Аксиологиялық - осыған сәйкес мәдени-білімберушілік білімдердің пайда болу процесі негізінде кәсіби іс-әрекетке болашақ маманның құндылық қатынастары жүйесімен анықталуы негізіндегі көзқарастар жүйесі. «Мәдениет» ұғымын зерттеудегі аксиологиялық көзқарастың негізінде түрлі мәдениеттің іргесі ретінде құндылықтарды түсіну жатыр (А.И. Арнольдов, Ю.И. Еимов, Л.Н. Коган, В.П. Тугаринов, Н.З. Чавчавадзе). Осы авторлардың пікірінше, «мәдениет жоғары және кең мағынасында еңбектің нәтижесі болады – шығармашылық, өзгермелі және өзіндік жаңару іс-әрекетінің өнімі...құндылықтар әлемі» [75, 10]. Мәдениетпен байланысты осы көзқарас тағы бір бағытпен толықтырылады. Өйткені мәдениет және оның мағынасы өзбетінше қарастырылып қана қоймай, ол тек адамның шығармашылық іс-әрекеті арқылы өз болмысын анықтайды. Сондықтан да, «мәдениеттің нағыз мазмұны шығармашылық іс-әрекетпен анықталып, оның барысында рухани құндылықтар қалыптасады» [13, 47.]. Ал В.С.Библер мәдениет ұғымын шығармашылық пен еркінділікті жүзеге асыру ретінде адам болмысының мәнін ашу үшін пайдаланады [14, 34-42]. Адамның шығармашылық белсенділігі іс-әрекет тәсілдерінде көрініс береді. Осыдан мәдениет адам дамуының өлшемі болып анықталады, ол адамдардың бүкіл тарихы барысындағы олардың қоғамдық өміршеңдігінің игерілген құндылықтардың көлемі ретінде сипатталады. Солайша мәдениет адамның осы құндылықтарға бағытталуының тәсілі болады. Мәдениеттің іс-әрекет тәсілдерінің жиынтығы ретінде қаралуы жүйелілік-технологиялық көзқарастың негізін құрайды. Осындай мәдениетке қатысты қарастырылған анықтамалар мен көзқарастар культорологияда және кәсіби-педагогикалық мәдениетіне арналған зерттеулерде қаралған. Кәсіби-педагогикалық мәдениетті зерттеудің аксиологиялық аспектісі Е.Н. Шиянованың еңбектерінде жетекші педагогикалық оймен өрнектеліп, педагогикалық құндылықтар жиынтығының сипаттамасы ретінде қаралып, тікелей педагогикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын және тұтас педагогикалық үрдіске кірістірілетін[76, 17]. Біз осылайша Е.Н. Шиянованың пікірімен толығынан қосыламыз, болашақ маманның жаңару, шығармашылық-коммуникативті іс-әрекеттердің негізін кәсіби-педагогикалық мәдениет құрайды, ол тиімді іс-әрекеттер тәсілдері мен жолдарын кіріктіреді.
Сонымен, біздің пайымдауымыз бойынша, мәдениеттің адамның шығармашылық іс-әрекеті ретінде қаралуы болашақ маманның кәсіби тұлғалық-шығармашылық көзқарасының негізін құрайды.
Іс-әрекеттік - студенттердің кәсіби білігін қалыптастыру мақсатында студенттерді кәсіби ойлау мен әрекет етуге тарту негізіндегі көзқарастар жүйесі.
Зерттеу барысында жоғарыда айтылған барлық көзқарастар кәсіби-тұлғалық мәдениетті білімдер, біліктер мен тұлғалық қасиеттер жиынтығы ретінде анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде маман мәдениетінің негізгі компоненттері ретінде білімдер, біліктер мен дағдылар, тұлғалық қасиеттерді; кәсіби-шығармашылық іс-әрекет тәжірибені; кәсіби этиканы анықтаймыз.
Осы моделдің негізінде студенттерді дайындау барысында кәсіби-тұлғалық мәдениет қалыптасуының құрылымдылық компоненттерін анықтаймыз:
Мотивациялық - болашақ мамандардың жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне кіруді қамтамасыз ететін қажеттіліктерді, мотивтерді, қызығушылықтарды қамтиды;
Бағдарлаушылық - іс-әрекеттің танымдылық және өзінің адамгершілік – интеллектуалдық жетілуінің жоспарлау мен жобалаудың мақсатын анықтауды қамтиды;
Бағалаушылық - іс-әрекет нәтижелерін кәсіби-тұлғалық мәдениетті қалыптастыру шенберіндегі, орындалатын міндетпен салғастыру негізіндегі әрекеттердің орындалуының барысы туралы кері ақпаратын жүйелі алу мазмұнын қамтиды;
Достарыңызбен бөлісу: |