және сапалық ағзадағы, психикадағы, ақыл-ой және рухани адамның жүйесіндегі өзгерістердің процесі деп түсінеміз. Олар сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың тұқымқуалаушылық, орта мен тәрбиенің әсерімен анықталып, адам дамуының үрдісі мен нәтижелері үш маңызды факторлардың бірлескен әрекеттестігімен анықталады. Психологтардың зерттеулері бойынша (А.А.Абульханова-Славская, Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн және т.б.) адам дамуы барысында өзін-өзі дамыту екі детерменизмдік мағынасына ие: ішкі және сыртқы, негізінен назар ішкі анықтаушыларға аударылады – ішкі мүмкіндіктерді анықтау мен потенциалдық жағдайларды ашу. К.А. Абульханова –Славскаяның пікірінше, адамның дамуы – бұл белсенді өзін-өзі басқаратын, “ішкі жылжуға” тәуелді үрдісі (спонтанды ерексіз кез келген жүйенің өзгеруінің, оған сыртқы жағдайлар мен өзгерістегі орта ықпал етеді). Осыдан, “даму” категориясы мен “өзін-өзі дамыту” категориясы философиялық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде бірбірімен байланысты, өйткені жалпы дамудың өзін-өзі дамыту мәселесі осы салалардағы өзін-өзі жетілдірудің негізінде пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: |